Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
өндірісті ұйымдастыру умк 2014-2015 (2).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.4 Mб
Скачать

4. Көлік шаруашылығын ұйымдастыру

Кәсіпорында өндірістік үрдісті жүргізу үшін шикізат, матери-алдар, құраушы өнімдер пайдаланылады. Жалпы өндіріс үрдісінде кеп мөлшердегі еңбек құралдарын пайдалану үшін оларды тасымалдаумен қатар, өнім дайын болғаннан кейін оны кәсіпорыннан сыртқа тасып әкету қажет. Міне, осындай барлық тиеу-түсіру, тасымалдау жұмыстарын кәсіпорынның көлік шаруашылығы атқарады. Ал оны ұйымдастыру деңгейі өндірістің техника-әко-номикалық көрсеткіштеріне елеулі ықпал етеді. Мұны тек көлік шығындарының енімнің езіндік құнындағы алатын ұлкен үлесімен ғана емес, сонымен қатар осы аталған жұмыстардың материалдық құндылықтардың тасымалдау көрсеткіштері мен сақталуына қалай әсер ететіндігінен де көруге болады. Бұған қоса көлік шаруашылығының ұйымдастырылу дәрежесі өндірістік циклдың ұзақтығына және соның нәтижесінде аяқталмаған өндірістегі айналым қаражаттарының мөлшеріне тигізетін әсері жоғары.

Кәсіпорынның көлік шаруашылығының міндетіне барлық тиеу-түсіру және тасымалдау жұмыстарын уақтылы, сапалы және үнемді жүргізу жатады.

Кәсіпорында пайдаланылатын көлік қызмет көрсету аумағына қарай:

  • сыртқы, яғни, оған кәсіпорынның сыртқы жабдықтаушы- ларымен және өнімді тұлынушыларымен байланысьш қам- тамасыз ететін көлік түрлері жатады. Мұндай тасымалда- улар әдетте орталықтандырылған тасымал қызметтерінің күшімен және қаражатымен жүзеге асырылады;

  • цехаралық, яғни, жүктерді цехтар арасында тасу және жүктерді бір қоймадан екінші қоймаға және кәсіпорын цех- тарына тасуға арналған көлік болып бөлінеді;

  • цехішілік,яғни бір цех ішінде ғана тасымалдау жұмыстарын орындайтын көліктерді айтады.

Көліктің бұл түрі технологиялық үрдістің ажырамас бөлігі бо­лып саналады және еңбек заттарының жұмыс орындары мен цех учаскелері арасында тасымалдау жұмыстары үшін қолданылады.

Кәсіпорынның көлік шаруашылығы барлық тиеу-түсіру және тасу жұмыстарының сипатын айқындайтын кешенді технология негізінде ұйымдастырылуы тиіс.

Кәсіпорында өндірілетін өнім сипатына, оның дайындалу тех-нологиясына қарай түрлі тасымалдау құралдары қолданылады:

рельсті және рельссіз жүретін Көлік, автомобильдер, конвейерлер және транспортерлер, түрлі арбалар, лифттер, лебедкалар, аспалы жолдар, крандар, тасу құралдары және т.б.

Кәсіпорындағы тасымалдау жұмыстарының көлемі көлік құ-ралдарына деген қажеттілік және жүктерді тасымалдауды ұйым-дастыру жүк айналымы мен жүк ағынының есебі негізінде анық-талады.

Жүк айналымы деп белгілі бір уақыт аралығындағы белгілі бір болімше шеңберінде тасымалданатын жүктің жалпы санын атайды.

Жүк ағыны дегеніміз - белгілі бір уақыт аралығындағы тиеу-түсіру пунктерінің арасындағы бір бағыттағы тасымалданатын жүк саны. Жүк ағындарының жиынтығы кәсіпорынның жүк айналымын құрайды.

Жүк ағынының кестесін тиімді құру деңгейі Көлік қызметтері-нің үнемділігіне ықпал етеді. Жүк ағынының кестесін құруда негізгісі жүкті тасымалдаудың ең қысқа жолдары, қарама-қарсы тасымалды болдырмау, көлік құралдарының бос жүрмеуін болдырмау шаралары қарастырылады. Ірі кәсіпорындарда жүк ағынының кестслері экономико-математикалық әдіс бойынша және компью-терлік технология көмегімен атқарылады.

Жүк ағыны әр уақытта әртүрлі болуы мүмкін. Осыған орай тәуліктік жүк ағынының максималды мөлшері былай анықталады:

Q =Q R /D

мұнда:

Qx - жылдық жүк ағыны;

RH - жүк ағынының біркелкісіздік коэффициенті;

DT-6ip жылдағы жұмыс күнінің саны.

Әрбір цех пен қойманың жүк ағыны мәліметтері бойынша кәсіпорынның жалпы жүк айналымының шахматты кестесі жа-салады, осының негізінде цехтардың, қоймалардың және жалпы кәсіпорынның жүк ағындарының кестесі жасалады. Шахматты кес-теде тігінен жүкті тиеуші-цехтар мен қоймалар, ал колденеңінен жүкті қабылдаушы-цехтар мен қоймалар көрсетіледі.

