Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пособие ОМ задачи.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
866.91 Кб
Скачать

1.11 Альдегидтер мен кетондар

  1. Қаныққан альдегидтер мен кетондардың гомологтық қатарының жалпы формуласын көрсетіңіздер. Келесі қосылыстардың құрылымдық формулаларын жазыңыздар: а) 2-метилпентаналь; b) 3,3-диметилпентанон-2; c) пентен-3-аль; d) этилпропилсірке альдегиді; е) эил-екіншілік-бутилкетон.

  2. Рационалды және IUPAC номенклатураларымен келесі қосылыстарды атаңыздар.

;

;

;

.

  1. Келесі қосылыстардың формуласын көрсетіңдер және оларды рационалды номенклатура бойынша атаңыздар: а) пентаналь; b) 3-метилбутаналь; c) 2-пентанон; d) 4-метил-2-пентанон; е) 3-бутеналь; f) 4-пентин-2-он.

  2. Келесі карбонильді қосылыстардың атын атаңыздар:

;

;

;

;

;

.

  1. С7Н14О формулалары неше изомерлі альдегидтерді көрсете алады? Құрылыс формулаларын жазыңыздар. Оларды рационалды және халықаралық жүйелік номенклатураларымен атаңыздар.

  2. С7Н10О формулалары неше изомерлі кетондар көрсете алады? Құрылыс формулаларын жазыңыздар. Оларды рационалды және халықаралық жүйелік номенклатураларымен атаңыздар.

  3. Төменде көрсетілген карбонильді қосылыстардың құрылыстық формулаларын жазыңыздар: а) кротон альдегиді; b) акролеин; c) триметилсірке альдегиді; d) метилпентен-3-аль; е) пентадион-2,4; f) 2-метилпентен-3-аль; g) глиоксаль; h) пропион альдегиді; i) диметилкетон.

  4. Тотығу реакциясы барысында қандай карбонильді қосылыстар түзіледі: а) изопропил спирті; b) бутанол-2; c) н-амил спирті; d) 3-метилбутанол-1. Реакция теңдеуін көрсетіңдер.

  5. Альдольды және кротонды конденсация реакцияларының механизімін қарастырыңыздар: а) құмырсқа альдегиді және ацетон; b) құмырсқа альдегиді және метилэтилкетон; c) пропион альдегиді.

  6. Сірке альдегиді және этил спиртінен а) жартылай ацеталь; b) ацетальды қалай алуға болады. Реакция теңдеуін механизімін қарастырыңыздар.

1.12 Карбон қышқылдары және олардың функционалды туындылары

  1. а) C5H10O2 (төрт изомер); b) C6H12O2 (сегіз изомер) сәйкес келетін изомерлі қышқылдардың құрылымдық формулаларын көрсетіңіздер. Оларды рационалды және халықаралық жүйелік номенклатураларымен атаңыздар.

  2. IUPAC номенклатурамен төмендегі қосылыстарды атаңыздар:

;

;

;

;

.

  1. Қышқылдардың құрылысты формулаларын жазыңыздар: а) пропион қышқылы; b) май қышқылы; c) α-метилмай қышқылы; d) валериан қышқылы; е) α,β-диметилвалериан қышқылы; f) капрон қышқылы; g) δ-метил-γ-этилкапрон қышқылы. Халықаралық жүйелік номенклатурамен атаңыздар.

  2. Қышқылдардың құрылысты формулаларын көрсетіңіздер: а) диметилпропан қышқылы; b) 3-метилбутан қышқылы; c) 4-метил-2-этилпентан қышқылы; d)3,5-диметил-4-этилгексан қышқылы. Бұл қосылыстарға басқа ат беріңіздер.

  3. C4H6O2 формуласына сәйкес келетін барлық қанықпаған қышқылдардың изомерін жазыңыздар. Оларды атаңыздар.

  4. Төмендегі қосылыстарды атаңыздар:

;

;

;

;

;

;

;

.

  1. Келесі қосылыстардың құрылыстық формулаларын құрыңыздар және қышқылды радикалдарды (ацилдерді) атаңыздар: а) құмырсқа қышқылы; b) сірке қышқылы; c) май қышқылы; d) валериан қышқылы; е) капрон қышқылы.

  2. Берілген реакцияларды аяқтаңыздар: а) СН3СН2СООН + PCl5 → ; b) (СН3)2СНСООН + SOCl3 →; c) СН3СН2СН2СООН + PBr3 → .

  3. Қаныққан монокарбон қышқылдарының химиялық қасиеттерін сипаттаңыздар. Сірке қышқылы мен сірке альдегидің мысалға ала отырып, карбон қышқылының альдегидтерден химиялық айырмашылығын көрсетіңіздер.

  4. Құрамы бірдей С3Н6О2 екі қосылыстың біреуін азғана минерал қышқылын қосып, қыздырғанда оттекті көп карбон қышқылы түзілді, ал екіншісінен – бірінші қышқылдың жақын гомологы болып табылатын қышқылы түзілді. Осы қосылыстардың құрылыс формулаларын жазыңдар.

  5. Екі негізді карбон қышқылдарының құрылыстық формулаларын құрыңыздар: а) этилмалон қышқылы; b) диметилмалон қышқылы; c) α,α – диметилянтарь қышқылы; d) β,β – диметилглутарь қышқылы; е) α,β – диметил глутарь; f) 2,3-диметилпентандио қышқылы.

  6. Жалпы формуласы С3Н6(СООН)2 – төрт изомер және С4Н8(СООН)2 – сегіз изомерге тең, екі негізді карбон қышқылдарының құрылыстық формуласын жазыңыздар. Тарихи және жүйелік номенклатуралар бойынша аттарын атаңыздар.

  7. Төменде берілген қосылыстардың атын атаңыздар:

;

;

;

;

  1. Келесі оксоқосылыстардың атын атаңыздар:

;

;

;

;

.

  1. Берілген қосылыстардың құрылыстық формулаларын көрсетіңіздер: а) формилсірке қышқылы; b) α-кетопропион қышқылы (пирожүзім); c) α-метил-β-кетомай қышқылы; d) α,α – диметил-γ-кетовалериан қышқылы; е) β-формилакрил қышқылы; f) β-кетоглутарь қышқылы (ацетондикарбон). Жүйелік номенклатура бойынша аттарын атаңыздар.

  2. а) С2Н4О3; b) С3Н6О3 (екі изомер); c) С4Н8О3; d) С5Н10О3 құрамына ие оксоқышқылдардың құрылыстық формулаларын жазыңыздар. Оларды халықаралық жүйелік (IUPAC) номенклатураларымен атаңыздар.

  3. Оксоқышқылдардың атың атаңыздар:

  4. Шарап қышқылы екі негізді карбон қышқылдарына жатады. Олардың проекциялық формуласын көрсетіңіздер.

  5. Оксоқышқылдардың құрылыстық формуласын жазыңыздар: а) α-оксивалериан қышқылы; b) β-оксивалериан қышқылы; c) γ-оксикапрон қышқылы; d) δ-оксикапрон қышқылы.

  6. Амин қышқылдарын азотты қышқылмен әрекеттестіргенде оксоқышқылдар алынады. Осы әдіс бойынша келесі қосылыстардың алыну реакциясын жазыңыздар: а) сүт қышқылы; b) α-оксиизокапрон қышқылы; c) 3-метил-2-окси-пентан қышқылы.