Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Инженерлік экология дәрістер кешені 1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.4 Mб
Скачать

1. Ластанған суларды тазарту әдістері

Ластанған суларды тазарту әдістерін негізгі үш топқа бөлуге болады: механикалық (тұндыру, сепарация, сүзгілеу); физика-химиялық (коагуляциялау, қышқылдандыру, адсорбция және т.б.); биологиялық.

Балласты су мен жуушы суды тазарту процесстері осы тәсілдердің барлығын да, кейде кейбірін ғана қолдануды ескеруі мүмкін.

Жерасты мұнай құбырларын, танкерлерді, құюшы және өзге жыбдақтарды сақтықтың барлық шараларын ескерумен жобалау мен пайдалану кезінде апаттарды мүлдем жойып тастау мүмкін емес. Көптеген жағдайда олар теңізге мұнайдың төгілуімен жүреді. Сондықтан соңғы кезде судың бетінен төгілген мұнайды жинақтау мен жоюға баса назар аударылып жүр.

Акваторийлер мен жағалаулардың ластануымен күрестің бірқатар әдістері белгілі. Олардың ішінде ең жиі қолданылатындары келесілер: мұнайды механикалық құралдармен тазарту мақсатында ластанған бетті бондар мен тарлдармен оқшаулау; байланыстырушы агенттерді қолданумен мұнайдың физикалық абсорбциясы, кейіннен оны шығару немесе жағу үшін; диспергирлеу, яғни мұнайдың суда ыдырауы немесе таралуын шақыратын немесе көмірсутектерді нейтрал өнімдерге түрлендіретін химиялық заттармен төгілген мұнайға әсер ету; мұнайды судың бетінде жағу; құрамында мұнай өнімдері бар суды микробиологиялық тазарту.

Бұл тәсілдердің барлығы да өзінің кемшіліктері мен жетістіктеріне ие, және де нақты шарттарға байланысты, мысалы, ластану мен апаттардың болған (порт, жағажай, ашық теңіз, өзен) орны мен мұнайдың суға түсуінен кейін өткен уақыт, жыл мезгілі, теңіздегі жағдай (жел мен тербеліс күші, ағымдар сипаты) кешенді түрде немесе жеке қолданылуы мүмкін және т.б.

Су беттерінен төгілген мұнайды жинау мен жоюға механикалық құралдарды пайдалану – теңіздер мен ішкі су қоймаларында жақсы зерттелген және жиі қолданылатын әдіс. Ластанған жерлерді оқшаулау үшін жүзгіш және пневматикалық қоршаулардың түрлі типтерін қолданады. Қақпанға түскен мұнайды вакуум сораптарымен сорып алуға, айналмалы барабандар, таспалы транспортер мен дискілермен жинауға, абсорбирлеуші материалдармен жұту және түрлі көптеген жабдықтармен аулауға болады.

Төгілген мұнаймен күресте кең таралғаны химиялық реагенттер. Олардың көбін диспергенттер мен детергенттер ретінде қолданады. Кейбір химиялық заттардың сулымұнайлы эмульсияға әсері мұнайдың ұсақ глобулдарының пайда болуына әкеледі, олар суда диспергирленеді, бірсыпыра уақыт өтісімен қалған теңіз суларында ыдырайды. Басқа реагенттер гельдер, көпіршіктер мен жартылайқатты заттарды қолданады. Сулымұнайлы эмульсияларды беттік-белсенді заттармен (ПАВ) өңдеу кезінде жоюға болады. Өңдеу нәтижесінде алынатын майдадиспергирленген мұнай микробиологиялық жолмен төрт-бес тәулік ішінде қышқылданады.

ПАВ теңіз беттерінен төгілген мұнайды жою кезінде кең таралды. Негізінен оларды түрлі мұнайлы ластанулардың беттеріне түрлі пневатикалық таратушылар арқылы катерлер мен вертолеттер арқылы шашады. Кейбір ПАВ қолдану алдында сумен немесе түрлі арнайы ерітінділермен араластырылады. Оларды ашық теңіздерде ғана емес, порттарда, сонымен қатар жағалауды, порттық құрысытар мен танкерлер мен резервуарлардың жүк бөліктерін жуу үшін мұнайдан тазарту үшін қолданады.

