Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kursovaya_rabota_OPiUP_AT_ODD_kz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.14 Mб
Скачать

4 Практикалық сабақтарды орындауға

АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Практикалық жұмыстардың мақсаты «Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорын менеджменті» пәндері бойынша дәріс сабақтарында студенттердің алған білімдерін бекіту және кәсіпорынның қаржылық жоспарында көрінетін кәсіпорын жұмысының экономикалық көрсеткіштерін есептеуді орындау тәжірибесі мен әдістемесін алу болып табылады.

Практикалық жұмыстарды орындау уақытын қысқарту үшін әдістемелік нұсқаулықта оңайлатылған нормативтер мен анықтағыш материалдар берілген. Кейбір салыстырмалы көрсеткіштер, проценттік қатынастар мен орташа мәнге жақын алынған коэффициенттер кәсіпорында қолданылатынға жақын, сондықтан тек оқу мақсаттары үшін арналған.

Қаржылық жоспардың барлық бөлімдері қолданылып жүрген анықтамалықтарды және түзету коэффициенттерін есепке ала отырып әдістемелік нұсқаулықтардың деректерін қолданғанда есептеледі.

Әрбір практикалық жұмыс кестемен аяқталады, оның атауы мен реттік номері болу керек. Кестелерді құру алдында әдебиеттер тізіміне сілтемелер мен сәйкес түсіндірулермен қатаң тәртіпте барлық есептеулерді орындау қажет. Есептеулер автомобильдің немесе автопоездың бір маркасы бойынша жасалады, ал басқа маркалары бойынша қажет барлық мәліметтер мен түсінік жазбасының беттерінде есептеулерді көрсетпей-ақ есептеу нәтижелері енгізіледі.

Қаржылық жоспар – бұл өндірістік қуаттарды аса толық пайдалану, өндірістің тиімділігін бұлжытпай арттыру кезінде жоспарлық тапсырыстарды табысты орындауға бағытталған, автокөлік кәсіпорнының өндірістік-қаржылық қызметінің кеңінен ашылған бағдарламасы. Қаржылық жоспарда автокөлік кәсіпорнының өндірістік және қаржылық қызметінің барлық кешенін сипаттайтын, қажетті сандық және сапалық көрсеткіштер анықталған.

Қаржылық жоспардың барлық бөлімдері өзара тығыз байланысқан және жөндеу жұмысшылары мен жүргізушілердің озық тәжірибелерін есепке ала отырып, ілгері нормалар мен нормативтерге базаланатын, толық техника-экономикалық есептеулер негізінде құрылады.

Практикалық жұмыстарды орындауға арналған бастапқы деректер мына көрсеткіштер болып есептеледі (қосымшаны қараңыз):

  1. Жүктерді тасымалдаудың жылдық көлемі Qгод, млн.т.

  2. Автопаркті пайдалану шартының санаты

  3. Бір жыл ішіндегі АКК жұмыс күндерінің саны (жұмыс режимі) күндер.

  4. Автокөлікті пайдалану орны

  5. Жүктердің әр түрлерінің атау тізімі, көлемі мен тасымалдау қашықтығы (жалпы санынан %) және тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастыру тәсілі.

№1.I. ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

ЖҮКТЕРДІ ТАСЫМАЛДАУ ЖОСПАРЫН ЕСЕПТЕУ

Жүктерді тасымалдау жоспары бизнес-жоспарды әзірлеу үшін бастапқы тарау болып табылады. Ол жүктердің саны мен жіберілген жүктің атау тізімін, тасымалдау қашықтығы мен көлік құралдарын пайдалана отырып көрсеткіштерін есептеу мен жылжымалы құрамның үлгісін таңдап алуға негіз болып табылады.

Жүктерді тасымалдау жоспары 1 және 2-кестедегі үлгі бойынша құрылады.

1-кесте

Жүктердің атауы

Жылдық тасымалдау көлемі, мың тонна

Жүк класы

Тасымалдау қашықтығы, км

Жүк айналымы, мың ткм

1.

2.

3.

4.

5.

БАРЛЫҒЫ

2-кесте

Жүктердің атауы

Тасымалдау көлемі Qжыл,

мың т

Тасымал-дау қашықтығы lср, км

Жүк айна-лымы Ржыл, мың ткм

Жүріл-ген жолды пайда-лану коэф-фициен-ті β

Жүк көтер-гішті пайда-лану коэффи-циенті γс

1 жүріл-ген жолда тиеу мен түсіру-дегі бос тұрған уақыт

tп-р, сағ

Жүк-пен жүріл-ген жол саны,

ne, бірл

(Автомобильдердің маркасы)

1.

