Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Инженерлік экология дәрістер кешені 1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.4 Mб
Скачать

3 Газдарды құрғақ инерциялық тазалау аппараттары

Газдарды құрғақ инерциялық тазалау аппараттарына қарапайым тозаң тұндырғыш камералар, жалюзді аппараттар, бір және топтық орындаудағы циклондар, тікелей токты және батареялы циклондар жатады.

Негізгі артықшылықтары: оларды мамандандырылмаған кәсіпорындарда дайындау мүмкіндігін анықтайтын конструкциясының қарапайымдығы. Алайда олардың тазалау тиімділігі төмен, сондықтан да көптеген аппараттар газдардың тазалаудың алғашқы деңгейінде пайдаланылады.

Тозаңтұндырғыш камералар бөлшектерді гравитациялық тұндыруда пайдаланылатын қарапайым инерциялық күлұстағыштарға жатады.

Сурет 6.3 - Тозаңтұндырғыш камера

Тозаңтұндырғыш камераларды негізгі 100 мкм-ден аспайтын бөлшектерді алдын-ала тұндыру үшін қолданады. Қарапайым инерциялық тозаңтұндырғыштарда инерциялық күштер пайдаланылады, соның арқасында газ легінің бұрылысынан кейін бөлшектер өзінің қозғалысының үздіксіздігін сақтай отырып, бункерге түседі. Тазалаудың аса жоғары тиімділігі үшін бөлшектердің бұл камераларда мүмкіндігінше ұзақ уақыт болуы қажет. Сондықтан да олар үлкен көлемді болып келеді. Жұмыстың жоғары тиімділігі үшін тозаң тұндырғыш камералардың ішіне қалқалар қойылады. Қалқалау материалдары: кірпіш, құрамалы темірбетон. Тозаңтұндырғыш камералардың тиімділігі 50%- ға дейін.

Жалюздік аппараттар тозаң тұндырғыш камераларға қарағанда аз жер алады, өйткені олардың негізгі элементі жалюздік торлар газ жолына орналастырылады. Жалюздік күл ұстағыштар жалюздік торлардан күл ұстағыштан, негізі циклоннан тұрады.

6.4 – сурет. Жалюздік күлұстағыш.

Жалюздік тордың міндеті – газ ағымын екі бөлімге бөлу. Біріншісі аса жоғары шамада күлден арылған (барлық газдың 80-90%-ы). Екінші бөлігі 10-20%-ды құрайды, онда булы, газда болатын, содан соң циклонда ұсталатын күлдің негізгі мөлшері болады. Циклоннан кейін тазаланған газ негізгі лекке қайта оралады.

Сурет 6.5 - Жалюзді торлардың түрлері

Торлары бар жалюзді күл ұстағыштар конструктивті түрде дайындалған шойын бұрыштардан құралған және негізгі эксплуатациялық сипаттардың есебі бойынша жасалған, бұлар қарастырылған түрлердің ішіндегі аса көп қолданылатын түрі. Бұрыштарындағы табандардың саны 40x40 текше өлшемімен 11 ден 75 данаға дейін болуы мүмкін. Кіру камерасының ені В = 209 ч 1425 мм , тордың биіктігі H = 595ч4038 мм. Үлгісі тік торлардың үшконструкциясындай.6.5 – сызба. а) тордың металл қаптамасы жоқ, өлшемі кіру камерасының өлшемінен үлкен газ жолына орнатуға болады немесе екі қабатты, үш қабатты газ жолдарына орнатуға болады. б) және в) сызбаларында металл қаптамалар пайдаланылады және кіру камерасының өлшемі газ жолының өлшеміне сәйкес келуі керек. а) және б) күл ұстағышы – екі желімен. Мұндай торлардың жұмыс істеу мерзімі шамамен 6 ай. Тозуына байланысты тазалау тиімділігінің төмендігі экспуатацияның үшінші айында байқалады. Күл ұстағыштар ірі фракциядағы булы газды тазалау үшін қолданылады, сонымен қатар жылытудың ең шеткі бөлшегін қорғау үшін қолданылады. Қолданылу алаңқының аздығынан басқа тиімді жүйені орнату мүмкін болмағандықтан кішкентай қазандықтарда қолдануға болады.

Жалюздік күл ұстағыштардағы гидравликалық қарсылық отын түрі мен оны жағу тәсіліне байланысты төмендегідей қолданылады:

1)Егер тор көлбеу газ жолында ∆P = 200-500 Па болса, ал тік газ жолында 100-500 Па болса, барлық энергетикалық отын түрлерін қабаттап жағу жағдайында;

2)Тас және қоңып көмірді камералық жағу кезінде, ∆P = 200 Па

Циклондар.Инерциялық күл ұстағыштар түрінде циклондар аса көп тараған, бұларда тұндыру газ легін айналдырудағы орталық күш есебінен болады.

Орталық күш әсерінен күл бөлшектері циклонның қабырғасына лақтырылады да, газдың бір бөлігімен бірге бунгерге түседі. Бункерге түсіп, тозаңнан тазартылған газдың бір бөлігі тозаң шығаратын саңылаудың орталық бөлігі арқылы циклонға қайта оралады және аппараттан шығатын тазаланған газдың ішкі айналымының басталуына мүмкіндік береді. Бункерге түскен газдың бөлшектерге бөлінуі инерция күшінің әсерімен газ қозғалысының 180 –қа өзгеруі нәтижесінде жүреді. Газдың осы бөлшегінің қозғалыс шамасы бойынша түтін шығару трубасы жағынан оларға бункерге түспеген газ мөлшері біртін-біртін қосылады.

Цилиндрлік циклондар: ЦН-11, ЦН-15 және ЦН-24. Цилиндрлік циклондардың басты ерекшелігі – корпустың ұзын цилиндрлік корпусының, = 11,15 және 24° бұрышпен кірер аузының еңіс қақпағының, сонымен қатар циклын диаметріне қарай шығу трубкасының болуы. Мұндай түрдегі циклондар жеке түрде де, топтық түрде де қолданылады. Одан басқа коникалық циклондар да болады. Оларға ұзын коникалық бөлшегі бар, спиральды шығу аузы бар, аз диаметрлі кіру трубасы, циклонның цилиндрлік бөлігінің диаметріндегі СДК-СН-33, СК-СН-34 типтеріндегі аппараттар жатады.

1 – кіру аузы; 2 – циклонның корпусы; 3 – тозаңды бункер; 4 – шығаратын бөлік.

6.6 – сурет. Циклон

Біркелкі өнімділіктегі цилиндрлік коникалық циклондар үлкен көлемділігімен ерекшеленеді және сондықтан да топтық жұмыстарда қолданылмайды. ГОСТ-қа сәйкес циклондар үшін төмендегідей диаметрлер түрлері қабылданған, мм. D = 200, 400, 500, 600, 700, 800, 900, 1000, 1200, 1400, 1600, 1800, 2000, 2400, 3000 мм Бункердің цилиндрлік бөлігінің биіктігі 0,8 D. Бункердің түбі қабырғаларының бұрышымен 60–та орындалады. Күлді шығаруға арналған саңылау бункердің сыйымдылығы мен циклонның өнімділігіне байланысты қабылданады:200, 300 және 500 мм.