
- •5В090600-Мәдени-тынығу жұмысы мамандығының
- •1.1 Оқытушылар туралы мәлімет:
- •1.2 Пән туралы мәлімет:
- •1.5 Қысқаша шолу:
- •1.6 Оқыту нәтижелері (пәндік және пәннен тыс құзыреттіліктер)
- •1.7 Пән бойынша тапсырмалардың орындалу кестесі:
- •1.8 Ұсынылатын әдебиеттін тізімі:
- •Қосымша әдебиет:
- •Мерзімді басылымдар тізімі:
- •Электрондық тасымалдаушы құралдар тізімі
- •Интернет көздер енеді:
- •1.10 Саясат және өту бағыты
- •2. Пән бойынша оқу - әдістемелік материалдар
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәрістік сабақтардың тезистері.
- •1 Тақырып. Отбасы бос уақыттың әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде қалыптасуының тарихы
- •2 Тақырып. Отбасы микроортаның қалыптасуында бос уақыттың рөлі.
- •3 Тақырып. Отбасы мерекелер бос уақыттың ұйымдастыру түрі ретінде.
- •4 Тақырып. Ойын отбасы бос уақыттың қызметі ретінде.
- •5 Тақырып. Отбасында балалардың бос уақытын ұйымдастыру.
- •6 Тақырып. Клуб – отбасы бос уақытты ұйымдастыру түрі ретінде.
- •7 Тақырып. Жастардың бос уақытың ерекшеліктері.
- •8 Тақырып. Отбасы уақыты және салауатты өмір.
- •2.2. Семинар сабақтарының жоспарлары.
- •1 Тақырып. Отбасы бос уақыттың әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде қалыптасуының тарихы
- •2 Тақырып. Отбасы микроортаның қалыптасуында бос уақыттың рөлі.
- •3 Тақырып. Отбасы мерекелер бос уақыттың ұйымдастыру түрі ретінде.
- •4 Тақырып. Ойын отбасы бос уақыттың қызметі ретінде.
- •5 Тақырып. Отбасында балалардың бос уақытын ұйымдастыру.
- •6 Тақырып. Клуб – отбасы бос уақытты ұйымдастыру түрі ретінде.
- •7 Тақырып. Жастардың бос уақытың ерекшеліктері.
- •8 Тақырып. Отбасы уақыты және салауатты өмір.
- •2.5 Оқытушы жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •Тапсырмалар:
- •Тапсырмалар:
- •2.6 Студенттің өздік жұмысы шеңберіндегі сабақ жоспары
- •Пән бойынша картотека құрасытыру. Ғылыми әдебиеттерді оқу негізінде пән бойынша картотека құрастыру. Жеке жұмыс. Картотека 20-дан кем емес әдебиет көздерін қамту керек.
- •2.6.1 Курс бойынша жазбаша жұмыстардың тақырыптары
- •2.6.2 «Отбасы бос уақыты» пәні бойынша курстық жұмыстар тақырыптары
- •2.8. Өзіндік жұмыстары үшін тесттік тапсырмалар
- •2.9. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •5В090600-Мәдени- тынығу жұмысы мамандығының
2.2 Дәрістік сабақтардың тезистері.
1 Тақырып. Отбасы бос уақыттың әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде қалыптасуының тарихы
«Бос уақыт, «отбасы бос уақыт» түсініктері.
«Бос уақыт», «отбасы бос уақыт» ғылыми аңықтамалары.
Отбасының бос уақытты ұйымдастыру функциясы.
Бос уақыт дегеніміз адамның міндетті өндірістік емес міндеттерін (жұмысқа баруға және қайтуға кететін уақыт, ұйқыға, тамақтануға, үй шаруасына кететін уақыт және т.б.) орындағаннан кейін қалатын жұмыстан тыс уақыттың бөлігі.
