Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
++Ф КазНПУ 711-04-11 УМКДОКаз (1).doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.12 Mб
Скачать

2. Пән мазмұны

2.1.Дәрістік курс

Тақырып №

Тақырып, дәріс атаулары

Тақырып мазмұны

Σ (сағ)

Ап-та

1 Тақырып

Жоғары мектеп психологиясының пәні мен міндеттері

Маманды психологиялық дайындау – жоғары мектеп психологиясының мақсаты. Жоғары мектеп психологиясының қағидалары мен құрылымы. Жоғары психологиялық білім берудің өзекті мәселелері: оның мазмұны; оқытудың психологиялық технологиялары; жүйелі кәсіби ойлауды дамытудың психологиялық әдістері; XXI ғасыр маманын психологиялық дайындау және тұлғаның субъектілігін дамыту психологиясы. Қазақстанда және шетелдердегі жоғары мектепте психологиялық дайындаудың тарихи жолы. Қазақстанда және шетелде психологиялық-педагогикалық жоғары білім беру бағыттары мен қазіргі жағдайы. Жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие процесінің психологиялық жақтары. Жоғары мектеп психологиясының басқа ғылымдармен – философиямен, педагогикамен, акмеологиямен, әлеуметтанумен және т.б. байланысы. Отандық және шетелдік жоғары мектеп психологиясын дамытудың беталыстары.

1

1

2 Тақырып

Жоғары оқу орнында оқытудың психологиялық теориялары мен педагогикалық тәжірибесі

Жоғары оқу орнындағы педагогикалық процесс тұжырымдамалары және олардың психологиялық негіздемелері. Жоғары мектептегі оқыту психологиясы. Іс-әрекет психологиясы және жоғары оқу орнындағы оқу-кәсіби іс-әрекет. Жоғары мектептегі тұлғалық және кәсіби даму процесінің психологиялық мәселелері. Психологиялық білім беру мазмұны. Жоғары оқу орнындағы психологиялық-педагогикалық технологиялар; олардың жіктемесі. Студенттердің өзіндік жұмысы – субъектіліктің даму шарты.

Жоғары оқу орнындағы бақылау психологиясы.

1

2

3 Тақырып

Студент жастардың психологиясы және акмеология

Жасөспірім және жастық шақтың психологиялық ерекшеліктері. Жасөспірім шақтағы даму заңдылықтары. Жасөспірім шақ кезеңі. Студенттік шақтағы психологиялық жаңа құрылымдар. Студент тұлғасының типологиясы. Типтерге жіктеудің соционикалық тұрғылары. Тұлғаның студенттік шақтағы бағыттылығы. Кәсіби жетілудегі акме-деңгей (А.А. Бодалев, А.Н. Деркач).

1

3

4 Тақырып

Жоғары мектептің оқу процесінде студенттің тұлғалық және интеллектік дамуы

Дамудың психологиялық механизмдері. Студенттік шақта танымдық сала мен интеллектік даму мәселесі. Ес психологиясы және жасөспірімдік шақта мнемоникалық қабілеттің дамуы. Зейін психологиясы және жасөспірімдік шақта зейіннің дамуы. Ойлау және студенттік шақта ақыл-ой әрекетін дамыту мәселесі. Тұлға психологиясы. Тұлға дамуының қозғаушы күші. Тұлғалық қасиеттердің қоғамдық сипаты. Тұлға құрылымы. Тұлға теориясының түрлері: психодинамикалық, социодинамикалық, интеракционистік, жеке-дара психологиялық тұлға қасиеттері. Оқыту мен тәрбиелеудің тұлға дамуында алатын орны. Іс-әрекет және тұлғаның субъектілік деңгейге дейін дамуы. Қарым-қатынас және тұлғалық даму. Адамгершілік сананың даму сатылары (Л. Колберг бойынша): адамгершілікке дейінгі деңгей, конвенциялық деңгей, постконвенциялық деңгей. Э. Эриксонның тұлғаның өмір бойы дамуы жайлы тұжырымдамасы. Тұлға дамуының әр сатысындағы негізгі психологиялық жаңақұрылымдар мен жетекші іс-әрекет. Тұлғаның өзіндік дамуы. К. Роджерстің феноменологиялық теориясы. Тұлғаның В. Франкл логотерапиясында анықталуы. Когнитивті процестер тұлға құрылымының компоненттері ретінде. Студенттік шақтағы тұлғалық даму ерекшеліктері.

