Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР(геологтар).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
202.75 Кб
Скачать
  1. Оқу пәнінің мазмұны

Кіріспе

«Пайдалы қазбалар» оқу пәнінің мазмұны мен маңызы. Пайдалы қазбалар туралы ілімнің геологиялық ғылымның басқа бағыттарымен байланысы. Экономикадағы пайдалы қазбалардың маңызы. Пайдалы қазбалар туралы ілімнің даму тарихынан негізгі мәліметтер. Пайдалы қазбалар саласындағы алдыңғы қатарлы ғалымдар.

Тақырыпты аяқтаған соң

Біледі:

  • оқу пәнінің мәнін және оның өзге геологиялық бағыттағы ғылымдардың ішіндегі алатын орнын;

  • өткен жылдар әйгілі ғалым – геолог аттарын және олардың қызмет облысын

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

  • өмір бойы білімдері мен дағдыларын жаңарту;

  • нәтижеге қарай сапалы жұмыс жасау;

  • жұмыс уақытын жоспарлау.

Бақылау сұрақтары:

  1. Пайдалы қазбалардың мемлекет экономикасында алатын орны.

  2. Пайдалы қазбалар туралы ілім облысындағы атақты ғалымдар мен олардың еңбектері.

1 Бөлім Жалпы және генетикалық бөлім

Тақырып 1.1 Негізгі ұғымдар, пайдалы қазба кенорындарының таралу аудандары, морфологиясы, құрамы мен құрылысы және жатыс жағдайлары.

Пайдалы қазба. Кен. Кенді дене. Пайдалы қазба кенорны. Кенді денелердің негізгі формалары және олардың сипаттамасы. Кенді денелердің жатыс жағдайлары және олардың жатыс элементтері. Кенді денелердің айырылымды және қатпарлы бұзылыстары. Кенді денелердің минералды және химиялық құрамы. Денелердің негізгі құрылымдары мен бітімдері. Кенді денелерді зерттеу әдістері. Минералды шикізатты кешенді пайдалану. Кенді байыту туралы түсінік және байытудың қолданылатын тәсілдері.

Тақырыпты аяқтаған соң

Біледі:

  • кенді денелердің негізгі пішіндерін;

  • кенді денелердің кеңістікте орналасуын сипаттайтын элементтерді және олардың өлшемдерін;

  • кеннің заттық құрамын сипаттайтын ұғымдарды.

Меңгереді:

  • кенді денелердің табиғи ашылымдардағы, барлау қазындыларындағы, геологиялық графикадағы жатыс элементтерін өлшеуді;

  • үлгілер бойынша оның құрылысы мен бітімін ажыратуды.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

  • өмір бойы білімдері мен дағдыларын жаңарту;

  • нәтижеге қарай сапалы жұмыс жасау;

- моральды-адамгершілік нормаларды сақтау;

- қажетті ақпаратты жинау және жүйелеу;

- коммуникативті қабілеттерге, ойлау және мінез-қылық мәдениетіне ие болу.

Кәсіптік:

- минералдар мен тау жыныстарын анықтау үшін диагностикалық белгілерді қолдану;

Арнайы:

- кенді денелердің формасы мен көлемін сипаттайтын, негізгі элементтерді анықтау, олардың түзілу жағдайларын белгілеу.

Бақылау сұрақтары:

  1. Пайдалы қазбаларға нелер жатқызылады?

  2. Кен анықтамасы.

  3. Пайдалы қазба кенорнының анықтамасы.

  4. Кенбелгісі.

  5. Кенді дене анықтамасы.

  6. Пішінінің ерекшеліктері бойынша кенді денелердің топтарын атау.

  7. Кенді денелердің негізгі жатыс пішіндерін атау.

  8. Кенді денелердің негізгі жатыс пішіндеріне анықтама беру.

  9. Қисаю бұрышы.

  10. Сүңгу бұрышы.

  11. Сырғанау бұрышы қандай денелер үшін анықталады?

  12. Кеннің құрылысы мен бітімі ұғымдары.

