- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •Химиялық лабораторияларда жұмыс істеу ережелері
- •Реактивтерді пайдалану ережелері
- •Лабораторияда жұмыс істегенде қолданылатын сақтық шаралары
- •1.1 Термодинамиканың жанды жүйелердегі негізгі заңдылықтары
- •Термодинамикалық заңдылықтарды жанды ағзаларда қолдану
- •Термодинамиканың негізгі бастамалары және заңдары
- •1.1.2 Термодинамиканың бірінші заңы
- •1.1.3 Термодинамиканың екінші заңы
- •1.1.4 Гиббс энергиясы. Гельмгольц энергиясы
- •1.1.5 Термодинамиканың үшінші заңы
- •1.2 Химиялық кинетика
- •1.2.1 Химиялық реакция жылдамдығына әрекеттесуін заттардың табиғатының әсер етуі
- •Реакция жылдамдығына катализатордың (өршіткінің) әсері
- •1.2.2 Химиялық реакциялардың кинетикалық жіктелуі
- •1.2.3 Ферменттер және олардың құрылысы туралы жалпы түсінік
- •1.3 Ерітінділер туралы ілім
- •1.4 Буферлік жүйелер мен ерітінділер туралы түсініктер, олардың құрамы және жіктелуі
- •1.4.1 Буферлiк жүйелердiң рН–ына әсер ететiн факторлар
- •1.4.2 Организмнің буферлiк жүйелерi. Бикарбонаттық және фосфаттық буферлiк ерiтiндiлердiң әсер ету механизмi
- •1.4.3 Буферлiк сиымдылық – буферлiк әсердiң өлшемi
- •1.5 Комплексті қосылыстар
- •Кейбір кең қолданылатын лигандтар
- •1.6 Тотығу-тотықсыздану реакциялары
- •1.6.1 Тотығу-тотықсыздану реакцияларын құрастыру және
- •1.7 Жоғарғы молекулалық қосылыстар
- •1.7.1 Жмқ туралы жалпы түсініктер, олардың жіктелуі және жалпы қасиеттері
- •1.7.2 Белоктардың ерітінділері - полиэлектролиттер және полиамфолиттер
- •1.7.5 Тұтқырлықтың биологиялық маңызы
- •(Онкотикалық) қысымы
- •1.7.7 Жмқ ерітінділерінің тұрақтылығының жойылуы. Тұздану механизмі
- •2.1 Cпирттер
- •2.1.1 Қаныққан бip атомды спирттер
- •2.1.2 Қанықпаған бір атомды спирттер
- •2.1.3 Екі атомды спирттер (гликольдер)
- •Үш атомды спирттер. Глицерин
- •2.2 Фенолдар және ароматты спирттер
- •2.2.1 Екі атомды фенолдар
- •2.2.2 Үш атомды фенолдар
- •2.2.3 Ароматты спирттер
- •2.3 Оксоқосылыстар
- •2.3.1 Оксотоптың құрылысы
- •Оксоқосылыстардың нуклеофильдік қосып алу реакциялары
- •Ацетальдегид ацетальдегидтің гидраты
- •2.4 Гетерофункционалдық қосылыстар
- •Аминді спирттер
- •Серин Коламин Холин
- •Гидроксиқышқылдар
- •Оксоқышқылдар
- •2.5 Аминқышқылдар. Ақуыздар
- •2.5.1 Ақуыздардың химиялық құрылысы
- •2.5.2 Ақуыздардың кеңістіктегі орналасуы
- •Ақуыздардың амфотерлігі
- •2.6 Көмірсулар
- •2.6.1 Олигосахаридтер (дисахаридтер)
- •2.6.2 Полисахаридтер
- •2.6.3 Көмірсулардың биологиялық ролі
- •2.7 Бір және екі гетероатомды бес мүшелі гетероциклдар
- •Дипиррилметан
- •Витамин в12 (цианкоболамин)
- •Фурацилин
- •Фуразолидон
- •2.7.1 Екі гетероатомды бес мүшелі гетероциклдар
- •Пиразолон – 5
- •2.7.2 Бір және екі гетероатомды алты мүшелі гетероциклдар
- •Урацил (2,4 – дигидроксипиримидин) тимин (2,4–дигидрокси–5–метилпиримидин)
- •Цитозин (4–амин–2–гидроксипиримидин)
- •Птеридин
- •2.8 Нуклеин қышқылдары
- •2.8.1 Рибонуклеозидтер
- •2.8.2 Дезоксирибонуклеозидтер
- •1, 2 Немесе 3 фосфор
- •Аденозин-3′–фосфат (3′-амф) немесе 3′–аденил қышқылы
- •(Уридинмонофосфат, уридин – 5′ – фосфат,
- •2.8.5 Полинуклеотидтер және полирибонуклеотидтер
- •2.9 Липидтер
- •2.9.1 Майлардың қорытылуы және сіңірілуі
- •2.9.2 Липидтер. Фосфоацилглицериндер
- •2.9.3 Қаныққан (шектелген) майлы қышқылдар сабындар
- •2.9.4 Қанықпаған (шектелмеген) майлы қышқылдар
- •2.9.5 Глицеролипидтер. Ацилглицериндер (жай және аралас)
- •2.9.6 Фосфоглицеролипидтер (фосфатид қышқылы, фосфатидилсерин, фосфатилэтаноламин, фосфатидилхолин)
