Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Табанның зақымдалуы және даму ақаулары 521 Даул...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.59 Mб
Скачать

Табанның ортаңғы бөлімінің сынықтары

Жіктелуі және жарақат механизмі:

Табаналды сүйектерінің зақымдалулары:

1.Қайықтәрізді сүйектің сынығы

2.Текше сүйектің сынығы

3.Сынатәрізді сүйектің сынығы

Табанның ортаңғы бөлімі қозғалмалы болып келеді. Бірнеше сүйектің сынығымен шығуы қатар жүреді. Жиі қайықтәрізді сүйектің сынығы және бірінші сынатәрізді сүйектің сынығы кездеседі. Текше және сынатәрізді сүйектің сынығы бірге кездеседі және ол тура соққының әсерінен дамиды. Бұл топтағы сынықтарда айқын ығысу болмайды, бірақ табан күмбезінің беріктігі бұзылады, яғни емдеген кезде мұны есепке алу керек.

Диагностикасы: Зақымдалған аймақта ауырсыну және ісіну анықталады. Максимальді пальпаторлы ауырсыну зақымдалған сүйек проекциясында анықталады. Табанның ротациялық және бүйірлік қозғалыстары ауырсынумен жүреді.

Радиологиялық зерттеу: стандартты проекцияда рентгенограмма жүргізу жеткілікті(бұл бөлімнің рентгеноанатомиясын білу маңызды), бірақ керек жағдайда салыстырмалы түрде басқа проекцияда түсіруге болады.

Емі: Қайықтәрізді, текше, сынатәрізді сүйектер ығысусыз сынғанда не аздап ығысумен сынғанда консервативті ем: табанның күмбезін жақсылап моодельдеп 6-7 аптаға гипсті етікше кигізіеді. Гипсті таңуды алғаннан соң 6-8 аптаға супинатор киеді. Ығысумен және орнына келмейтін сынық-шығулар ашық репозиция және металлоостеосинтез жүргізіледі.

Табан сүйектері және бақай фалангаларының жарақаттанулары

Шығулар:

1.Лисфранк буыны-сынатәрізді, текше, табан сүйектерінің арасындағы буын

  • Толық емес- 1 табан сүйегінің сынығы

  • Толық а)біржақты(10 сурет)

б)шашыраңқы

2.Шопар буыны-топай-қайықтәрізді және өкше-текше сүйектерінің арасындағы буын

текше сүйектерінің арасындағы буын

3.Табан-фалангалық буынның

4.Проксимальді фалангааралық буынның

5.Дистальді фалангааралық буынның

С ынықтары:

Табан сүйектерінің

  • 1.2.3.4.5 табан сүйектерінің

  • Негізінің, диафизі, мойны не басының

Бақай фалангаларының

  • Дистальді фаланга

  • Ортаңғы фаланга

  • Проксимальді фаланга

10-сурет: Лисфранк буынында сол жақтан біржақты толық шығуы

Жарақат механизмі: тура (табанның алдыңғы бөліміне соққы не құлау) Табан сүйектерінің жекеленген сынықтары үшін ығысу аса тән емес, көптеген сынықтар ығысумен жиі жүреді.

Диагностикасы: табанның сыртқы бетінде ауырсыну және ісіну. Табан сүйектеріне осьті жүктеме және жергілікті пальпация ауырсынумен жүреді. Якобсон симптомы-табан сүйегі басын басқанда сынған жерде ауырсыну.

Радиологиялық зерттеу: Екі проекцияда жүргізіледі

Емі: Табан сүйектерінің ығысусыз сынықтарында консервативті ем: 4-6 аптаға сирақтың төменгі үштен біріне дейін гипсті таңу салу.

Ығысумен болған сынықтар кезінде Черкес-Заде рамасында қаңқадан тарту, яғни сәйкес тырнақ фалангасынан тракция жасау. Бұл кезде жансыздандырғаннан кейін тырнақ фалангасына біз өткізіп рамаға бекітіледі және рама гипсті таңуға бекітіліп тұрады(10 сурет) Клапп бойынша тарту тырнақтық фалангадан арнайы шоттың(цапка) көмегімен жүргізіледі(11 сурет) Қаңқадан таруды 3-4 аптадан соң шешеді.

10-сурет: Черкес-Заде бойынша табан сүйектерінің сынықтарын емдеу

11-сурет: Клапп бойынша табан сүйектерінің сынықтарын емдеу

Жабық қолмен репозиция және қаңқадан тарту нәтижесіз болса оперативті ем қолданылады. Ашық фиксация үшін біздер, Богданов стержені, сүйекүстілік пластиналар және формасын қайталайтын титан никелидінен конструкциялар қолданылады.