- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •Химиялық лабораторияларда жұмыс істеу ережелері
- •Реактивтерді пайдалану ережелері
- •Лабораторияда жұмыс істегенде қолданылатын сақтық шаралары
- •1.1 Термодинамиканың жанды жүйелердегі негізгі заңдылықтары
- •Термодинамикалық заңдылықтарды жанды ағзаларда қолдану
- •Термодинамиканың негізгі бастамалары және заңдары
- •1.1.2 Термодинамиканың бірінші заңы
- •1.1.3 Термодинамиканың екінші заңы
- •1.1.4 Гиббс энергиясы. Гельмгольц энергиясы
- •1.1.5 Термодинамиканың үшінші заңы
- •1.2 Химиялық кинетика
- •1.2.1 Химиялық реакция жылдамдығына әрекеттесуін заттардың табиғатының әсер етуі
- •Реакция жылдамдығына катализатордың (өршіткінің) әсері
- •1.2.2 Химиялық реакциялардың кинетикалық жіктелуі
- •1.2.3 Ферменттер және олардың құрылысы туралы жалпы түсінік
- •1.3 Ерітінділер туралы ілім
- •1.4 Буферлік жүйелер мен ерітінділер туралы түсініктер, олардың құрамы және жіктелуі
- •1.4.1 Буферлiк жүйелердiң рН–ына әсер ететiн факторлар
- •1.4.2 Организмнің буферлiк жүйелерi. Бикарбонаттық және фосфаттық буферлiк ерiтiндiлердiң әсер ету механизмi
- •1.4.3 Буферлiк сиымдылық – буферлiк әсердiң өлшемi
- •1.5 Комплексті қосылыстар
- •Кейбір кең қолданылатын лигандтар
- •1.6 Тотығу-тотықсыздану реакциялары
- •1.6.1 Тотығу-тотықсыздану реакцияларын құрастыру және
- •1.7 Жоғарғы молекулалық қосылыстар
- •1.7.1 Жмқ туралы жалпы түсініктер, олардың жіктелуі және жалпы қасиеттері
- •1.7.2 Белоктардың ерітінділері - полиэлектролиттер және полиамфолиттер
- •1.7.5 Тұтқырлықтың биологиялық маңызы
- •(Онкотикалық) қысымы
- •1.7.7 Жмқ ерітінділерінің тұрақтылығының жойылуы. Тұздану механизмі
- •2.1 Cпирттер
- •2.1.1 Қаныққан бip атомды спирттер
- •2.1.2 Қанықпаған бір атомды спирттер
- •2.1.3 Екі атомды спирттер (гликольдер)
- •Үш атомды спирттер. Глицерин
- •2.2 Фенолдар және ароматты спирттер
- •2.2.1 Екі атомды фенолдар
- •2.2.2 Үш атомды фенолдар
- •2.2.3 Ароматты спирттер
- •2.3 Оксоқосылыстар
- •2.3.1 Оксотоптың құрылысы
- •Оксоқосылыстардың нуклеофильдік қосып алу реакциялары
- •Ацетальдегид ацетальдегидтің гидраты
- •2.4 Гетерофункционалдық қосылыстар
- •Аминді спирттер
- •Серин Коламин Холин
- •Гидроксиқышқылдар
- •Оксоқышқылдар
- •2.5 Аминқышқылдар. Ақуыздар
- •2.5.1 Ақуыздардың химиялық құрылысы
- •2.5.2 Ақуыздардың кеңістіктегі орналасуы
- •Ақуыздардың амфотерлігі
- •2.6 Көмірсулар
- •2.6.1 Олигосахаридтер (дисахаридтер)
- •2.6.2 Полисахаридтер
- •2.6.3 Көмірсулардың биологиялық ролі
- •2.7 Бір және екі гетероатомды бес мүшелі гетероциклдар
- •Дипиррилметан
- •Витамин в12 (цианкоболамин)
- •Фурацилин
