Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пособие ОМ задачи.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
866.91 Кб
Скачать

Есеп шартының негізгі түрлерінің үлгілері

  1. А + В = АВ реакциясының жылдамдығы А және В заттарының концентрациясына тәуелділігін сипаттайтын әрекеттесуші массалар заңының математикалық өрнегін жазыңыздар, егер:

  1. А және В – газ тәрізді заттар болса;

  2. А және В – бір бірімен шексіз араласатын сұйықтар болса;

  3. А және В – ерітіндіде еріген заттар болса;

  4. А –қатты зат, В – газ немесе ерітіндіде еріген зат болса.

  1. Гомогендік жүйеде А + 2В = АВ2 теңдеуі бойынша жүретін химиялық реакцияның жылдамдығының концентрацияға тәуелділігін сипаттайтын әрекеттесуші массалар заңының математикалық өрнегін жазыңыздар. Бұл реакцияның жылдамдығы неше есе өседі, егер

  1. А затының концентрациясы үш есе көбейсе;

  2. В затының концентрациясы екі есе көбейсе;

  3. А және В заттарының екеуінің де концентрациясы екі есе көбейсе.

  1. N2 + 3H2 2NH3 жүйесінде тура реакцияның жылдамдығы 100 есе өсу үшін сутектің концентрациясының қанша есе көбейту керек?

  2. Азот (IV) оксидінің түзілу реакциясының 2NO + O2 2NO2 жылдамдығы 1000 есе өсу үшін қысымды неше есе арттыру керек?

  3. Егер оттектің концентрациясын 3 есе көбейтсе, онда С + O2 = СО2 реакцияның жылдамдығы неше есе өсер еді?

  4. А + В = С реакциясына қатынасатын А затының бастапқы концентрациясы 0,42 моль/л, ал 10 с өткеннен кейінгі концентрациясы 0,32 моль/л. Реакцияның орташа жылдамдығын табыңыздар. Бұл уақыт ішінде В және С заттарының концентрациясы қалай өзгереді?

  5. Белгілі бір уақыт аралығында жай заттар арасында жүретін бір реакцияның нәтижесінде 6 г H2S ал екінші нәтижесінде 20 г HI түзіледі. Қай реакцияның жылдамдығы жоғары?

  6. Температураны 300С-тан 2300С-қа дейін көтергенде реакцияның жылдамдығы қанша есе өседі, егер оның температуралық коэффициенті:

  1. γ = 2 болса;

  2. γ = 3 болса;

  3. γ = 4 болса;

  4. γ = 2,5 болса?

  1. Егер реакцияның температуралық коэффициенті γ = 3 болса, онда оның жылдамдығы 27 есе арттыру үшін реакцияның температурасын қанша градусқа көтеру керек?

  2. Температуралық коэффициенті екіге тең (γ = 2) реакция 800С-та 16 минут уақытта аяқталады. Бұл реакция 600С және 1200С кездерінде қанша уақыт ішінде аяқталады?

  3. Реакцияның 200С кезіндегі жылдамдығы моль/л·сек. Егер реакцияның температуралық коэффициенті γ = 2 болса, онда оның 700С кезіндегі жылдамдығы қандай болады?

  4. Егер 500С-қа көтергенде реакцияның жылдамдығы 32 есе артатын болса, онда реакцияның температуралық коэффициенті қанша болғаны.

  5. Температураны 353 К кезінде реакция 20 сек ішінде аяқталды. Егер бұл реакцияның температуралық коэффициенті γ = 2,5 болса, ол 293 К кезінде қанша уақытта аяқталар еді?

1.6 Сутектік көрсеткіш рН. Күшті және әлсіз электролиттердің рН және рОн Есеп шартының негізгі түрлерінің үлгілері

  1. Сулы ерітіндідегі [Н+] ионның молярлық концетрациясын есептеу қажет, гидроксид ионның концетрациясы (моль/л) тең болса: а) 10-4; b) 3,2 · 10-6; c) 7,4 ·10-11.

  2. Сулы ерітіндідегі [ОН-] ионнын молярлық концетрациясын есептеу қажет, гидроксид ионның концетрациясы ( моль/л) тең болса: а) 10-3; b) 6,5· 10-8; c) 1,4 ·10-12.