Төгілген мұнайды жою үшін оны судың бетінде жағуға болады. Маңыздысы, мұнай төгілуінің бірнеше сағаты бойында жағуды бірден бастаған жөн, себебі жеңіл фракциялардың ұшпалылығы оны жағуды қиындатады. Аса қиындықтар тудыратыны сулымұнайлы эмульсияның пайда болуы. Бірақ табысты жану кезінде де, мұнай толық жанбауы мүмкін, кейде шикі мұнайға қарағанда ұсталуы қиын жанбаған масса қалады. Одан басқа, мұнайды жағу кезінде оның ағып кетуінің көздерін шектеген жөн.

Су беттерінен мұнай қалдықтарын жоюдың әдістерінің бірі микробиологиялық ыдырауда жатыр. Кейбір бактериялар үшін мұнай қоректік орта болып табылады. Бірақ мұнайдың теңіз ортасындағы микробиологиялық ыдырауының табиғи жылдамдығы төмен, және мұнайдың зор көлемінің ыдырауына уақыттың маңызды бөлігі қажет етіледі.

Микроорганизмдердің биолоиялық белсенділігі температураға байланысты және температура ұлғайған сайын биологиялық үрдістердің жылдадығы әр 10 °С өседі. Мұнайдың суық аудандарда, суық ағындар трассаларында және қысқы мезгілде биологиялық ыдырауы баяулайды. Егер 27 °С кезінде биологиялық ыдырау 2-3 күн ішінде көрінетін болса, температураның 20, 10 мен 5 °С дейін төмендеуі кезінде мұнайдың биологиялық ыдырауы 10, 20 және 40 күнге созылады.

Кесте 3

Компонент атауы

Класс атауы

Құрамы, %

Жарық фракция

(300 С дейін)

Фракцияның төмен құрамымен

0-25

Фракцияның орташа құрамымен

25-50

Фракцияның жоғары құрамымен

50-75

Фракцияның өте жоғары құрамымен

75-100

Парафиндер

Азпарафинді

0-5

Парафинді

5-10

Жоғарыпарафинді

>10

Шайырлар

Азшайырлы

0-5

Шайырлы

5-10

Жоғарышайырлы

>10

Асфальтендер

Азасфальтенді

0-1

Асфальтенді

1-3

Жоғарыасфальтенді

>3

Асфальт-шайырлы заттар

Азасфальтшайырлы

0-10

Асфальтшайырлы

10-20

жоғарыасфальтшайырлы

20-35

өте жоғарыасфальтшайырлы

>35

Мұнайлардың химиялық сипаттамалары бойынша классификациясы: жоғарышайырлы (>10%), азасфальтенді (0-1%), асфальтенді (1-3%), жоғарыасфальтенді (>3%), азасфальтшайырлы (0-10%), асфальтшайырлы (10-20%), жоғарыасфальтшайырлы (20-35%), өте жоғарыасфальтшайырлы (>35%).

Технологиялық класификациясы бойынша, құрамындағы күкірт бойынша 5 классқа бөлінеді:

I класс – азкүкіртті мұнайлар, күкірт құрамы 0-ден 0,5% дейін;

    1. класс - орташакүкіртті мұнайлар, күкірт құрамы 0,5%-дан 1% дейін;

    2. класс – күкіртті мұнайлар, күкірт құрамы 1-ден 3% дейін;

  1. класс - жоғарыкүкіртті, күкірт құрамы 3% жоғары.

Кейін мұнайды типтері бойынша бөледі – фракция шығысы бойынша 350 °С; топтар – негізі майлардың потенциал құрамы бойынша; топшалар – негізгі майлардың тұтқырлығының индексі бойынша.