- •Мазмұны
- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •1 Бөлім. Ситуациялық есептер
- •1.1 Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі (проценттік концентрация) Типтік есептерді шығару үлгілері
- •Есеп шартының негізгі түрлерінің үлгілері
- •1.2 Еріген заттың молярлық концентрациясы Есеп шартының негізгі түрлерінің үлгілері
- •1.3 Еріген заттың моляльдық концентрациясы
- •Есеп шартының негізгі түрлерінің үлгілері
- •1.4 Концентрациялары әртүрлі ерітінділерді араластыруға (сұйылтуға немесе қоюлауға) байланысты есептеулер Типтік есептерді шығару үлгілері
- •Есеп шартының негізгі түрлерінің үлгілері
- •1.5 Химиялық реакциялардың жылдамдығы Типтік есептерді шығару үлгілері
- •Есеп шартының негізгі түрлерінің үлгілері
- •1.6 Сутектік көрсеткіш рН. Күшті және әлсіз электролиттердің рН және рОн Есеп шартының негізгі түрлерінің үлгілері
- •1.7 Буферлі жүйелер Типтік есептерді шығару үлгілері
- •1000 Мл – 1 моль ch3cooh
- •Есеп шартының негізгі түрлерінің үлгілері
- •1.8 Комплексті қосылыстар Есеп шартының негізгі түрлерінің үлгілері
- •1.9 Осмос, осмостық қысым Есеп шартының негізгі түрлерінің үлгілері
- •1.10 Бір атомды және көп атомды спирттер
- •1.11 Альдегидтер мен кетондар
- •1.12 Карбон қышқылдары және олардың функционалды туындылары
- •1.13 Амин қышқылдары, ақуыздар
- •1.14 Көмірсулар. Моно–, ди– және полисахаридтер
- •1.15 Нуклеин қышқылдары
- •1.16 Липидтер
- •2 Бөлім. Тесттік тапсырмалар
- •Тесттік тапсырмалардың жауабы
- •3 Бөлім. Дайындыққа арналған сұрақтар тізімі
- •Қолданылған әдебиеттер
1 Бөлім. Ситуациялық есептер
1.1 Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі (проценттік концентрация) Типтік есептерді шығару үлгілері
1 мысал. Судың (тығыздығы 1 г/мл) 250 мл көлемінде 50 г қант еріген. Ерітіндідегі қанттың массалық үлесін есептеңіздер.
Шешуі:
Алдымен еріткіштің массасын тауып аламыз:
m(H2O) = V(H2O)·ρ(H2O) = 220 мл · 1 г/мл = 220 г.
Ерітіндінің жалпы массасын табамыз:
m ерт = m(H2O) + m(қант) = 220 г + 30 г = 250 г.
Қанттың ерітіндідегі массалық үлесін формула бойынша есептейміз:
немесе
12%
2 мысал. Ас тұзының 12%-тік ерітіндісінің 800 грамында қанша еріген тұз және қанша су бар?
Шешуі:
Формула бойынша:
Демек:
Бұдан:
m(H2O) = 800 – 96 ) = 704 г.
Есеп шартының негізгі түрлерінің үлгілері
Судың (тығыздығы 1 г/мл) 340 мл көлемінде 60 г қант еріген. Ерітіндідегі қанттың массалық үлесін есептеңіздер.
Судың 470 мл мөлшерінде 40 г мыс купоросын CuSO4·5H2O еріткен. Ерітіндідегі мыс купоросының және сусыз мыс сульфатының массалық үлестерін табыңыздар.
Ас тұзының 10%-тік ерітіндісінің 600 грамында қанша еріген тұз және қанша су бар?
Ащы тұздың (MgSO4·7H2O) 100 грамынан магний сульфатының (MgSO4) 3%-тік ерітіндісінің қанша грамын дайындауға болады.
Берілген заттың 15%-тік ертіндісін дайындау үшін оның 200 грамын судың қандай мөлшерінде еріту керек?
Сусыз тұз бойынша 5%-тік ертінді дайындау үшін ащы тұздың (MgSO4·7H2O) 100 грамын судың қандай мөлшерінде еріту керек?
Мырыш сульфаты кристаллогидратының ZnSO4·х H2O 5,38 грамын 92 см3 суда еріткенде мырыш сульфатының массалық үлесі w(ZnSO4)=0.0331 ерітіндісі түзіледі. Кристаллогидраттың формуласын табыңыздар.
1.2 Еріген заттың молярлық концентрациясы Есеп шартының негізгі түрлерінің үлгілері
600 мл ерітіндіде 1,260 г азот қышқылы бар. Осы ерітіндінің молярлық концентрациясын анықтаңыздар.
150 мл 20% тұз қышқылының ерітіндісін (ρ = 1,1 г/мл) 900 мл дейін сұйылтты. Алынған ерітіндінің молярлық концентрациясын анықтаңыздар.
Массасы 11,2 г калий гидроксидін суда ерітіп, ерітіндінің көлемін 220 мл-ге жеткізілді. Алынған ерітіндінің молярлық концентрациясын анықтаңыздар.
15%-тік Н2SО4 ерітіндісінің молярлық концетрациясын есептеңіздер.
36,2%-тік НСl ерітіндісінің молярлық концетрациясы қандай болады? (ρ = 1,18г/мл)
40%-тік НNO3 ерітіндісінің тызыздығы 1,25 г/мл. тең. Осы ерітіндінің молярлық концетрациясы қандай болады?
1 кг суға 666 г КОН ерітілді, ерітіндінің тығыздығы 1,395 г/мл. Табу керек: а) КОН массалық үлесін; b) молярлық концетрациясын.
15%-тік Н2SО4 ерітінді тызыздығы 1,105 г/мл. Осы ерітіндінің молярлық концетрациясы қандай болады?
9%-тік сахароза ерітіндісің тығыздығы 1,035 г/мл. Осы ерітіндінің молярлық концетрациясы қандай болады?
100 мл 96%-тік Н2SО4 (тызыздығы 1,84 г/мл) ерітіндісіне 400 мл су қосылған. Нәтижесінде тызыздығы 1,220 г/мл болатын ерітінді түзілді. Осы ерітіндінің массалық үлесін, молярлық концентрациясын табу қажет.