1

4

5 Тақырып

Студенттердің оқу іс-әрекетінің мотивтері

Студенттердің оқу әрекетіндегі жетістіктердің психологиялық шарттары. Оқу мотивациясы. Оқу мотивациясының сипаттамалары. Жағдаяттық және диспозициялық мотивация. Мотивация және студент тұлғасы. Мотивацияның қазіргі теориялары. Тұлға белсенділігі мен мотивациясының негіздерін шетелдік ғылыми мектептер мен бағыттардың түсіндіруі. З. Фрейд бойынша мотивтер ықпалының түсіндірілуі. К.Г. Юнгтің аналитикалық психологиясы. Топтық бейсаналылық және архетиптер. Тұлға типологиясы. Тұлғаның неофрейдистік социодинамикалық теориялары. А. Адлердің жеке-дара психологиясы. Өмір сүру мәнері. К. Хорни теориялары. «Басты қауіп» тұлғаның мотивациялық факторы ретінде. Мінез-құлық, жүріс-тұрыс стратегиясы. Е. Фроммның гуманистік психоанализі. А. Маслоудың қажеттіліктер теориясы. Студенттердің оқу іс-әрекеті мотивациясының құрылымы мен генезисі. Студенттердің әлеуметтік мотивациясы. Оқуға деген релевантты мотивация қалыптастыру.

1

5

6 Тақырып

Жоғары мектептегі оқытудың белсенді әдістері мен тәрбие жұмысының психологиялық негіздері

Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, білім мазмұны. Оқу әдістерінің психологиялық негіздері. Оқу әдістерінің жіктемесі. Жоғары мектептегі оқытудың белсенді әдістері: кейс-стади, іскерлік ойындар, «брейншторминг» и т.д. Болашақ мамандардың шығармашылық іс-әрекетін дамыту. Болашақ маманды тәрбиелеу және дамыту жоғары мектеп қызметі ретінде. Оқыту мен тәрбиелеудің байланысы. Тәрбие психологиясы тұлғалық дамуға мақсат-бағдарлы түрде жетекшілікті жүзеге асыру процесі ретінде. Тәрбиелеу технологияларының психологиялық жақтары. Студенттік шақтағы өзіндік даму мен өзін-өзі тәрбиелеу психологиясы (Л.И. Рувинский, С.Д. Смирнов). Жасөспірім шақта мінездің дамуы. Жасөспірім шақта эмоциялық саланың даму ерекшеліктері. Студенттің ерік сапаларының даму мәселесі. Студенттердің субъектілік даму психологиясы.

1

6

7 Тақырып

Студенттік ұжым психологиясы

Топтың әлеуметтік психологияда түсіндірілуі. Студенттік топ түрлері: ассоциация, кооперация, корпорация, коллектив. Студенттік ұжымның сипаттамалары. Жоғары оқу орнындағы студенттік топ динамикасы. Топтың социометриялық құрылымы. Топтағы рөлдік дифференциация. Топ ынтымақтастығының шарттары. Лидерлік. Тұлғаның психосоциотипіне байланысты басымдылықтың ерекшеліктері. Лидер беделінің артуына ықпал ететін факторлар. Студенттік топтағы лидерлік және дау-дамайлар. Студенттік топтағы дау-дамайлар психологиясы. Студенттер мен оқытушылардың тұлғалық ерекшеліктерін зерттеудің әлеуметтік-психологиялық жақтары. Студенттік топпен психологиялық диагностика жүргізу мәселесі. Студенттермен тәрбие жұмысында әлеуметтік-психологиялық факторларды ескеру.

