
- •Семей мемлекеттік медициналық университеті
- •Әдістемелік нұсқау
- •Әдістемелік нұсқау
- •1. Тақырыбы: Ұйқы безі секрет бөлу қызметінің бұзылыстары. Балалардағы ерекшеліктері.
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиеттер:
- •Iшек перистальтикасының күшеюі қандай сілекей бөлінудің жағдайын көрсетеді:
- •Iшек перистальтикасын күшейтетiн этиологиялық факторды көрсет:
- •Iшек перистальтикасының азаюы келесi этиологиялық факторларда анықталуы, тек:
- •Әдістемелік нұсқау
- •1. Тақырыбы: Бауыр патофизиологиясы. Балалардағы ерекшеліктері.
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Нәтижесi:
- •6. Әдебиеттер:
- •Семей қаласының мемлекеттік медициналық университеті
- •Арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Практикалық жұмыс
- •Нәтижесi:
- •Нәтижесi:
- •Нәтижесi:
- •7. Әдебиет
- •Арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Ситуациялық есептер
- •7. Әдебиет
- •1. Созылмалы гломерулонефритке тән зәр симптомдарын ата:
- •2. Нефротикалық синдромда iсiктiң дамуына әкелетiн факторлар:
- •4. Гломерулонефрит дамуын қандай қоздырғыш шақырады:
- •6. Нефротикалық синдром немен көрiнедi:
- •7. Жедел диффузды гломерулонефрит дамуының этиологиялық факторларын көрсет:
- •Арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Ситуациялық есептер
- •Семей қаласының мемлекеттік медициналық университеті
- •Арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Ситуациялық есептер
- •1. Есеп
- •2. Есеп
- •3. Есеп
- •5. Есеп
- •Семей қаласының мемлекеттік медициналық университеті
- •Арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Арналған әдістемелік нұсқау
- •3. Оқыту мақсаты:
- •4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5. Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:
- •6. Әдебиет
5. Оқыту мен сабақ жүргізудің тәсілдері:
Шағын топтарда жұмыс істеу, пікір-талас өткізу.
Қалқанша безінің өзгерген функциялық жағдайы тән жануарларда гипоксия дамуы ерекшеліктерінің нәтижесі бойынша студенттер бейэндокриндік дерт дамуындағы осы бездің гормондарының рөлін дәлелдеуі қажет.
Тәжірибе: Гипо- және гипертиреозды үлгілеу, ағза реактивтілігінде қалқанша безінің функциялық жағдайының рөлін анықтау.
3 егеуқұйрық алады, бақылау, гипертиреозбен ауыратын (тағаммен бірге 5 тәулік бойы 30 мг метилтиоурацил 100 гр салмаққа қабылдаған) егеуқұйрықтарды шыны ыдысқа салады. Бастапқы тәртібін бақылайды, көрінген кілегей қабықтың түсін қарап, тыныс алу қозғалыстарын есептейді.Содан кейін герметикалық қантамырларды жабады және 5, 10, 15, 20 және 30 минут аралықтарында жоғарыдағы көрсеткіштерді бақылайды.
Бақылау нәтижелерін кестеге жазады.
Негізгі көрсеткіштер |
Зерттеу кезеңі |
Тыныс қозғалыстарының саны |
Тәртібі, кілегей қабықтың түсі |
Тырысудың пайда болу уақыты |
Бақылау |
Бастапқы 5 мин соң 10 мин соң 15 мин соң 20 мин соң 30 мин соң |
|
|
|
Гипертиреоз |
Бастапқы 5 мин соң 10 мин соң 15 мин соң 20 мин соң 30 мин соң |
|
|
|
Гипотиреоз |
Бастапқы 5 мин соң 10 мин соң 15 мин соң 20 мин соң 30 мин соң
|
|
|
|
Қорытынды:
6. Әдебиет
Негізгі:
Патофизиология //Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. – Томск: Изд-во Том. ун-та, 2006
Литвицкий П.Ф. Патофизиология6 учебник + СД. – 4-е изд. – М., 2008. – 469 с.
Ефремов А.В. Основные понятия частной патофизиологии: учебное пособие.– М., 2008.– 160 с.
Дәріс жиынтығы.
Қосымша:
1. М.А.Жуковский. Детская эндокринология.-М., Медицина,1982г.-448с.
