- •Мазмұны
- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •1 Бөлім. Ситуациялық есептер
- •1.1 Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі (проценттік концентрация) Типтік есептерді шығару үлгілері
- •Есеп шартының негізгі түрлерінің үлгілері
- •1.2 Еріген заттың молярлық концентрациясы Есеп шартының негізгі түрлерінің үлгілері
- •1.3 Еріген заттың моляльдық концентрациясы
- •Есеп шартының негізгі түрлерінің үлгілері
- •1.4 Концентрациялары әртүрлі ерітінділерді араластыруға (сұйылтуға немесе қоюлауға) байланысты есептеулер Типтік есептерді шығару үлгілері
- •Есеп шартының негізгі түрлерінің үлгілері
- •1.5 Химиялық реакциялардың жылдамдығы Типтік есептерді шығару үлгілері
- •Есеп шартының негізгі түрлерінің үлгілері
- •1.6 Сутектік көрсеткіш рН. Күшті және әлсіз электролиттердің рН және рОн Есеп шартының негізгі түрлерінің үлгілері
- •1.7 Буферлі жүйелер Типтік есептерді шығару үлгілері
- •1000 Мл – 1 моль ch3cooh
- •Есеп шартының негізгі түрлерінің үлгілері
- •1.8 Комплексті қосылыстар Есеп шартының негізгі түрлерінің үлгілері
- •1.9 Осмос, осмостық қысым Есеп шартының негізгі түрлерінің үлгілері
- •1.10 Бір атомды және көп атомды спирттер
- •1.11 Альдегидтер мен кетондар
- •1.12 Карбон қышқылдары және олардың функционалды туындылары
- •1.13 Амин қышқылдары, ақуыздар
- •1.14 Көмірсулар. Моно–, ди– және полисахаридтер
- •1.15 Нуклеин қышқылдары
- •1.16 Липидтер
- •2 Бөлім. Тесттік тапсырмалар
- •Тесттік тапсырмалардың жауабы
- •3 Бөлім. Дайындыққа арналған сұрақтар тізімі
- •Қолданылған әдебиеттер
1.13 Амин қышқылдары, ақуыздар
Ерітіндіде қышқыл реакция көрсететін аминқышқылдарының формулаларын келтіріңдер.
Ерітіндісі сілтілі реакция көрсететін аминқышқылдарына мысал келтіріңдер.
Ауыспайтын аминқышқылдарына жататын сегіз аминқышқылының: валин, лейцин, изолейцин, треонин, метионин, лизин, финилаланин, триптофан – формулаларын жазыңыздар.
Аминқышқылдардың формулаларын құрыңыздар: а) β-аминовалериан қышқылы; b) аминоизоваленриан қышқылы; c) γ-аминоизокапрон қышқылы; d) 2-амино-3-метилпентан қышқылы; е) 2,5-диаминогексан қышқылы; f) 2-аминобутандио қышқылы.
Глициннің төменгі реагенттермен реакция теңдеулерін жазыңыздар: а) күйдіргіш натриймен, ә) тұз қышқылымен.
Изолейцин мына реагенттермен қалай әрекеттеседі: а) күйдіргіш натриймен; b) күкірт қышқылымен.
Аланин мен лизиннің төменде берілген реагенттермен реакция теңдеулерін келтіріңдер: а) хлорлы ацетилмен; b) бесхлорлы фосформен.
Аминқышқылдарын газометрлік әдіспен анықтау үшін олардың азотты қышқылмен әрекеттесу реакциясы қолданылады. Лизин және триптофан аминқышқылдарының азотты қышқылмен реакция теңдеулерін жазыңыздар.
Аланин және изолейциннің қыздырғанда қандай өзгеріске ұшырайтын реакция теңдеулері арқылы көрсетіңдер.
Мына аминқышқылдарының формулаларын амфиион түрінде көрсетіңдер: а) аланин; ә) серин; б) фенилаланин; в) треонин.
Мына аминқышқылдарының проекциялық формулаларын жазыңыздар: а) L–сериннің, b) L–валиннің, c) L–цистеиннің, d) L–тирозиннің.
Мына дипептидтердің формулаларын жазыңыздар: а) глицилаланиннің; b) аланилглициннің; c) лейцилаланиннің; d) аланиллейциннің; e) лейцилвалиннің; g) глутамилглициннің; h) аспарагилаланиннің.
Төмендегі дипептидтерді атаңыздар:
;
;
.
Мына аминқышқылдарынан түзілетін дипептидтердің формулаларын жазыңыздар және атаңыздар: а) треонин және цистеиннен; b) фенилаланин мен аспарагиннен; c) аргинин мен лейциннен.
Төмендегі аминқышқылдардан түзілетін барлық трипептидтердің формулаларын жазыңыздар және атаңыздар: а) аланин, аланин, аланин; b) глицин, глицин, аланин; c) глицин, лейцин, аланин.
Ақуыздардың молекулаларында бір-бірінен өзара ауысатын аминқышқылдар қалдығы бойынша ажырататын фрагменттер кездеседі. Міне сондай қышқылдар тобы: а) глицин және серин; b) глицин және аланин; c) лейцин және изолейцин; d) глутамин қышқылы және аспарагин қышқылы. Өзара ауысатын қышқылдар жұбының формулаларын жазыңыздар.
α–аспарагин қышқылы өсімдіктерде аспаратаза әсерінен аминсізденеді. Нәтижесінде фумар қышқылы түзіледі. Реакция теңдеуін жазыңыздар.
Аминқышқылдар аминсіздену реакциясы нәтижесінде мына қышқылдарды түзеді: а) пирожүзім; b) қымыздықтысірке; c) α–кетоглутар. Берілген қышқылдар қандай аминқышқыладарынан алынған, сәйкес аминқышқылдарының формулаларын жазыңыздар.
Аланин және валин аминқышқылдарын қыздырғанда қандай заттар түзіледі?
β-аминомай қышқылын келесі заттармен а) иодметанмен; b) азотты қышқылмен; c) сірке ангидридімен; d) мыс гидроксидімен (II).