2.

3.

Осы автомобиль маркасы бойынша барлығы

(Автомобильдердің маркасы)

1.

2.

3.

Осы автомобиль маркасы бойынша барлығы

(Автомобильдердің маркасы)

1.

2.

3.

Осы автомобиль маркасы бойынша барлығы

Парк бойынша барлығы

1-кесте жеке жүк түрлерінің тасымалдану көлемі мен берілген атау тізімнің негізінде құрылады (қосымшаны қараңыз).

Жүктердің класы № 13-01-05 [6] прейскурантына сай жеке жүк түрлері бойынша анықталады

Жүктерді тасымалдау қашықтығы мына формуламен анықталады

мұнда lср – жүкті тасымалдаудың орташа қашықтығы, км;

Ргод – жылдық жүк айналымы, ткм;

Qгод – жылдық тасымалдау көлемі, тонна.

2-кестеде автомобильдердің жеке маркалары бойынша тасымалдау жоспарының деректері көрсетілген.

Автомобильдердің маркаларын студенттер жүк түрі мен тиеу-түсіру жұмыстарының ұйымдастырылу тәсіліне қарай өздері таңдап алады. 3-4 автомобиль маркасын қолдануды ұсынылады. Жүк көтергіштікті пайдалану коэффициентінің шамасы жүк класына қарай алынады.

Жүк класы

Жүк көтергіштікті пайдалану коэффициентінің мәні γс

Есептеулер үшін орташа мән

I

1,00

1,00

II

0,71-0,99

0,80

III

0,51-0,70

0,60

IV

0,40-0,50

0,45

Автоцистерналарда 1,0 аз емес салыстырмалы салмақпен жүк тасымалдағанда жүк көтергіштікті пайдалану коэффициентінің шамасы автоцистернаның сыйымдылығы мен жүктің меншікті салмағына (бензиннің) байланысты есептеледі

Жүкпен жүрілген жолдардың саны мына формуламен анықталады

мұнда q – автомобильдің орташа (номинал) жүк көтергіштігі, тонна;

γс – жүк көтергіштікті пайдалану коэффициенті (статистикалық).

Жүрілген жолды пайдалану коэффициентінің шамасы мен тиеу мен түсіру кезінде автомобильдің бос тұру ұзақтығы жылжымалы құрамның типі мен жүктің салмағы, тасымалдау орташа қашықтығына қарай алынады.

Автомобильдің жүріп өткен жолын пайдалану коэффициентінің есептелінген мәндері

Бортты автомобильдер

Автомобиль-өзі аударғыштар

Тасымалдау қашықтығы, км

Жүрілген жолды пайдалану коэффиценті

Тасымалдау қашықтығы, км

Жүрілген жолды пайдалану коэффиценті

Тасымалдау қашықтығы, км

Жүрілген жолды пайдалану коэффиценті

1

0,47

15

0,59

1

0,48

2

0,48

20

0,59

2

0,48

3

0,50

25

0,61

3

0,49

5

0,53

30

0,62

5

0,49

7

0,55

50

0,69

10 және астам

0,50

10

0,57

100

0,70

Ескерту: Бензин тасушы үшін жүрілген жолды пайдалану коэффициенті 0,5 деп алу ұсынылып отыр, яғни отын маятникті маршруттар бойынша тасымалданады.

Автомобильдің бос тұру уақытының нормасы мына өлшемдерде тиеу және түсіру бекеттері үшін жеке қойылады.

Автомобильге (автопоезға) тиелетін (түсірілетін) жүктің салмағы

Тиеу немесе түсіруге уақыт нормасы, мин

I

II

1т қоса алғанға дейін

12

13

1т жоғары әрбір толы және толы емес тоннаға қосылады

2

3

I – бортты автомобильдер

II - автомобиль-фургондар; автомобиль-тікремелер мен жартылай тіркемелер, тенттермен жабдықталған; әмбебап контейнерлер, жылжымалы құрамнан алынбай тиелетін (түсірілетін)

Автомобиль-өзі аударғыштар, автомобиль-цистерналар түрлі қызметке тағайындалған

1 тоннаға уақыт нормасы, мин.

