Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тесты без.отв. по лапароскопии каз..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.15 Mб
Скачать
  1. Лапароскопиялық аспаптың стандартты техникалық жинағы дегеніміз не?

  • Тірек

  • Лапароскапиялық аспаптар

  • Хирургиялық аспаптар жиынтығы

  • Техникалық аспаптар

  • Техникалық кешен

  1. Лапароскапияда қандай типті шамдарды жарық көзі ретінде қолданады :

  • Металлогаллоидты, жарық-диодты

  • Галогенді, жарық-диодты, металлогаллоидты

  • Ксенонді, жарық-диодті, электрлі

  • Жарық-диодті, электрлі, металлогаллоидті

  • Электрлі, галогенді, светодиодті

  1. Мына құрал қалай аталады?

  • Троакар

  • Диссектор

  • Видеокамера

  • Эндовидеокамера

  • Биполярлы коагулятор

  1. Аппаратты атаңыз :

  • Аквапуратор

  • Коагуляцияның қоректену көзі

  • Инсуфлятор

  • Эндовидеокамераның қоректену көзі

  • Ирригатор

  1. Троакар бірнеше бөлшектерден тұрады. Төменде көрсетілгендердің ішінен артығын көрсетіндер :

  • Стилет

  • Тубус

  • Клапанды механизм

  • Газ беретін кран

  • Тығын

  1. Диаметрі қандай троакар лапароскоп енгізуге, клипаторға, ағзаны шығаруға, биопаттың соңғы рәсімінде (класикалық троакар деп аталады) қолданылады :

    1. 5мм

    2. 10-12мм

    3. 15 мм

    4. 18мм

    5. 20мм

  1. Диаметрі қандай троакар қосымша аспапты енгізу үшін қолданылады:

    1. 10-12 мм

    2. 15 мм

    3. 5мм

    4. 18 мм

    5. 20 мм

  1. Қақпақша құрылымына қарай троакардың бірнеше түрі болады. Төмендегілердің қайсысы артық :

    1. Плунжерлі троакар

    2. Магнитті-қақпақшалы троакар

    3. Желкөзді қақпақшасы бар троакар

    4. Жармалы қақпақшасы бар троакар

    5. Классикалық троакар

  1. Стилеттің құрылымына қарай троакардың 4 түрін ажыратады. Стилеттің қандай түрі болмайды :

    1. Конустық

    2. Пирамидалық

    3. Спираль тәрізді

    4. Конусты үшкірленген

    5. Доғалданған (Blunt)

  1. Құрсақ ішіне инсуффляция үшін қандай газ қолданады :

    1. Оттегі

    2. Азот

    3. Сутегі

    4. Көмірқышқыл газы

    5. Ауа

  1. Инсуффляцияны қандай жылдамдықпен бастайды :

    1. 1 л/мин

    2. 2л/мин

    3. 3 л/мин

    4. 4 л/мин

    5. Газды енгізу жылдамдығы маңызды емес

  1. Лапароскопия кезінде газді өте жылдам енгізгенде қандай асқыну болуы мүмкін:

    1. Тынысалу бұзылыстары

    2. Ішкі қан кету

    3. Жүрек қантамыр бұзылыстары

    4. Газды эмболия

    5. Құрсақ қуысы мүшелерінің зақымдануы

  1. Ине құрсақ ішіне дұрыс енгізілсе бауырлық перкуторлы тұйықтық қанша мл газды жібергеннен кейін жойылады

    1. 300мл

    2. 400 мл

    3. 500 мл

    4. 1000 мл

    5. 1500 мл

  1. Асқынулардың төрттен үш астамы Вереш инесін немесе троакар ендірген кезде пайда болады. Қазіргі білімдеріңмен төменгі келтірілген себетердің қайсысын азайта аласыз:

    1. Хирургтің жеткіліксіз біліктілігі

    2. Тіндердің анатомды-топографиялық қарым-қатынасын дұрыс білмеу

    3. Иненің дұрыс бағытталмауы

    4. Троакардың дұрыс бағытталмауы

    5. Құрсақ ішіне ендіріп жатқан аспапқа күштеме түсіру

  1. Іш перде алды клетчаткасындағы жоғарғы және төменгі эпигастралдық тамырлар іштің ақ сызығына қарай қалай орналасқан:

    1. Іштің ақ сызығына қарағанда 1 см латеральдық және оған паралель

    2. Іштің ақ сызығына қарағанда 2-3 см латеральдық

    3. Іштің ақ сызығына қарағанда 3-4 см латеральды және оған паралель

    4. Іштің ақ сызығына қарағанда жоғарғы эпигастралдық тамыр 3-4 см латеральды орналасқан, ал төменгі эпигастралдық тамыр – жамбас сүйектің қанаты бойында екі жаққа айырылады

    5. Іштің ақ сызығына қарағанда 2 см латеральдық және оған паралель

  1. Вереш инесі арқылы жіберілген газ құрсақ қуысының алдыңғы тер асты клетчаткасына түссе қандай асқыну береді:

    1. Пневмооментум

    2. Терасты эмфиземасы

    3. Пневмомедиастинум

    4. Пневмоторакс

    5. Пневмоперикард

  2. Шиеленіскен пневмоторакс – өте қауіпті асқыну. Лапароскопиялық хирургияда оның дамуына негізгі 4 себебі бар. Берілгендердің қайсысы осынған сай келмейді:

    1. Торако-абдоминальды аймақа жасаған лапароскопия кезіндегі диафрагманының тесілуі

