
- •Табанның зақымдалуы және даму ақаулары
- •Топай сүйегінің сынықтары:
- •Топай сүйегінің шығуы
- •Өкше сүйегінің сынықтары
- •Табанның ортаңғы бөлімінің сынықтары
- •Табан сүйектері және бақай фалангаларының жарақаттанулары
- •Маршты сынық( Дейчлендер ауруы)
- •Табанның туа пайда болған деформациялары
- •Туа пайда болған қисық аяқтық
- •14 Сурет: Туа пайда болған қисық аяқтылық а)дейін б)кейін
- •Жүре пайда болған табан деформациялары
- •Табанның статикалық деформациялары
- •Бойлық жалпақ табандылық дәрежесін рентгенологиялық бағалау
- •19 Сурет: екі жақты көлденең жалпақ табан. Halux valgus әр түрлі дәрежеде:
- •Бақайлардың балға тәрізді деформациясы
Табанның зақымдалуы және даму ақаулары
Сынық түрлері: мәліметтер бойынша барлық сүйек сынықтарының ішінде табан сүйектерінің сынықтары 20% құрайды.
Анатомо-биомеханикалық ерекшеліктері: Адамда табан 3 негізгі қызмет атқарады: серіппелі (рессорлы), тепе-теңдік сақтаушы және қозғалыс тудырушы. Табанда 40-тан астам буын құрайтын 28 сүйектен тұрады . Табанның 3 бөлімін ажыратады:
Артқы: топай және өкше сүйектері
Ортаңғы: қайық, текше, сынатәрізді сүйектер
Алдыңғы: табан және бақай фалангалары
Сонымен
қатар топай-қайықтәрізді-текше-өкше
буынын (Шопар) және табансүйектері-
табансүйектеріалды буынын (Лисфранк)
ажыратады (1-сурет)
1-сурет: Табанның анатомиялық ерекшеліктері:
1-Лисфранк буыны
2-Шопар буыны
Т
абанның
екі күмбезі (көлденең және бойлық )
тұрақтылық және амортизациялық қызмет
атқарады. (2-сурет)
Буындарда бүгу, жазу, әкелу, әкету,
пронация, супинация қозғалыстары
жасалынады.
2-сурет: Табанның көлденең және бойлық күмбезі.
Топай сүйегінің, өкше сүйегінің, қайықтәрізді, текше, сынатәрізді сүйектердің, табан сүйектерінің және бақайшықтардың сынығын ажыратады.
Топай сүйегінің сынықтары:
Ж
іктелуі:
Мойнының, денесінің және топай сүйегінің
артқы өсіндісінің сынығын ажыратады(3-сурет)
3-сурет: Топай сүйегінің сынықтары:
1-мойны
2-денесі
3-артқы өсіндісі
Жарақат механизмі: табанға осі бойынша күш түсу және табанның жедел сыртқа бүгілуі(мысалы: биіктіктен аяқпен құлау не автомашинаның басқыштарын табанмен басып аяқ астынан тежеу) . Аяққа осьтік күш түскенде топай сүйегі үлкен жілікпен өкше сүйегінің арасында қысылады. Шамадан тыс табанның сыртқа бүгілуі оның мойнының сынуына әкеледі. Бұл сынық топай сүйегінің ең жиі кездесетін сынығы болып табылады. Бұл сынық ығысусыз және топай сүйегінің басының сыртқа қарай ығысуымен, топай сүйегінің денесінің артқа шығуымен болуы мүмкін.
Диагностикасы: Сирақ-табан буынының көлемі ұлғайған, онда белсенді қозғалыстар біршама шектелген не қатты ауырсынудан мүлдем шектелген. Табанның жоғарғы бөлігінде және сирақ-табан буынында деформация, табан табандық бүгілу қалпында болады. Деформация сипаты сынық жазықтығына және жарықшақтардың ығысу көлеміне байланысты. Сирақ-табан буыны аймағын пальпациялағанда ауырсынумен. Табанда сыртқа қарай бүкпекші болғанда, ось бойынша күш түсіргенде және өкшеден соққанда ауырсыну күшейеді.
Радиологиялық зерттеу: Рентгенограмманы тікелей және бүйірлік проекцияда түсіреді. Бүйірлік проекция нақты мәлімет береді, онда топай және өкше буынының артқы бөлімінің буындық беткейлеріне көңіл бөлу керек. Күманданған жағдайда табанның 20 0 ішкі ротациясында қиғаш проекциямен түсіреді.
Ауруханаға дейінгі көмек: жалпы жансыздандыру және сbрақтың жоғарғы үштен бір бөлігіне дейін тасымалдаушы шина салынады. Иммобилизация үшін сатылы, пневматикалық шиналар қолдануға болады.
Емі: Артқы өсінді сынғанда гипсті таңу не 2-3 аптаға тұйық дәкемен таңу қолданылады. Топай сүйегі ығысусыз сынса 8-10 аптаға сирақтың жоғарғы үштен бір бөлігіне дейін гипсті таңумен консервативті түрде емдейді. Топай сүйегінің мойны сынса репозицияны сирақ осі бойынша шеттік эквиус жағдайында табаннан тартады және табан бұл кезде 90 0 бүгілген болады. Гипсті иммобилизация уақыты 2.5-3.5 ай.
Топай сүйегінің денесі және мойны сынғанда оның қан айналымы бұзылады, нәтижесінде аваскулярлы некроз дамиды.
Сынықтармен шығуларды емдегенде табанның күмбезінің қалпына келуіне көңіл бөлу керек. Гипсті таңу салғанда табан күмбезін жақсылап қалпына келтіреді(модельдейді). Физиотерапиялық емді науқас гипспен жүргенде тағайындайды. Механотерапия, массаж, ЕДШ және физиоемнің басты мақсаты табан буындарында қозғалысты жақсарту және оның күмбезін қалпына келтіру. Травмадан кейінгі жалпақ табандылықтың алдын алу үшін жарақаттан кейін бір жыл бойы супинаторларды кию керек.
Егер жабық репозиция нәтиже бермесе ерте мерзімде (тиімді бірінші тәуліктерде)ашық репозиция және металлоостеосинтез (4-сурет) қолданылады.
4-сурет: Топай сүйегі мойнының ығысқан сынығы, винт арқылы остеосинтез кезіндегі рентгенограмма
Асқынулары: аваскулярлы некроз және травмадан кейінгі артроз.