
- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •Химиялық лабораторияларда жұмыс істеу ережелері
- •Реактивтерді пайдалану ережелері
- •Лабораторияда жұмыс істегенде қолданылатын сақтық шаралары
- •1.1 Термодинамиканың жанды жүйелердегі негізгі заңдылықтары
- •Термодинамикалық заңдылықтарды жанды ағзаларда қолдану
- •Термодинамиканың негізгі бастамалары және заңдары
- •1.1.2 Термодинамиканың бірінші заңы
- •1.1.3 Термодинамиканың екінші заңы
- •1.1.4 Гиббс энергиясы. Гельмгольц энергиясы
- •1.1.5 Термодинамиканың үшінші заңы
- •1.2 Химиялық кинетика
- •1.2.1 Химиялық реакция жылдамдығына әрекеттесуін заттардың табиғатының әсер етуі
- •Реакция жылдамдығына катализатордың (өршіткінің) әсері
- •1.2.2 Химиялық реакциялардың кинетикалық жіктелуі
- •1.2.3 Ферменттер және олардың құрылысы туралы жалпы түсінік
- •1.3 Ерітінділер туралы ілім
- •1.4 Буферлік жүйелер мен ерітінділер туралы түсініктер, олардың құрамы және жіктелуі
- •1.4.1 Буферлiк жүйелердiң рН–ына әсер ететiн факторлар
- •1.4.2 Организмнің буферлiк жүйелерi. Бикарбонаттық және фосфаттық буферлiк ерiтiндiлердiң әсер ету механизмi
- •1.4.3 Буферлiк сиымдылық – буферлiк әсердiң өлшемi
- •1.5 Комплексті қосылыстар
- •Кейбір кең қолданылатын лигандтар
- •1.6 Тотығу-тотықсыздану реакциялары
- •1.6.1 Тотығу-тотықсыздану реакцияларын құрастыру және
- •1.7 Жоғарғы молекулалық қосылыстар
- •1.7.1 Жмқ туралы жалпы түсініктер, олардың жіктелуі және жалпы қасиеттері
- •1.7.2 Белоктардың ерітінділері - полиэлектролиттер және полиамфолиттер
- •1.7.5 Тұтқырлықтың биологиялық маңызы
- •(Онкотикалық) қысымы
- •1.7.7 Жмқ ерітінділерінің тұрақтылығының жойылуы. Тұздану механизмі
- •2.1 Cпирттер
- •2.1.1 Қаныққан бip атомды спирттер
- •2.1.2 Қанықпаған бір атомды спирттер
- •2.1.3 Екі атомды спирттер (гликольдер)
- •Үш атомды спирттер. Глицерин
- •2.2 Фенолдар және ароматты спирттер
- •2.2.1 Екі атомды фенолдар
- •2.2.2 Үш атомды фенолдар
- •2.2.3 Ароматты спирттер
- •2.3 Оксоқосылыстар
- •2.3.1 Оксотоптың құрылысы
- •Оксоқосылыстардың нуклеофильдік қосып алу реакциялары
- •Ацетальдегид ацетальдегидтің гидраты
- •2.4 Гетерофункционалдық қосылыстар
- •Аминді спирттер
- •Серин Коламин Холин
- •Гидроксиқышқылдар
- •Оксоқышқылдар
- •2.5 Аминқышқылдар. Ақуыздар
- •2.5.1 Ақуыздардың химиялық құрылысы
- •2.5.2 Ақуыздардың кеңістіктегі орналасуы
- •Ақуыздардың амфотерлігі
- •2.6 Көмірсулар
- •2.6.1 Олигосахаридтер (дисахаридтер)
- •2.6.2 Полисахаридтер
- •2.6.3 Көмірсулардың биологиялық ролі
- •2.7 Бір және екі гетероатомды бес мүшелі гетероциклдар
- •Дипиррилметан
- •Витамин в12 (цианкоболамин)
- •Фурацилин
- •Фуразолидон
- •2.7.1 Екі гетероатомды бес мүшелі гетероциклдар
- •Пиразолон – 5
- •2.7.2 Бір және екі гетероатомды алты мүшелі гетероциклдар
- •Урацил (2,4 – дигидроксипиримидин) тимин (2,4–дигидрокси–5–метилпиримидин)
- •Цитозин (4–амин–2–гидроксипиримидин)
- •Птеридин
- •2.8 Нуклеин қышқылдары
- •2.8.1 Рибонуклеозидтер
- •2.8.2 Дезоксирибонуклеозидтер
- •1, 2 Немесе 3 фосфор
- •Аденозин-3′–фосфат (3′-амф) немесе 3′–аденил қышқылы
- •(Уридинмонофосфат, уридин – 5′ – фосфат,
- •2.8.5 Полинуклеотидтер және полирибонуклеотидтер
- •2.9 Липидтер
- •2.9.1 Майлардың қорытылуы және сіңірілуі
- •2.9.2 Липидтер. Фосфоацилглицериндер
- •2.9.3 Қаныққан (шектелген) майлы қышқылдар сабындар
- •2.9.4 Қанықпаған (шектелмеген) майлы қышқылдар
