Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Отбасы бос уа__ыт1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
448 Кб
Скачать

4 Тақырып. Ойын отбасы бос уақыттың қызметі ретінде.

Бұл сұрақты тереңірек голанд ғалымы Й. Хейзинг зерттеді. Төменде оның жасаған қортындыларынан үзінді келтірілген. "Ойын мәдениетке қарағанда ерте пайда болған, өйткені мәдениет адамзат қоғамының бар болуын білдіреді, ал жануарлар ойын ойнауды үйрену үшін адамдардың пайда болғанын күтпеген." Психология мен физиология жануарлардың, балалардың, ересек адамдардың ойындарын бақылаумен, сипаттаумен және түсіндірумен бұрыннан айналысып келеді. Ойынның биологиялық функциялары қандай? Бұл: артық өмірлік күшті сыртқа шығару; демалуды қажет ету, туа пайда болатын еліктеу инстинктісіне тәуелділік; күрделі іс алдында дайындық; өзін-өзі ұстай алуды жаттықтыру; басқаруға ұмтылу; зиян әрекетердің орнын басу; шынайы жағдайда мүмкін емес мақсаттарды қанағаттандыру.

«Ойын» ұғымымен әр түрлі, тіпті кейде бір-бірімен ұқсастығы аз құбылыстарды атайды. Төрт томнан тұратын орыс тілі сөзідігінде бұл ұғымның 7 негізгі түсінігі берілген. Бұл іс-әрекет, балалардың кәсібі және бұл спорт түрі болып табылатын (спорттық ойындар, әскери ойындар) бос уақытты толтыру үшін, көңіл көтеру үшін қызмет ететін белгілі бір ережелердің, тәсілдердің жиынтығы. Бұл сонымен қоса кейбір шараптарға және газы бар сусындарға тән газ көпіршіктерінің қозғалысы («шарап ойыны»), және де күн түстерінің тез өзгеруі және т.б. Ол музыкалық шығармаларды орындау (скрипкада ойынау) және сахна рөлдерін ойынау (актер ойыны). Ол қандайда бір мақсатты көздейтін алдын ала ойластырылған іс-әрекеттердің қатары, ақыл-айла, құпия ниеттер. Біз қиял ойыны, табиғат ойындары, сөздер ойыны, уақиға ойыны, тағдыр ойыны... турал айтып отырмыз. Адамзат ойындарымен қатар жануарлар ойыны бар. Поляк фантаст-жазушысы Станислав Лем ойынның анитикалық түсініктерін қайта жаңғырта отырып, Өркениет пен Табиғаттың арасындағы Ұлы Ойын туралы жазды. «Ойын теориясы» деп конфликтілік жағдайларда оптималды шешімдерді қабылдаудың формальді модельдерін зерттейтін математиканың бөлімін айтады.

Аталған барлық жағдайларда «ойын» сөзі оң немесе нейтралды мағынада қолданылады. Бірақ ол және оның кейбір сөз тізбектері сонымен қатар теріс мағынаға ие: «сана ойыны», «жүйке жүйесіне тиісіп ойнау». Ю.Бондаревтің «Ойын» атты романында Крымов деген басты рөлдегі кинорижессер өлер алдында өз өмірін ойын деп квалификациялап, автормен бірге оны айыптайды: «Сонымен өмір дегеніміз сценарий бойынша кейіпкерлері шымылдық бір уақытта бәрібір де ашылады дегенді еске алмай әрекет ететін, бірдеңені армандайтын спектакль болып шықты. Мен, ішкі жан дүниемнің спектакілін түсіну үшін сол кейіпкерлерді көруім керекпін. Ойын?» Романдағы ойын шынайы емес, жалған дүние. Ойын дегеніміз не? Келтірілген алуан түрлі мағыналарда ортақ бөлім табуға болама? Мүмін ойын деп аталатын әрекеттерде ортақ ұқсастықтары бар шығар? «Бала ойыншықпен ойнайды, мысық тышқанмен, ал өзгелер сүйікті арманмен» делінеді мақалда. Әрине «ойын» ұғымы өлі табиғатқа қатысты қолданылғанда бұл астарлап айту, метафора. Тютчев жазғандай «көктемнің алғашқы найзағайы, көк аспанда ұшқырланып, ойнықтап күркірейтін сияқты». Ал жануарлардың ойыны? Ойын туралы ұлы еңбекте жануарлардың қылықтары туралы біз келесіні табамыз: «Ойын – көптеген қайшылықтар тудыратын «күрделі» терминдердің бірі. Жіп бумасымен ойнап жүрген мысық, немесе доп артынан қуалап жүрген ит – үй жануарларының ойындарының қарапайым мысалы: осындай мысалдарды сүтқоректілер мен төменгі сатыдағы жануарларға қатысты табуға болады. Бірақ ортақ терминді қолдануды түсіндіретін осы жағдайлардың ортақ біріктірушісі бар ма? Бұл сұраққа жауап беру қиын».

Р.Хайнд деген ғалым жануарлар ойынның, бірізділігі сақталмаған әрекеттер, жаңа қозғалыстар жиынтығын жетілдіру, жеке қозғалыстардың интенсивтілігінің және жалпы бірізділіктің сәйкессіздігі сияқты, белгілерін қарастырды. «Ойын тәртібін бақылайтын факторлар айқын емес, және күрделі», «соған қарамастан ойын тәртібі бар, және оны елемеу мүмкін емес». Ойын қызметін қаже ету жануарлардың ересек өмірге дайындығымен байланысты деген көзқарас бар. Және де ойынның мәні сонда, оның барысында әр түрлі қабілеттер қалыптасады, жетіледі, сонымен қатар өз әрекетін психикалық тұрғыда бақылап отыру қабілеті де қалыптасады. Ойынның жаттықтыру сипаты да бар екендігі сөзсіз. Қанағаттану сезімі - оның негізі стимуляторы. Бұндай стимуляция маңызды, өйткені ойынсыз жануардың өмір сүруі үшін қажет іс-әрекет және құлық дағдылары қалыптаспас еді.

Негізгі әдебиеттер: [1,2,4,6]

Қосымша әдебиеттер: [1,5 ,8]