    2. Диафрагманың ятрогендік тесілуі, мысалы өт қабын электрохирургиялық ілмекпен ажыратқанда абайсызда тесіп алу

    3. Диафрагманың өңеш тесігінің жарығына жасалған кезде болатын медиастиналық плевраның жыртылуы

    4. Өкпенің жасанды желдетуі кезіндегі спонтандық пневомоторакс (өкпенің созылмалы обструктивті ауруы бар науқастарда жиі кездеседі)

    5. Диафрагманың физиологиялық «әлсіз жерлерінен» ауаның плевра немесе средостения қуыстарына өтуі

  1. Лапароскопия кезінде ірі тамырлардың жарақаттануына күмәнданса хирург бірінші не істеу керек:

    1. Лапароскопиялық аспапты суырып алып, кенет лапаротомия жасау

    2. Лапароскопиялық аспапты суырып алып, жедел басу арқылы гемостаз жүргізу

    3. Лапароскопиялық аспаптарды қозғамай, жедел лапаротомия жасап, басу арқылы уақытша гемостаз жүргізу

    4. Лапароскопия аспаптарымен қанкетуді тоқтату

    5. Операцияны тоқтатып хирург-ангиологты күту

  1. Аппаратты атаңыз:

    1. коннектор

    2. фиброоптикалық кабель

    3. электрошнур

    4. видеооптика

    5. байланыстырғыш кабель

  1. Төменгі көрсетілген аурулардың қайсысы лапароскопияға қарсы көрсеткіш болып табылады:

    1. перитонит, тубоовариальді түзіліс

    2. перитонит, құрсақ ішінің қабынуы, сепсис

    3. тері аурулары, пельвиоперитонит, перитонит

    4. несеп жолдары қабыну аурулары, эндометрит, вульвовагинит

    5. аналық без кистасының іріңдеуі, пиосальпинкс немесе тубоовариальді түзіліс

  2. Төменгі көрсетілген анатомиялық өзгерістердің қайсысы лапароскопияға қарсы көрсеткіш болып табылады :

    1. Айқын семіздік, жүктіліктің ерте мерзімі, алдыңғы құрсақ қабырғасының көктамырларының варикозды кеңеюі

    2. Асқазан ойық жарасы, он екі елі ішек ойық жарасы, жатыр ақауы

    3. Құрсақ аортасының ірі аневризмасы, көптеген жабысқақтар (спайка) , жатыр миомасы

    4. ішек обструкциясы, көптеген жабысқақтар, ірі аневризма

    5. Алдыңғы құрсақ қабырғасында бұрын болған операциядан қалған тыртықтар, шап жарығы

  1. Тоқ ішектің толық емес тесілуіне жатады :

    1. Шырышты қабатының жыртылуы

    2. Шырышты және шырыш асты қабаттардың жыртылуы

    3. Серозды-бұлшықетті қабатының жыртылуы

    4. Ішек қабырғасының шырышты қабатынан басқа қабаттарының барлығының жыртылуы

    5. Ішек қабырғасының барлық қабатының жыртылуы

  1. Электрокоагуляция жасау кезінде коагуляциялық некроздың жайылуының тереңдігі неге байланысты ЕМЕС:

    1. Диатермокоагуляция жасау әдісіне (моноактивті, биактивті)

    2. Коагуляция некрозының аймағына

    3. Қанкету ошағының орналасуына

    4. Әсерету ұзақтығына

    5. Электродтың шырышты қабатына басу күшіне

  1. Қанша максимальды уақыт үздіксіз диатермокоагуляция жасауға болады:

    1. 1 секунда

    2. 2-3 секунда

    3. 5-6 секунда

    4. 7-8 секунда

    5. 10 секунда

  1. Десуфляция дегеніміз не:

    1. лапароскопия соңында газды шығару

    2. лапароскопия кезінде сұйықтықты сорып алу

    3. лапароскопия кезінде газды айдау

    4. лапароскопия кезінде сұйықтықты құрсақ ішіне жіберу

    5. лапароскопия соңында құрсақты тігу

  1. Мына лапароскопиялық көрініске дұрыс анықтама бер :

    1. сол жақты истмикалық үдемелі түтіктік жүктілік

    2. оң жақты истмикалық үдемелі түтіктік жүктілік

    3. оң жақты жатыр бұрышындағы үдемелі жүктілік

    4. сол жақты жатыр бұрышындағы үдемелі жүктілік

    5. аналық без үдемелі жүктілігі

  1. Мына нұсқағыш нені көрсетіп тұр :

    1. Оң жақ жұмыр байламы

    2. Сол жақ жұмыр байламы

    3. Сол жақ оймыш-жамбас байламы

    4. Оң жақ оймыш-жамбас байламы

    5. Құық – жатыр қыртысы

  1. Нұсқағыш қай байламды көрсетіп тұр :

    1. Сол жақ оймыш-жамбас байламы

    2. Оң жақ оймыш-жамбас байламы

    3. Оң жақ сегізкөз-жатырлық байламы

    4. Сол жақ сегізкөз-жатырлық байламы

    5. Оң жақ аналық бездің меншікті байламы

  1. Сегізкөз-жатырлық байламды көрсетіңдер:

    1. Дөңгелек

    2. Алтыбұрыш

    3. Төртбұрыш

    4. Нұсқау

    5. Үшбұрыш

  1. Лапароскопиялық аспапты атаңыз :

    1. екібраншты тік қайшы

    2. бірбраншты тік қайшы

    3. қысқыш

    4. клипатор

    5. диссектор