Карьерлерде жұмыс істейтіндерден басқа автомо-биль-өзі аударғыштар үшін

1

Карьерлерде жұмыс істейтін автомобиль-өзі аудар-ғыштар үшін

0,2

Автомобиль-цитерналар үшін (құю және ағызу)

4

Жүктердің жеке түрлері бойынша берілген тасымалдау көлемін қамтамасыз ету үшін пайдаланудағы автомобильдердің қажет саны мына формуламен анықталады

мұнда Др – жылдағы АКК жұмыс істеу режимі, күндер (берілген қосымшадан алынады)

Qсут – бір автомобильдің жүкті тасымалдаудың тәуліктік көлемі, т

мұнда Тн – тәулік ішінде жолға автомобильдің келу ұзақтығы, сағат;

Vт – автомобильдің орташа техникалық жылдамдығы, км/сағ;

β –жүрілген жолды пайдалану коэффициенті;

q – автомобильдің номиналды жүк көтергіштігі, т;

γс – жүк көтергіштікті пайдаланудың статистикалық коэффициенті;

lср – жүк тасымалдаудың орташа қашықтығы, км;

tп-р – 1 жүрілген жолға тиеу мен түсірудегі автомобильдің бос тұрған уақыты, сағат.

Тәулік ішінде нарядта автомобильдің болу ұзақтығы (Тн) бортты автомобильдер мен бензин тасушы үшін 10-11 сағат, ал автомобиль өзі аударғыштар үшін 9-10 сағат.

Автомобильдердің техникалық қозғалу жылдамдығының есептелінген шамаларының мәні

Жалғыз автомобильдер

Автопоездың

lср

Vт

lср

Vт

lср

Vт

lср

Vт

1

19

15

27

5

23

25

27

3

22

25

28

7

24

50

28

5

24

50

30

10

25

75

29

7

24

75

30

15

26

100

30

10

26

100

30

Ескерту: І топ жолдар үшін максимум техникалық жылдамдық 52 км/сағ,

II топқа – 40 км/сағ, III топқа – 32 км/сағ, IV топқа – 28 км/сағ, V топқа - 25 км/сағ.

№1.II. ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚҰРАМДЫ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАНЫ ЕСЕПТЕУ

Жүк АКК үшін өндірістік бағдарлама мына үлгі бойынша құрылады:

3-кесте

Көрсеткіштері

Автомобильдердің маркасы

Парк бойынша барлығы

«---»

«---»

«---»

  1. Өндірістік база

1. Автомобильдердің отраша тізімдік саны, бірлік

2. Автомобильдің орташа жүк көтергіштігі, т

3. Автомобильдің жалпы жүк көтергіштігі, т

4. Кәсіпорындағы автомобиль-күндер, күн

5. Жұмыстағы автомобиль-күндер, күн

6. Жұмыстағы автомобиль-сағаттар, сағат

7. Жыл ішінде бүкіл автомобильдердің жүрген жолдары, мың км

8. Жүкпен жүрілген автомобильдердің жолдары, мың км

9. Тәулік ішіндегі бір автомобильдің жұмыс істеуі, т

  1. Техника-экономикалық көрсеткіштері

1. Автопарктің техникалық дайындық коэффициенті

2. Жолға автомобильдердің шығу коэффициенті

3. Тәулік ішінде жолда автомобильдің орташа болу ұзақтығы, сағат

4. Жүктерді тасымалдаудың орташа қашықтығы, км

5. Тиелген жүріс ұзындығы, км

6. Жүрілген жолды пайдалану коэффициенті

7. Автомобильдің жүк көтергіштігін пайдалану (статистикалық) коэффициенті

8. 1 жүрілетін жолға тиеу мен түсірудегі бос тұру уақыты, сағат

9. Техникалық жылдамдық км/сағ

10. Автомобильдің орташа жүретін жолы, км

11. Жүкпен жүрілген жол саны, бірлік

  1. Өндірістік бағдарлама

1. Жылдық тасымалдау көлемі, мың т

2. Жылдық жүк айналымы, мың ткм

3. Мың ткм берілген жылдық жүк айналымы

4. 1 автомобильдің жылдық жұмыс істеуі, мың т

мың ткм

4-кесте

Жолға автомобильдің шығу коэффициентін есептеу

Көрсеткіштер

Автомобильдердің маркалары

Парк бойынша барлығы

«---»

«---»

«---»

1. КЖ дейін автомобильдің жүрген жолы, мың км

2. Автомобильдің орташа тәуліктік жүретін жолы, км

3. Цикл ішіндегі автомобильдің жұмыс күндерінің саны, күн

4. Автомобильдің бос тұрған уақыты:

а) күрделі жөндеуде, күн.

