Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әдистем.нұсқау модул бойынша ПС+МС+ОДС+ЭС 2 сем...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
292.35 Кб
Скачать

G-041.07.01.13-2007

Ред. 2.

Бет 1 тен 37

Семей мемлекеттік медициналық университеті

1 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН

Әдістемелік нұсқау

Мамандығы: 5В130100 “Жалпы медицина”

Пәні: Патологиялық физиология

Кафедра: Физиологиялық пәндер кафедрасы

Курсы: 3, VІ семестр

Модул: 5. Ас қорыту жүйесі

Құрастырушы:

аға оқытушы ________ М.М.Канафина

Семей – 2009 ж.

2 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН

Әдістемелік нұсқау

Мамандығы: 5В130100 “Жалпы медицина”

Модул: 5. Асқорыту жүйесі

1. Тақырыбы: Ұйқы безі секрет бөлу қызметінің бұзылыстары. Балалардағы ерекшеліктері.

2. Мақсаты: Ас қорыту жүйесінің патофизиология білімін игеру, ұйқы безі секрет бөлу қызметінің төмендеуінің патогенезі

3. Оқыту мақсаты:

Студент білуі қажет:

  • Ас қорыту жүйесінің негізгі синдромдарының пайда болу себептері мен даму механизмдерінін

  • Мальабсорбция синдромын

  • Ішек қызметі бұзылуының себептері мен даму механизмдерін

Студент үйрену қажет:

Ұйқы безі секрет бөлу қызметінің бұзылыстарының түрін анықтау

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Ұйқы безінің экзокринді қызметінің бұзылысы.

  2. Жедел және созылмалы панкреатитін этиология мен патогенезі.

  3. Ішектік диспепсия синдромы дамуының себептері мен механизмдері.

  4. Ішектің моторлық және тосқауыл-қорғаныштық қызметінің бұзылысы.

  5. Балалардағы іш өтуының патогенезі.

  6. Мальабсорбция синдромы.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтардағы жұмыс, пікір- талас, жағдайлық есептерді шығару

1-ші есеп

Науқас И., 30 жаста, ас ішкеннен кейін пайда болатын қарын үсті аймағындағы ауырсыну мен толу сезімі, жүдеу және жиі сасыған кекірік шағымдарымен дәрігерге қаралды. Өзін 5 жылдай ауырып жүрмін деп есептейді. Соңғы 2 күн ішінде өзін-өзі сезінуінің нашарлауын емдәмдағы қателіктерімен (ішімдік ішкенімен) байланыстырады. Зиянды әдеттері: шылым шегеді, алкоголь қабылдайды.

Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, терісі бозғылт, тері астылық-май қабаты толық емес айқындалған. Жүрек-қантамыр мен өкпе жүйесі жағынан дерт байқалмаған.

Тілі ақ таңдақпен қапталған. Іші кепкен, пальпация кезінде қарын үсті аймағында ауырсыну байқалады. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды.

Тапсырма

1. Болжамды аңғарымды құрастырып дәлелдеңіз.

2. Қажетті қосымша зерттеулерді атап беріңіз.

3. Берілген аурудың мүмкін болатын асқынуларын атаңыз.

2-ші есеп

Науқас О., 20 жаста, 3-4 сағаттан кейін ас ішкеннен кейін, аш болған кезде, кейде түн ортасында пайда болатын ішінің қатты ауырсынуы, сүт ішкеннен кейін ғана бұл ауырсынуының басылуы шағымдарымен дәрігерге қаралды. Іш қатуына икемділік пен арықтауы анықталады. Тәбеті сақталған. Өзін бір жылдай ауырып жүрмін деп санайды.

Сыртартқысынан науқастың шылымды көп мөлшерде шегуі, ішімдікті тым артық мөлшерде қабылдайтыны белгілі болды.

Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, тері жабындылары бозғылт, тері асты шелмайы қанағаттанарлықсыз дамыған. Жүрек-қантамыр мен өкпе жүйесі жағынан дерт байқалмаған. Тілі ақ-сары таңдақпен қапталған. Ішін пальпациялаған кезде кіндіктен жоғары ортаңғы сызығынан оң жағында ауырсыну анықталады. Бауыры мен көкбауыры пальпацияланбайды.

Тапсырма

1. Болжамды аңғарымды құрастырып дәлелдеңіз.

2. Қажетті қосымша зерттеулерді атап беріңіз.

3. Берілген аурудың мүмкін болатын асқынуларын атаңыз.

3-ші есеп

Науқас 3., 62 жаста, ас қабылдағаннан кейінгі құсуы және ішінің толуы мен ауырсыну сезімдерінің пайда болуы, әлсіздіктің өсуі, тәбетінің төмендеуі, арықтау шағымдарымен дәрігерге қаралды. 5 жылдай ауырып жүр. Анацидті гастрит бойынша амбулаторлы емделген. Өзін-өзі сезінуінің нашарлауын соңғы 5 ай ішінде айқындап отыр.

Объективті: Дене қызымы 36,6°С. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Келбеті сарғыш-сұр түсті, тері тығыздығы төмендеген. Тері астылық-май қабаты толық емес дамыған.

Жүрек-қантамыр мен өкпе жүйесі жағынан дерт байқалмаған. Тілі ақ-сары таңдақпен қапталған. Ішін пальпациялаған кезде қарын үсті аймағында ауырсыну байқалады. Осы жерде қозғалмалы, әлсіз ауырсынған 3 см мөлшердегі тығыздалу пальпацияланады. Оң жақ ортаңғы бұғаналық сызық арқылы қабырғалық доғадан 1 см-ге төмен бауырдың жиегі пальпацияланады.

Тапсырма

1. Болжамды аңғарымды құрастырып дәлелдеңіз.

2. Қажетті қосымша зерттеулерді атап беріңіз.

3. Берілген аурудың мүмкін болатын асқынуларын атаңыз.

4-ші есеп

42 жасар еркек ішінің төменгі бөлігі мен сол жағындағы ауырсыну, нәжістің көп мөлшерде емес сұйық болуы, іш қатуы мен іш өтуінің кезектесуі, дәрет сындыруға ауырсынулық хабарлардың болуы, іштің кебуі шағымдарымен дәрігерге қаралды.

Әлсіздік пен тез шаршағыштық мазалай береді. Бірнеше жылдай ауырып жүр.

Объективті: дене қызымы 37,1°С.Жағдайы қанағаттанарлық. Терісі таза. Тері асты шелмай қабаты толық дамымаған. Өкпе мен жүрегі өзгеріссіз. Тілі дымқыл, ақ таңдақпен қапталған. Іші жұмсақ, тоғышек бойымен шамалы ауырсыну анықталады.

Тапсырма

1. Болжамды аңғарымды құрастырып дәлелдеңіз.

2. Қажетті қосымша зерттеулерді атап беріңіз.

3. Берілген аурудың мүмкін болатын асқынуларын атаңыз.

5-ші есеп

Науқас Г., 42 жаста, жалпы әлсіздік, дімкәстік, тез шаршағыштық, тәбетінің төмендеуі оң жақ қабырға астында ауырсыну сезімі, жүрек айнуы шағымдарымен дәрігерге қаралды. Бұдан 10 жыл бұрын жедел вирустық гепатитті басынан өткірген. Жағдайының нашарлауы 2 апта бұрын басталды.

Объективті: дене қызымы 37,3°С. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері жабындылары таза, физиологиялық түсті. Көздің ағы, жұмсақ таңдай таза, сарғыш реңкімен. Тынысы везикулалық. Жүрек үндері анық, ырғақты, ЖЖЖ минөтіне 82 рет, АҚ 120/80 мм.сын.бағ.

Тілі сары таңдақпен қапталған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астында шамалы ауырсыну байқалады. Бауыры серпімді, шамалы ауырсынады, 3 см-ге ортаңғы бұғаналық сызық арқылы қабырғалық доғаның жиегі астынан шығып тұрады. Көкбауыры пальпацияланбайды.

Тапсырма

1. Болжамды аңғарымды құрастырып дәлелдеңіз.

2. Қажетті қосымша зерттеулерді атап беріңіз.

3. Берілген аурудың мүмкін болатын асқынуларын атаңыз.