Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ОМ каз. 2014-2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.91 Mб
Скачать

1.8. Байланыс:

Алматы қаласы, Масанчи көшесі 38, № 7 оқу ғимараты, 4 қабат.

Жұмыс тел: 292-64-23 (216 – ішкі).

E-mail: molbiology@mail.ru

Оқу ғимаратының жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша мекен-жайы: Мәуленов көшесі, 71. Тел: 292-74-39.

1.9. Пән саясаты:

Молекулалық биология және генетика кафедрасының оқытушылары жоғары сапалы білім берудің жауапкершілігін түсінеді және әрбір студентке адамгершілік тұрғыда қарап, студентті объективті түрде бағалауға кепілдік береді.

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың кафедра оқытушылары ар-намыс кодексінің барлық бөлімдерін орындауға кепілдік береді және әрбір студенттің ар-намыс кодексін орындауын талап етеді:

  • сабаққа кешікпеу;

  • себепсіз сабақ жібермеу;

  • сабақтарға және дәрістерге студенттер тек ақ халатпен жіберіледі;

  • оқу үдерісіне белсенді қатысу;

  • тәжірибелік сабақтың барлық тапсырмаларын орындау және талапқа сай жазу;

  • жіберілген сабақтарды деканаттың рұқсатымен оқытушы белгілеген уақытта өтеу;

  • СӨЖ бойынша тапсырмаларды жеткілікті деңгейде орындау және көрсетілген өткізу мерзімінде тапсыру;

  • СОЖӨЖ білім алушылардың оқытушылармен байланыса отырып аудиториядан тыс орындайтын жұмысы болып табылады;

  • СОЖӨЖ жалпы сабақ кестесіне ендірілмейді, жеке график бойынша өткізіледі;

  • СОЖӨЖ сағаттары оқу бағдарламасының күрделі деген сұрақтары, үй тапсырмаларының орындалуы, коллоквиум,семестрлік бақылау,есеп беру және басқада тапсырмалар бойынша кеңес беру түрінде өткізіледі;

  • СОЖӨЖ-нің орындалу мен тапсырмаларды бақылау түрі ОӘК көрсетілген;

  • СОЖӨЖ-нің барлық сабақтары бағаланбайды.

Оқытушы балды (10-ға дейін) төмендетуге құқылы егер:

  • студент 15 минутқа және оданда көп уақытқа кешіксе;

  • сабаққа халатсыз қатысса;

  • альбомы болмаған жағдайда.

2. Бағдарлама

2.1. Кіріспе

Молекулалық биология нуклеин қышқылдары мен ақуыздардың құрылысы мен қасиеттерін, матрицалық синтезді, генетикалық материалдардың құрылымы мен қызмет атқаруын, сонымен қатар жасушалардың құрылысы мен қызметін оның органеллаларын, жасушалардың өсу, даму, бөліну және өлу үрдістерінің молекулалық негіздерін зерттейді.

Медициналық генетика тұқым қуалайтын аурулардың пайда болу себептері мен дамуын, оларды диагноз қою, алдын алу және емдеудің әдістерін зерттейді.

Медициналық жоғары оқу орындарында молекулалық биологияны оқытудың интеграциялық бағыты жасушалардың құрлысы мен қызметінің, гендер экспрессиясының реттелуі мен матрицалдық синтездердің, сигнал берудің молекулалық негіздерін түсінуге мүмкіндік береді. Мұның өзі қалыпты тіршілік әекеттерін және олардың бұзылуына байлынысты қалыптасатын ауруларды, соның ішінде гендік және хромосомалық мутациалардың себебінен туындайтын тұқым қуалайтын ауруларды түсініп білудің негізгі базасы- медициналық генетиканы құрайды.

Студеттерге бірінші курстан бастап мұндай білім қорын қалыптасыру олардың клиникалық тұрғыдан ойлау қабылетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Студент молекулалық биология мен медициналық генетиканы оқу барысында тіршілік үрдістерінің молекулалық және жасушалық құрылымы бұзылуының механизмдерін, патологиялық, өзгерістердің қалыптасуы мен көрінуіндегі рөлін, сонымен қатар диагностикалау мен алдын алудың негіздерін түсінеді.

Сонымен молекулалық биология және медициналық генетика пәнінен білім алу ары қарай биологиялық химия, гистология, физиология, патологиялық физиология, жалпы иммунология, фармакология, педиатрия, неврология, акушерлік және гинекология білімдерінің теориялық базасын қалыптастырады.