  13. Кендердің негізгі құрылыстары мен бітмдерін атау. Кендердің қайсысыларына тән?

  14. Кенді денелерді зерттеу әдістері.

  15. Кенді байыту деп нені түсінеді?

Тақырып 1.2 Пайдалы қазба кенорындары түзілуінің геологиялық және геохимиялық жағдайлары

Жердің және жер қыртысының құрылысы мен құрамы. Металлогенді және петрогенді элементтер. Жер қыртысында химиялық элементтердің жылыстауы, концентрациясы және шашылуы, осы үрдісте пайдалы қазба кенорындарының түзілуі. Құрамы бойынша түрліше тау жыныстары бар химиялық элементтер мен минералдардың парагенетикалық ассоциацияларының түзілуі. Кенжаралудың эндогенді, экзогенді және метаморфогенді үрдістері; олардың жалпы сипаттамасы, ерекшеліктері мен әрекеттесуі. Кенжаралудың құрылымдық, магмалық, стратиграфиялық, литологиялық және палеографиялық факторлары. Пайдалы қазба кенорындары түзілуінің тереңдігі. Пайдалы қазба кенорындары затының көздері. Пайдалы қазба кенорындарының қалыптасу ұзақтығы. Пайдалы қазба кенорындары түзілуінің геохимиялық жағдайлары. Геохимиялық кедергілері туралы түсінік. Термодинамикалық, қалпына келтіргеш, сорбциялық, булану факторлары, механикалық және биохимиялық отыру факторлары, коллоидты ерітінділердің коагуляциясы және пайдалы қазба кенорындары кендерінің түлімінің басқа факторлары. Кенжаралудың кезеңдері мен сатылары.

Тақырыпты аяқтаған соң

Біледі:

  • кенжаралудың негізгі алғышарттарын, кенорындардың түрлі топтары қалыптасуының геологиялық жағдайларын;

  • химиялық элементтердің, минералдардың, тау жыныстарының парагенетикалық ассоциацияларын;

  • геосинклиндердегі, платформалардағы, мұхиттардағы кенжаратылыстарының ерекшеліктерін.

Меңгерді:

  • тау жыныстарының литологиялық-петрографиялық құрамын талдау негізінде тұжырым жасау.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

  • өмір бойы білімдері мен дағдыларын жаңарту;

  • нәтижеге қарай сапалы жұмыс жасау;

Кәсіптік:

- геологиялық карталарда жыныстардың жасын, жатыс формаларын және айырылымды бұзылыстардың түрлерін анықтау;

- минералдарды, кендерді және тау жыныстарын далалық макроскопиялық анықтаудың әдістерін қолдану;

- минералдар мен тау жыныстарын анықтау үшін диагностикалық белгілерді қолдану;

- пайдалы қазба кенорындарын іздеу кезінде минералдардың парагенезисі туралы білімдерді пайдалану.

Арнайы:

- кенді денелердің формасы мен көлемін сипаттайтын, негізгі элементтерді анықтау, олардың түзілу жағдайларын белгілеу.

Бақылау сұрақтары:

  1. Кларк ұғымы.

  2. Жер қыртысының құрамында басым элементтер. Олардың пайыздық мөлшері.

  3. Петротектік және металлотектік элементтерге мысал. Оларды кім бөліп шығарды?

  4. Элементтердің миграциясы қандай күйде өтіп жатады?

  5. Паратектік ассоциация ұғымы.

  6. Магмалық жыныстармен байланысты минералдармен элементтердің паратектік ассоциациясына мысал келтіру.

  7. Қалдықты үгілу қыртысымен байланысты минералдар мен элементтердің паратектік ассоциациясына мысал келтіру.

  8. Шөгінді тау жыныстарымен байланысты минералдар мен элементтердің паратектік ассоциациясына мысал келтіру.

  9. Пайдалы қазба кенорындарының зат көздері.

  10. Кенжаратылыс кезеңдері деп нені түсінеді? Осы кезеңдерді атаңдар.

  11. Кенжаратылыс сатылары.

Тақырып 1.3 Пайдалы қазба кенорындарының бөлінуі.

