
- •Ie 4305 «Инженерлік экология»
- •2. Адам әрекетінің климат пен табиғатқа әсері
- •1 Отын және түтін газдар құрамындағы улы заттар
- •2 Қоршаған ортаның энергетикалық ластануы
- •3 Табиғат пен адамға зиянды шығындылардың әсері
- •4 Зиянды газ тәріздес қоспалардан жану өнімдерінің тазартуы
- •5 Зиянды заттардың жалпы жойылуы
- •1 Қазақстандағы экологиялық жағдай
- •2 Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты
- •2.1 Заңнамалық негіздері
- •3 Табиғатты қорғау заңнамасын бұзу үшін жауапкершілік
- •1 Атмосфераны қорғау
- •2 Шмк нормаларының есептеу әдестемесі
- •3 Экологиялық сараптама (эс)
- •Күкірт оксидінің пайда болу шарты
- •2 Күкірт оксидтерінен түтін газдардың тазарту әдістері
- •4.1 Сурет - күкiрт тазартудың ылғалды тәсiлiнің сұлбасы
- •5.2 Сурет - күкiрт оксидтерiнен ылғалды-құрғақ тәсілмен тазартудың сұлбасы.
- •4.3 Сурет - құрғақ әкті әдiстің сұлбасы
- •4.4 Сурет – магнезитті тазалау әдісінің сұлбасы
- •3 Азот тотықтарынан түтіндік газдардың тазартудың әдістері
- •3.1 Қазан жанарғыларындағы азот тотықтарның жасалуы
- •4.5 Сурет – азот тотығына өтетін, отынды азоттың үлесінің тәуелдiлiгi
- •3.2 Азот тотығының шығарындыларын төмендетудің әдістері
- •3.3 Азот тотықтарынан газдарды химиялық тазартудың әдістері
- •4 Азот тотықтары шығарындыларын есептеу
- •5 Басқа зиянды шығарулардан түтіндік газдарды тазарту
- •1. Күлұстағыш классификациясы
- •6.1 Сурет – күлұстағыштың технологиялық сұлбасы
- •3 Газдарды құрғақ инерциялық тазалау аппараттары
- •4 Циклонның есебі
- •4)Циклондағы газдың нақты жылдамдығын анықтаймыз, м/с
- •6.7 Сурет – Тікелей циклон
- •5 Газдарды дымқыл тазалау аппараттары
- •6 Электрлі сүзгілерде тозаңды ұстау принциптері
- •6.1 Электрлі сүзгіде күлді ұстау деңгейін жоғарылату жолдары
- •7 Маталық сүзгілер
- •Тозаңданған лек; 2-жең; 3-тозаланған лек.
- •6. Бақылау сұрақтары:
- •1. Су қоймаларын қорғау
- •2. Сарқынды сулардың классификациясы және олардың сипаттамасы
- •4. Сарқынды суларды тазалау әдістерінің классификациясы
- •1 Мұнайгаз өндірісі кәсіпорындары әрекетінің атмосфера құрамы мен үрдістеріне әсері
- •2 Мұнайгаз өнеркәсібі кәсіпорындары әрекетінің су мен жер ресуртарының күйіне әсері.
- •3 Мұнай мен газ өндіру мен тасымалдау кезінде қоршаған ортаны қорғау
- •4 Мұнай мен газды өндірудің экологиялық мәселелері
- •5 Мұнай мен газды тасымалдаудың экологиялық мәселелері
- •1. Ластанған суларды тазарту әдістері
- •Қалдықтарды жою мен пайдалану
- •3. Пиролиз
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
5 Газдарды дымқыл тазалау аппараттары
Дымқыл күл ұстағыштардың негізгі басымдылығы - құрғақ күл ұстағыштарға қарағанда кіші диаметрмен бөлшектерді ұстау есебінен мұнда бөлшектерді ұстау деңгейі аса жоғары тиімдірек және салыстырмалы түрде құны жоғары емес.
Оның кемшілігі - газ жолы мен құрал-жабдықтардың күлмен бітеліп қалуы, шашырау арқасында сұйықтықтың шығындалуы, сонымен қатар құрал – жабдықтардың антикоррозиялық қорғанышының болмауы.
Дымқыл аппараттарға мыналар жатады : тұтас скрубберлер, орталық скруббелер , жылдам Вентури жуғыштар , эжекторлы скрубберлер.