Жеке тұлға мен қоғам арасындағы аралық бөлік ретінде отбасы шағын топтың да, әрбір индивидтің те жеке қасиеттерін біріктіреді. Отбасының бос уақытын өткізу саласы отбасы өмірінде ең аз реттелген кеңістік ретінде біртұтас қауым -некелескен жұпты құрайтын өзара дербес екі рухани жүйелердің өзара әрекетінің ерекшеліктерін көрсетуге септігін тигізеді. Бұл өзара әрекет жеке мүдденің отбасының басқа мүшелерінің мүдделерімен үйлесімді келістіру ұстындарына негізделеді, яғни қандай да бір психологиялық компромисстің болуы көзделеді. Отбасының бос уақытын өткізуінің дәл осындай ұстыны отбасы тіршілігінің барлық басқа салаларында (еңбектену, экономикалық, репродуктивтік қызметі, т.б.) екінші орынға ысырылатын ішкі қайшылықтары мен проблемаларын анықтайды және ашып көрсетеді.
Отбасының бос уақытын толыққанды өткізуін бағалау үшін екі негізгі талап қолданылады. Біріншісі - отбасының бос уақытын өткізуге жұмсалатын бос уақыт көлемі. Екіншісі - бос уақытты өткізу мазмұны. Екі көрсеткіш те ата-ананың рухани дүниесінің даму деңгейімен, отбасының қаржы жағдайымен, сондай-ақ жалпы тұрмыс салтымен анықталады. Егер әйел өз уақытының көп бөлігін үйіндегілерге қызмет етумен өткізсе, оның отбасының бос уақытын өткізуін ұйымдастыруға және өзінің демалуына бос уақыты қалмайды. Сондықтан отбасының әрбір мүшесінің үй шаруасы бойынша белгілі бір міндеттер аясы болғаны жөн, бұл отбасының бос уақытын мәнді өткізуіне уақыт бөлуге мүмкіндік береді.
Отбасының бос уақытының мазмұны отбасының әрбір мүшесінің қызығушылығына байланысты болады. Әкесі бос уақытында аңшылықпен, мамасы тоқумен, ұлы ролик тебумен, қызы – бимен немесе сурет салумен айналысатын отбасына қарағанда отбасы мүшелерінің барлығы туризммен айналысатын немесе театрды сүйетін отбасының бос уақытын бірлесіп өткізуін ұйымдастыру жеңілірек болады,
Ғылыми әдебиетте бос уақытты дұрыс үйымдастыру отбасының негізгі функциясына жатқызылады. Отбасының бос уақытты дұрыс үйымдастыруында өзіндік ерекшелігі бар, ол дәстүрлі функциялардан басқа отбасын біртұтас жүйе ретінде қолдау мен сақтау функциясын орындаудан көрінеді. Г.П.Орлов бос уақытты дұрыс үйымдастыру отбасылық қарым - қатынастарды не нығайтатын, не бұзатын, не отбасын біржола жоятын қабілетіне назар аударады. Зерттеушілер бос уақытты дұрыс үйымдастыру осы функциясы аясында бірқатар құрамдас бөліктерін атайды, оның ішінде отбасының бос уақытын өткізуінің аффективті ролі (бос уақытты өткізу барысында отбасы мүшелерінің эмоционалдық бірлігі), сондай - ақ мәдени ролі (мәдени, ізгіліктілік және басқа құндылықтар мен нормаларды қалыптастыру, дамыту, сақтау және беру) бар. Алдыңғы лекцияларда некеге қанағаттану үшін осы функциялардың мәнділігін арттыру туралы айтылған. Сонымен, бос уақытты дұрыс үйымдастыру аталған функцияларды жүзеге асыру саласына жататындықтан қазіргі отбасыларының өмір сүруі үшін оның ролі өзекті бола түседі.
Бос уақытты осы ұстынға сай жекелендіру (дифференциациялау) барлық рекреативті қызметті негізгі үш құрылымдық блоктар бойынша бөлуге мүмкіндік береді:
жұмыс күніндегі бос уақыт;
демалыс күнгі бос уақыт;
еңбек демалысы кезіндегі бос уақыт.
Негізгі әдебиеттер: [2,3,7,10]
Қосымша әдебиеттер: [3,4, 5]