1

7

8 Тақырып

Педагогикалық қарым-қатынас психологиясы

Қарым-қатынас психологиясы. Қарым-қатынастың атқаратын қызметтері. Қарым-қатынастың құрылымы. Қарым-қатынас деуңгейлері. Қарым-қатынас механизмдері. Қарым-қатынастың жеке-дара параметрлері. Оқыту барысындағы вербальді іс-әрекеттің қызметтері мен түрлері. Оқытушы қарым-қатынасының психологиялық-педагогикалық жақтары. Педагогикалық қарым-қатынас (В.А. Кан-Калик, А.А. Леонтьев және т.б.). Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас (Х.Т. Шерьязданова). Аудиторияға психологиялық әсер ету мәселесі. Педагогикалық қарым-қатынастағы диалог және монолог. Педагогикалық қарым-қатынас мәнерлері. Педагогтің қарым-қатынас мәдениетінің негіздері. Педагогтің дау-дамай жағдаятын шешу психологиясы.

1

8

9 Тақырып

Студенттер мен оқытушылардың бірлескен іс-әрекеті

Педагогикалық процестегі бірлескен іс-әрекет. Бірлескен іс-әрекеттің тиімділігін анықтайтын өлшемдер. Іс-әрекеттің жеке-дара мәнері және бірлескен іс-әрекет. Студенттер мен оқытушылардың бірлескен нәтижелі іс-әрекетін жобалау мен ұйымдастырудың психологиялық негіздері. Бірлескен диалогтік-танымдық іс-әрекет психологиясы (С.М. Жақыпов). Студенттерді оқыту процесіндегі топтық жұмыс психологиясы.

1

9

10 Тақырып

Жоғары мектеп оқытушыларының педагогикалық іс-әрекетінің психологиясы

Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби іс-әрекеті. Жоғары мектеп оқытушысының педагогикалық іс-әрекетінің құрылымы. Жоғары оқу орнындағы кәсіби іс-әрекеттің педагогикалық мотивтері, функциялары, мәнерлері. Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби деңгейіне қойылатын талаптар. Жоғары мектеп оқытушысының ерекше фасилитациялық іс-әрекеті. Оқытушы психологиялық-педагогикалық іс-әрекет субъектісі ретінде. Педагог іс-әрекетінде орын алатын мәселелік жағдайлардың себептері, және оларды шешу жолдары. Оқытушы беделі және оның оқу-тәрбие процесіне әсері. «Педагогикалық шеберлік» ұғымы. Педагогикалық шеберлікті жетілдіру мәселелері.

1

10

11 Тақырып

Педагогтің кәсіби және тұлғалық дамуы

Жоғары мектеп оқытушысының психологиясы. Тұлғаның кәсіби даму теориялары: қойылымдық теория (Э. Берн), кәсіби даму теориясы (Д. Сьюпер), кәсіби таңдау теориясы (Холланд), ақиқатпен келісім теориясы (Э. Гинзберг), педагогтің кәсіби дамуының психологиялық теориясы (Л.М. Митина). Жоғары мектеп оқытушысының тұлғалық қасиеттері. Оқытушының психологиялық мәдениеті. Жоғары мектеп оқытушысының эмоциялық тұрақтылығы. Педагогтің кәсіби ойлауын дамытудың психологиялық негіздері. Оқытушының кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы. Педагогтің субъектілік дамуы. Педагогтің кәсіби қабілетінің құрылымы: экспрессивті, дидактикалық, ғылыми-педагогикалық, перцептивті, коммуникациялық, ұйымдастырушылық және т.б. Оқытушының «педагогикалық құзіреті» ұғымы, оның құрылымы. Педагогтің кәсіби іс-әрекет пен қарым-қатынасқа психологиялық тұрғыдан теориялық және тәжірибелік даярлығының мазмұны.