- •2.9.8 Изопреноидтардың жалпы сипаттамасы (сабындалмайтын липидтер)
- •2.9.9 Холестерин (құрылысы)
- •Холестерин
- •2.9.10 Гликокортикоидтар және минералдық ортикоидтар
- •Эстрадиол
- •Тестостерон Тесттер
- •Жауаптары
- •Қолданылған әдебиеттер
2.9.1 Майлардың қорытылуы және сіңірілуі
Ауыз қуысында майларды қорытатын ферменттер болмайды. Сондықтан майлардың қорытылуы асқазан жолдарында, негізінен ащы ішекте жүреді. Асқазанда қорытылатын майлар жоғарғы дисперсті күйде болуы қажет, оған негізінен сүт құрамындағы майларды жатқызуға болады. Асқазан сөліндегі липаза рН-тың 5,0-6,0 мәнінде, яғни қышқылдық ортада жұмыс істей алады. Емшектегі балалардың асқазан сөлінің рН-5 тең. Сондықтан оларда ананың сүтінде болатын май асқазан сөліндегі липазамен қорытыла бастайды. Майлар негізінен панкреатит сөлімен келіп түсетін панкреатиттік липазаның әсерімен 12 елі ішекте және ащы ішекте қорытылады. Липазаның жұмыс істеуіне қажет рН-тің мәні 7-8, майлар осы липазаның әсер етуімен диглицеридке, моноглицеридке және глицерин мен май қышқылдарына дейін ыдырайды.
2.9.2 Липидтер. Фосфоацилглицериндер
Липидтер бүкіл тірі жасушалардың құрамына енетін, майлардан және май тәрізді заттардан құралған, суда ерімейтін, полюстілігі төмен органикалық заттар тобы.
Гидролиздену қабілетіне байланысты липидтер сабындалатын (немесе гидролизденетін) және сабындалмайтын (немесе гидролизденбейтін) болып екіге бөлінеді.
Сабындалатын липидтер 2,3 және одан да көп компонеттерден тұрады. Олар жеңіл гидролизденеді.
Сабындалмайтын липидтер бір ғана компонеттен тұрады, олар гидролизге ұшырамайды. Организм үшін липидтердің маңызы өте үлкен. Олар ағзадағы қуат көзі болып есептеледі. Липидтер тірі ағзалардың ішкі органдарының, ұлпалар және олардың клеткаларындағы мыңдаған органикалық қосылыстардың мөлшері мен сапалы әрқашан бір қалыпты және тұрақты болуы үшін қажет. Оны ғылым тілінде гомеостаз деп атайды. Тірі организмнің сыртқы ортамен тұрақты зат алмасуы да липидтерге байланысты болады. Липидтер жасушада бос күйінде емес, ақуыздармен комплекс түрінде кездеседі, сондықтан оларды липопротеиндер дейді.
Липидтердің физикалы химиялық қасиеттері олардың құрамында болатын майлы қышқылдарға байланысты. Майлы қышқылдар организмде бос күйінде кездеседі. Олар барлық липидтер класының құрылыстық буыны болып табылады. Табиғи майлы қышқылдар қаныққан, қанықпаған болып екіге бөлінеді.
Қаныққан майлы қышқылдардың балқу температурасы қанықпаған майлы қышқылдарға қарағанда жоғары болады. Мысалы: t0С стеарин қышқылы 690С, t0 линоль қышқылы 130 қаныққан майлы қышқылдан тұратын майлар қалыпты температурада қатты, ал қанықпаған қышқылдардан тұратын майлар сұйық майлар деп атайды. Гидрогенделу (сутектендіру) реакциясы арқылы сұйық майды қатты майға айналдырады.
2.9.3 Қаныққан (шектелген) майлы қышқылдар сабындар
Гомологтық қатарының негізгі өнімдері:
СН3-(СН2)2-СООН (С4Н7СООН) май қышқылы
СН3-(СН2)14-СООН (С15Н31СООН) пальмитин қышқылы
СН3-(СН2)16-СООН (С17Н35СООН) стеарин қышқылы
Қаныққан майлы қышқылдардың қанықпаған қышқылдардан айырмашылығы олар ағзада ацетилкофермент А-ның (КоА) синтезделуі нәтижесінде пайда болады. Ал КоА сірке қышқылының активті бір формасы болып есептеледі.
Сірке қышқылы
Ацетилкофермент А
Осы қышқылдардың тізбектелген ұзын радикалдары (ирек түріндегі ионоформациалы) молекуланың энергетикалық күшін үнемдеп отыруына мүмкіндік жасайды.
Сабындар жоғары карбон (майлы) қышқылдарының тұздары болып табылады. Мысалы: С17Н35СООNa C17H35COOH натрийлі тұздар қатты сабындарды, ал калийлы тұздар сұйық сабындарды түзеді.