Жүк айналымы мен жүк ағындары негізінде көлік құралдарына деген қажеттілік және тиеу-түсіру жұмыстарының келемі есепте-леді.

Цехаралық тасымалдар маятниктік және сақиналық жүйе бойынша ұйымдастырылады.

Маятниктік жүйе 2 тұрақты пункт арасындағы жүк тасыма-лы үшін қолданылады. Сақиналық жүйе бойынша тасымалдауда жүкті бір пункттен келесі бір пунктке кезекпен тасып, ең соңында бастапқы пунктке қайта оралу негізінде бірнешс пункт арасында тасымал жүргізіледі.

Көлік құралдарының қозғалыс маршруттары құралдар уақыт бойынша да, жүк көтергіштігі бойынша да неғұрлым толық қолданылуы қамтамасыз ететіндегідей деңгейде ұйымдастырылуы қажет.

Көлік шаруашылығын жетілдірудің басты бағыттары болып барлық тиеу-түсіру, тасымалдау жріыстарын автоматтандыру, ме-ханикаландыру негізінде қол еңбегін мейлінше азайту, жүктердің жеткізілу пунктерін автоматты түрде белгілеу жүйелерін қолдану, өнеркәсіптік манипуляторларды қолдану, теледидар арқылы басқарылатын көлік құралдарын қолдану болып табылады.

Сыртқы және цехаралық көлік жұмысын кәсіпорынныц Көлік бөлімі басқарады. Бөлім көліктің барлық түрлері бойынша тиеу-түсіру, тасу жұмыстарын жоспарлайды, кәсіпорынға әкелетін жүктердің тасылуын қамтамасыз етеді, цехаралық тасымалды және дайын енімнің кәсіпорыннан сыртқа әкетілуін ұйымдастырады.

Цех ішілік Көлік әдетте цехтің жоспарлы-диспетчерлік бюросының қарауында болады.

Көлік қызметін техника-экономикалық жоспарлау бес жылдық жоспар құрудан және тоқсандарға бөлінген жылдық жоспар жа-саудан тұрады. Жоспарды құру барысында жук айналымы мен жүк ағындары есептеледі, тиеу-тасу жұмыстарының келемі, көлік құралдарына, материалдарға, жұмыс күшіне, еңбекақы қорына және тағы басқаға қажеттілік есептелінеді. Осының негізінде Көлік және тасымал жұмыстарының өзіндік құнын калькуляциялау және шығындар кестесі жасалынады.

Кәсіпорынның Көлік шаруашылығын ұйымдастыру деңгейі мынадай жалпылама көрсеткіштермен сипатталады: Көлік шаруашылығы жұмысшыларының жалпы өндірістік және қосалқы жұмысшылар санындағы орташа үлес салмағы, көлік құралдарының кәсіпорынның жалпы құралдары құрамындағы орташа үлес салмағы, көлік кұралдарының жүк көтергіштік уақыты және тағы басқа көрсеткіштер.

Қорытынды:

Жөндеу шаруашылығын дұрыс ұйымдастыру, жабдықтардың үздiксiз, әрi тиiмдi пайдалануда маңызды жағдай болып келедi. Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығының негізгі тағайындалған өндірісті энергияның барлық түрімен қауіпсіздік техникасын қолдана отырып үзіліссіз жабдықтау, энергия ресурстарының сапалық және үнемдеу талаптарын орындау. Қызмет корсету саласына қарай қоймалар цехаралық (орталық) (кәсіпорынның барлық бөлімшелерін қамтуға арналған) жэне цехтың (яғни, дайын өнім сақтайтын қоймалар) болып бөлінеді.

4-ші тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқаулар:

Кәсіпорынның энергияға деген қажеттілігін оның алынуын, тиімді, әрі орынды бөлінуі мен пайдалануын байланыстыру үшін кәсіпорынның материалдық баланстары тобының құрамына кіретін энергетикалық баланстар жасауды үйрену. Жабдықтың iстен шығуын алдын-ала болдырмау, оны жөндеуге кеткен шығындарды қысқартудың, бiрден-бiр амалы жабдыққа техникалық қызмет ету немесе техникалық күту екендігін кәсіпорын қызметінің ерекше бір түрі екендігін ажырата білу.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Курс: Организация производственных систем.

  2. Юнита 1. Организация производства в производственных системах.

  3. Разработано Т. В. Надиной: Рабочий учебник – М: СГУ, 2003 г.

  4. Фатхутдинов Р.А. Организация производства. – М: ИНФРА – М, 2001 г

5-тақырып. Өндірісті материалды-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету

Дәріс мақсаты: Өндірісті материалды техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастырудың қағидаларын түсіндіру. Техникалық қызмет көрсетуді жетілдіру жолдарымен танысу.

