Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Отбасы бос уа__ыт1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
448 Кб
Скачать

3 Тақырып. Отбасы мерекелер бос уақыттың ұйымдастыру түрі ретінде.

Отбасы мерелердің классификациясы.

Отбасы бос уақыт және балаларды әлеуметтендіру процесі.

Мерекелердің сценариді құру этаптары.

Бос уақытты дұрыс ұйымдастыру функциясы тиімді сауықты ұйымдастыруды және осы салада бақылау жасауды жүзеге асырады, сондай-ақ бұл функция индивидтің бос уақытын жөніндегі белгілі бір қажеттерін қанағаттандырады. Социологтар отбасының дәулеті мен сауығы арасындағы тығыз байланысты анықтады. Бақытсыз ерлі - зайыптылар жұбының бесеуінің біреуі ғана бос уақытын бірге өткізеді, бұл көрсеткіш бақытты жұптар арасында 2-5 есе артық. Бос уақытты өткізу функциясы отбасының бос уақытын ұйымдастыруды тиімді етуге, отбасы мүшелерінің қарым-қатынас жасу қажеттігін қанағаттандыруға, мәдениет деңгейін көтеруге, денсаулық жағдайын жақсартуға, күшті қалпына келтіруге бағытталған. Бақытты отбасыларында жұбайлар мен олардың балалары бірін - бірі өзара байытады, бос уақыт өткізу көбіне оларды дамыту сипатына ие болады. Бос уақыт дегеніміз адамның жұмыстан тыс (бос) уақыты, оны адам өзінің таңдауы мен еркі бойынша өткізеді. Бос уақыт аса маңызды әлеуметтік құндылықтардың бірі, адамның дене күш-қайраты мен рухани күшін қалпына келтірудің, жеке тұлғаның жан-жақты дамуының теңдессіз құралы. Бос уақыттың ролін көтеруге отбасының дұрыс ағысы мен түзімі, отбасы мүшелері арасында міндеттерді дұрыс бөлу, еңбек пен демалысты жоспарлау көмектеседі. Жалпы алғанда, бос уақытты өткізу адамның жеке тұлға ретінде есеюінің айнасы тәрізді: оның бос уақытын қалай өткізетініне қарап, адамның өзі туралы да айтуға болады. Бос уақытты өткізуге кітап оқу, телехабарларды тыңдау, көру, туыстарымен, достарымен, таныстарымен кездесу, кітапханаға, театрға, концерт залдарына және кинотеатрларға бару, жыл сайынғы демалысты өткізу, паркке бару, туристтік сапарлар, табиғатқа экскурсия, қыдыру; спортпен айналысу, жарыстарға қатысу, мейрамдарды өткізу жатады.

Отбасының негізгі функциясының бірі ретінде отбасының бос уақыты бірқатар отбасылық функцияларды орындайды. Сонымен, бос уақыт ата-аналардың балаларымен араласуына жайлы жағдайлар туғызады, себебі бұл салада шаралардың бірге немесе бөлек өтуі тек қана олардың қалауы бойынша жүзеге асады.

Жас отбасының мәдени қажеттері тұрақты ескірмейтін құндылығы болып табылады. Баланың тууына байланысты туындайтын бірқатар қиындықтарға қарамастан, жұбайлар өздерінің мәдени сұраныстарының деңгейін сақтап қалады және қандай да бір мүмкіндік туа қалған жағдайда оны қанағаттандыруға ұмтылады.

Ақыр аяғында, отбасының еңбек демалысы уақыты ата-ананың балаларын тәрбиелеу функциясын жүзеге асыру үшін кең мүмкіндіктер береді. Бұл кезең ұзақтығымен, үзілістің болмауымен сипатталады, бұл ата-анаға тұрмыстық, шаруашылық және т.б. міндеттерге алаңдамай, тәрбие саясатын біртіндеп жүргізуіне мүмкіндік жасайды. Осыған байланысты балалардың ата-анасымен бірге демалуының ролі артып келеді. Отбасылық демалыстың едәуір қалаулы түрі жолдама бойынша отбасылық сауықтыру орындарында демалу болып табылады, себебі демалыстың мұндай түрі ата-анаға балалармен бірге неғұрлым көп уақытын өткізуіне мүмкіндік береді.

Бос уақыт еркін араласу саласы ретінде отбасының тағы бір маңызды функциясы – эмоционалдық бірлік және психологиялық ауыртпалықтан босау функциясын орындайды.

Жұбайлардың бос уақыттағы істерінің қай жерде (үй ішілік немесе үйден тыс) өтетініне қарамай ортақтығы осы функцияның орындалуының міндетті шарты болып табылады. Мұндай жағдайда тұрғын үйдің жайлы болу факторы өзекті бола түседі. Отбасының тұрғын жайының атмосферасы саябырлықтың, тыныштықтың, сенімділік сезімін тудыруы керек. Ата-ана отбасымен бірге тұратын күрделі отбасыларындағы жағдай аса шиеліскен екендігі бізге мәлім. Дәл осындай отбасында жұбайлар бос уақытты өткізетін, эмоционалдық өзара алмасу болатын тұрғын үй жағдайына аса көңілі толмайтындығын білдіреді. Ата-анамен бірге тұру қарама-қайшылықты болатындығын атап өтелік.

Негізгі әдебиеттер: [1,3,7,9]

Қосымша әдебиеттер: [1,2, 3]