Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
++Ф КазНПУ 711-04-11 УМКДОКаз (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.12 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

БЕКІТЕМІН

Магистратура және PhD докторантура

институтының директоры

____________________ Г.Б. Нурлихина

« » 2013 ж.

«Психология» пәні бойынша

магистратурадағы мамандықтарға арналған

Жұмыс оқу бағдарламасы

Оқыту формасы: күндізгі

Магистратура және PhD Интституты

Психология және арнайы білім беру кафедрасы

Курс 1

Семестр 1

Кредиттер саны 2

Барлық сағат саны 150

Дәріс 15

Семинар сабақтар 15

МОӨЖ 45

МӨЖ 75

Емтихан 1 семестр

Алматы, 2013ж.

Жұмыс оқу бағдарламасы:

  • педагогикалық мамандықтар бойынша жоғары білімнен кейінгі білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;

  • « » 201 ж. бекітілген педагогикалық мамандықтар бойынша жұмыс оқу жоспары

негізінде жазылды.

«Психология» пәнінің жұмыс оқу жоспарын доцент Іргебаева Н.М. дайындады және психология және арнайы білім беру кафедрасының мәжілісінде ұсынылды,

« » 2013ж., хаттама №

Бағдарламаны жазған _______________ Иргебаева Н.М.

(қолы)

Кафедра меңгерушісі ________________Мовкебаева З.А.

(қолы)

Жұмыс оқу бағдарламасы магистратура және докторантура PhD Интститутының Ғылыми Кеңесінде мақұлданды

« » 2013 ж., хаттама №

1. Пәннің мақсаты мен міндеті

Пәнді оқытудың мақсаты магистранттардың жоғары мектеп психологиясының әдіснамалық және теориялық негіздерін меңгеруін, олардың педагогикалық іс-әрекет субъектісі ретінде психологиялық дамуын қамтамасыз ететін психологиялық-педагогикалық жағдай жасау болып табылады.

«Психология» пәнінің негізгі міндеттері:

  • жоғары мектептегі кәсіби іс-әрекетке негіз болатын психологиялық теорияларды талдау;

  • студенттік жас кезеңінің психологиялық ерекшеліктерін ашу;

  • жоғары оқу орнындағы оқыту мен тәрбиелеудің психологиясын қарастыру;

  • студенттік топтың әлеуметтік психологиясын талдау;

  • педагогикалық қарым-қатынас психологиясын қарастыру;

  • жоғары оқу орнында психологиялық қызмет ұйымдастырып, жүзеге асыру технологиясын жүйелеу.

«Психология» пәнін оқыту нәтижесінде магистрант:

жоғары мектеп психологиясының пәні мен міндеттерін; жоғары оқу орнында оқытудың психологиялық теориялары мен педагогикалық тәжірибесін; студент жастардың психологиясын; жоғары мектептің оқу процесінде студенттің тұлғалық және интеллектік даму ерекшеліктерін; студенттердің оқу іс-әрекетінің мотивтерін; жоғары мектептегі оқытудың белсенді әдістері мен тәрбие жұмысының психологиялық негіздерін; студенттік ұжым психологиясын; педагогикалық қарым-қатынас психологиясын; студенттер мен оқытушылардың бірлескен іс-әрекет психологиясын; жоғары мектеп оқытушыларының педагогикалық іс-әрекетінің психологиясын; педагогтің кәсіби және тұлғалық даму ерекшеліктерін; ғылыми және педагогикалық шығармашылықтың динамикасын; ғылыми-педагогикалық ұжымның психологиялық ерекшеліктерін; студенттерді психологиялық дайындау және жоғары оқу орнындағы психологиялық қызметті білуі керек; «Психология» пәнінің мазмұнына сәйкес білімдерді меңгеруі керек.

ПРЕРЕКВИЗИТТЕР ТІЗІМІ

Пән атаулары, олардың бөлімдері (тақыпыптар)

философия

жалпы психология

жалпы педагогика

әлеуметтік педагогика

дидактика

ПОСТРЕКВИЗИТТЕР ТІЗІМІ:

Пән атаулары

1

пеадгогикалық психология

2

психология тарихы

3

жас ерекшелік психологиясы

4

әлеуметтік психология