1

11

12 Тақырып

Ғылыми және педагогикалық шығармашылықтың динамикасы

Шығармашылыққа қабілет пен шығармашылықпен ойлау психологиясы. Шығармашылықтың интеллектке редукциялану тұжырымдамасы. Шығармашылық процесс сатылары: дайындық, инкубация, мақсатқа жету, тексеру. Ғылыми танымдағы репродуктивті және шығармашылық іс-әрекеттердің байланысы. Ғылыми шығармашылықтың әлеуметтік және жеке-дара психологиялық мотивтері. Ғылыми шығармашылық нәтижелерін бағалау мәселелері. Ғылыми шығармашылықты дамыту әдіснамасы. Шығармашылыққа бейім тұлға және оның өмір жолы. Шығармашылыққа бейім тұлғалардың психологиялық ерекшеліктері. Дж. Гилфорд және Э.П. Торренс, М. Воллах пен Н. Коган, С. Медник, Р. Стернберг, В.Н. Дружинин және Н.В. Хазратова бойынша креативтілік тұжырымдамалары. Педагог креативтілігі және оның психологиялық диагностикасы. Жоғары оқу орнында жас ғалымды қалыптастырудың психологиялық жақтары. Ғалымның әдіснамалық мәдениеті. Ғылыми және педагогикалық шығармашылықтың жас ерекшелікке байланысты динамикасы.

1

12

13 Тақырып

Ғылыми-педагогикалық ұжымның психологиялық ерекшелік-тері

Ұжым психологиясы. Педагогикалық ұжымның ерекшеліктері. Педагогикалық ұжым құрылымы мен қызметтері. Педагогикалық ұжым деңгейлерінің дамуын анықтайтын психологиялық көрсеткіштер мен өлшемдер. Білім беру кеңістігіндегі әлеуметтік-психологиялық қатынастардың түрлері. Жоғары мектептегі дау-дамай мәселелері. Педагогикалық ұжымдағы дау-дамай құрылымы мен динамикасы. Жоғары оқу орнындағы басқарудың психологиясы.

1

13

14 Тақырып

Студенттерді психологиялық дайындау және жоғары оқу орнындағы психологиялық қызмет

Жоғары оқу орнында психологиялық дайындау – кәсіби білім беру жүйесінің маңызды құраушысы. Жоғары оқу орнында психологиялық дайындаудың бағыттары мен қызметтері. Жоғары оқу орнында субъект-бағдарлы психологиялық дайындау тұжырымдамасы. Психологиялық білім беру студенттерді психологиялық дайындаудың ажырамас бағыты ретінде. Жоғары оқу орнындағы психологиялық қызмет – студенттерді психологиялық дайындаудың құраушы бөлігі. Жоғары оқу орнында психологиялық қызмет ұйымдастыру. Психологиялық қызмет: Қазақстандағы және шетелдегі жоғары оқу орындарының тәжірибесі. Жоғары оқу орнындағы психологиялық қызметтің мақсаттары мен міндеттері. Жоғары оқу орнындағы психологиялық қызмет болашақ мамандардың әлеуметтік-психологиялық мәселелерін шешу мүмкіндігі ретінде. Жоғары оқу орнындағы психологиялық қызмет – студенттердің психологиялық мәдениетін арттыру жүйесі. Жоғары оқу орнындағы психологиялық қызметтің студенттердің тұлғалық және кәсіби даму процесін психологиялық қолдау, психологиялық демеу жағдайы ретінде. Студенттердің тұлғалық дамуына қатысты психологиялық диагностика жүргізу мәселесі. Студенттер мен оқытушыларға психологиялық кеңес беру әдіснамасы. Жоғары оқу орнында субъект-бағдарлы психологиялық кеңес беру ерекшеліктері мен мүмкіндіктері. Педагогикалық мотивацияны психологиялық қолдау.

2

14-15

Барлығы

15

15

2.2. Семинарлық, практикалық сабақтар

Тақырып №

Сабақ атаулары

Тақырып мазмұны

Σ (сағ)

Ап-та

1 Тақырып

Жоғары мектеп психологиясының пәні мен міндеттері

Жоғары мектеп психологиясының пәні.

