Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Білек сйектеріні сынытары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.06 Mб
Скачать

1.3.2.Галеация зақымдануы.

Жіктелуі: Басқа сынықтарға қарағанда сирек кездеседі.Онда бүккіш және жазғыш болады.Бүккіште – шыбық сүйегі сынғанда бұрыш алақан жаққа ашылады,ал шынтақ сүйегі сырт жаққа ығысқан.Жазғышта- шыбық сүйегі сынғанда бұрыш сырт жаққа ашылған ,ал шынтақ сүйегінің басы алақанға ығысқан. Көп жағдайда жазғыш сүйекті сыну жиі байқалады.(11сурет)

11сурет.Галеация сынығындағы

сынықшалардың ығысуы

Жарақат механизмі :Ол көбінесе иықтан қатты соққы алғанда ,сирек қолды тіреп құлағанда болады.Шыбық сүйегі негізінен кривизна аймағында сынады.Бұл кезде дистальды сынықша ені ,ұзындығы бойынша ғана емес, ротатор әсерінен пронацияланып та кетеді.

Диагностикасы: Білек буынында ауырсыну және ауырсыну иық сүйегіне дейін беріледі.Ось бойынша және сүйекті жақындататын қозғалыстар жасаса ауырсын күшейеді.

Жалпы қарағанда ,пронациялық қозғалыста иықтың жоғарғы 1/3 бөлігі мен білезік буынында деформация анықталады.Шынтақ сүйегінің басы буыннан тыс пальпацияланады,басса жеңіл ығысады,бірақ қысымды болдырмаса қалпына қайта келеді.

Жазғыш сынықтарда иықтың сырт жағында шыбық жағында ішіне кіру анықталады,ал алақан жағында – шығыңқы байқалады,ол сынықшалардың ығысқанын көрсетеді.Ал шынтақ бетінде ісіңкі,сырт жағында ішке кірген,ол шынтақ сүйегі басының алақанда ығысқанын көрсетеді.Біккіш сынықтарда керісінше ісіңкі –иықтың сырт жағында және білезік буынында ,ал ішке кіру алақан жағында байқалады.

Радиологиялық зерттеу:Білезік буынын қамтыт 2 проекцияда рентгендік түсірім жасағанда диагнозды қорытындылауға болады.Ол тек сынықты ғана анықтап қоймай,шынтақ сүйегі басының ығысқанын да анықтайды.

Госпитализацияға дейінгі көмек: Саусақтан иықтың жоғарғы 1/3 бөлігіне дейін транспортты иммобилизация және қосымша косынкалы таңу салып стационарға жолдайды.

Емі:Шынтақ сүйегін түзеу және сынықша репозициясы өте қиын,себебі басының қайталанып тайқуы мүмкін.Қолға репозиция жасаған соң саусақ негізінен иықтың жоғарғы 1/3 бөлігіне дейін гипсті таңу салады.Ол 6-8 апта, содан кейін ауыстырып 10-12 аптадан соң жалпыға ауыстырып жалғастырады.Егер түзету және шынтақ сүйегінің басын ұстай алмаған жағдай болса, оперативті ем қолданады.Ең қолайлы жол ол шыбық сүйегінің ашық репозициясы.Сүйек үстінен пластикалы остеосинтез бен шынтақ сүйегінің басын спицамен бекіту операциясы болып табылады.Егер ашық түзету жасалмаса оған резекция жасалады.Компрессионды –дистракциялық аппарат көмегімен репозиция және иммобилизация жасалады.,ол ішкі бекіту қажет етпеуі мүмкін.

Монтедж және Галеация сыну-шығуындағы диагностика алгоритм

І - 3кестеде, ал емдеу алгоритмі- 12 суретте көрсетілген.

3.Кесте.Иық сүйегінің сыну- шығуында қолданатын диагностика.

