Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Инженерлік экология дәрістер кешені 1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.4 Mб
Скачать

3 Табиғатты қорғау заңнамасын бұзу үшін жауапкершілік

Жауапкершілік экологиялық, әкімшілік, азаматтық-құқықтық, тәртіптік, материалды және қылмыстық болады.

Табиға ресурстарын қорғау мен пайдалану саласында жауапкершілікке 16 толған тұлғалар тартылады. Кей кезде мемлекет қорғауындағы объектілерге жасалған құқық бұзушылық болған кезде жауапкершілік 14 жастан жүктелуі мүмкін.

Лауазымды тұлғалар мен азаматтар тәртіптік, материалды, әкімшілік, азаматтық-құқықтық және қылмыстық жауапкершілік тартуы мүмкін.

Кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар әкімшілік және азаматтық-құқықтық жауапкершілікке ғана тартылады.

Экологиялық жауапкершілік 4 қызметті атқарады: қорғаушы, ескертуші, жазалаушы, тәрбиелеуші.

Экологиялық жауапкершілік 2 қалыпта беріледі: экологиялық-экономикалық және экологиялық-құқықтық.

Әкімшілік жауапкершілік – ҚО пайдалану мен қорғау, заңды, жеке тұлғалар мен мемлекеттің экологиялық құқығы мен заңды қызығушылықтарын қорғау аймағында өкілетті мемлекеттік органдар құқық бұзушыға әкімшілік шаралар қолдана алады.

Құқық бұзушыларға келесі әкімшілік жазалау шаралары қолданылады: ескерту, әкімшілік айыппұл, құқық бұзушылықтың қаруы немесе құқық бұзушылықтың объектісі болатын затты тартып алу, затты конфискациялау, арнайы құқық, лицензия немесе рұқсатты тартып алу немесе әрекетін белгісіз уақытқа тоқтату. Ең жиі қолданылатындары айыппұл, ескерту, конфискация.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік өз еркімен немесе сот шешімі бойынша мүліктік құқықты жою немесе мүліктік міндеттерді жүктеу.

Тәртіптік жауапкершілік жалпы және арнайы болады. Жалпы кез келген қызметкерлерге жүктеледі. Арнайы – жетекшілерге, орынбасарларына, әскерилерге.

Материалды жауапкершілік шектеулі және толық болуы мүмкін. Шектеулі – ортаайлық еңбекақыдан артық болмауы тиіс, толық – келтірілген шығынның толық көлемінде алынады.

Қылмыстық жауапкершілік экологиялық құқық бұзушылық арасында аса қауіп тудыратын экологиялық қылмыс үшін жүктеледі. Ол келесі белгілері бар экологиялық құқық бұзушылық үшін жүктеледі: ҚО мен адам денсаулығына маңызды зиян келтіргені үшін, өсімдік пен жануарлар әлемінің өлімі, ірі зардап келтіру, алдын-ала келісім, ұйымдасқан топтың болуы, механикалық автокөлік пен әуе көлігін қолданумен құстар мен аңдарды жою үшін жарылыс заттары, газдар мен өзге тәсілдерді қолдану; аңшылық ету мүлдем рұқсат етілмейтін аңдар мен құстарды өлтіру, аса қорғалатын табиғи территориялар мен төтенше экологиялық жағдайы бар жерлерде аңшылықпен айналысу, қызметтік орнын қолданған лауазымды тұлғаның қылмыс жасау.

Экологиялық (әкімшілік) құқық бұзушылық тізімі:

  1. табиғат ресурстарын ластау, кірлету, жүдету;

  2. табиғат ресурстарын бүлдіру, жою;

  3. кәсіпорындар, құрылыстар және т.б. объектілерді жоспарлау, орналастыру, құрастыру, қайта жоспарлау мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы;

  4. радиоактивті, химиялық және өзге зиянды заттар, сонымен қатар өндірістік және тұрғын қалдықтарын қолдану, тасымалдау, жою, көму кезінде экологиялық талаптарды сақтамау;

  5. аса қорғалатын табиғат территорияларының қорғау ережелерін бұзу;

  6. табиғатты қорғау шараларын орындамау;

  7. табиғатты пайдалану ережелерін бұзу;

  8. экологиялық ақпаратты жасыру немесе бұрмалау.

Табиғатты қорғау аймағындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер аудандық және оларға теңестірілген соттармен, ішкі істер органдарымен, ҚО мен табиғи ресурстарды қорғаудың ҚР органдарымен қарастырылады.

Қылмыстық жауапкершілік. ҚР қылмыстық кодексінде экологиялық қылмыстардың 18 құрамы бар.

277 бабы – шаруашылық және өзге әрекеттің экологиялық талаптарын бұзу.

278 бабы – экологиялық қауіпті химиялық, радиоактив және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптарды бұзу.

279 бабы - микробиологиялық агенттер мен токсиндер айналымында қауіпсіздік талаптарын бұзу.

280 бабы – ветеринарлық талаптар мен өсімдіктердің аурулары мен зиян келтірушілерімен күрес үшін орнатылған ережелерді бұзу.

281 бабы – суды ластау, кірлету мен жүдету.

282 бабы – атмосфераны ластау.

283 бабы – теңіз ортасын ластау.

284 бабы – ҚР континенталь қайраңы мен ҚР ерекше экологиялық аймағы туралы заңнаманы бұзу.

285 бабы – топырақты бұзу.

286 бабы – жер қойнауын қорғау мен пайдалануды бұзу.

287 бабы – су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу.

288 бабы – заңсыз аңшылық.

289 бабы – жауанралар әлемін қорғау талаптарын бұзу.

290 бабы – сирек және жойылуға жақын жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің заңсыз айналымы.

291 бабы – ағаштар мен талдарды заңсыз шабу.

292 бабы – ормандарды жою мен бұзу.

293 бабы – аса қорғалатын табиғи объектілер режимін бұзу.

294 бабы – экологиялық ластанудың алдын-алу бойынша шараларды қолданбау.

Экоцид – экологиялық катастрофаға әкеліп соғуы мүмкін өсімдік пен жануарлар әлемін жою, атмосфераны, жер және су ресурстарын улау, сонымен қатар өзге әрекеттер. Бұл ұлтаралық экологиялық қызығушылықтарға көз салумен тең қылмыс.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстандағы экологиялық жағдайда жалпы түсіндіріңіз.

2. Көлдерді ластайтын нелер?

3. ЖЭС түтіндік газының негізгі зиянды заттарын атаңыз.

4. ЖЭС зиянды шығарындыларының классификациясы.

5. ҚР-ның экологиялық қауіпсіздігі дегеніміз.

6. Табиғатты бұзғаны үшін қандай жауапкершілікке тартылады?

Дәріс 4 – Экологиялық нормалаудың негіздері – 1 сағ

Жоспар:

1. Атмосфераны қорғау

2. ШМШ нормаларының есептеу әдістемесі

3. Экологиялық сараптама

Бақылау сұрақтары