Жоғары мектеп психологиясының қағидалары мен құрылымы. Жоғары психологиялық білім берудің өзекті мәселелері.

Қазақстанда және шетелде психологиялық-педагогикалық жоғары білім беру бағыттары мен қазіргі жағдайы.

1

1

2 Тақырып

Жоғары мектепте оқытудың психологиялық негіздері

Жоғары мектептегі оқыту психологиясы.

Жоғары оқу орнындағы оқу-кәсіби іс-әрекет.

Жоғары мектептегі тұлғалық және кәсіби даму.

Психологиялық білім беру мазмұны.

1

2

3 Тақырып

Студент жастардың психологиясы

Жасөспірім және жастық шақтың психологиялық ерекшеліктері.

Жасөспірім шақтағы даму заңдылықтары.

Студенттік шақтағы психологиялық жаңа құрылымдар.

Кәсіби жетілудегі акме-деңгей (А.А. Бодалев, А.Н. Деркач).

1

3

4 Тақырып

Студенттің тұлғалық және интеллектік дамуы

Дамудың психологиялық механизмдері.

Студенттік шақта танымдық сала мен интеллектік даму мәселесі.

Студенттік шақтағы тұлғалық даму ерекшеліктері.

1

4

5 Тақырып

Студенттердің оқу іс-әрекетінің мотивтері

Студенттердің оқу әрекетіндегі жетістіктердің психологиялық шарттары.

Оқу мотивациясы.

Студенттердің оқу іс-әрекеті мотивациясының құрылымы мен генезисі.

Студенттердің әлеуметтік мотивациясы.

1

5

6 Тақырып

Жоғары мектептегі оқытудың белсенді әдістері мен тәрбие жұмысының психологиялық негіздері

Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, білім мазмұны.

Оқу әдістерінің психологиялық негіздері.

Оқу әдістерінің жіктемесі.

Болашақ маманды тәрбиелеу және дамыту.

Студенттердің субъектілік даму психологиясы.

1

6

7 Тақырып

Студенттік ұжым психологиясы

Топтың әлеуметтік психологияда түсіндірілуі. Студенттік топ түрлері.

Студенттік ұжымның сипаттамалары.

Топтың социометриялық құрылымы.

Топтағы рөлдік дифференциация.

Лидерлік.

2

7-8

8 Тақырып

Педагогикалық қарым-қатынас психологиясы

Қарым-қатынас психологиясы.

Оқытушы қарым-қатынасының психологиялық-педагогикалық жақтары.

Педагогикалық қарым-қатынас (В.А. Кан-Калик, А.А. Леонтьев және т.б.).

Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас (Х.Т. Шерьязданова).

1

9

9 Тақырып

Студенттер мен оқытушылардың бірлескен іс-әрекеті

Педагогикалық процестегі бірлескен іс-әрекет. Бірлескен іс-әрекеттің тиімділігін анықтайтын өлшемдер.

Іс-әрекеттің жеке-дара мәнері және бірлескен іс-әрекет.

Студенттерді оқыту процесіндегі топтық жұмыс психологиясы.

1

10

10 Тақырып

Жоғары мектеп оқытушыларының педагогикалық іс-әрекетінің психологиясы

Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби іс-әрекеті. Жоғары мектеп оқытушысының педагогикалық іс-әрекетінің құрылымы.

Жоғары мектеп оқытушысының ерекше фасилитациялық іс-әрекеті.

Оқытушы психологиялық-педагогикалық іс-әрекет субъектісі ретінде.

«Педагогикалық шеберлік» ұғымы. Педагогикалық шеберлікті жетілдіру мәселелері.

1

11

11 Тақырып

Педагогтің кәсіби және тұлғалық дамуы

Жоғары мектеп оқытушысының психологиясы. Тұлғаның кәсіби даму теориялары.

Жоғары мектеп оқытушысының тұлғалық қасиеттері. Оқытушының психологиялық мәдениеті.

Педагогтің субъектілік дамуы.

