
- •Мазмұны
- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •1 Бөлім. Ситуациялық есептер
- •1.1 Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі (проценттік концентрация) Типтік есептерді шығару үлгілері
- •Есеп шартының негізгі түрлерінің үлгілері
- •1.2 Еріген заттың молярлық концентрациясы Есеп шартының негізгі түрлерінің үлгілері
- •1.3 Еріген заттың моляльдық концентрациясы
- •Есеп шартының негізгі түрлерінің үлгілері
- •1.4 Концентрациялары әртүрлі ерітінділерді араластыруға (сұйылтуға немесе қоюлауға) байланысты есептеулер Типтік есептерді шығару үлгілері
- •Есеп шартының негізгі түрлерінің үлгілері
- •1.5 Химиялық реакциялардың жылдамдығы Типтік есептерді шығару үлгілері
- •Есеп шартының негізгі түрлерінің үлгілері
- •1.6 Сутектік көрсеткіш рН. Күшті және әлсіз электролиттердің рН және рОн Есеп шартының негізгі түрлерінің үлгілері
- •1.7 Буферлі жүйелер Типтік есептерді шығару үлгілері
- •1000 Мл – 1 моль ch3cooh
- •Есеп шартының негізгі түрлерінің үлгілері
- •1.8 Комплексті қосылыстар Есеп шартының негізгі түрлерінің үлгілері
- •1.9 Осмос, осмостық қысым Есеп шартының негізгі түрлерінің үлгілері
- •1.10 Бір атомды және көп атомды спирттер
- •1.11 Альдегидтер мен кетондар
- •1.12 Карбон қышқылдары және олардың функционалды туындылары
- •1.13 Амин қышқылдары, ақуыздар
- •1.14 Көмірсулар. Моно–, ди– және полисахаридтер
- •1.15 Нуклеин қышқылдары
- •1.16 Липидтер
- •2 Бөлім. Тесттік тапсырмалар
- •Тесттік тапсырмалардың жауабы
- •3 Бөлім. Дайындыққа арналған сұрақтар тізімі
- •Қолданылған әдебиеттер
1.15 Нуклеин қышқылдары
Нуклеин қышқылдары гидролизге ұшырағанда, басқа заттармен бірге, негіздер де түзіледі. Негіздер екі гетероциклді қосылыс – пурин және пиримидиннің туындылары.
пурин пиримидин
Пуриндік негіздерден мононуклеотидтердің құрамында мыналар кездеседі: аденин (6-аминопурин) және гуанин (2-амино-6-оксипурин), ал пиримидинді негіздерден: урацил (2,6-диоксипиримидин), тимин (5-метилурацил) және цитозин (2-окси-6-аминопиримидин). Осы негіздердің формулаларын жазыңыздар.
Төменде берілген негіздердің: гуанин, урацил, тимин және цитозинді екі таутомерлі формада көрсетіп формулаларын жазыңыздар.
Мононуклеотидтердің құрамында екі түрлі пентозалар кездеседі: D-рибоза және D-дезоксирибоза. Осы пентозалардың формулаларын жазыңыздар.
Зат алмасу процесінде аденозин-5-трифосфат негізгі роль атқарады. Ол құрылысы бойынша аденозин-51-фосфатқа ұқсас, айырмашылығы оның құрамындағы фосфор қышқылының қалдығына эфирлік байланыс құрып фосфор қышқылының тағы екі қалдығы қосылған. АТФ-тің формуласын жазыңыздар.
Мононуклеотидтердің құрамына енетін нуклеозид және негіздер сәйкес ферменттердің әсерінен гидролизге ұшырайды. Нәтижесінде аммиак бөлініп шығады. Мына үлгілерге сәйкес өтетін негіздердің гидролиздену реакцияларының теңдеуін жазыңыздар.
цитозин + H2O
урацил + NH3;
аденин + H2O
гипоксантин + NH3;
гуанин + H2O
ксантин + NH3.
Мына үлгіге сәйкес өтетін аденозиннің гидролиздену реакциясының теңдеуін жазыңыздар:
аденозин + H2O → инозин + NH3.
Мына үлгіге сәйкес өтетін цитидиннің гидролиздену реакциясының теңдеуін жазыңыздар:
цитидин + H2O → уридин + NH3.
Мына үлгіге сәйкес өтетін гуанозиннің гидролиздену реакциясының теңдеуін жазыңыздар:
гуанозин + H2O → сантозин + NH3.
Төменде берілген мононуклеотидтердің формулалары көрсетілген. Оларды атаңыздар.
;
;
;
.
1.16 Липидтер
Мына триглицеридтердің формулаларын жазыңыздар: а) тристеариннің; b) трипальмитиннің; c) триолеиннің.
Майлардың құрамына енетін қанық емес қышқылдар қалдығы катализатор (никель) қатысында сутек молекуласын қосып алады. Гидрогенизациялану нәтижесінде сұйық май қатаяды (тоң майға айналады). Төменде берілген триглициридтердің гидрлену реакцияларының теңдеулерін жазыңыздар: а) олеодистеариннің; b) диолеопальмитиннің; c) олеолиноленостеариннің.
Мына деректер нені көрсетеді: сары майдың иодтық саны 30, адам майының иодтық саны 64.
Мына триглицеридтерді атап, олардың иодтық санын есептеңдер:
;
.
Фосфатидтер фосфатид қышқылының туындысы болып табылады. Олардағы фосфор қышқылының ОН– тобы аминоспирттермен (холин, коламин) немесе амин қышқылдарымен эфир түзеді. Мына фосфатиттердің формулаларын жазыңыздар: а) лецитиннің (фосфатидилхолин) b) кефалиннің (фосфатизилколамин) c) серенфосфатидтің (фосфатилсерин).
Сфингомиелин сфингозин аминоспиртінің туындысы:
Сфингомиелинде сфингозиннің амино тобы пальмитин, стеарин және басқа майлы қышқылдармен пептидтік байланыс құрып жалғасқан, ал сфингозиннің біріншілік спирттік тобы фосфор қышқылы және холинмен лецитиндегідей байланысады. Бір сфингомиелиннің формуласын жазыңыздар.