б) ТЖ мен ТҚК, күн./1000 км

5. Цикл ішінде жөндеу мен ТҚК автомобильдердің бос тұруы:

а) күрделі жөндеуде, күн.

б) ТЖ мен ТҚК, күн.

6. Циклдегі күндердің саны, күн

7. Циклден жылға өту коэффициенті

8. Жыл ішінде автомобильдің ТҚК мен жөндеуде тұрған бос күндерінің саны, күн

9. Басқа себептер бойынша дұрыс күйде автомобильдің бос тұрған күндерінің саны, күн

10. Жыл ішінде автомобильдің бос тұрған күндерінің барлығы

11. Жыл ішінде автомобильдің жұмыс істеген күндерінің саны, күн

12. Автомобильдердің жолға шығу коэффициенті

4-кесте бойынша есептеу жеке автомобиль маркалары үшін есептеледі де, алынған коэффициент мәні берілген автомобиль маркасы үшін алынады.

Күрделі жөндеуге дейін автомобильдің жүрген жолы тең

мұнда - күрделі жөндеуге дейін автомобильдің нормативті жүрген жолы

- сәйкесінше автомобильдің күрделі жөндеуден өткен және күрделі жөндеуге деін нормативті жүрген жолы. Есептеуде былай алуға болады ;

- сәйкесінше, жаңа және өткен күрделі жөндеулердегі автомобильдердің жалпы көлемдегі проценттері;

- көлік құралдарын пайдалану шарттары бойынша күрделі жөндеуге дейін жүрілген жолды түзету коэффициенті, жылжымалы құрамды жаңарту мен табиғи-климаттық жағдайларда олардың жұмыс істеуін ұйымдастыру.

І санатты пайдалану жағдайы үшін күрделі жөндеуге дейін автомобильдердің жүрген жолдарының нормасы

Автомобильдің маркасы

Күрделі жөндеуге дейін жүрілген жол нормасы, мың км

ГАЗ-5204

175

ГАЗ-53А

250

ЗИЛ-130

300

КАЗ-608

150

МАЗ-500А

250

МАЗ-5335

320

КамАЗ-5320

300

КрАЗ-257

250

Жүк көтергіштігі 8 т дейін 2-осьті тіркемелер

100

Жүк көтергіштігі 8 т және одан көп 2-осьті тіркемелер

200

К1 пайдалану жағдайына байланысты нормативтерді түзету коэффициенті

Пайдалану жағдайының санаты

Нормативтер

ТҚК мерзімділігі

ТЖ салыстырмалы еңбексыйымдылығы

КЖ дейінгі жүрілген жол

Қосалқы бөлшектердің жұмсалуы

I

1,0

1,0

1,0

1,00

II

0,9

1,1

0,9

1,10

III

0,8

1,2

0,8

1,25

IV

0,7

1,4

0,7

1,40

V

0,6

1,5

0,6

1,65

Ескерту: Түзетілген ТҚК мерзімділігін анықтағанда оның қайталануы бірнеше жүз километрге дейін жеке қызмет көрсету түрлері арасындағы қысқалығымен тексеріледі.

Жылжымалы құрамның моделіне байланысты және жұмыстардың ұйымдасуына байланысты нормативтерді түзету коэффициенті - К2

Жылжымалы құрамның үлгісі мен оның жұмысын ұйымдастыру

Нормативтер

ТҚК мен ТЖ еңбек сыйымды-лығы

Күрделі жөндеуге дейінгі жүрілген жол

Қосалқы бөлшектердің жұмсалуы

Базалық автомобиль

1,00

1,00

1,00

Тартқыштар

1,10

0,95

1,05

Бір тіркемелі автомобильдер

1,15

0,90

1,10

Екі тіркемесі бар автомобильдер

1,20

0,85

1,20

5 км жоғары иінде жұмыс істейтін автомобиль-өзі аударғыштар

1,15

0,85

1,20

5 км дейін иінде жұмыс істейтін бір тіркемелі автомобиль-өзі аударғыштар

1,20

0,80

1,25

Арнайы жылжымалы құрам (жабдықтың күрделілігіне байланысты)