- •Фуразолидон
- •2.7.1 Екі гетероатомды бес мүшелі гетероциклдар
- •Пиразолон – 5
- •2.7.2 Бір және екі гетероатомды алты мүшелі гетероциклдар
- •Урацил (2,4 – дигидроксипиримидин) тимин (2,4–дигидрокси–5–метилпиримидин)
- •Цитозин (4–амин–2–гидроксипиримидин)
- •Птеридин
- •2.8 Нуклеин қышқылдары
- •2.8.1 Рибонуклеозидтер
- •2.8.2 Дезоксирибонуклеозидтер
- •1, 2 Немесе 3 фосфор
- •Аденозин-3′–фосфат (3′-амф) немесе 3′–аденил қышқылы
- •(Уридинмонофосфат, уридин – 5′ – фосфат,
- •2.8.5 Полинуклеотидтер және полирибонуклеотидтер
- •2.9 Липидтер
- •2.9.1 Майлардың қорытылуы және сіңірілуі
- •2.9.2 Липидтер. Фосфоацилглицериндер
- •2.9.3 Қаныққан (шектелген) майлы қышқылдар сабындар
- •2.9.4 Қанықпаған (шектелмеген) майлы қышқылдар
- •2.9.5 Глицеролипидтер. Ацилглицериндер (жай және аралас)
- •2.9.6 Фосфоглицеролипидтер (фосфатид қышқылы, фосфатидилсерин, фосфатилэтаноламин, фосфатидилхолин)
- •2.9.8 Изопреноидтардың жалпы сипаттамасы (сабындалмайтын липидтер)
- •2.9.9 Холестерин (құрылысы)
- •Холестерин
- •2.9.10 Гликокортикоидтар және минералдық ортикоидтар
- •Эстрадиол
- •Тестостерон Тесттер
- •Жауаптары
- •Қолданылған әдебиеттер
2.9.4 Қанықпаған (шектелмеген) майлы қышқылдар
Қанықпаған майлы қышқылдар көбінесе жануарлар ағзасында кездеседі. Олардың негізгі өнімдері:
С17Н33СООН- олеин қышқылы СН3-(СН2)7-СН=СН-(СН2)7-СООН
С17Н31СООН- линоль қышқылы СН3-(СН2)6-(СН=СН)-(СН2)6-СООН
С17Н29СООН-линолен қышқылы СН3-(СН2)5-(СН=СН)3-(СН2)5-СООН
С17Н31СООН-арахидон қышқылы СН3-(СН2)5-(СН=СН)4-(СН2)5-СООН
2.9.5 Глицеролипидтер. Ацилглицериндер (жай және аралас)
Ацилглицериндер жоғары бір негізді қаныққан және қанықпаған карбон қышқылдары (пальмитин С15Н31СООН, стеарин С17Н35СООН, олейн С17Н33СООН) және үш атомды спирт глицериннен түзілетін күрделі эфирлер. Мұндай қосылыстар триглицеридтер деп аталады.
Аралас майлар глицериннен және әртүрлі жоғарғы карбон қышқылдарынан (қаныққан және қанықпаған) тұрады.
Егер жоғары карбон қышқылдары глицериннің барлық гидроксил топтарымен әрекеттессе (этерификация), (триацилглицерин) гидроксил тобымен әрекеттессе диглицерид (диацилглицерид), бір гидроксил тобымен әрекеттессе моноглицерид (моноацилглицерин) түзіледі. Мысалы:
Моноглицерид (моноацилглицерин)
Барлық күрделі эфирлер сияқты майлардың гидролизденуі (сабындалуы) олардың маңызды химиялық қасиеттері болып табылады және глицерин мен үш жоғарғы карбон қышқылдары алынады. Гидролиз ферменттердің, қышқылдар мен сілтілердің қатысуымен оңай жүреді. Майлардың гидролиздену реакциясы қайтымды процесс, бірақ сілтілердің (NaOH, KOH) қатысуымен бір бағытта жүріп сабын алынады.
