Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Білек сйектеріні сынытары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.06 Mб
Скачать

2.3.Білектің екі сүйегінің де сынығы.

Қолдың барлық сынықтарының ішінде 53 % - білектің сынығы алады.

Жіктелуі: Екі сүйектің сынығының басқа сынықтардан ерекшелігі - сүйек аралық мембрананың созылған сынықшалармен жақындасуы болып табылады.

Зақымдану механизмі:Ол тура және тура емес әсерден пайда болады.

Диагностика:Жалпы қарағанда жарақаттанған қол сау қолымен кеудесіне жақындатылған.Деформация сынықшалардың сипатына байланысты,егер ығысса ,онда қол қысқарады.Толық білек бойында ауырсыну және сынық орнында байқалады.Білек қызметі күрт төмендеген.

Радиологиялық зерттеу: 2 проекцияда рентгенограммадан көруге болады.

Госпитальға дейінгі көмек:Ауырсыну анық болғандықтан аналгетик қолдану керек.Тасымалдау шинасын 3 жақтан салады.

Емі: Егер сынықшалардың ығысуы болмаса консервативті ем қолдануға болады.Ол үшін лангетті – циркулярлы гипсті таңуды саусақ ұшынан шынтақ буынына дейін салады.Саусақтар 25-35 градуста бүгілген.2-3 күннен кейін шынтақ буынына қозғалыстар жасайды.Иммобилизация 8-10 апта жасалады, болған соң физиотерапиялық ем тағайындалады..Еңбекке жарамдылық 10-12 аптадан кейін қалыптасады.Гипстік таңу кезінде сүйек сынықшаларының екіншілік ығысуы болуы мүмкін.Сондықтан рентгенологиялық бақылау жүргізіп отырған дұрыс.Сынықшалардың ығысуында репозицияны қолмен немесе арнайы дистракционды аппарттың көмегімен жүргізеді.Қолдың орналасуы оның сыну деңгейіне байланысты: жоғарғы 1/3 бөлігінде

орналасса - білек максимальды супинация қалпында орналасса,ортаңғы 1/3 бөлігінде орналасса – білек пронация қалпында болады,ал саусақтар- жартылай пронация қалпында жатады.Гипстік таңу салған соң міндетті түрде бақылау рентгенін жүргізген жөн.Иммобилизация 10-12 апта.Гипсті алған соң физиоем және емдік физкультура тағайындалады.Еңбекке жарамдылық 12-14 аптадан соң қалыптасады.

Білек сүйегінің диафизарлы сынығының диагностикасы.

2.Кесте:

Белгілері

Шынтақ сүйегінің изолирленген сынығы

Шыбық сүйегінің изолирленген сынығы

Білектің екі сүйегінің де изолиленген сынығы.

Жарақат механизмі

Жиі тікелей

Жиі тікелей

Тікелей және тікелей емес

Максимальды ісіну

Шынтақ сүйегі сынығының үстінде

Шыбық сүйегі сынығының үстінде

Сынық аймағында

Максимальды ауырсыну

Сынық аймағындағы шынтақ сүйегінің аймағында

Сынық аймағындағы шыбық сүйегінің аймағында

Екі сүйектің сынығының үстінде

Деформация

Шынтақ сүйегінің үзіліссіз байқалуы

Анық емес байқалады.

Ығысқан анық байқалады,білектін қысқаруы

Сынықшалардық ығысуы

Шынтақ сүйегінде анық

Шыбық сүйегінде анық

Анық

Ось бойынша және жақындататын қозғалыстарда сынық орнында ауырсынудың күшейуі

Шынтақ сүйегінде

Шыбық сүйегінде

Сынық деңгейіндекүрт ауырсыну

Білектің қозғалысы

Ауырсынуға байланысты шектелу

Пронация және супинация белсенділігі төмендеген, пассивті күрт ауырсынумен

Күрт төмендеген және ауырсынумен

Рентгенограммалық ақпарат

2 стандартты проекцияда көрші буындарды қамтумен

Оперативті емге негізгі көрсеткіш:

  • жұмсақ тіндер интерпозициясы

  • сынықшалардың сүйек диаметрінен артық ығысуы

  • сынықшалардың бұрыш жасап ығысуы.

Білектің сынығында сынықшаларға сүйек асты,сүйек ішілік,сүйек арқылы пластиналық остеосинтез жасалады (8 сурет)

8 сурет .Білектің диафизарлы

сынығындағы остеосинтез

А. Пластинамен

Б.штивпен

В.ошақтан тыс штифпен бекіту.

Ығысусыз сынық

Ығысумен сынық

Консервативті ем

Репозиция

Оперативті ем

жасалды

жасалмады



Репозициялы остеосинтез

Тұрақты остеосинтез

10-12 аптаға

4-6 патаға

Иықтың жоғарғы немесе төменгі 13 бөлігінен біліекті 90 градуста бүгіп саусақ негізіне дейін гипстік таңу салу.

Білектің қалпы

Шынтақ сүйегінің сынығында

Шыбық сүйегінің сынығында немесе екі диафизді сынықта

10-12 апта

Ортаңғы 1/3 бөлігі

Жоғарғы 1/3 бөлігі

Төменгі 1/3 бөлігі

Нейтральды

Супинация

Пронация

Шынтақ буынынан саусақ негізіне дейін гипсті таңу салу

Иммобилизациялық және иммобилизациядан кейінгі кезеңде –ЕДШ,ФТЛ

9 сурет.Білектің диафизарлы сынығын емдеу

Қолға жүкпен остеосинтез операциясын жасағаннан кейін шынтақ буынынан 90 градуста бүгіп, гипсті лангетаны иықтың жоғарғы 1/3 бөлігінен саусақтық ұшына дейін салады.Иммобилизация 10-12 апта.4-6 апта өткеннен соң гипстік таңуды шынтақ буынынан алып атстауға болады.Еңбекке жарамдылық 14-18 аптадан соң қалыптасады.

Диагностика:диагностика алгоритмін 2 кестеден ,ал ем алгоритмін -9 суреттен көруге болады.

Асқынуы: Білектің екі сүйегінің де диафизді сынығында патологиялық қозғалыстар кездеседі.Ол өз кезегінде жұмсақ тіндерді жаншу қаупін тудырады.Сондықтан иммобилизация дұрыс жасалуы керек.

1.3. Білек сүйегінің сынық- шығуы.

Ол бұрыш сүйектерінің диафизінің сынуы және басқа сүйек басының шығуы болып табылады.Шынтақ сүйегінің сынуы және шыбық сүйегінің басының тайқуы – Монтедж сынық –шығуы деп аталады,ал егер шыбық сүйегінің сынуы мен шынтақ сүйегінің басының шығуы –Галеации сынық- шығуы деп аталады.Әдебиеттерде оларды «тайқу» терминімен аталады.