  3. Ерітіндінің рН есептеу қажет, [Н+] ионының концетрациясы моль/л тең болса: а) 2·10-7; b) 8,1· 10-3;c) 2,47·10-10.

  4. Ерітіндінің рН есептеу қажет, [ОН-] ионының концетрациясы моль/л тең болса: а) 4,6·10-4; b) 5 · 10-6; c) 9,3·10-9.

  5. рН 5,2-ге тең болса, сірке қышқылының концентрациясы нешеге тең болады?

  6. рН 6,2-ге тең ерітіндінің [Н+] және [ОН-] есептеу қажет. Егер екі есе сұйылтса, ерітіндің рН қалай өзереді: а) 0,2 М НСl; b) 0,2 М СН3СООН; c). 0,2 HNO3.

  7. Қанның құрамындағы сутегі ионының концетрациясы (рН=7,36) жұлын сұйықтығынан (рН=7,53) неше есе жоғары?

  8. Концентрациясы 0,1 моль/л сірке қышқылының ерітіндісінің рН мәнін есептеңіздер. Сірке қышқылының константа диссоциациясы 1,8·10-5 тең.

  9. рН=0,5 тең пропион қышқылының ерітіндісінің [Н+] ионың концетрациясын есептеңіздер. Пропион қышқылының константа диссоциациясы 1,4·10-5.

  10. Бір ерітіндінің сутектік көрсеткіші 2,3, ал екіншісінікі 3,2-ге тең. Қай ерітіндінің қышқылдылығы басым? Ондағы сутегі иондарының концентрациясы неше есе жоғары?

  11. Гидроксид иондарының концентрациясы 5,63 · 10-7 моль/л-ге (370С) тең болса, қанның құрамындағы сутегі иондарының концентрациясы нешеге тең болады?

  12. Асқазан сөлінің құрамында сулы ерітінділерде толық диссоцияциаланатын тұз қышқылы бар. Егер, HCl дың массалық үлесі қалыпты жағдайда 0,05 %-ке тең болса асқазан сөлінің рН-ы қандай болады? Асқазан сөлінің тығыздығы 1 г/мл.

  13. 0,01 М көмір қышқылы ерітіндісіндегі HCO-3 и CO2-3 концентрациясын анықтаңыз, егер осы ерітіндінің рН-ы 4,18-ге тең болса. (К1 = 4,45 · 10-7, К2 = 4,69 · 10-11).

  14. Егер екі есе сұйылтса рН-ы қалай өзгереді: а) 0,2 М HCl ерітіндісінің; b) 0,2 М сірке қышқылы ерітіндісінің?

  15. 1л құрамында 3,7 г кальций гидроксиді бар Ca(OH)2 ерітіндінің рН-ын анықтаңыз.

  16. 0,2 н ерітіндідегі ОН- иондардың концентрациясы нешеге тең болады? (Кв = 1,76 · 10-5).

  17. Электролиттік диссоциациясының алғашқы константасы бойынша келесі ерітінділердің рН-ын есептеңіз: а) 0,1 М күкіртті сутек; b) 0,1 М бор қышқылы.

  18. Сутектік көрсеткіштері төмендегідей болатын сутегі иондарының концентрациясының шамасын есептеңіз: а) 3 және 4, b) 7 және 8, c) 10 және 11.

  19. Ерітіндідегі гидроксид-иондардың концентрациясы 1,7 · 10-4 моль/л. Ерітіндінің рОН және рН-ын есептеңіздер.

  20. Судың байқауын жүргізгенде оның құрамында 1,7 г/л аммиак болды. Егер суда басқа лас заттар болмаса, оның рН-ы нешеге тең болады?

  21. Дені сау адам қанының сутектік көрсеткіші 7,35. Қатты безгек кезінде ол көрсеткіш 5,9-ға дейін төмендейді. Бұл кезде қандағы сутегі иондардың концентрациясы нешеге есе жоғарылайды?

  22. 1 л 0,1 М калия гидроксиді КОН ерітіндісіне 0,01 моль хлорсутекті қосылған. Бұл кезде ерітіндінің рН-қалай өзгереді?

  23. 0,5 %-тік күйдіргіш натрдың рН-ын есептеңіздер (ерітіндінің тығыздығы бірге тең).