1,10-1,20

-

-

Табиғи-климаттық жағдайларға байланысты нормативтерді түзетудің коэффициенті -

Ауданнның сипаты

Нормативтер

ТҚК мерзімділігі

ТЖ меншікті еңбек сыйым-дылығы

КЖ дейінгі жүрілген жол

Қосалқы бөлшек-тердің жұмса-луы

Коэффициент

Ең үлкен

1,0

1,0

1,0

1,0

Ең жылы, ең жылы ылғалды, жылы ылғалды

1,0

0,9

1,1

0,9

Ыстық құрғақ, өте ыстық құрғақ

0,9

1,1

0,9

1,1

Өте суық

0,9

1,1

0,9

1,1

Суық

0,9

1,2

0,8

1,25

Аса суық

0,8

1,3

0,7

1,4

Коэффициент

Қоршаған ортаның жоғары агрессивтілігімен

0,9

1,1

0,9

1,1

Орташа тәуліктік жүретін жол мына формуламен анықталады

Цикл ішіндегі автомобильдердің жұмыс күндерінің саны

Цикл ішінде күрделі жөндеудегі автомобильдердің бос тұруы

мұнда - күрделі жөндеудегі автомобильдің бос тұру уақыты, күн.

ТҚК мен ағымдағы жөндеудің цикл ішінде автомобильдерінің бос тұруы

мұнда - 1000 км жүрілетін жолдың ағымдағы жөндеу мен ТҚК автомобильдің бос тұру уақыты.

Жөндеу мен ТҚК (күн) автомобильдердің бос тұру ұзақтығы

Жылжымалы құрамның типі

АКК ТҚК мен ТЖ, күн/1000 км

АРЗ КЖ, күндер

Ерекше кіші, кіші және орташа жүк көтергіштіктегі жүк автомобильдері (5т дейін)

0,4 – 0,5

15

Үлкен және ерекше үлкен жүк көтергіштігі бар жүк автомобильдері (5т жоғары)

0,5 – 0,55

22

Тіркемелер мен жартылай тіркемелер

0,10 – 0,15

-

Ескерту: 1. ТҚК мен ТЖ автомобильдің ұзақтығы нормативтерді коэффициентіне көбейту жолымен түзетіледі.

2. Автомобильді күрделі жөндеуге дайындау, оны АРЗ тасымалдау мен жөндеуден кейін жұмысқа дайындау үшін 3-5 күнді қосымша ескерген дұрыс

Циклдегі күндердің саны

Циклден жылға өту коэффициенті

мұнда - жыл ішінде АКК жұмыс күндерінің жоспардағы саны.

ТЖ мен ТҚК автомобильдің бір жыл ішінде бос тұрған күндерінің саны

Басқа себептер бойынша автомобильдің бос тұрған күндерінің саны (жүргізушінің ауырып қалуы мен отынның жоқ болуы, жол болмауы) жыл ішіндегі АКК жұмыс күндерінің санына 2 – 5 % мөлшерде алуға болады.

Автомобильдерді жолға шығару коэффициенті

мұнда - жоспарланған аралықтағы күнтізбелік күндердің саны

Жыл ішіндегі автомобильдердің жұмыс күндерінің саны

Жұмыстағы автомобиль-күндер

мұнда -пайдаланудағы автомобильдердің саны (яғни, жолда жұмыс істейтін автомобильдердің саны);

- жыл ішіндегі АКК жұмыс күндерінің саны.

Кәсіпорындағы автомобиль-күндер

Орташа тізімдік автомобильдердің саны

Жұмыстағы автомобиль-сағаттар

Автомобильдердің жалпы жүк көтергіштігі

Жыл ішіндегі автомобильдердің жалпы жүрген жолы

Жүкпен жүрілген автомобиль жолы

Тәулік ішіндегі бір автомобильдің жұмысы

мұнда - сәйкесінше, бүкіл автомобильдердің жыл ішіндегі жүк айналымы мен тасымалдың жылдық көлемі.

Тонна-километрде берілген жылдық жүк айналымы

Тиелген жол ұзындығы

Жүк тасымалдаудың орташа қашықтығы

Жүк көтергіштігін пайдаланудың орташа коэффициенті

Жүкпен жүрілген жол саны

Жүк көтергіштігін пайдаланудың динамикалық коэффициенті

№1.III. ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚҰРАМДЫ ЖӨНДЕУ МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖОСПАРЫ

5-кесте

Көрсеткіштердің атауы

Өлшеу бірлігі

Автомобильдердің маркалары

Парк бойынша барлығы

«- - -»

«- - -»

«- - -»

  1. Жыл ішіндегі автомобильдердің жалпы жүрген жолы

мың. км

  1. Күрделі жөндеуге дейін автомобиль-дердің жүрген жолдарының нормасы

мың. км

  1. Бүкіл автомобиль-дердің бір жыл ішіндегі күрделі жөндеулер саны

бірл.

