Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Табанның зақымдалуы және даму ақаулары 521 Даул...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.59 Mб
Скачать

Бақайлардың балға тәрізді деформациясы

Жиі көлденең керілген табан және 1-бақайдың вальгусты ауытқуы балға тәрізді бақаймен бірге жүреді. Проксимальды фаланга жазылған, ортаңғы фаланга бүгілген, дистальды фаланга жазылған не бүгілген(21 сурет) Жиі 2-3 бақай, сирек 1 бақай зақымдалады. Бақайлардың кері орналасуын табанның статикалық деформацияларымен бірге түзейді.

21 сурет: табанның 2 бақайының балға тәрізді деформациясы

1 бақайдың балға тәрізді деформациясын емдегенде фалангааралық буынның резекциясынан кейін оның артродезін жасау керек, нәтижесінде жүргенде табанның жылжымалылығы сақталады. 2-4 балға тәрізді бақайларды емдегенде фалангаарлық буында анкилозды деформация жасауға болмайды, себебі жүргенде және аяқ киім кигенде ыңғайсыздық тудырады. Бақайлар керісінше орналасқанда проксимальды фаланганың шығыңқы жерін резекциялап (Гоман операциясы) , дистальды фалангадан бақайды тарту. Кеш формасында табанфалангалық буында тайқу болғанда буындық капсуланы кеседі, ал толық шығу болғанда табандық беттен бақайлық қатпардын сәйкес табан сүйегінің басын жартылыай резекциялау және жұмсақ тіндердің созылуы үшін дистальды фалангадан 3 аптаға тарту.

Кең тарағаны негізгі фаланганың диафизін ортаңғы және дистальды үштен бірін резекциялау( 1 см) Деформацияны жойғаннан соң операциялық столда гипсті таңу(сандалий тәрізді)салынады.

14