2.9.6 Фосфоглицеролипидтер (фосфатид қышқылы, фосфатидилсерин, фосфатилэтаноламин, фосфатидилхолин)
Фосфоглицерофосфолипидтер жануарлар мен өсімдіктердің әртүрлі ұлпаларында көп таралған. Ең көп таралған фосфолипидтер глицериннің жоғарғы майлы қышқылдардың және фосфор қышқылының қалдықтарынан тұратын күрделі эфирлер болып саналады. Ең қажетті үш фосфолипид: фосфотидилэтаноламин, фосфатидилхолин, фосфати-дилсерин болып табылады.
Тірі ағзадағы барлық жасушалар мембранамен қоршалған. Мембрананың миллиондаған әртүрлі молекула және бөлшектен тұратын қос қабаты бислой клетка сұйығын қоршаған ортамен араласып кетуден сақтайды және ішкі ортаны сыртқы ортаның қолайсыз әсерлерінен қорғайды. Әрбір қос қабат бір бірімен қатарласып тығыз орналасқан миллиардталған фосфолипид молекулаларынан құралған. Фосфолипид молекуласы екі түрлі бөлшектен тұрады. Оның бірі фосфор қышқылының серин, холин, этаноламин сияқты заттармен қосындысы немесе полюсті бөлігі (гидрофильдік) екіншісі майлы қышқылдық қалдығы немесе полюсті емес бөлігі (гидрофобтық) сондықтан мембрана екі фосфолипидтік қабаттан тұрады да оның сыртқы (қоршаған орта) және ішкі жағы (жасуша сұйығы) сұйық орта болғандықтан, сыртқы қабатының фосфолипидтік бөлігі (гидрофильдік) сыртқы ортаға қарай, ал ішкі қабатының полюссіз бөлігі ңшке қарай бағытталып орналасқан. Осы екі қабаттың ортасында майлы қышқылдары орналасады, бір қабаттың май қышқылдары екіншінікімен гидрофобтық байланысқа түсіп, ол қабаттарды бір бірімен біріктіріп тұрады. Әдетте жасуша мембранасының құрамына атқаратын қызметі алуан түрлі ақуыздар да кіреді. Жасуша қабығының төрттен үш бөлігіне дейін ақуыздармен көмкерілуі мүмкін.
Фосфолипидтердің биосинтез кезіндегі негізгі аралық өнімі фосфатид қышқылы. Фосфатид қышқылы глицериннің, жоғарғы майлы қышқылдың екі молекуласынан (біреуі қаныққан, екіншісі қанықпаған) және фосфор қышқылынан тұрады.
Фосфатид (жалпы құрылысы)
Фосфатилдилсерин, фосфатидилэтаноламин, фосфатидилхолин, фосфотид қышқылының туындылары болып табылады.
Фосфатидилсерин молекуласында аминқышқылы сериннің қалдығы болады.
Фосфатидилсерин (серинкефалин)
Фосфатидилэтаноламиннің құрамына аминді спирті этаноламин (коламин) кіреді.
Фосфатидилэтаноламин (коламинкефалин)
Фосфатидилхолин азоттық негіз холиннен тұрады.
Фосфатидилхолин (лецитин)
2.9.7 Сфинголипидтер және гликолипидтерге жалпы түсінік
Сфинголипидтер мембрана липидтерінің маңызды класына жатады. Олар бір полюсті (гидрофильдік) және екі полюссіз (гидрофобтық) бөліктерден тұрады, бірақ құрамында глицерин болмайды. Сфинголипидтер гидролизденгенде мынадай заттар түзіледі:
Күрделі карбон қышқылы.
Екі атомды қанықпаған аминді спирт немесе сфингозин.
Азоттық негіз (көбіне холин).
Фосфор қышқылы.
Сфинголипидтердің ішінде ең көп тарағаны сфингомелиндер. Олар жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының мембраналарында кездеседі. Әсіресе нерв (жүйке) ұлпаларында өте көп. Сфингомелиндер бүйрек, бауыр ұлпаларынан (тканьдерінен) және басқа ағзаларда да табылады.
Гликолипидтер күрделі липидтер. Олар көмірсулардың молекулаларында кездеседі, көбінесе, галактозаның Д формасында. Фосфор қышқылы мен азоттың негіздер гликолипидтердің құрамында болмайды. Гликолипидтер жүйке жасушаларының қызметін реттейді.