Белгілері

Монтедж

Галеация

Жарақат механизмі

Білектен соққы

Немесе қолмен, құлау

Сүйек сынуы

Жоғарғы шынтақ немесе ортаңғы 1/3 бөлігі

Төменнен шыбық немесе ортаңғы 1/3бөлігі

Сүйек басының тайқуы

Шыбық (алдынан не артынан )

Шынтақ (алдынан не артынан )

Максимальды ауырсыну

Сынық орнында және шынтақ буынында

Сынық орнында және білезік буынында

Деформация

Білектің жоғарғы жартысында және шынтақ буынында

Білектің төменгі бөлігінде және білезік буынында

Сүйек сынықшаларының ығысуы

Шыбықтың жоғарғы бөлігінде

Шықықтың төменгі бөлігінде

Шынтақ сүйегінің басы сынықшасы анықталады.

Орнында

Алдынан не артынан шыққан және шынтақ жаққа қарай

Шыбық сүйегінің басы анықталады.

Алдынан не артынан шыққан

Орнында

Пальпацияда, ось бойынша және жақындататын қозғалшыста ауырсыну

Сынық орнында және шынтақ буынында

Сынық орнында және білезік буынында

Білек қозғалысы шектелген,ауырсынумен

Шынтақ буыныда және білектің жоғарғы 1/3 бөлігінде

Білезік буыныда және білектің төменгі 1/3 бөлігінде

2проекциядағы стандартты проекцияда мына буынмен қоса

Шынтақ буынында

Білезік буынында

Ладья тәрізді сүйектің денесінің және төменгі 1\3 бөлігінің сынықшаларының ығысуымен сынуының жансыздандырудан кейінгі репозициясы білезіктен тарту қарсылық күшпен иыққа жасалады және кейін « анатомиялық табакерка» аймағында ладья тәрізді сүйекті басу керек. Репозициядан кейін сынықшаларды сыртқы гипстік лангеталық- циркулярлы «пистолетті» таңумен жеңіл сыртқы жазу (150-160градуста) және аздаған білезіктің шыбықтық әкетулі қалпында саусақтардың негізінен білектің жоғарғы 1\3 бөлігіне дейін бекітеді. Ладья тәрізді сүйектің қанмен қамтамасыз етілу ерекшелігі жазылу жағдайын қолайлы етпейді, сондықтан ұзақ уақыт иммобилизация (10-12 апта) жасау керек. Бұл сүйектің жалған буыны кезінде сүйектік пластикаға, компрессирлеуші винтпен туннелизациялы остеосинтезге жүгінеді.

21-сурет.Ладья тәрізді сүйектің жалған буынында сүйекті пластика операциясы.

а- теріні тілу, б- каналдарды бұрғылау, в- трансплантатты енгізу.

Асептикалық некроздың кей жағдайларында ладья тәрізді сүйек эндопротезін жасайды.

Диагностика мен емнің алгоритмдері 22-суретте көрсетілген

1.2. Жарты ай тәрізді сүйек сынықтары

Жарақат механизмі – шынтақ жағына әкетілген жағдайда білезік буынына құлау. Көптеген жағдайда сынық шығумен бірге жүреді. Жарты ай тәрізді сүйек сынығы ладья тәрізді сүйек сынығынан сирек кездеседі.

Диагностикасы: білезік буынының ортасында сыртқы бетінде шектелген томпаюды анықтайды. Алақанды жұдырыққа түйгенде алақан бетінде ІІІ алақан сүйегі деңгейінде шыбық сүйегі үстінде түсіп қалу анықталады. Буынның қозғалысы, әсіресе жазу ауырсынулы. Жарты ай тәрізді сүйекке басқанда ауырсыну анықталады, ІІІ және ІV саусақтар осі бойынша салмақ түсіргенде осы сүйек аймағында ауырсынулы.

Радиологиялық зерттеу. Екі проэкцияда жасалған рентгенограммалар жарты ай тәрізді сүйектің сыну ерекшелігін көрсетеді.