2. Н.В.Кобозева, Ю.А.Гуркин “Перинатальная эндокринология”руководство для врачей.-
Л.,Медицина,1986г.-310с.
3. В.Шрейбер “Патофизиология внутренней секреции”. –Прага,1987г.
4. Синдром Ишенко-Кушинга под ред.В.Г.Баранова.-Л.,Медицина,1988г.-224с.
5. М.В.Угрюмов “Нейроэндокринная регуляция в онтогенезе”.-М., Наука,1989г.
6. М.И.Балаболкин “Эндокринология”. Учебное пособие для субординаторов и интернов.-
М.,Медицина,1989г.-415с.
7. Ж.Абылаев и др. Влияние вредных экологических факторов на эндокринную систему.-
Алматы,1995г.-95с.
8. П.Ф.Литвицкий Патофизиология (курс лекций). -М.,Медицина,1997г.
7. Бақылау: Сабақтың тақырыбы бойынша сұқбақтасу, бастапқы білімін тест- бақылау бойынша анықтау.
1. Ересек жаста гипофиздiң алдыңғы бөлiгiнiң эозинофильдi аппаратының
гиперфункциясы кезiнде дамиды:
1. гигантизм
2. Адиссон ауруы
3. акромегалия
4. Симонд ауруы
5. бiрiншiлiк гиперальдостеронизм
2. Тиреотропты гормон өнiмiнiң таңдамалы жоғарылауы мынаның дамуына әкеледi:
1. гигантизм
2. акромегалия
3. тиреотоксикоз
4. Иценко-Кушинг синдромы
5. эндемиялық зоб
3. Адренокортикотропты гормон өнiмiнiң таңдамалы жоғарылауы мынаның дамуына әкеледi:
1. Иценко-Кушинг ауруы
2. феохромоцитома
3. акромегалия
4. гипофизарлы нанизм
5. бiрiншiлiк гиперальдостеронизм
4. Кортикостероидтардың тежегiш әсерiне гипоталамикалық құрылымдардың
сезiмталдығының төмендеуi қандай эндокриндiк бұзылысқа әкеледi:
1. жыныс бездерiнiң атрофиясы
2. бүйрекүстi безiнiң милы қабатының гипофункциясы
3. қалқанша без гиперплазиясы
4. бүйрекүстi безiнiң қыртысының гиперплазиясы
5. бүйрекүстi безiнiң қыртысының гипоплазиясы
5. Тиреоидты гормондар биосинтезiнiң туа бiткен аномалиясы қандай патологияға
әкеледi:
1. ересек жастағы микседема
2. тиреотоксикозға
3. қалқанша бездегi түйiндi өзгерiске
4. кретинизмге
5. эндемиялық зобқа
6. Иценко-Кушинг синдромы мынаның гиперфункциясы кезiнде пайда болады:
1. бүйрекүстi безi қыртысының шумақ зонасының
2. қыртыстың торлы зонасының
3. қыртыстың шоғырлы зонасының
4. бүйрекүстi безiнiң барлық қыртысының
5. бүйрекүстi безiнiң милы қабатының
7. Гиперкортизолизм кезiндегi көмiрсу алмасуының ерекшелiктерiн көрсетiңiз:
1. анурия
2. ОЦН-төмендеуi
3. демiкпе
4. артериалды қысымның жоғарылауы
5. артериалды қысымның төмендеуi
8. Туа бiткен қалқанша без аплазиясы кезiнде қандай ауру дамитынын көрсетiңiз:
1. эндемиялық зоб
2. бала микседемасы
3. ересектер микседемасы
4. кретинизм
5. аутоиммунды тиреодит
9. Егер ананың планцентарлы барьерi арқылы ұрық қанына тиреотропты гормон түсiп тұрса қандай ауру дамитының көрсетiңiз:
1. туа бiткен гипотиреоз
2. тетания
3. туа бiткен гипертиреоз
4. фиброзды остеодистрофия
5. гиперпаратиреоз
10. Гипотиреоз кезiнде тiңдер белоктарына метиониннiң қосылуының азаюы көрсетедi:
1. энергетикалық алмасу азаюы
2. белокты алмасу азаюы
3. гликоген ыдырауының азаюы
4. iшекте глюкозаның сiңiрiлуiнiң азаюы
5. липидтi алмасу бұзылуы