Дымқыл күл ұстағыштардың қарапайым түрі- орталық скруббер. Оның құрған инерциялықтан басты айырмашылығы – ішкі қабырғасында суды сырғытатын пленкасы болады. Орталық күш арқылы сепарацияланған күл скрубберден бункерге жақсы жіберіледі. Бұл жағдайда күл бөлшектерінің қабырғадан газ легімен қайталанып ұсталуы азаяды. Дымқыл күл ұстағыштар үшін күлде кальций оксидінің болуы маңызды. Егер күл құрамында СаО кальций оксиді 15-20% -дан артық болса, онда күлдің цементтеніп қалуынан күл ұстағыштың жұмысы қиындайды.
Күл ұстағыштың ішкі беті қышқылға төзімді плиткамен қапталады. Күл ұстағыштың жұмысындағы ең маңыздысы - дұрыс құрылған суару режимі, күл ұстау бетіндегі сұйықтық пленкасын үздіксіз жасау .
Орталық скруббер базасында Ф.Э.Дзержинский атындағы бүкілодақтық техникалық институтының конструкциясымен МП-ВТИ типіндегі күл ұстағыш құрастырылды. (6.11а-сурет)
Кіру түтігінде диаметрі 20 мм-лік көлбеу кесінділерден шахматтық шоқ орналастырылған. Шыбық кесінділерден жасалған торлар механикалық форсункалармен шашыратылатын сумен суарылады, форсункалар тордың алдына тазаланатын газдардың жолы бойынша орнатылады.
Бұл аппаратта күлді ұстау 2 сатыда өтеді: күл бөлшектерінің суарылатын торларда тұндырылуымен және скруббердің суарылатын ішкі бетінде. Соңғы модельдің тиімділігі 88-90 %
Күл ұстағыштың тағы аса тиімді түрінің бірі – Вентури құбыры түріндегі коагуляторлы дымқыл күл ұстағыштар . (6.11б-сурет)
Жетістігі – аэродинамикалық қарсылығы 1100-1300 Па-ны құрайды, күл ұстау деңгейі 94-96 % . Салыстырмалы түрде күрделі және эксплуатациялық шығындары аз. Жұмыс істеу мүмкіндігі айналымды суда. Құбыр тамшы ұстағышқа сәл ғана еңкейтіліп тік және көлбеу орналастырылуы мүмкін.
Іс –әрекет принципі : булы газдың жылжып келе жатқан легіне форсунка арқылы суландыратын су беріледі, ол конфузорда жылдам газ легімен қосымша түрде ұсақ тамшыларға буланады. Конфузорда қысылу нәтижесінде шаңды тозаң ағынының жылдамдығы 4-7 ден 50-70 м/сек–қа дейін жетеді. Шығар ауызда тез жылжыған лектің әсерінен тамшылардың бөлшектенуі жүреді. Коагулятор арқылы өту кезінде ұшып келе жатқан күл суландыратын қабырғадағы тамшыларға қонады. Диффузорда күл бөлшектер су тамшыларымен соғысып, тозаңды газ легінің жылдамдығы төмендейді (кинематикалық коагуляция).
Әрі қарай тамшылар мен күлдің ұсталмаған бөлшектері тангенциалды түрде аппараттың корпусына – орталық скрубберге түседі, оның қабырғасы сумен суарылады. Бұл жерде булы газдар су тамшыларымен арылып, қосымша күлден тазартылады. Алынған гидро күлді пульпа гидроқоршау арқылы гидрокүл ұстағыштардың арнасына лақтырады.
Вентури МВ –УО ОРГРЭС және МС ВТИ маркалы күл ұстағыштар аса көп таралған. Күл ұстағыштың бірінші түрі дөңгелек қиылысты Вентури коагуляторында тік және көлденең түрде орындалған. Екінші түрі –тік бұрышты қиылыстағы құбырлардың тек көлбеу орналасуымен.
а-орталық жүру скрубері; 1-тозаңданған газдың кіру түтікшесі; 2-күл ұстағыштың корпусы;3-суарғыш сопла, 4-тазаланған газдың шығар аузы;5-бункер; б-Вентури коагуляторлы күл ұстағыштар; 1- тозаңданған газдың кіру түтікшесі;2-судың суару сопласы арқылы берілуі;3,4,5-конфузор, кірер ауыз және Вентури коагуляторының диффузоры; 6- скруббер- тамшы ұстағыш.
6.11-сурет. Дымқыл күл ұстағыштар
Дымқыл күл ұстағыштарды күл құрамында 15-20% -дан артық кальций оксиді бар отындар үшін қолдануға болмайды, отынның берілген күкірттілігі 0,3% кг /мДж-дан артық болмауы керек, газ жолдарындағы коррозияның алдын алу үшін дымқыл күл ұстағыштарға 20% -тан артық болмауы керек. Суландыру құрылғыларында тұнба болмауы үшін суды гравилі сүзгілерде механикалық қалдықтан тазартады.