Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР(геологтар).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
202.75 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

ҚМҚК «Геологиялық барлау колледжі» Семей қ.

Бекітемін

Директордың О ж ӨІ

бойынша орынбасары

__________ Бурмистров А.Б.

«______»__________20___ж.

ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

___«ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР»___

(оқу пәнінің (тәжірибенің) атауы)

мамандық: 0701000 «Геологиялық суретке түсіру, пайдалы қазба кенорындарын іздеу мен барлау»

(Классификатор бойынша мамандық атауы және код)

Семей қ.

2011ж

Авторы: Есенаманов Д.Р., Шығыс Қазақстан облыстық

әкімдігінің Білім басқармасы Семей қ.

«Геологиялық барлау колледжі» КМҚК арнайы

пәндер оқытушысы

______________________________________

Бағдарлама ӨЦК отырысында қаралды және бекітілді

______________________________________________

Хаттама №_____ «___» ___________2011ж.

Төраға: Москальцова М.С.

Мазмұны

бет

1.

Түсіндірме жазба

4

2.

Оқытудың жоспарланған нәтижелері

5

3

Пәннің тақырыптық жоспары

7

4

Оқу пәнінің мазмұны

9

5

Білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды бағалау критерийлері

37

6

Әдебиеттер және оқыту құралдары

40

1. Түсіндірме жазба

«Пайдалы қазбалар» пәні бойынша оқу бағдарламасы 0701000 «Геологиялық суретке түсіру, пайдалы қазба кенорындарын іздеу мен барлау» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының білімінің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына ҚР МЖМБС 4.05.014-2009 сәйкес жасалды.

Оқу бағдарламасы жоғары және орта буын маманы біліктілік деңгейлері бойынша негізгі және жалпы орта білім негізінде білім алушыларға арналған.

Пәннің негізгі мақсаты білім алушылардың геологиялық ойлуын, ғылыми көзқарасын, геологияны терең түсінуін қалыптастыру, пәнге деген танымдық қызығушылықты дамыту, туған жерге және туған өлкесіне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу болып табылады.

Бұл оқу бағдарламасы пайдалы қазба кенорындарының морфологиясы, құрамы, құрылыс, түзілу және жатыс жағдайлары туралы; пайдалы қазба кенорындарының генетикалық жіктелуі туралы; минералды шикізаттың қолданыс аймақтары туралы мәселелерді оқып білуді көздейді.

Бұл оқу бағдарламасы «Жалпы химия», «География», «Физика», «Экономика негіздері», «Жалпы геология», «Кристаллография, минералогия және петрография», «Құрылымдық геология және геокартографиялау» пәндері бойынша білім алушылардың білімдеріне, іскерліктері мен дағдыларына негізделеді.

«Пайдалы қазбалар» пәнін оқып білу кезінде пәндермен – ПҚК іздеу мен барлаудың әдістемесімен, технологиялық және диплом алды тәжірибелермен ықпалдастық жүргізу қажет.

Оқу материалын оқытуды, геоелогиялық ғылымдар саласында Халықаралық ұйымдармен қабылданған терминология мен белгілеулердің бірлігін есепке алып, баяндау қажет. Түрлі химиялық, физикалық, өлшем бірліктерін пайдаланған кезде өлшемдердің Халықаралық жүйесінің стандарттарын қатаң сақтау қажет. Стандарттардың талаптарын дәл орындау, қолданыстағы нормативтік құжаттар мен әдістемелік нұсқауларды пайдалана алу, кез келген зерттеудің, соның ішінде геологиялық барлау зерттеуінің ғылымилығы мен сенімділігін арттырады.

Орта буын мамандары үшін – 181 сағат (91 сағат – теория, 90 сағат – тәжірибелік сабақтар), бақылау жұмыстарын, тестілеу, сынақ пен емтихан жүргізу үлгілік оқу жоспарымен көзделеді.

Барлық өзгертулер оқу орындарының пәндік (циклдық) комиссияларының шешімі бойынша енгізіледі және оқу ісі бойынша директордың орынбасарымен бекітіледі.

«Пайдалы қазбалар» пәнін оқып білу келесі құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған:

Базалық:

  • өмір бойы білімдері мен дағдыларын жаңарту;

  • нәтижеге қарай сапалы жұмыс жасау;

- моральды-адамгершілік нормаларды сақтау;

- қажетті ақпаратты жинау және жүйелеу;

- коммуникативті қабілеттерге, ойлау және мінез-қылық мәдениетіне ие болу.

Кәсіптік:

- нұсқаулық талаптарға сәйкес қималарды құру және графикалық қосымшаларды рәсімдеу;

- геологиялық карталарда жыныстардың жасын, жатыс формаларын және айырылымды бұзылыстардың түрлерін анықтау;

- минералдарды, кендерді және тау жыныстарын далалық макроскопиялық анықтаудың әдістерін қолдану;

- минералдар мен тау жыныстарын анықтау үшін диагностикалық белгілерді қолдану;

- пайдалы қазба кенорындарын іздеу кезінде минералдардың парагенезисі туралы білімдерді пайдалану.

Арнайы:

- персоналды компьютерде жұмыстарды рәсімдеу;

- кенді денелердің формасы мен көлемін сипаттайтын, негізгі элементтерді анықтау, олардың түзілу жағдайларын белгілеу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]