- •2.9.5 Глицеролипидтер. Ацилглицериндер (жай және аралас)
- •2.9.6 Фосфоглицеролипидтер (фосфатид қышқылы, фосфатидилсерин, фосфатилэтаноламин, фосфатидилхолин)
- •2.9.8 Изопреноидтардың жалпы сипаттамасы (сабындалмайтын липидтер)
- •2.9.9 Холестерин (құрылысы)
- •Холестерин
- •2.9.10 Гликокортикоидтар және минералдық ортикоидтар
- •Эстрадиол
- •Тестостерон Тесттер
- •Жауаптары
- •Қолданылған әдебиеттер
Қысқартылған сөздер тізімі
АҚ – амин қышқылдары
АТФ – аденозин три фосфат
АДФ – аденозин ди фосфат
АМФ – аденозин моно фосфат
ДНК – дезоксинуклеин қышқылы
ЖМҚ – жоғары молекулалық қосылыс
КоА – ацетилкофермент А
НАДН – никотинамидадениндинуклеотид
ПЖҚ – пирожүзім қышқылы
РНК – рибонуклеин қышқылы
АЛҒЫ СӨЗ
Химия бізді қоршаған сыртқы ортаның байлығымен қоса, онда болып жатқан барлық құбылыстарды зерттейтін жаратылыстану ғылымына жатады.
Әлем материалды: ондағы барлық материяның түрі үнемі қозғалыста, өзгерісте және дамуда болады. Химиялық және физикалық қасиеті бар әрбір материяның түрі зат болып табылады. Зат бөлінбейтін бөлшек емес. Заттың өте кішкентай бөлшектерден тұратындығы туралы түсінік көне Грецияда пайда болған. Қазіргі заттың құрылысы туралы теория М.В. Ломоносовтың идеясына орай негізделген.
Химия тірі жүйелердегі процестерді түсінуге және құралдық зерттеуге қажетті ғылымның негізі болып табылады. Сондықтан медицина мамандығында оқитын студенттер осы ғылымның негізгі идеяларымен заңдарын және әдістерін меңгерулері қажет. Ұсынылған оқу-әдістемелік құралы тірі ағзада болып жатқан құбылыстарды, олардың физикалы-химиялық негізін және процестің механизмін молекулалық және жасушалық деңгейде, қажетті жағдайларда оған есептеулер жүргізу үшін көмектеседі. «Химия» пәні бойынша оқу-әдістемелік құралы студенттердің бойында адам ағзасын зерттеуде жаратылыстану ғылымына келуге және тірі ағзада болып жатқан биохимиялық процестердің химиялық және физикалық аспектілерін байытуға мүмкіндік береді.
Химиялық лабораторияларда жұмыс істеу ережелері
Химиялық лабораторияда жұмыс істеу жалпы ережелерімен химиялық заттармен жанасу жұмыстарындағы техникалық қауіпсіздік ережелерін оқып, толық игермей, оқушылар жұмысқа кіруге рұқсат алмайды. Бұл ережелерді қаншалық терең сіңіргендерін оқытушы әр оқушымен жеке әңгімелесу арқылы тексереді. Білімі оң бағаланған жағдайда арнайы журналда жазу толтырылып, оқушының және оқытушының қойылған қолдарымен бекітіледі.
Реактивтерді пайдалану ережелері
Ерітінділер мен құрғақ реактивтерді шыны, резеңке немесе қабық тығын тығындалған шыны ыдыстарда (шөлмектерде, банкаларда) сақтау керек. Реактив салынған банкалардың сыртында реактивтің аты және оның сапасы: «текникалық», «таза», «анализ үшін», «химиялық таза» және концентрациясы жазылған этикеткалар болу керек. Реактивтерді пайдаланғанда мына ережелерді орындау керек:
Егер жұмысқа қажетті реактивтердің мөлшері көрсетілмеген болса, оның аз мөлшерін алу қажет.
Алынған реактивтердің артық мөлшерін сол ыдысқа қайтадан салуға болмайды.
Реактивтерді пайдаланғаннан кейін банканың аузын жауып, орнына қою керек.
Құрғақ реактивтерді мүйіз, фарфор немесе металдан жасалған қасықшалармен немесе қалақшалармен алған жөн. Пайдаланғаннан кейін оларды әбден тазалап сүзгіш қағазбен сүртіп отыру керек.
Егер ректив пипеткамен алынған болса, ол пипетканы жуып тазартпай, екінші шөлмектен реактив алуға болмайды.