- •Мазмұны
- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •1 Бөлім. Ситуациялық есептер
- •1.1 Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі (проценттік концентрация) Типтік есептерді шығару үлгілері
- •Есеп шартының негізгі түрлерінің үлгілері
- •1.2 Еріген заттың молярлық концентрациясы Есеп шартының негізгі түрлерінің үлгілері
- •1.3 Еріген заттың моляльдық концентрациясы
- •Есеп шартының негізгі түрлерінің үлгілері
- •1.4 Концентрациялары әртүрлі ерітінділерді араластыруға (сұйылтуға немесе қоюлауға) байланысты есептеулер Типтік есептерді шығару үлгілері
- •Есеп шартының негізгі түрлерінің үлгілері
- •1.5 Химиялық реакциялардың жылдамдығы Типтік есептерді шығару үлгілері
- •Есеп шартының негізгі түрлерінің үлгілері
- •1.6 Сутектік көрсеткіш рН. Күшті және әлсіз электролиттердің рН және рОн Есеп шартының негізгі түрлерінің үлгілері
- •1.7 Буферлі жүйелер Типтік есептерді шығару үлгілері
- •1000 Мл – 1 моль ch3cooh
- •Есеп шартының негізгі түрлерінің үлгілері
- •1.8 Комплексті қосылыстар Есеп шартының негізгі түрлерінің үлгілері
- •1.9 Осмос, осмостық қысым Есеп шартының негізгі түрлерінің үлгілері
- •1.10 Бір атомды және көп атомды спирттер
- •1.11 Альдегидтер мен кетондар
- •1.12 Карбон қышқылдары және олардың функционалды туындылары
- •1.13 Амин қышқылдары, ақуыздар
- •1.14 Көмірсулар. Моно–, ди– және полисахаридтер
- •1.15 Нуклеин қышқылдары
- •1.16 Липидтер
- •2 Бөлім. Тесттік тапсырмалар
- •Тесттік тапсырмалардың жауабы
- •3 Бөлім. Дайындыққа арналған сұрақтар тізімі
- •Қолданылған әдебиеттер
1.10 Бір атомды және көп атомды спирттер
Қаныққан бір атомды спирттерінің гомологтық қатарының жалпы формуласын көрсетіңдер.
Винил спирті бос күйінде кездеспейді. Ал оның полимері – поливинил спирті суда еритін ақ түсті ұнтақ. Синтетикалық мата және дәрі-дәрмек препараттарын алу үшін қолданылады. Винил спиртінің формуласын және винил радикалын жазыңыздар.
С3Н8О және С4Н10О формулалары неше изомерлі спирттерді көрсете алады? Құрылыс формулаларын жазыңыздар. Оларды рационалды және халықаралық жүйелік (IUPAC) номенклатураларымен атаңыздар.
Мына формулалар С6Н13ОН және С5Н11ОН неше екіншілік спирттердің изомерлерін көрсете алады? Оларды карбонилді және халықаралық жүйелік (IUPAC) номенклатураларымен атаңыздар.
Берілген қосылыстарының құрылыс формулаларын жазыңыздар: а) изоамил спирті; b) аллил спирті; c) үшіншілік-бутил спирті; d) изопропил спирті; е) 2-метилгексанол-3; f) 2,3-диметилбутанол-2; g) бутандиол-1,3; h) гексантриол-1,3,4; i) глицерин; j) этиленгликоль.
а) диазопропилкарбинол; b) пропилизобутилкарбинол; c) изопропилкарбинол; d) пропилизобутилкарбинол; е) изопропил-үшіншілі-бутилкарбинол; f) диметилэтилкарбинол; g) метилвинилизопропилкарбинол; h) метилэтилаллилкарбинол; i) диметил-екіншілі-бутилкарбинол қосылыстарының құрылыс формулаларын жазыңыздар және халықаралық жүйелік (IUPAC) номеклатурамен атаңыздар.
С6Н13ОН формуласына сәйкес келетін біріншілік, екіншілік, үшіншілік спирттердің құрылыс формулаларын жазыңыздар.
Төменде бірнеше формула берілген. Осы формулаларды карбонилді және халықаралық жүйелік (IUPAC) номенклатураларымен атаңыздар:
;
;
;
;
;
;
;
.
Екі атомды спирттердің (гликольдер) құрылыс формулаларын жазыңыздар: а) этандтол-1,2; b) пропандиол-1,2; c) бутандиол-1,4; d) 2,3-диметилбутандиол-2,3.
Келесі қосылыстардың атын халықаралық жүйелік (IUPAC) номенклатурамен атаңыздар:
;
;
;
.
Қосылыстардың атын халықаралық жүйелік (IUPAC) номенклатурамен атаңыздар:
;
;
;
;
.
Спирттің а) иодметан; б) иодэтан; в) 1-бромпропаннан түзілу реакцияларының теңдеулерін жазыңыздар.
Галоген туындылардан спирттер алғанда кейде күміс оксидін қосады. Мұны не үшін жасайды?
CnH2n+1Hal + HOH CnH2n+1OH + HHal
Метил, спирті, этил және күкірт қышқылы қоспасын қыздырған кезде қандай эфирлер түзіледі? Реакция теңдеулерін жазыңыздар.
Диметил эфирі мен этил спирті бір-біріне изомер бола тұра, олардың қайнау температурасы мен суда ерігіштігінде айырмашылық болуы неліктен?
Этиленгликольдің моно және диметил эфирлерінің формулаларын жазыңыздар.
Біріншілік, екіншілік және үшіншілік спирттер тотыққанда әр-түрлі өнімдер түзеді. Түзілу реакцияларының теңдеулерін жазыңыздар.
Үш атомды спирттердің қарапайым өкілі глицерин. Гилцериннің құрылымды формуласын жазыңыздар және халықаралық жүйелік (IUPAC) номеклатурамен атаңыздар.
Ксилит пен сорбит молекуласында бес және алты гидроксил тобы бар спирттердің өкілідері. Бұл спирттер моносахаридтерді тотықсыздандыру арқылы алынады. Осы қосылыстардың құрылымдық формулаларын жазыңыздар.
Глицерин мен азот қышқылы күкірт қышқылының қатысуымен глицеринтринатрат түзеді. Глицерин тринитраты немесе нитроглицерин (техникалық аты) – өте күшті қопарылғыш зат, динамит дайындауда пайдаланылады. Оны медицинада қан тамырларын ұлғайтушы дәрі ретінде қолданылады. Нитроглицериннің түзілуінің реакция теңдеуін жазыңыздар.