  1. ТҚК-2 дейін автомобильдердің жүрген жолдарының нормасы

Км.

  1. Бүкіл автомобиль-дердің бір жыл ішіндегі ТҚК-2 саны

бірл.

  1. ТҚК-2 дейінгі автомобильдердің жүрген жолдарының нормасы

Км.

  1. Бүкіл автомобиль-дердің бір жыл ішіндегі ТҚК-1 саны

бірл.

  1. Автомобильдердің жыл ішіндегі ЖҚК саны

бірл.

  1. Бүкіл автомобиль-дердің жыл ішіндегі ТҚК мен ТЖ еңбек сыйымдылығы

Адам-сағ

а) бір ТҚК-2 еңбек сыйымдылығының нормасы

Адам-сағ

б) Бүкіл ТҚК-2 жалпы еңбек сыйымдылығы

Адам-сағ

в) бір ТҚК-1 еңбек сыйымдылығының нормасы

Адам-сағ

г) бүкіл ТҚК-1 жалпы еңбек сыйымдылығы

Адам-сағ

д) біәр ЖҚК еңбек сыйымдылығының нормасы

Адам-сағ

е) бүкіл ЖҚК жалпы еңбек сыйымдылығы

Адам-сағ

ж) 1000 км жүрілген жолға ағымдағы жөндеулердің еңбек сыйымдылық нормасы

Адам-сағ

з) бүкіл ағымдағы жөндеулердің жалпы еңбек сыйымдылығы

Адам-сағ

и) маусымдық қызмет көрсету бойынша қосымша жұмыс-тардың еңбек сыйым-дылық нормасы

Адам-сағ

к) ТҚ барлық түрлері және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстардың жалпы еңбек сыйымдылығы

Адам-сағ

  1. ағымдағы жөндеу мен барлық ТҚ бойынша жұмыстардың жалпы еңбек сыйымдылығы

Адам-сағ

Жылжымалы құрамның техникалық қызмет көрсетілу кезеңділігі

Автомобильдердің типтері

ТҚК кезеңділігі,км

ТҚ-1

ТҚ-2

Жүк автомобильдері ( ГАЗ бен КамАЗ алмағанда)

3000

12000

ГАЗ жүк автомобильдері

2000

10000

КамАЗ жүк автомобильдері

4000

12000

Ескерту: ТҚК-1 және ТҚК-2 дейін жүрген жолдардың қайталануын қадағалау үшін жүздеген километрге дейін жуықталған көрсетілген кезеңдіктен аз ғана ауытқулар болады

Автомобильдердің ТҚК кезеңділігі табиғи-климаттық жағдайлар ( ) және пайдалану жағдайының ( ) коэффициенттерінің көмегімен түзетіледі

Жыл ішіндегі бүкіл автомобильдерді күрделі жөндеу саны

Жыл ішіндегі бүкіл автомобильдердің ТҚ-2 саны

Жыл ішіндегі бүкіл автомобильдердің ТҚ-1 саны

мұнда - сәйкесінше КЖ, ТҚ-2, ТҚ-1 дейінгі автомобильдің жүрген жолының нормасы, км

Жыл ішіндегі бүкіл автомобильдердің БЖ саны

Жыл ішіндегі бүкіл автомобильдерге маусымдық қызмет көрсету саны

Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамын ағымдық жөндеу мен ТҚК еңбек сыйымдылығы нормативтері

Автомобильдердің маркалары

Еңбек сыйымдылықтар нормативі, адам-сағ

Бір ТҚК

1000 км жүрілген жолға

БЖ

ТҚК-1

ТҚК-2

АЖ

ГАЗ-52

0,55

2,5

10,2

3,8

ГАЗ-53А

0,42

2,2

9,1

3,7

ЗИЛ-130

0,45

2,5

10,6

4,0

МАЗ-500А

0,30

3,4

13,8

6,0

КамАЗ-5320

0,50

3,4

14,5

8,5

КрАЗ-257

0,50

3,5

14,7

6,2

Екі осьті тіркемелер

0,25

0,9

5,0

1,3

Жартылай тіркемелер

0,25

0,9

4,6

1,3

Бір ТҚКС еңбек сыйымдылығы КамАЗ-5320 автомобильдері үшін 15,1 адам-сағатты құрайды.

