Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Табанның зақымдалуы және даму ақаулары 521 Даул...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.59 Mб
Скачать

14 Сурет: Туа пайда болған қисық аяқтылық а)дейін б)кейін

Табан деформациясын жою- туа пайда болған қисық аяқтылықтың комплексті емнің бір бөлігі ғана. Операциядан кейін бұлшықет қызметін қалпына келтіру емдеу курсының негізгі болып табылады. Реабилитацияның негізгі әдісі- ЕДШ болып табылады және біржақты қисық аяқтылық болса және бір жақ аяқ сау жақпен салыстырғанда қысқарса ортопедиялық аяқ киім кию керек.

Туа пайда болған қисық аяқтылықтың оперативті коррекция тактикасын таңдағанда жұмсақ тіндерге операция негізгі болып табылады. Балалар организмінің компенсаторлық мүмкіншіліктері жақсы дамыған, сондықтан табанға сүйектіпластикалық операциялар кеш мерзімде жүргізілу керек, яғни ересектік кезеңде.

Жүре пайда болған табан деформациялары

Анатомо-физиологиялық ерекшеліктері: Табанның негізгі үш қызметі бар: рессорлы, тепе-теңдік сақтаушы және қозғалыс тудырушы. Рессорлық қызметі вертикальді жүктемеде табан күмбезінің өзгерген серпімді деформациясында көрінеді, тепе-теңдік сақтаушы қызмет жүргенде және вертикальды позаны сақтағанда, қозғалыс тудырушы алдыңғы жіне артқы түрткіден қозғалғанда көрініс береді.

Табан рецепторларға бай, ол тұрғанда, жүргенде координацияны қамтамасыз етеді. Бұл процестер жоғары жылдамдыққа ие және афферентті және эфферентті нервті байланыстар арқылы жүзеге асады.

Жалпы адам жүргенде екі кезең кезектесіп отырады: тіректік(табан бұл кезде тірекпен жанасады) және ауысу(бос аяқ алға бағытталады, яғни келесі адым жүзеге асады) Тіректік кезеңде табанның жылжуы, тіректен итерілу және дененің алға қарай қозғалуы жүзеге асады. Табан бұл кезде тірекпен үш бағытта байланысады: вертикальды, тігінен және көлденең. Вертикальды бағытта тіректік реакцияның 90% құрайды. Қалыпты жағдайда жүргенде максимальды күш бірінші табан сүйегіне түседі(негізігі күш, дене массасының 50% бірінші табан сүйегінің басына түседі), минимальды 4-5 табан сүйектеріне түседі. Көлденең жалпақ табандылық кезінде 1 табан сүйегіне түсетін күш төмендейді(14%) және ортаңғы табан сүйектерінің басына күш артық түседі.

Табанда көлденең және бойлық күмбезін ажыратады(2 сурет) Бойлық күмбезді ішкі және сыртқы бөлімге(сыртқы және ішкі күмбез)бөледі. Ішкі бөлім топай, қайықтәрізді, үш сынатәрізді және үш табан сүйектерінен құралған және негізгі рессорлы қызмет атқарады. Бұл бөлім сыртқыға қарағанда жоғары тұрады. Сыртқы бөлімі 4-5 табан, текше, өкше сүйектерінен құралған.

Табанның статикалық деформациялары

Табанның статикалық деформациялары жиі кездеседі және табан деформацияларының ішінде 60% құрайды. Вертикальды қалыпта ұзақ тұратын адамдар бейім болып келеді. Науқастың салмағы және тұқымқуалаушылық маңызды роль атқарады.

Статикалық деформациялардың ішінде функциональды жетіспеушілікті, жалпақ табандылықтың әр түрін(көлденең, тік және олардың вальгусты және варусты деформациямен комбинациясы) ажыратады. Және деформация соңын (табанның 1 сүйегінің вальгусты ауытқуы және балға тәрізді бақайлар) анықтау керек.

Диагностика: Қарапайым және объективті зерттеу әдісінің маңызы зор.

Плантография (қағазда табанның ізін салу), плантограммада табан суретінен өкше сүйегінің ортасымен 3-4 бақайлардың арасынан түзу сызық жүргізеді жүргізіеді, яғни 4-5 табан сүйектерінен құралған табанның сыртқы күмбезін бөледі.