Жіктеулердің мәні мен маңызы. Жіктеулердің негізі. Пайдалы қазба кенорындарының генетикалық жіктелуі және оның негізгі жіктеу белгілері. Эндогенді, экзогенді және метаморфогенді кенорындар. Сингенетикалық және эпигенетикалық кенорындар. Пайдалы қазба кенорындарының өнеркәсіптік жіктелуі. Өнеркәсіптік және өнеркәсіптік емес кенорындар. Кондициялар туралы түсінік.

Тақырыпты аяқтаған соң

Біледі:

  • тектік көрсеткіш пен өнеркәсіптік қолдану бойынша ПҚК жіктелуін.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

Базалық:

  • өмір бойы білімдері мен дағдыларын жаңарту;

  • нәтижеге қарай сапалы жұмыс жасау;

Бақылау сұрақтары:

  1. Минералды шикізатың барлығ түрін қандай топтарға бөледі?

  2. Металлдармен бейметаллдардың арасында аралық орын алатын шикізат түрлерін атаңдар.

  3. А.Г. Бетехтин жіктемесі бойынша металлдар топтарын атау.

  4. Бейметалл минералды шикізат түрлері.

  5. И.Ф. Романович бойынша минералды шикізаттың жіктелуі.

  6. В.И Смирнов бойынша ПҚК тектік жіктелуі.

  7. Сингенетикалық және эпигенетикалық кенорындардың айырмашылықтары.

  8. Өнеркәсіптік кондициялар дегеніміз не?

Тақырып 1.4 Пайдалы қазбалардың эндогенді кенорындарының түзілуі

Кенжаралудың эндогенді үрдістерінің жалпы сипаттамасы және олардың жіктелуі.

Магмалық кенорындар: түзілудің физикалық-химиялық және геологиялық жағдайлары; кенорындарының жіктелуі; түзілу жағдайлары, жатыс жағдайлары, кенді денелердің формалары, кенді денелердің құрамы мен құрылысы, ертемагмалық, кейінгі магмалық және ликвациялық кенорындары кендерінің құрылымы мен бітімі; кенорындардың мысалдары.

Пегматитті кенорындар: жалпы мәліметтер; физикалық-химиялық және геологиялық жағдайлар; пегматиттердің түзілу болжамдары; жатыс жағдайлары, денелердің формалары, пегмматитті денелердің құрамы мен құрылысы, кеннің құрылымы мен бітімі; пегматитті кенорындарының бөлінуі; кенорындарының мысалдары.

Карбонатитті кенорындар: карбонатиттерді анықтамасы, таралуы мен бөлінуі; физикалық-химиялық және геологиялық жағдайлары; карбонатиттердің түзілу болжамдары; жатыс жағдайлары, кенді денелердің формалары, олардың құрылысы мен құрамының ерекшеліктері, кеннің құрылымы мен бітімі; кенорындарының мысалдары.

Скарнды кенорындар: скарндардың анықтамасы; жапсарлы метаморфизмнің түрлері; метасоматоз; физикалық-химиялық және геологиялық жағдайлар; скарнадрдың түзілу болжамдары; кенді денелердің жатыс жағдайлары, морфологиясы, құрамы мен құрылысы, кенннің құрылымы мен бітімі; кенорындардың мысалдары.

Альбитит-грейзенді кенорындар: кенорындарының ерекшеліктері; түзілудің физикалық-химиялық және геологиялық жағдайлары; кенді денелердің формалары, жатыс жағдайлары, құрамы мен құрылысы, кеннің құрылымы мен бітімі; кенорындарының мысалдары.