Жоғарыда аталған еңбек сыйымдылық нормативтері және коэффициенттерінің көмегімен түзетіледі.

ТҚК нормативтік еңбек сыйымдылығының нәтиже беруші коэффициенті

АЖ нормативтік еңбек сыйымдылығының нәтиже беруші коэффициенті

Коэффициент курстық жұмысты орындағанда 1,4-1,6 тең деп алу ұсынылып отыр, бұл күрделі жөндеуге дейін 1,25 бастап 1,75 дейін АКК автомобильдерінің орташа жүріп өткен жолына сай келеді.

Коэффициент 1,3 тең деп курстық жұмысты орындағанда алынады.

АКК жөнделіп жатқан және қызмет көрсетіліп жатқан автомобильдердің санына байланысты техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің еңбек сыйымдылықтарының нормативтерін түзету коэффициенті мен жылжымалы құрамның технологиялық үйлесімді топтарының саны - К5

АКК қызмет көрсетіліп және жөнделіп жатқан автомобильдердің саны

Жылжымалы құрамның технологиялық үйлесімді топтарының саны

3 аз

3

3 астам

100 дейін

1,15

1,20

1,30

100 жоғары 200 дейін

1,05

1,10

1,20

200 жоғары 300 дейін

0,95

1,00

1,10

300 жоғары 600 дейін

0,85

0,90

1,05

600 жоғары

0,80

0,85

0,95

ТҚК мен АЖ өндірісінде технологиялық үйлесімді топтар бойынша жылжымалы құрамды тарату

АКК жылжымалы құрамның типі

Жүк автомобильдерінің базалық үлгілері бойынша технологиялық үйлесімді топтар

I

II

III

IV

V

Жүк автомобильдері

ИЖ

УАЗ

ЕрАЗ

ГАЗ

ЗИЛ

КАЗ

Урал

МАЗ

КрАЗ

КамАЗ

Технологиялық үйлесімді топтардағы автомобильдердің саны 25 аз болмау керек.

Маусымдық қызмет көрсетуде қосымша жұмыстардың еңбек сыйым-дылығы бір ТҚК-2 еңбек сыйымдылығынан 20% мөлшерінде болуы мүмкін.

ТҚК мен АЖ жеке түрлерінің еңбек сыйымдылықтары мына формулалармен анықталады

мұнда - сәйкесінше 1000 км ағымдағы жөндеу мен ТҚК-2, ТҚК-1 еңбексыйымдылықтарының нормативтері.

Автомобильдерді маусымдық қызмет көрсетуде қосымша жұмыс түрлерінің еңбек сыйымдылығы

КамАЗ автомобильдері үшін

Бүкіл ТҚК пен АЖ бойынша жұмыстардың жалпы еңбек сыйымдылығы

Күрделі жөндеудің еңбек сыйымдылығы жоспарланбайды, яғни бұл жұмыстар автожөндеу заводтарында жасалады.

№1.IV. ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ

ЖОСПАРЫН ЕСЕПТЕУ

6-кесте

Көрсеткіштердің атауы

Автомобильдердің маркалары

Парк бойынша барлығы

«- - -»

«- - -»

«- - -»