Оқытушының «педагогикалық құзіреті» ұғымы, оның құрылымы

1

12

12 Тақырып

Ғылыми және педагогикалық шығармашылықтың динамикасы

Шығармашылыққа қабілет пен шығармашылықпен ойлау психологиясы.

Шығармашылық процесс сатылары.

Ғылыми шығармашылықты дамыту әдіснамасы. Креативтілік тұжырымдамалары.

Педагог креативтілігі және оның психологиялық диагностикасы.

1

13

13 Тақырып

Ғылыми-педагогикалық ұжымның психологиялық ерекшелік-тері

Ұжым психологиясы.

Педагогикалық ұжымның ерекшеліктері.

Білім беру кеңістігіндегі әлеуметтік-психологиялық қатынастардың түрлері.

Жоғары мектептегі дау-дамай мәселелері.

Жоғары оқу орнындағы басқарудың психологиясы.

1

14

14 Тақырып

Студенттерді психологиялық дайындау және жоғары оқу орнындағы психологиялық қызмет

Жоғары оқу орнында психологиялық дайындау.

Жоғары оқу орнында субъект-бағдарлы психологиялық дайындау тұжырымдамасы.

Психологиялық білім беру.

Жоғары оқу орнындағы психологиялық қызмет.

1

115

Барлығы

15

15

2.4. Магистранттардың оқытушы жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмыстары

Тақырып №

МОӨЖ тақырыптардың атаулары және тапсырмаларының мазмұны

Бақылау формасы

Сағ.

Апта

1 Тақырып

Жоғары мектеп психологиясының пәні мен міндеттері – Қазақстанда және шетелдердегі жоғары мектепте психологиялық дайындаудың тарихи жолы бойынша хабарлама даярлау

Жеке және топтық жұмыс

3

1

2 Тақырып

Жоғары мектепте оқытудың психологиялық негіздері жоғары оқу орнында психологиялық білім беру технологиясы бойынша хабарлама даярлау

Топтық жұмыс

3

2

3 Тақырып

Студент жастардың психологиясы студент тұлғасының типологиясы бойынша хабарлама даярлау

Жеке жұмыс

3

3

4 Тақырып

Студенттің тұлғалық және интеллектік дамуы – Л. Колбергтің адамгершілік сананың даму сатылары; Э. Эриксонның тұлғаның өмір бойы дамуы жайлы тұжырымдамасы; тұлғаның өзіндік дамуы; К. Роджерстің феноменологиялық теориясы; тұлғаның В. Франкл логотерапиясында анықталуы бойынша хабарлама даярлау

Жеке жұмыс

3

4

5 Тақырып

Студенттердің оқу іс-әрекетінің мотивтері оқуға деген релевантты мотивация қалыптастыру бойынша хабарлама даярлау

Жеке жұмыс

3

5

6 Тақырып

Жоғары мектептегі оқытудың белсенді әдістері мен тәрбие жұмысының психологиялық негіздері студенттік шақтағы өзіндік даму мен өзін-өзі тәрбиелеу психологиясы (Л.И. Рувинский, С.Д. Смирнов) бойынша хабарлама даярлау

Жеке жұмыс

4

6

7 Тақырып

Студенттік ұжым психологиясы социометриялық әдіс технологиясы мен процедурасы бойынша хабарлама даярлау

Жеке және топтық жұмыс

4

7

8 Тақырып

Педагогикалық қарым-қатынас психологиясы педагогикалық қарым-қатынасты жетілдірудің психологиялық технологиялары бойынша хабарлама даярлау

Жеке жұмыс

3

8

9 Тақырып

Студенттер мен оқытушылардың бірлескен іс-әрекеті – бірлескен диалогтік-танымдық іс-әрекет психологиясы (С.М. Жақыпов) бойынша хабарлама даярлау

Жеке жұмыс

3

9

10 Тақырып

Жоғары мектеп оқытушыларының педагогикалық іс-әрекетінің психологиясы оқытушының педагогикалық шеберлікті жетілдіру технологиялары бойынша хабарлама даярлау