Емі. Шеткі және сынықшалардың ығысуынсыз болған сынықтарды консервативті емдейді, ол үшін лангетті- циркулярлы гипстік таңуды саусақ – фалангалық буыннан білектің жоғарғы 1\3 бөлігіне дейін 6-10 аптаға салады.

22- сурет. Ладья тәрізді сүйектің жаңадан сынуы кезінде диагностика мен емнің алгоритмі.

Сынықшалардың ығысуымен сынық болғанда келесі варианттар мүмкін:

  • білек осі бойынша ұзақ уақытты тракциямен (10-15мин) бір сәтті репозиция және гипстік таңу салу.

  • Арнайы шинада қаңқадан тарту 5-6 апта.

  • Компрессионды- дистракционды аппаратпен репозиция және бекіту.

Жарты ай тәрізді сүйектің жалған буыны және асептикалық некрозы болғанда оперативті араласу көрсетіледі: шуруптармен остеосинтезді ашық репозиция, көршілес сүйектермен сынықтардың артродезі, жарты ай тәрізді сүйекті оның эндопротезін жасап, алып тастау.

1.3.Алақанның басқа сүйектерінің сынуы

Сирек кездеседі. Сынықтарының ығысуы байқалмайды. Осындай зақымдалуларды емдегенде білезікке және білекке гипстік таңуды 4-5 аптаға үш жақтаулы сүйек сынығында, 2,5-4 аптаға бұршақ тәрізді , үлкен және кіші көпбұрышты және басқа да сүйектер сынығында салынады. Бірінші күндерден бастап саусақтарға емдік дене шынықтыру тағайындалады. Жұмысқа қабілеттілік 4-8 аптадан кейін қалпына келеді.

Алақанның сүйектері сынуының асқынулары. Ең жиі кездесетін асқыну – ортаңғы немесе шыбық нервтерінің невропатиясы.

Кеш басталған ем баяу консалидацияға, бітіспеу және сүйек сынықтарының асептикалық некрозына дейін әкелуі мүмкін. Кейде тіпті дұрыс емдегеннен кейін де анатомиялық ерекшелігіне байланысты сүйек фрагменттерінің асептикалық некрозы дамуы мүмкін, әсіресе ладья тәрізді сүйек сынығынан кейін.

Осы сүйектердің сынуы нәтижесінде жарақаттан кейінгі остеопороз дамуы мүмкін.

Саусақтардың зақымдалуы

Саусақтардың шығуы

Саусақтардың шығуының механизмі саусақтардың кенеттен немесе сәйкес буындардағы фалангтардың аса жазылуына негізделген. Бұл кезде дистальды сегмент сыртқа ығысады. Алақандық ығысу сирек болады және жарақаттың тура механизмінде пайда болады – бүгілген саусаққа немесе фалангқа күш түсу. Шығу дистальды фаланг аралық буында болуы мүмкін – соңғы фаланг шығуы, проксимальды буында – ортаңғы фаланг шығуы, пястно – фалангтық буында – негізгі фалангтың немесе саусақтың шығуы.

І саусақтың щығуы ең жиі зақымдалу болып табылады және көбінесе ер адамдарда кездеседі. І саусақтың толық немесе жартылай шығуын ажыратады. Толық шығу кезінде негізгі фаланга сыртқа , сирек – алақанға ығысады. Ал алақан сүйектің басы буын капсуласын және метакарпальды байламдарды жыртып, алақан жаққа ығысады. Сесамовидті сүйектер негізгі фалангпен бірге сыртқа ығысады, үлкен саусақ бүккіш сіңірі пястный сүйек басынан шынтақ жаққа таяды. Сіңір мен сесамовидті сүйектер алақан сүйек пен негізгі фаланг арсында қысылып қалуы мүмкін. Негізгі фаланг пен пястный сүйек арасында сыртқы – шыбық жаққа ашық бұрыш пайда болады. Мұндай шығу І саусақтың сыртқа шығуы деп аталады (23-сурет).

