Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Инженерлік экология дәрістер кешені 1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.4 Mб
Скачать

4.1 Сурет - күкiрт тазартудың ылғалды тәсiлiнің сұлбасы

Скруббер сумен таралады, құрамында ұсақ ұнтақталған әк пен бейтараптану өнімдері болады. Тазартылған газдар брызгуловительде шашыратқыш қоспадан босап, жылуалмастырғышта жылытылып, түтіндік құбыр арқылы атмосфераға лақтырылады. Скрубберден төгілген қышқыл сұйықтыққа таза сұйық қосылады.Уақыт өте келе шашырайтын сұйықтықта кальций сульфитінің кристалы мен ұшқыш күлдің қалдығы жиналады. Қатты бөлшектердің концентрациясы сұйықтық массасынан 10-15 % жеткенде, суспензияның бір бөлігі циклдан күл шығарғышқа апарылады.

Барлық ылғалды тазарту әдістері кезінде кететін газдардың температурасы 130 °С-дан 50 °С дейiн төмендейді. Газдардың жылытуы түтіндік құбырдан газдардың шығысынан кейін ыдырауды қамтамасыз ету үшін тазартылмаған газдардың жылытуы арқылы жүреді.

Тәсiлдiң кемшiлiктерi: кальций сульфиді құбырларды гипстайды; скрубберді суғаратын суспензия тамшылары өлшенетін бөлшектерден тұрады; үлкен инвестициялық шығындар; үлкен алынатын аудан.

Сулы - құрғақ әдiс – циклді емес тәсіл, оның негізіне түтiндік газдардан күкіртті газдардың жұтуы жатады. Тәсілдің тиімділігі 90 % -дан асады.

Әдiстiң айырмашылық ерекшелiгi: процесте әкті сүттің толық булану үшін көп мөлшері қатысады.

Реакцияның құрғақ өнiмдерi шаңкүлұстағышта (5.2-шi сурет) тұнып қалады, ал күкіртті газдан тазартылған газдар түтіндік құбырға өтеді. 8 түйінде қоспа термиялық қышқылданумен соңғы өнімге өңделеді – яғни, құрылыс материалына.

Артықшылықтары: өнімді құрғақ күйінде алу, ағынды сулардың болмауы, реагенттің жоғары дәрежеде қолданылуы – әктің, бірқалыпты аэродинамикалық кедергі.

Кемшіліктері: қымбат тәсіл, себебі тек жоғары сапалы әк қолданылады; қондырғы көп орынды алады; реагенттің дәл дозировкасының қажеттілігі.

1 – температурасы 130-150 оС болатын кететін түтіндік газдар; 2 - газдарды алдын ала тазалау үшiн күлұстағыш; 3 - кептiргiш - реактор; 4 - аралық сыйымдылық; 5 - ұшпа күл; 6 - әктiң ерiтiндiсiн беру; 7 - шаңкүлұстағыш; 8 – соңғы өнімге кальций сульфиті мен сульфат қоспасының термиялық өңдеуінің түйіні; 9-соңғы өнiм; 10 - тазаланған түтiндік газдар.

5.2 Сурет - күкiрт оксидтерiнен ылғалды-құрғақ тәсілмен тазартудың сұлбасы.

Құрғақ әкті әдiс - ең қарапайым және ең кіші капитал жұмсауларды талап етеді.

Әдiстiң мәні: берілген отында күкірттің стехеометриялық құрамын шамамен 2 еседен арттыратын ізбестас (СаСО3 ) немесе доломит (СаMg(CO3)2) қосылуы.

Жанарғы: СаСО3 → СаО + СО2

СаО + SО2 + О2 СаSО4

АР - активациялы реактор; ЭФ - электрофильтр; ТС - түтiн сорғыш.

4.3 Сурет - құрғақ әкті әдiстің сұлбасы

Күкiрт екi тотығының бiр бөлiгi жанарғыда түзілген СаО-мен қатысады, бірақ бұл кезеңде көп бөлігі әлі қатыспайды. Қатыспаған кальций түтіндік газдардың ылғалдылығын жоғарылату жолымен бөлек реакторда активтендіріледі (5.3 сурет) .

Судың тозаңдануы, кальцидің қолдану коэффициентін барынша жоғарлату мүмкіндік беретін, реакцияға қатыса алатын шарттарды жасайды.

СаО + Н2О → Са(ОН)2

Са(ОН)2 + SО2 СаSО3↓ + Н2О

Са(ОН)2 + SО2 + О2 СаSО4 + Н2О

Реакцияның өнiмi - көмiрдiң жағуы кезінде ұшпа күлмен араласып және ЭФ-да түтіндік газдардан жойылатын құрғақ ұнтақ.

Түтiндік газдарды суландыруы ЭФ жұмысының тиімділігін жақсартады, соның нәтижесінде ЭФ-тан шыққан шаңды шығарулардың дәрежесі, бір көмірді жақан кезден қарағанда төмен болады.

Артықшылығы : қарапайымдылығы, циркуляциясы жоқ, ағын сулар болмайды, соңғы өнім құрғақ болады, күкіртті газдың ұсталу дәрежесі жоғары 45-90 %, әр түрлі отын түрінде жұмыс істейді, қазандық типінен тәуелсіз, көп орын алмайды, үнемділік, шағын инвестициялық шығындар, арзан сорғыштың-ізбестастың пайдаланылуы.

Кемшiлiктері: қыздыру беттерінде мықты шөгінділердiң және кальций сульфатының қалыптасуы.

Магнезитті циклдiк тәсiл.

Тәсiлдiң мәнi: Күкірт диоксидінің магний оксидінің (магнезитпен) суспензиясымен байланысы келесі реакция арқылы анықталады

МgO + SO2 = МgSO3

Пайда болған магний сульфиді қайтадан күкірт диоксидімен және сумен өзара әрекеттесіп, магний бисульфидін түзеді.

МgSO3 + SО2+ Н2О = Мg(НSO3)2

Пайда болған бисульфид магнезитті қосу арқылы бейтараптанады

Мg (НSO3)2 + МgO = 2МgSO3 + Н2О

Температурасы 800-900 °С кезінде күйдiрудiң процесiнде пайда болған магний сульфиді келесі реакция өнімдерін түзіп, термиялық жіктеуге ұшырайды:

МgSO3 → МgO + SO2

Магний тотығы процеске қайтып келеді, ал концентрирленген күкiрттi ангидрид күкірт қышқылына немесе қарапайым күкіртке өңделуі мүмкін.

Түтіндік газдар (5.4 сурет) күкірт қышқылынан скрубберде 1 0,03 %-ке дейін тазаланады, пайда болған концентрациясы 50-70 г/л болатын магний бисульфид ерітіндісі циркуляциялық жинаққа кіреді 3 ,одан ерітіндінің бір бөлігі тегеурінді бакке жіберіледі 2 және скруббердің сулануына қайтып келеді, ал қалған бөлігі бейтараптандырғышқа 4 магний сульфидін бөлу өтеді.

ТГ - тазаланған газ; ТГ - түтiндік газдар

1 - скруббер; 2 - тегеурiндi бак; 3-циркуляциялық жинақ; 4 - бейтараптандырғыш; 5 - гидроциклондар; 6-таспа вакуум-сүзгiш; 7 - сығымдау-сүзгiсi; 8 - тазартылған ерiтiндiнiң жинағы; 9 - күйдiру пешi.