Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР(геологтар).doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
202.75 Кб
Скачать

3 Бөлім металды емес пайдалы қазбалардың кенорындары

Тақырып 3.1 Металды емес пайдалы қазба кенорындарының жалпы сипаттамасы

Металды емес пайдалы қазбалардың ерекшеліктері. Металды емес пайдалы қазбалардың металды және жанғыш пайдалы қазбалардан айырмашылығы. Пайдалы қазбалардың топтарының арасында металды емес пайдалы қазбалардың орны. Металды емес пайдалы қазбалардың өнеркәсіптік жүйелеп жіктелуі. Металды емес пайдалы қазбаларды кешенді пайдалану.

Тақырып 3.2 Химиялық шикізаттың және минералды тыңайтқыштардың кенорындары

Топтың негізгі өкілдері: фосфор, күкірт, бор, тұздар, стронций, минералды пигменттер. Олар туралы жалпы мәліметтер. Өнеркәсіптік пайдаланылуы. Өнеркәсіптік минералдар. Фосфордың, күкірттің, бордың, тұздың, стронцийдің, минералды пигменттердің өнеркәсіптік кенорындарының генетикалық түрлері. Олардың қысқаша сипаттамасы. Кенорындарының таралу аудандары. Қазақстанның кенорындары. Қаратау алабының қысқаша сипаттамасы (Ақсау, Көкжон және басқалары), Шиелісай фосфоритті кенорындары (Қазақстан), Шұлықтау апатит-фосфоритті кенорындары (Қазақстан), Ендір бораттар кенорны (Қазақстан), ТМД химиялық шикізаттың және минералды тыңайтқыштардың ірі кенорындары.

Тақырып 3.3 Индустриалды шикізаттың кенорындары

Топтың негізгі өкілдері: алмас, графит, слюдалар, асбест, тальк және тальк тасы, флюорит, барит, корунд және жоғарыглинозем шикізаты, пьезооптикалық шикізат, цеолиттер. Олар туралы жалпы мәліметтер. Өнеркәсіптік қолданылуы. Өнеркәсіптік минералдар. Минералды шикізаттың берілген түрлерінің өнеркәсіптік кенорындарының генетикалық түрлері. Олардың қысқаша сипаттамасы. Кенорындарының таралу аудандары. Қазақстанның кенорындары. Қысқаша сипаттама: Ресейдің алмас кенорындары; Қазақстанның алмастары туралы мәліметтер; Завальев графит кенорны (Украина), Ногин графит кенорны (Ресей), Мамско-Чуй мусковит кенорны (Ресей), Ковдор флогопит-вермикулит кенорны (Ресей), Жетіқара асбест кенорны (Қазақстан), пьезооптикалық кварц кенорны (Ресей), Киргитей талькиттер кенорны (Ресей); Оңтүстік Қазақстанның талькиттер кенорындары, флюориттің Тасқайнар кенді өрісінің кенорындары (Қазақстан), Шығанақ барит кенорны (Қазақстан), Семіз-Бұғы корунд кенорны (Қазақстан) туралы мәліметтер.

Тақырып 3.4 Керамикалық, шыны және отқа төзімді шикізаттың кенорындары

Топтың негізгі өкілдері: саздар, каолиндер, дала шпаттары және олардың орнын басушылар, тастамырлы кварц, кварцты құм, кварцты құмдауыт, кварцит, волластонит, магнезит, брусит. Олар туралы жалпы мәліметтер. Өнеркәсіптік қолданылуы. Өенркәсіптік минералдар. Қысқаша сипаттамасы бар берілген топтардың минералды шикізаты түрлерінің өнеркәсіптік кенорындарының генетикалық түрлері. Таралу аудандары. Қазақстанның кенорындары. Қысқаша сипаттама: Глуховецк каолиндер кенорны (Украина), Амангелді ауданының отқа төзімді саздарының кенорындары (Қазақстан), Алексеев каолин кенорны (Қазақстан), пегматитті дала шпатты кенорындар (Қазақстан), Люберецк кварцты құмадр кенорны (Ресей), Ақсораң волластонит кенорны (Қазақстан), Саткинск магнезит кенорны (Ресей).

