Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әдистем.нұсқау модул бойынша ПС+МС+ОДС+ЭС 2 сем...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
292.35 Кб
Скачать

3. Оқыту мақсаты:

Студент білуі қажет:

  • Бауыр патологиялық бұзылыстарының негізгі синдромының себептері мен патогенезін

  • Нәрестелердің сарғаю синдромының этиологиясы мен патогенезін

  • Бауыр жетіспеушілік синдромын

Студент үйрену қажет:

Ван Дер Берг бойынша билирубин мөлшерін анықтау

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Бауыр жетіспеушілік синдромының жалпы этиологиясы мен патогенезі, зат алмасудың бұзылуы.

  2. Портальды гипертензия дамуының түрлері мен механизмдері.

  3. Сарғыштанулар, олардың түрлері: гемолиздік, ұлпалық және механикалық сарғыштанулардың көріністері, себептері, даму жолдары.

  4. Холемия және ахолия синдромдары.

  5. Балалардағы бауырдың функциялық дамып жетілмеу көріністері

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтарда пікір талас, тәжерибе жасау

Тәжірибе № 1: Бақаның жүрек жумысының ырғағына өттін әсері

Қозғалыссыз бақанын құрсағын жоғары қаратып тақтайшаға бекiтедi, кеуде құысын ашып, жүрек қабын кесiп, жүректi жалаңаштайды. Жүрек соққысын 1 минут арасында есептейдi. Сосын жүрекке пипетка көмегiмен бiрнеше тамшы әртүрлi-концентрациядағы (1:10, сосын 1:5, 1:2, толық өт) өттi тамызады. Әрбiр аппликациядан кейiн жүректi физ.ерiтiндiсiмен жуады. Жүрек жиырлу ырғағының өзгеруiн бақылайды.

Нәтижесi:

Қорытынды:

Тәжірибе № 2: Бакальчук модификациясында Ван-Дер-Берг бойынша

билирубинді анықтау.

Пробиркалар реті алынады: 1,2,3,4,5,6,7,8,9. Барлық прбиркаларға 0,5 мл дистирленген су құйылады, бірінші және екінші пробиркаларға 0,5 мл сарысу құйылады, 2 ші пробирка араластырылып, сосын 0,5 мл мөлшері 3 ші пробиркаға құйылады, 3ші пробиркадан 0,5 мл 4 ші прбиркаға құйылады ары қарай т.с.с, ең соңғысынан 0,5 мл төгіледі. Пробиркалар ішіндегі сұйықтық штативті қозғалту арқылы араластырылады.Әрбір прбиркаға 0,5 мл реактив құйылады. Тура реакция болғанда нәтижесі 3 минуттан кейін оқылады. Неғұрлым сарысу құрамында билирубин мөлшері көп болса, соғұрлым түсі қызғылт болады. 1 мл сарысуда 0,016 мг билирубин болса минимальды қызғылт түстің пайда болатындығы анықталған. Мына мөлшерде 1/16 (5 пробирка) араластырған кезде боялу байқалды десек, 1/16 (5 пробирка), 100 мл сарысудағы мг билирубин мөлшерін анықтау үшін 16 х 0,016 мөлшері қажет және алынған нәтижені 100 мл ға көбейту керек.Егер 1 ші прбиркада бірден боялу байқалса, онда реакция тура, егер біраз уақыт өткен соң байқалса реакция тура ақырындаған.Егер 1 ші пробиркада боялу байқалмса, онда реакция тура емес.Сау дамда Ван-Дер-Берг реакциясы тура емес.Билирубин мөлшері Бакальчук бойынша 1,6-6,25 мг %

ПРОБИРКАЛАР БИЛИРУБИН МӨЛШЕРІ

1 1/2 3,2 мг %

2 1/2 3,2 мг %

3 1/4 6,4 мг %

4 1/8 12,8 мг %

Нәтижесі:

Қорытынды: