- •Жұмыс оқу бағдарламасы
- •Алматы, 2013ж.
- •1. Пәннің мақсаты мен міндеті
- •2. Пән мазмұны
- •3. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Анықтамалық әдебиеттер
- •Нормативті әдебиеттер
- •Интернет-көздері:
- •1.Жоғары мектеп психологиясының пәні мен міндеттері.
- •1.Жоғары мектеп психологиясының пәні мен міндеттері.
- •Пән туралы ақпарат
- •2. Пәннің қысқаша сипаттамасы.
- •5. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •6. Оқытуға арналған әдебиеттер
- •7. Бағалау критерийі
- •8. Оқытушы талабы.
- •Дәріс тезистері
- •1 Тақырып. Жоғары мектеп психологиясының пәні мен міндеттері
- •2 Тақырып. Жоғары оқу орнында оқытудың психологиялық теориялары мен педагогикалық тәжірибесі
- •3 Тақырып. Студент жастардың психологиясы және акмеология
- •Студент ерекшеліктерінің сипаттамасы: 1) психологиялық жағы; 2) биологиялық жағы; 3) әлеуметтік жағы.
- •9 Тақырып. Студенттер мен оқытушылардың бірлескен іс-әрекеті
- •11 Тақырып. Педагогтің кәсіби және тұлғалық дамуы
- •Жоғары мектеп оқытушыларының педагогикалық іс-әрекетінің психологиясы
- •Педагогтің кәсіби және тұлғалық дамуы
- •Ғылыми және педагогикалық шығармашылықтың динамикасы
- •Магистранттардың оқытушы жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмыстары
- •Магистранттардың өзіндік жұмыстары
- •Ағымдық, рубеждік және аралық бақылауға арналған тапсырмалар
- •1.Жоғары мектеп психологиясының пәні мен міндеттері.
- •Ұсынылатын әдебиет көздері
- •Интернет-ресурстардың тізімі
- •Глоссарий
6. Оқытуға арналған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:
Ляудис В.Я. Методика преподавания психологии. – М., 2000.
Смирнов С.Д. Педагогика и психология высшего образования. – М., 2003.
Фокин Ю.Г. Преподавание и воспитание в высшей школе. – М., 2004.
4. Ерментаева А.Р. Жоғары мектеп психологиясы: Оқулық -Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір»,2012.-492 б.
Қосымша әдебиеттер және интернет көздері:
Основы педагогики и психологии высшей школы /Под ред. А.В. Петровского. – М., 1996.
Педагогика и психология высшей школы /Отв. ред. М.В. Буланова-Топоркова. – М., 2002.
Слободчиков В.И., Исаев Е.И. Психология развития человека. – М., 2000.
Современный психологический словарь / Под ред. Б.Г.Мещерякова, В.П.Зинченко. – Владимир: Прайм-ЕВРОЗНАК, 2006.
Құсайынов А.Қ. Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы- Алматы,-2013. -196 б.
Әлімов А.Қ. Интербелсенді әдістемені ЖОО– да қолдану мәселелері.Оқу құралы/ –Алматы,2013.-448 б
www.mirknig.ru
www.kniga.ru
www.psi.ru
7. Бағалау критерийі
№ |
Жұмысының түрі |
Бағасы (максималды балл) |
Сан |
Суммасы |
|
1 |
МӨЖ |
10 |
2 |
20 |
|
2 |
Аудиториялық сабақтар |
10 |
2 |
20 |
|
3 |
Сабаққа қатынасу |
2 |
2 |
4 |
|
4 |
Аралық бақылау |
8 |
2 |
16 |
|
5 |
Қорытынды аралық бақылау |
30 |
2 |
60 |
|
6 |
Қорытынды емтихан |
40 |
1 |
40 |
|
Барлығы |
100 |
||||
8. Оқытушы талабы.
Құрметті магистрант! Сізге осы курсты оқу аясында қойылатын талаптармен танысыңыз.
1. Дәрістік және семинар сабақтарына қойылатын талаптар.
Сіздің әр сабақтағы белсенділігіңіз, шыдамдылығыңыз, орнықтылығыңыз бен жауапкершілігіңіз психологияны, оның жоғары мектептегі астарларын, мәселелерін меңгеруге ең негізгі шарт болады!