23-сурет. І саусақтың сыртқа шығуы

І саусақтың бірден қозғалысының шектелуін, яғни ол алақан-фалангалық біріккен жерінде бүгілген, соңғы фаланга сы бүгілген және ауырсынуды байқаймыз. Толық емес шығуда деформация аз болады, ал толықта – негізгі фаланга пястный сүйекпен тік бұрыш құрайды. Тенер аймағы ісінеді, пальпация кезінде бұл жерде пястный сүйектің шыққан басы, ал сыртында – І саусақтың негізі анықталады. Белсенді қимылдар жоғалған, пассивті қимылдар жасап көрсе ауырсынуды күшейтеді. Серіппелі (пружинящий) қарсыласу симптомын анықтайды. Подвывих кезінде тырнақтық фалангаларды тек пассивті түрде жазу мүмкін болады. Ісаусақтың алақандық ығысуына қадақ тәрізді деформация тән. Сырт жағында пястный сүйектің шыққан басы, алақан жағында – І саусақ негізі анықталады.

Толық шығуды түзетуде жақсы бұлшықет релаксациясы бар наркоз қажет. Көмекші буынды жартылай пронация жағдайында бекітеді. сыртқы шығу кезінде хирург бір қолымен шыбық білезік буыны аймағында білекті бекітеді, І саусақпен шыққан фаланга негізіне тіреледі, басқасымен – науқастың І саусағын ұстап, ақырын және күшті тракциямен саусақтар мен пястный сүйек арсында тік бұрыш түзілгенше бұрайды. Сол арқылы сесамовидный сүйектің жаншылу мүмкіндігін жояды. Хирург І саусақпен науқастың саусағын пястный сүйекке қатысты дистальды бағытта қозғауға және бұл кезде басқа саусақтарымен оның басына қарсы күш түсіруге тырысады. Тек фаланганың негізінің буын бетіне сырғығанын сезгенде ғана хирург тез арада шеткі фаланганы жазып, саусақты бүгеді. Бұл жағдайды гипстік таңуға шеткі фаланганың ортасынан білектің жоғарғы 1/3 бөлігіне дейін бекітеді, 3-4 аптаға. Кей кезде шығуды салу жұмсақ тінді немесе сүйектің интерпозициясына байланысты мүмкін болмайды. Мұндай жағдайда хирургиялық түзетуге жүгінеді. Содан кейінгі ем жабық түзетуден кейін сияқты жүргізіледі.

Фаланг аралық буындардағы саусақтардың фалангасының шығулары сыртқа, алақанға және бүйір жаққа болуы мүмкін. жиі – сыртқа, сирек – алақан жаққа шығады.

Шығудың диагностикасы сәйкес анамнезге, тән деформация түріне, қызметінің шектелуіне, серіппелі қозғалмауға және рентгенография нәтижелеріне негізделеді. Шығуды салу шыққан фалангадан тарту арқылы іске асады. Сыртқа ығысу кезінде фалангты алдымен жазады, ығысуды жойғаннан кейін бүгеді. 3 апта көлемінде бекітуді гипстік лангета немесе лейкопластырьмен циркулярлы салынған арқылы жасайды. Кейде шығуды түзете алмасақ , оны компрессионды – дистракционды аппарат немесе ашық әдіспен іске асру керек.

Алақан сүйек сынықтары.

Б іршама жиі кездесетін жарақат. Алақан сүйектерінің метаэпифиздерінің (ең жиі І алақан сүйектернің негізі сынығы) және диафиздерінің сынығы. (24 сурет)

24-сурет. І

саусақтың сыну түрлері мен жарақат механизмдері:

а- І саусақ осіне күш түсу; б- пястный сүйектен соғу; в- Беннет сынығы; г- Роланд сынығы; д- диафиздің көлденең сынығы; е- диафиздің қиғаш сынығы.