Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Инженерлік экология дәрістер кешені 1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.4 Mб
Скачать

1. Күлұстағыш классификациясы

1.2 Құрғақ аппараттар;

гравитациялық и инерциялық ( камералар, циклондар);

1.2 фильтрлейтін ( маталы, дәнекті);

2 Сулы аппараттар;

2.1 жуылатын (форсункалы скрубберлер, Вентури скруббері, динамикалық жуатындар);

2.2 сұйықпленкалы (ортадантепкіш скруббер, көбікті скрубберлер);

3 Электрофильтрлер;

3.1 бірзоналы – газдардың көлденең жүруімен құрғақ пластинкалы , газдардың тік жүруімен, сулы түтікшелі және пластинкалы ;

3.2 екізоналы – қуатталу және тұнбаның зонасы .

Күлді бөлшектердің ұсталуы келесі физикалық құбылыстардың қолдануымен базаланады:

- ауырлық күші әсерінен көлденең және тік ағынның бір бағытта күл бөлшектерінің бөлінуі. Ұсақ бөлшектерге тиімділігі төмен;

- қисық бағыттағы ағындарда қатты бөлшектердің бөлінуі ортадантепкіш күштің әсерінен аппараттарда орындалады және газдың тангенциалды берілуімен қамтамасыз етіледі;

- егер күл бөлшектерінің жолында кедергі денелер тұрса, онда жылдамдықтың азаюы мен күлді бөлшектердің ұсталуы ортадантепкіш күштің әсерінен болады;

- күлді бөлшектер, кеуекті дененің бетіндегі тура тұнуы есебінен ағыннан бөлінуі мүмкін, егер кеуектің өлшемі бөлшектің диаметрінен кіші болса;

- күлді бөлшектердің тұнуы жылулық және турбуленттік диффузия процестерімен анықталады;

- күлді бөлшектердің ағыннан бөлінуінің тиімді әдісі ретінде электрфильтрда ұстаудың электростатикалық әдісі болады. Бұдан электростатикалық ауданда қуатталған бөлшек, кулон күші әсерінен тұнған электродтраға бағытталады.

6.1 Сурет – күлұстағыштың технологиялық сұлбасы

КҰА қолдануы әуе бассейнінің түтіндік газдармен шығарылатын зиянды заттардан қорғаудың белсенді әдісі болып табылады.

ЖЭС технологиялық сұлбасында күлұстағыштың орны – қазан мен түтінсорғыш арасында. ( 6.1 сурет).

2 Күлұстағыш жүйесінің тиімділік бағасы

Күлұстағыштың дәрежесі күлұстағыш аппаратының жұмысын сипаттайтын тазарту коэффициентімен анықталады, %

,

мұндағы М – аппаратқа МВХ жеткенге дейінгі, аппаратта ұсталған МУЛ, және аппараттан кейін МВЫХ газда кездесетін бөлшектердің массасы;

СВХ – газ кірісіндегі бөлшектердің концентрациясы;

СВЫХ – газ шығысындағы бөлшектердің концентрациясы;

GВХ, GВЫХ – аппараттан келген және аппараттан шыққан газ мөлшері, кг/с.

Егер GВХ = GВЫХ ,онда ұстау дәрежесін анықтауға болады:

Соңғы тозаңдануды, бағалау қажет болған жағдайда, секіріп өту коэффицентін пайдаланған қолайлы:

Сонымен қатар күлді ұстау параметрі болады:

Мұндағы Wn – күлдің күлді жерге тиімді қону жылдамдығы, м/с; А – күл қону алаңы, мІ; WГ – шаңдыгаз легі қозғалысының лоташа жылдамдығы; S – газдық –ту тесігінің ауданы, мІ.

П күлді ұстау парамертрінен басып өту деңгейінің тәуелділігі

е= ехр(˗ П)

Бұл тәуелділік график түрінде 6.2 суретінде көрсетілген.

Қатты бөлшектерді шығару есебі. Қатты бөлшектердің сомалық саны (ұшқан күл мен жанбай қалған отын),- Мтв тонна жылына немесе әрбір қазандықтан түтінді газбен ауаға шығарылатын газды екі формуланың бірімен есептейді:

т/жыл

Ұшатын күлдің саны:

г/сек, т/жыл,

мұндағы В – қарастырылатын уақыт ішіндегі табиғи отынның шығындалуы, т/жыл; АР – жұмыс салмағына қарай отынның күлділігі, %; – қазандықтан газбен шығатын күлдің үлесі; Гун –шығатын газ құрамындағы жанармай, %; q –механикалық толық жанбаудан жылудың жоғалуы, %, мазуттың қазандықтар үшін q4 0,02% - бен қабылданады. Тас көмір үшін q₄ =1-1,5%; 32680 - көміртектің жануының жылылығы, кДж/кг; –отынның жануының төменгі жылылығы, кДж/кг;

– түтіннің шығуында ұсталатын қатты бөлшектердің үлесі;

ɛ – өту коэффициенті.

1 – 30 мкм-ден үлкен өлшемді ірі бөлшектер үшін; 2 – 10 мкм-ден кіші өлшемді ұсақ бөлшектер үшін. 6.2 – сурет. П түтін ұстау параметрін өту деңгейінің тәуелділігі.