Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шарттық құқық-силлабус.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
53.99 Кб
Скачать

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ гуманитарлық заң университеті азаматтық және азаматтық іс жүргізу құқығы кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Жоғары құқық мектебінің

директоры

з.ғ.д., профессор

У.Шапақ ___________________________

«______»___________________2014 ж.

«Шарттық құқық» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

Мамандығы:

5В030200-«Халықаралық құқық»

Оқу нысаны Күндізгі

Барлығы 3 кредит

Курс 3

Семестр 5

Дәрістер 30 сағат

Семинар сабақтары 15 сағат

Аралық бақылау саны 2

СОӨЖ 23 сағат

СӨЖ 67 часов

Емтихан 3 семестр

Еңбек көлемі 135 сағат

Астана 2014 Пәннің сипаттамасы

«Шарттық құқық» пәні студенттерге азаматтық-құқықтық мамандану аясында оқытылады. Мүліктік айналымды құқықтық реттеудегі шартқа тиесілі орынның маңыздылығы шарттық құқық пәнінің оқытылуын айшықтай түседі.

Пәнді зерттеу барысында болашақ заңгер үшін қажетті ұғымдар, заңдар және шартты жасасу мен рәсімдеудің принциптері сондай-ақ, олардың мазмұны жөіндегі ілім меңгерілмек.

Азаматтық айналымдағы шартты жасасу, өзгерту және бұзуға қатысты қоғамдық қатынастар сондай-ақ, шарттық қатынастардың ортақ заңдылықтары, қызмет етуінің принциптері, әралуан шарттық қатынастардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігі «Шарттық құқық» пәнінің зерттеу объектісі болып табылады.

Сатып алу сату, тасымалдау, мердігерлік және басқа да әралуан шарттардың түрлері туралы нормалар жинақталған Азаматтық кодекстің тарауы – «Міндеттемелердің жекелеген түрлері» деп аталады. Осы тұста, ҚР АК (Ерекше бөлімі) алғаш рет бекітілген міндеттемелерге ерекше назар аударған жөн болар еді. Соңғыларының ішінен келесілерді атап айтуға болады:

- кәсіпорынды сатып алу сату және жалға алу;

- қаржылық жалға алу (лизинг);

- ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг);

- кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты (франчайзинг);

- мүлікті сенімгерлікпен басқару;

- тұрақты және өмір бойғы рента;

- бөтеннің мүддесінде тапсырмасыз іс-әрекет ету.

Пәнді зерттеу барысында көзделетін мақсаттар мен міндеттер:

Осы оқу курсын зерттеу нәтижесінде студенттерде шарттарға қатысты туындайтын қарым-қатынастарды реттейтін азаматтық заңнаманың нормаларын тәжірибеде қолдана білу қабілеті қалыптасуы қажет. Шарттық қатынастардың мәні мен табиғаты, шарттардың нақты түрлері жайлы ауқымды түсініктің студенттерде қалыптасуы осы пәнді оқытудың мақсаты болып табылады. Студенттер тек, шарттардың әралуан түрлерінің барлығын біліп қана қоймай, сонымен бірге, оларды жасау механизмдерін, оңтайлы нысанын таңдауды, оған қол қоюдың тиімді уақыты мен орнының қыр-сырын жетік меңгеруі тиіс. Сондай-ақ, шарттың жарамдылық мерзімі мен оның тараптарының жауаптылығы да назардан тыс қалмауы қажет.

Алға тартылатын міндеттер:

  • Шарттық құқықтың нормалары мен институттарын азаматтық құқықтың бір саласы ретінде зерттеу;

  • Шарт ұғымы мен оның азаматтық заңнамадағы орнын зерттеу. Азаматтық-құқықтық шарттардың мәмілелермен, сондай-ақ әралуан салалардағы шарттармен байланысын айқындау және оларды жіктей білу;

  • Рим құқығындағы, еуропалық мемлекеттердің заманауи құқығындағы міндеттемелердің туындау және шарттар мен шарттық құқықтың даму тарихын зерттеу. Міндеттемелік және шарттық құқық нормаларының ара қатынасын айқындау;

  • Шарттық құқық нормаларының табиғатын зерттеу. Шарттар туралы нормалардың уақыттағы, кеңістіктегі және субъектілері бойынша қолданысын зерттеу. Шарттар туралы нормалардың түсіндірілуінің маңызын зерттеу;

  • Жария шарттардың, қосылу шарттарының, сондай-ақ шарттардың міндетті жасалуының ерекшеліктерін зерттеу;

  • Шарт ережелері ұғымын, шарт нысанын және оның мемлекеттік тіркелуін талдау. Шарттардың жіктелуін, сондай-ақ шарттық нысандарды айқындау;

  • Шарт тараптарының құқықтық мәртебесін айқындау және зерттеу. Шарт пен үшінші тұлғалардың ара қатынасын айқындау.

  • Шарттық жауаптылықтың нысандарын, негіздерін және жалпы ережелерін сондай-ақ олардың тәжірибеде қолданылуын зерттеу.