Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әдистем.нұсқау модул бойынша ПС+МС+ОДС+ЭС 2 сем...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
292.35 Кб
Скачать

Семей қаласының мемлекеттік медициналық университеті

1 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА

Арналған әдістемелік нұсқаулар

Мамандығы: 5В130100 “Жалпы медицина”

Пәні: Патологиялық физиология

Кафедра: Физиологиялық пәндер кафедрасы

Курсы: 3, VI семестр

Модуль: 6 “Несептік жыныстық жүйесі”

Тақырыбы: Несеп шығару жүйесінің қабыну ауруларының патофизиологиялық

сипаттамасы. Обструктивті уропатиялар.

Құрастырушы:

доцент, м.ғ.к. ____________Н.М.Уразалина

Семей – 2009

1 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА

Арналған әдістемелік нұсқаулар

Мамандығы: 5В130100 “Жалпы медицина”

Модуль: 6 “Несептік жыныстық жүйесі”

Тақырыбы: Несеп шығару жүйесінің қабыну ауруларының патофизиологиялық

сипаттамасы. Обструктивті уропатиялар.

Мақсаты:

- несептік-жыныстық жүйесі зақымдануының негізгі синдромдар кезінде патофизиологиялық тетіктерін түсіндіру.

Оқыту мақсаты:

Студент білуі қажет:

- зәр шығару мен жыныс жүйесінің негізгі синдромдарының себептері мен даму тетіктерін;

- диурез бен зәр құрамының өзгеруін, зәрдің ренальдық және экстраренальдық шығу тегінің дерттік құрамының бөліктерін.

Студент үйренуі қажет:

- зәр талдауындағы өзгерістерді интерпретациялау.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Бүйрек қызметтері бұзылыстарының жалпы этиологисы және патогенезі. Балалардағы ерекшелік.

  2. Бүйрек гемодинамикасының, несеп ағуының бұзылыстары. Бүйрек ұлпасының бүлiнiсi.

  3. Несеп түзiлудiң жүйкелiк-гуморалдық реттелуiнiң бұзылыстары, бүйректiк энзимопатиялар.

  4. Шумақтық түзiлудiң, проксималды және дисталды түтiкшелiк қайта сорылудың, түтiкшелiк секреция және экскреция бұзылыстарының жолдары, бiрiккен бұзылыстар.

  5. Диурез және несеп құрамының бұзылыстары: полиурия, олигоурия, анурия, гипо- және гиперстенурия, изостенория.

  6. Несептің бүйректе және бүйректен тыс пайда болған дерттік құрылымдық бөліктері.

  7. Тұқым қуалайтын түтiкше дертiнiң көрiнiстерi.

  8. Бүйрек қызметiң зерттеу ұстанымдары, клиренс-сынама туралы түсiнiк.

  9. Нефро- және уролитиаз. Бүйректi тастар түзiлуiнiң себептерi және жолдары, бүйрек-тас ауруы.

Білім берудің және оқытудың әдістері:

Пікірталас, тәжірибелер орындау, хаттамалар толтыру, нәтижелерін талқылау.

Практикалық жұмыс

Тәжiрибе № 1. зәрде белоктын сапасын анықтау.

а) сульфосалицил қышқылымен проба: 2 пробирка алып онын әр қайсысына 2-3 см3 зәр құяды, сосын 1 пробиркаға 2 тамшы 10-тiк сульфосалицил қышқылын (2-шi пробирка-бақылау) құяды. Белок бар екенiң лайлану арқылы көремiз.