15 сурет: Жалпақ табандылық кезіндегі плантография: 1) қалыпты табан 2,4) 1.2.3 дәрежедегі жалпақ табандылық.

Егер боялған бөлімі бұл сызық деңгейінен шықпаса табанның ортаңғы бөлімінің кеңеюі жоқ. Боялған бөлімнің(табанның тіректің бетімен жанасу ені) табанның сыртқы күмбезінің анықталған еніне қатынасы жалпақ табандылықтың дәрежесін анықтайды:

Қалыпты табан-0,51-1.10

Төмендеген күмбез-1,11-1.20

1-дәрежелі жалпақ табандылық-1,21-1,30

2- дәрежелі жалпақ табандылық-1,31-1,50

3- дәрежелі жалпақ табандылық>1,51

Табанға ональды күш түсу. Күндізбен салыстырғанда түнде подометриялық индекстің төмендеуі. Жалпақ табандылыққа күндізгі подометриялық индекс 29-дан төмен адамдар бейім болып келеді. Бұндай адамдарға ұзақ уақыт тік тұруға болмайды.

16 сурет: подометриялық индексті өлшеу: h-табан биктігі, і-табан ұзындығы

Статаикалық жалпақ табандылыққа ауырсыну зоналары тән:

  • Табандық бетінде табанның күмбезі ортасында және бақайлардың ішкі жиегінде

  • Табаның сыртқы бетінде, қайықтәрізді және топай сүйегінің арасында

  • Сыртқы және ішкі толарсақ

  • Табан сүйектерінің басының арасында

  • Сирақ бұлшықеттерінің арасында

  • Биомеханиканың өзгерісі нәтижесінде тізе және жамбас сан буындарында

  • Санда, оның кең фасциясының созылуынан

  • Компенсаторлы гиперлордоз салдарынан бел аймағында

Ауырсыну кешке (ұзақ мерзім күндіз тік тұрғаннан) күшейеді және демалғаннан соң басылады, сонымен бірге ісіну болуы мүмкін.

2-3 дәрежелі жалпақ табандылыққа тән: табан ортаңғы бөлімінде ұзарған және кеңейген, бойлық күмбезі төмен түскен, табан пронацияланған, қайықтәрізді сүйек табанның медиальды жиегінен анықталады. Жүрісі ебедейсіз. Кейде табанның барлық буындарында қозғалыс шектелген.

Р адиологиялық зерттеу: Бұл әдіс басқа мәліметтерді толықтырады. Жалпақ табандылық дәрежесін және табан сүйектерінің орналасуын анықтау үшін науқасты тұрғызып бүйір проекциясында сирақты 3-4см қамтап түсіру керек. Рентгенограммада қайықтәрізді және сына тәрізді сүйектер арасындағы буындардың төменгі жиегі ұшымен, 1-табан сүйегінің табандық контуры және өкше төмпегінің төменгі контурынан үшбұрыш түзіледі (17 сурет)

17 сурет: Жалпақ табандылықтың рентгенологиялық диагностикасы: а және h- табанның бойлық күмбезінің бұрышы және биіктігі

Б ойлық күмбездің бұрышы мен биіктігін анықтайды-қайықтәріздісынатәрізді буынның төменгі нүктесінен перпендикуляр горизонтальды сызыққа дейін. Қалыпты жағдайда а=125-130 0, h=36-39 мм, жалпақ табандылықта бойлық күмбездің бұрышы үлкейеді, ал биіктігі азаяды(1 табл) Көлденең жалпақ табандылық кезінде деформацияның айқын белгісі 1-табан сүйегімен 1-бақайдың бұрыштық ауытқуы. Рентгенограммада 1-2 табан сүйегі және 1-бақайдың тік осіне сәйкес үш тура линия жүргізеді (18 сурет) Ауытқу дәрежесі градуспен анықталады.

Е ресектерде табанның керілуін қайтымсыз деформацияға жатқызуға болады, себебі қазіргі уақытқа дейін статикалық жүктемеге жиі ұшырайтын байлам аппартын қалпына келтіру әдістері әлі табылмаған.

1-таблица