Кешігуге және сабақтан кетіп қалуға рұқсат етілмейді. Алайда, сабаққа кешігіп келген магистранттар сабаққа жіберіледі. Олар силлабус бойынша берілген сабақ тапсырмаларын орындаған болса, балдарын жоғалтпайды. Ал, тапсырма орындалмаса, кешіккен минутына байланысты сол күнге минус таңбалы балл қойылады. Мысалы: магистрант 10 минутқа кешіксе, сол күнгі сабағында -10 балл, 15 минутқа кешіксе -15 балл болады. Ауырып қалған жағдайда, сабаққа келе алмаған магистрант (медициналық мекеменің тиісті растайтын құжаты болған жағдайда ғана), көрсетілген офис-сағаттарда дайындалып сабақ айтуға болады. Себепсіз қалған магистрантқа әр сабаққа минус таңбалы балл қойылады. Мысалы: магистрант 1 семинарға келмесе, оған сол күнгі семинарға -100 балл қойылады.
Магистрант әр сабаққа дер кезінде дайындалуы тиіс. Себепті жағдайларда болмаса, әр сабақтың тапсырмалары өз уақытында ғана бағаланады. Магистрант сабақ барысында да белсенді түрде қатысып отыруы қажет.
2. МОӨЖ сабақтарына қойылатын талаптар:
МОӨЖ тапсырмаларын орындау: әр сабақтың тақырып сұрақтары бойынша талдама жасап, хабарлама дайындау қажет. Ескертемін: хабарлама магистранттың өз қалауы бойынша слайд, эссе, есеп, ауызша не жазбаша жауап бола алады. МОӨЖ тапсырмалары силлабуста белгіленген уақытта қабылданады. Себепсіз өз аптасында тапсырмаған магистранттардан МОӨЖ қабылданбайды. Егер МОӨЖ сабағы жоспарланған күні объективті себептерге байланысты (демалыс, мейрам күндеріне келуі т.б.) өткізілмесе, оның басты мәселелері келесі аптадағы МОӨЖ сабағында кезектегі тақырыппен бірге тапсырылады.
3. МӨЖ тапсырмаларына қойылатын талаптар:
МӨЖ тапсырмаларын орындау: семинар сұрақтары бойынша конспект жазып, ауызша не жазбаша жауап дайындау қажет. Магистранттар МӨЖ тапсырмаларын силлабуста белгіленген тақырыптар бойынша тағайындалған уақытта дайындап, семинар сабақтары кезінде ғана өткізеді.
4. Аралық бақылауға қойылатын талаптар:
Осы курс бойынша 2 аралық бақылау болады. Онда әр магистрант өзінің курсты оқу барысындағы 1) тапсырмалар бойынша жинақтаған портфолиосын негіздеп, қорғайды; 2) өтілген тақырыптың барлық сұрақтары бойынша өз қолымен жазылған конспектілерін тексеруге ұсынып, сол бойынша қойылған кез-келген үш сұраққа ауызша жауап береді.
5. Қорытынды бақылауға қойылатын талаптар:
Қорытынды бақылау билеттегі үш сұраққа ауызша жауап беру негізінде жүзеге асырылады. Бақылау кезінде ұялы телефондардың, дыбыс және көрнекі ақпарат тасымалдайтын құралдардың (МП3, МП4, плэйер т.б.) көмегіне жүгінбеу талап етіледі және кез келген сырттан алынған көмек анықталғанда магистранттың қорытынды бақылау жұмысына 0 (нөл) балл қойылады.
6. Офис-сағат МӨЖ тапсырмасын орындау барысында түсінбеген, көмекті талап еткен сұрақтарыңызға байланысты ұйымдастырылады.
Жалпы, осы курс болашақ ғалымдар мен ЖОО педагогтерін кәсіби дайындау құраушысы болатындықтан, Сіздердің әр сабақта, сабақтан тыс уақытта Өзіңізге, Өзгелерге, Білімге құнды психологиялық қатынас, психологиялық мәдениет, ізгі ниет пен ұстаным танытуларыңыз қажетті шарт.
