Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Пособие ОМ задачи.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
866.91 Кб
Скачать

Есеп шартының негізгі түрлерінің үлгілері

  1. Натрий карбанатының 20%-тік ерітіндісінің 1000 грамында оның 80%-тік ерітіндісінің 1000 грамына қосқанда пайда болған ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін табыңыздар.

  2. Натрий карбанатының 50%-тік ерітіндісінің 2000 грамын дайындау үшін оның 20%-тік және 80%-тік ерітінділерінің қандай массаларын қосып араластыру керек?

  3. Натрий карбонатының 20%-тік ерітіндісінен оның 80%-тік ерітіндісінің 2000 грамын дайындау үшін оның 20%-тік ерітіндісінің үстіне қанша құрғақ натрий карбонатын қосу керек?

  4. Натрий карбонатының 80%-тік ерітіндісінен оның 20%-тік ерітіндісінің 1000 грамын дайындау үшін оның 80%-тік ерітіндісіне қанша су қосу керек?

  5. Натрий карбонатының 20%-тік ерітіндісінің 1000 грамында оның кристаллогидратының 1000 грамын қосқанда пайда болған ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін табыңыздар.

  6. Натрий карбонатының 20%-тік ерітіндісін дайындау үшін оның кристаллогидратының 1000 грамына қанша грамм су қосу керек? Қосқанда пайда болған ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін табыңыздар?

  7. Натрий карбонатының 20%-тік ерітіндісінің 1000 грамын дайындау үшін қанша су және қанша крситаллогидрат алу керек?

  8. Натрий карбонатының 20%-тік ерітіндісінен оның 80%-тік ерітіндісінің 2000 грамын дайындау үшін оның 20%-тік ерітіндісінің қандай массасының үстіне қанша грамм құрғақ натрий карбонатын қосу керек.

  9. Күкірт қышқылының 55%-тік ерітіндісінің 600 грамын дайындау үшін оның 87%-тік ерітіндісінің қандай массасына қанша су қосу қажет.

  10. Натрий сулбфатының 20%-тік ерітіндісінің 50 грамын дайындау үшін оның 5%-тік ерітіндісі мен кристаллогидратының қандай массаларын қосып араластыру керек.

  11. Мыс сульфатының 25%-тік ерітіндісінің 480 грамын дайындау үшін қанша грамм оның кристаллогидраты CuSO4·5H2O және су керек?

  12. Темір сульфатының 3,8%-тік ерітіндісін дайындау үшін оның кристаллогидратының, яғни темір купоросының FeSO4·7H2O 27,8 грамына қанша су қосу керек?

  13. Мыс сульфатының 4%-тік ерітіндісінің 200 грамына оның кристаллогидратының (CuSO4·7H2O) 50 грамын қосқанда пайда болған мыс сульфаты ерітіндісінің массалық үлесін табыңыздар.

1.5 Химиялық реакциялардың жылдамдығы Типтік есептерді шығару үлгілері

1 мысал. Температураны 200С-тан 1000С-қа дейін көтергенде реакцияның жылдамдығы қанша есе өседі, егер оның температуралық коэффициенті 2 тең болса.

Шешуі:

Вант-Гофф ережесі бойынша:

Олай болса:

2 мысал. А + В = АВ реакциясының жылдамдығы А және В заттарының концентрациясына тәуелділігін сипаттайтын әрекеттесуші массалар заңының математикалық өрнегін жазыңыздар, егер: А және В – газ тәрізді заттар болса.

Шешуі:

Газ тәрізді заттар үшін концентрацияның орнына қысымды алуға болады:

3 мысал. Гомогендік жүйеде А + 2В = АВ2 теңдеуі бойынша жүретін химиялық реакцияның жылдамдығының концентрацияға тәуелділігін сипаттайтын әрекеттесуші массалар заңының математикалық өрнегін жазыңыздар. Бұл реакцияның жылдамдығы неше есе өседі, егер А затының концентрациясы екі есе көбейсе.

Шешуі:

А + 2В = АВ2 реакциясы үшін әрекеттесуші массалар заңының математикалық өрнегі:

Егер А затының концентрациясы екі есе көбейсе, оның жылдамдығы ( ):

болады.

Оның бастапқы жылдамдыққа қатынасы:

Демек, егер А + 2В = АВ2 реакциясының қатынасын А затының концентрациясы 2 есе көбейсе, онда ол реакцияның жылдамдығы 2 есе артады.