Гидротермалды кенорындар: түзілудің физикалық-химиялық жағдайлары; гидротермалды ерітінділердің анықтамасы мен жалпы мәселелері, табиғаты; су көздері; минералды зат көздері; гидротермалды кенорындарының түзілуіндегі температура және қысым; гидротермалды кенорындарының түзілуі туралы болжамдар; магматогенді болжам; гидротермалды ерітінділерді магмадан ажырату; ерітінділердің физикалық-химиялық сипаттамасы; гидротермалды ерітінділердің минералды қоспаларды тасымалдауының формалары; олардың жер қыртысыныда қозғалуының себептері; ерітінділерден заттардың түзілімінің себептері мен тәсілдері; кенорындар түзілуінің геологиялық жағдайлары (магмалық жыныстардың формацияларымен байланыс); гидротермалды кенорындарының белдемділігі; кенді денелерден тұратын тау жыныстарының гидротермалды өзгеруі; кенді денелердің жатыс жағдайлары, формалары, құрамы мен құрылысы; кеннің құрылым мен бітімі; гидротермалды кенорындарының жіктелуі: плутоногенді, жанартаулы және магматогенді кенорындар және олардың қысқаша сипаттамасы; кенорындарының мысалдары.

Колчеданды кенорындар: кенорындарының ерекшеліктері; түзілудің физикалық-химиялық және геологиялық жағдайлары; кенді денелердің морфологиясы мен құрылысы, кеннің құрылымы мен бітімі; кенорындарының мысалдары.

Тақырып 1.5 Пайдалы қазбалардың экзогенді кенорындарының түзілуі

Кенжаралудың экзогенді үрдістерінің жалпы сипаттамасы, пайдалы қазбалардың экзогенді кенорындарының жіктелуі.

Мору кенорындары: мору кенорындары түзілуінің физикалық-химиялық және геологиялық жағдайлары; мору қыртысының кескіндері мен белдемділігі; мору қыртысының қалыптасуы туралы болжам; мору қыртысының минералды түзілімдері; мору қыртысы кенорындарының бөлінуі; қалдықтық және инфильтрациялық кенорындар; кенді денелердің түзілу үрдістері, морфологиясы, жатыс жағдайлары, құрамы мен құрылысы, кеннің құрылымдары мен бітімдері; кенорындарының мысалдары. Мору аймағында пайдалы қазба кенорындарының беткі бөліктерінің өзгеруі; кенорындардың беткі бөліктерінің химиялық өзгерістері; тотыққан кендердің бітім ерекшеліктері; тотығ аймағында кенжаратушы минералдардың төзімділік деңгейі бойынша кенорындарының жеке топтарының бөлінуі; кенді кенорындарды екінші рет байыту аймағы; кенді денелердің және шығулардың механикалық өзгеруі.

Шашылымды кенорындар: түрлі генезистеі шашылымдардың қалыптасу ерекшеліктері; генезистері бойынша шашылымды кенорындарды бөлу; шашалымдар түзілуінің геологиялық жағдайлары; шашылымдардың морфологиясы мен жатыс жағдайлары; кенорындарының мысалдары.

Шөгінді кенорындар: шөгінді кенорындарының ерекшеліктері; кенорындар түзілуінің физикалық-химиялық және геологиялық жағдайлары; кенорындарының түзілуіндегі шөгінділердің механикалық дифференциациясының ролі; механикалық шөгінділердің кенорындары; кенорындарының түзілуіндегі шөгінділердің химиялық дифференциациясының ролі; химиялық шөгінділердің кенорындары; шөгінділердің фациялық құрамы; кендердің жатыс жағдайлары, құрылымы, бітімі; кенорындарының мысалдары; биохимиялық шөгінді кенорындар, олардың түзілу жағдайлары, кенді денелердің морфологиясы, жатыс жағдайлары, құрылысы; кенорындарының мысалдары.

Тақырып 1.6 Пайдалы қазбалардың метаморфогенді кенорындарының түзілуі.

Кенжаралудың метаморфогенді үрдістерінің жалпы сипаттамасы, метаморфогенді кенорындарының жіктелуі; метаморфогенді кенорындары түзілуінің физикалық-химиялық және геологиялық жағдайлары; метаморфталған және метаморфты кенорындары; олардың жатыс жағдайлары, кенді денелердің морфологиясы, құрылысы мен құрамы; кендердің құрылымы мен бітімі; кенорындарының мысалдары.

Тәжірибелік жұмыстардың ұсынылатын тақырыптары

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]