Жеке жұмыс

3

10

11 Тақырып

Педагогтің кәсіби және тұлғалық дамуы оқытушының кәсіби және тұлғалық даму көрсеткіштері мен өлшемдері бойынша хабарлама даярлау

Жеке және топтық жұмыс

3

11

12 Тақырып

Ғылыми және педагогикалық шығармашылықтың динамикасы оқытушы шығармашылығын жетілдірудің психологиялық негіздері бойынша хабарлама даярлау

Жеке жұмыс

3

12

13 Тақырып

Ғылыми-педагогикалық ұжымның психологиялық ерекшеліктері – жоғары мектептегі психологиялық менеджмент бойынша хабарлама даярлау

Жеке жұмыс

3

13

14 Тақырып

Студенттерді психологиялық дайындау және жоғары оқу орнындағы психологиялық қызмет – жоғары оқу орынында психологиялық дайындау технологиялары бойынша хабарлама даярлау

Жеке жұмыс

4

14-15

Барлығы

45

15

2.5. Магистранттардың өзіндік жұмыстары

Тақырып №

МОӨЖ тақырыптардың атаулары және тапсырмаларының мазмұны

Бақылау формасы

Сағ.

Апта

1 Тақырып

Жоғары мектеп психологиясының пәні мен міндеттері – ұсынылған әдебиет бойынша семинар сабақтарына жауап даярлау

ауызша жауап

6

1

2 Тақырып

Жоғары мектепте оқытудың психологиялық негіздері ұсынылған әдебиет бойынша семинар сабақтарына жауап даярлау

ауызша немесе жазбаша

жауап

6

2

3 Тақырып

Студент жастардың психологиясы ұсынылған әдебиет бойынша семинар сабақтарына жауап даярлау

ауызша жауап

6

3

4 Тақырып

Студенттің тұлғалық және интеллектік дамуы – ұсынылған әдебиет бойынша семинар сабақтарына жауап даярлау

ауызша жауап

6

4

5 Тақырып

Студенттердің оқу іс-әрекетінің мотивтері ұсынылған әдебиет бойынша семинар сабақтарына жауап даярлау

ауызша жауап

6

5

6 Тақырып

Жоғары мектептегі оқытудың белсенді әдістері мен тәрбие жұмысының психологиялық негіздері ұсынылған әдебиет бойынша семинар сабақтарына жауап даярлау

презента-ция

5

6

7 Тақырып

Студенттік ұжым психологиясы ұсынылған әдебиет бойынша семинар сабақтарына жауап даярлау

презента-ция

5

7

8 Тақырып

Педагогикалық қарым-қатынас психологиясы ұсынылған әдебиет бойынша семинар сабақтарына жауап даярлау

ауызша жауап

5

8

9 Тақырып

Студенттер мен оқытушылардың бірлескен іс-әрекеті – ұсынылған әдебиет бойынша семинар сабақтарына жауап даярлау

ауызша жауап

5

9

10 Тақырып

Жоғары мектеп оқытушыларының педагогикалық іс-әрекетінің психологиясы ұсынылған әдебиет бойынша семинар сабақтарына жауап даярлау

презента-ция

5

10

11 Тақырып

Педагогтің кәсіби және тұлғалық дамуы ұсынылған әдебиет бойынша семинар сабақтарына жауап даярлау

эссе

5

11

12 Тақырып

Ғылыми және педагогикалық шығармашылықтың динамикасы ұсынылған әдебиет бойынша семинар сабақтарына жауап даярлау

ауызша жауап

5

12

13 Тақырып

Ғылыми-педагогикалық ұжымның психологиялық ерекшеліктері – ұсынылған әдебиет бойынша семинар сабақтарына жауап даярлау

ауызша жауап

5

13

14 Тақырып

Студенттерді психологиялық дайындау және жоғары оқу орнындағы психологиялық қызмет – ұсынылған әдебиет бойынша семинар сабақтарына жауап даярлау

ауызша жауап

5

14-15

Барлығы

75

15