Тақырып 3.5 Құрылыс материалдарының кенорындары

Топтың негізгі өкілдері: гипс және ангидрит, әктастар, доломиттер, мергелдер, трепел, диатомит, опока, спонголит, құма және гравий, құмдауыттар, магмалық және метаморфты жыныстар. Олар туралы жалпы мәліметтер. Өнеркәсіптік қолданылуы. Өнеркәсіптік кенорындардың генетикалық түрлері. Таралуы аудандары. Жеке кенорындарының қысқаша сипаттамасы: Новоресей керішті мергелдердің кенорны (Ресей), Батыс Қазақстанның бор кенорындары, Солтүстік Қазақстанның опал-кристобалиттті жыныстардың кенорны, Орталық Поволжье диатомиттер кенорны (Ресей), Қазақстанның құмды-гравийлі-малтатасты кенорындары, Қазақстанның құрылыс тастарының кенорындары, Қазақстанның келбеттеу тастарының кенорындары.

Тақырып 3.6 Бағалы, техникалық және әшекей тастардың кенорындары

Топтың негізгі өкілдері - бағалылар: алмас, лағыл, сапфир, зүбаржат, александрит, асыл шпинель, асыл жылтыр тас, эвклаз, хризолит, аквамарин, гелиодор, рубеллит, топаз, индиголит, демантоид, циркон, күлгінтас, раухтопаз, цитрин, гиацинт; әшеке тастар: малахит, азурит, нефрит, лазурит, амазонит, лабрадор, родонит, авантюрин, халцедон және оның түрлері, ақық және оның түрлері, везувиан, қызғылт кварц, яшма, обсидиан, селенит, серпентинит, агальматолит, флюорит, чароит, уваровит, айлы тас, адуляр, кахолонг; техникалық тастар: алмас, корунд, лағыл, топаз, нефрит, ақық, яшма, барит, исландия шпат, сутас және оның түрлері, гранаттар, турмалин. Өнеркәсіптік кенорындарының генетикалық түрлері. Кенорындары таралуының генетикалық ерекшеліктері мен жалпы заңдылықтары. Қазақстанның тасжарқырауықты шикізаты.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

  • өмір бойы білімдері мен дағдыларын жаңарту;

  • нәтижеге қарай сапалы жұмыс жасау;

  • жұмыс уақытын жоспарлау.

«Металды емес пайдалы қазба кенорындары» бөлімінің тәжірибелік жұмыстарының ұсынылатын тақырыптары № 12 (тақырып 3.2.) - № 13 (тақырып 3.3) - № 14 (тақырып 3.4.) - № 15 (тақырып 3.5.) - № 16 (тақырып 3.6.)

Тақырыптың құрамына енетін, түрлі генетикалық типтердің өнеркәсптік кенорындарының тау жыныстарының кендерінен тұратын үлгілермен және кен үлгілерімен жұмыс жасау. Кенорындарының геологиялық құрылысын оқып білу және оларды бланкілі картаға салу. Жеке кенорындарының геологиялық карталары мен геологиялық қималарын құрастыру және сызу. Геологиялық карталар және геологиялық қималар бойынша кенорындардың геологиялық құрылысын сипаттауды орындау. Барлаудың тәсілін және барлаудың негізгі параметрлерін таңдауға ықпал ететін, кенорындардың геологиялық құрылысының негізгі ерекшеліктері мен жатыс жағдайларын (кенді денелердің морфологясын және көлемін, кенді денелердің сыналану сипатын және оның құрамына енетін жыныстармен жапсарласу сипатын, кенді денедегі пайдалы компоненттердің таралу сипатын және басқаларын) анықтау. Сәйкес минералды шикізат өнімінің жеке түрлерімен танысу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]