1

2

3

4

5

  1. Автомобильдерге арналған отын

1. Жыл ішіндегі бүкіл автомобильдердің жалпы жүрген жолы, мың км

2. Жылдық жүк айналымы, мың ткм

3. Жүкпен жүрген жолдардың саны (авто-өзі аударғыштар үшін), бірлік

4. 100 км жолға отынның жұмсалу нормасы, л

100 ткм жұмысқа, л

5. Автомобильдің жүруіне жұмсалатын отын шығыны, мың л

6. Көлік жұмысына жұмсалған отын шығыны, мың л

7. Көлік жұмысы мен жүретін жолға жұмсалатын шығын, мың л

8. Қысқы жағдайларда жұмыс істеуге жұм-салатын қосымша отын шығыны, мың л

9. Гараж ішіндегі қажеттіліктерге жұмсалатын отын, мың л

10. Отынның жалпы шығыны, мың л

тонна

11. Үнемдеуді есепке ала отырып отынның жалпы жұмсалуы, мың л

тонна

12. Бір тонна отынның құны, теңге

13. Отынның жалпы құны, мың теңге

  1. Майлау және сүрту материалдары

а. қозғалтқыштарға арналған май

1. Жалпы отын шығыны, мың л

тонна

2. Қозғалтқышқа арналған 1 тонна майдың құны, теңге

3. Қозғалтқыштарға арналған майдың жалпы құны, теңге

б. Трансмиссиялық май

1.Трансмиссиялық майдың жалпы шығыны, мың л

2. 1 тонна трансмиссиялық майдың құны, теңге

3. трансмиссиялық майдың жалпы құны, мың теңге

в. Қою майлағыш

1. Майлағыштың жалпы шығыны, тонна

2.тонна майлағыштың құны, теңге

3. қою майлағыштың жалпы құны, мың теңге

г. Керосин

1. Керосиннің жалпы шығыны, тонна

2. Бір тонна керосиннің құны, теңге

3. Керосиннің жалпы құны, мың теңге

д. Сүрту материалы

1. 1 автомобильге жұмсалатын жылдық шығын, кг

2. Сүрту материалдарының жалпы шығыны, тонна

3. 1 тонна сүрту материалының құны, мың теңге

4. Сүрту материалының жалпы құны, мың теңге

  1. Жылжымалы құрамның ТҚК мен АЖ арналған материалдар мен қосалқы бөлшектер

1. Бөлшектерге жұмсалатын шығын нормасы, теңге/1000 км

2. Бөлшектерге жұмсалатын жалпы шығындар, мың теңге

3. Материалдарға жұмсалатын шығындардың нормасы, теңге/1000 км

4.Материалдарға жұмсалатын жалпы шығындар, мың теңге

5. Қосалқы бөлшектер мен материалдарға жұмсалатын барлық шығындар, мың теңге

  1. Автомобиль шиналары

1.Автошинаның жүретін нормасы, мың км

2. Қажет автошина саны, дана

3. Автошиналардың қайта қалпына келуі мен жөнделу нормасы, теңге/1000 км

4. Автошиналарды қайта қалпына келтіру мен жөндеуге жұмсалатын жалпы шығындар, мың теңге

Ескерту: Есептеу кезінде тасымалдау шығындары мен қойма шығындарын қосымша ескеру керек, олар материалдардың, бөлшектердің құнының 4 – 5% мөлшерін құрайды.

Автомобильдердің отын шығыны мына формуламен анықталады

мұнда - 100 км жүретін жолға отын шығының нормасы, л.

Көлік жұмысына жұмсалатын отын шығыны:

а. Бортты автомобильдер мен бензовоздар үшін

б. Автомобиль-өзі аударғыштар үшін

мұнда - сәйкесінше авто-өзі аударғыштар үшін 1 рет жүру мен бортты автомобильдер мен бензовоздар үшін көлік жұмыстарының 100 ткм жұмсалатын шығын нормасы, л.

= 2,0 л бензинді қозғалтқышты автомобильдер үшін және дизельді қозғалтқыштары бар автомобильдер үшін 1,3 л ;

= 0,25 л жүкпен жүрген әрбір жолға.

Қысқы маусымда автомобильдерді пайдаланудағы қосымша отын шығыны қысқа уақыттың ұзақтығы (m айлар) мен қысқы уақытқа берілетін нормаларға қосымша ақыға байланысты болады.

мұнда - қысқы мерзім нормаларына қосымша ақы, %%.

Курстық жұмысты есептегенде тең деп алуға болады m = 4 – 5 ай, = 10 – 15 %

Гараж ішіндегі қажеттіліктерге отын шығыны мына формуламен анықталады

мұнда - гараж ішіндегі қажеттіліктерге жұмсалатын шығын нормасы, %% ( = 0,5 %).

Жалпы отын шығыны

Көлік құралдарының АЖ мен ТҚК үшін қосалқы бөлшектері мен материалдарының шығыны мына формуламен анықталады

мұнда - сәйкесінше 1000 км жүретін жолға теңгемен материалдар мен қосалқы бөлшектердің нормасы;

автошиналардың қалпына келтірілуі мен жөнделуіне жұмсалатын шығындар мына формуламен анықталады

мұнда - 1000 км жүретін жолға шиналардың қалпына келуі мен жөнделуіне жұмсалатын шығындардың нормасы;

- жұмысқа қатысатын автомобильдердің шиналарының саны

Автошиналардың қажет саны тең

мұнда lш – автошиналардың жүретін жолдарының пайдалану нормасы, мың км

Көлемді салмағы (орташа)

Автобензин – 0,72 т/м3

Мотор майы – 0,90 т/м3

Дизельді отын – 0,83 т/м3

Трансмиссиялық май – 0,91 т/м3

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]