Дәріс жоспары:

1. Өндірісті материалды техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру

2. Зауыт ішілік көлікті ұйымдастыруды жетілдіру жолдары.

Дәріс мәтіні: Кәсіпорындағы өндірісті материалды-техникалық ресурстар­мен қамтамасыз ету, өнім өткізу жұмыстарын және қойма шаруашылығын ұйымдастырудың міндетіне кәсіпорынның қызметіне қажетті шикізат қорын, материалдарды, сатып алынатын жартылай фабрикаттарды, аяқталмаған өндіріс өнімдерін және сатуға шығарған дайын өнімді сақтау және тұтынушыларға жіберу сиякты жұмыстар жиынтығы жатады.

Материалды құндылықтардын сақталуы, олармен өндірісті үздіксіз қамтамасыз ету, айналым қаржыларының айналу жылдамдығы, өнім сапасы мен құны қойма шаруашылығы жұмысының сапасын анықтайды.

Кәсіпорын қоймалары бірқатар белгілеріне қарай жіктеледі.

Қызмет көрсету саласына қарай қоймалар цехаралық (орталық кәсіпорынның барлық бөлімшелерін қамтуға арналған) және цехтық (яғни, дайын өнім сақтайтын қоймалар) болып бөлінеді.

Сақталатын материалды құндылықтар атауларына қарай қоймалар: әмбебап (көп атаулы немесе әр түрлі материалдарды сақтауға арналған) және арнаулы қоймалар (яғни біртекті материал­дарды сақтауға арналған) болып бөлінеді.

Қойма аумағына қарай ашық,, жабық, және жартылай жабық болып бөлінеді.

Қоймалардың құрылымы сақталатын материалдардың физи­ка-химиялық талаптарына сай болып, қойма аумағы толығымен пайдалануы тиіс. Қойма жұмыстарын жүргізу барысында барлык қауіпсіздік шараларын орындалуы басты шарт болып табылады.

Қоймалардың аумағы сақталатын құндылықтардың максималды мөлшеріне қарай есептеледі. Қойманың жүк тұратын аумағында және өзге жалпы аумағының ішінде есіктер мен өту жолдары, сұрыптау аумақтары және тағы басқа орындар болуы тиіс.

Қойманың пайдалы аумағы дәл немесе шамамен есептеледі. Қойманың шамамен есептеген аумағы қоймадағы қордың максималды мөлшерінің 1 шаршы метр аумақтағы тоннамен есептелінетін жүк салмағына қатынасымен анықталады.

Қойма жұмыстарын ұйымдастыруда еңбекті көп қажет ететін жұмыс түрлерін, қол еңбегін азайту мақсатында қоймалардағы жетекші тасу-тиеу, ыдысқа салу, орау жұмыстарын техникалардың жаңа түрлерімен жабдықтау қажет.

Сыртқа тасымалданатын материалды құндылықтар сапа және сан жағынан тексеруден өтеді. Қабылданған материалдар қабылдау актілерімен бекітіледі. Меншікті өндіріс өнімдері тек сандық тексеруден өтеді.

Қабылданған материалды құндылықтар алдын ала белгіленген орынның шамасына, маркаларына қарай орналастырылады.

Қоймадан сыртқа шығарылатын материалдар өндірістік тұтыну дайындығынан өткізіледі. Дайындық жұмыстары материалдардың түріне қарай жүргізіледі.

Материалды құндылықтардың келіп түсуі мен тасып әкетілу есептері қоймаларда және бухгалтерияда жүргізіледі. Қоймаларда есеп жүргізу үшін картотека жасалынады. Мұнда әрбір номенклатуралық бап бойынша кіріс-шығыс карточкалары болады. Бұл карточкалар бойынша бухгалтерлік ведомость толтырылады.

Бұл ведомость алдымен жекелеген цехтар, қоймалар бойынша, ал содан кейін жалпы кәсіпорын бойынша толтырылады. Кәсіпорында кеңінен пайдаланылатын шахматтық ведомость кәсіпорынның жалпы жүк айналымын, сонымен қатар жүк ағымының көлемін анықтауға мүмкіндік береді. Жүк ағымының берілгендері көбіне жүк ағымы сызбасы түрінде беріледі. Оларды құру жобаланатын маршруттар ұтымдылығы деңгейін анықтауға мүмкіндік береді, Жүк айналымы, жүк ағымы және таңдалған көлік құралдары жөніндегі берілгендер бойынша көлік құралдарына деген қажеттілікті томендегідей формуламен анықтауға болады.

Зауыт ішілік көлікті ұйымдастыруды жетілдіру жолдары. Өнеркәсіптік өндірістің кеңеюінен операциялардың мамандануы мен дифференциациясы артады. Ол өз тарапынан көліктік жұмыстардың көбеюіне және өнімді дайындауда жалпы еңбек өнімділігінде көлік жұмыстарының үлес салмағының артуына әсерін тигізеді. Бұл үрдісте маңызды фактор болып еңбек өнімділігінің жоғарылауында көлік техникасын жақсы пайдалану, көліктік қызмет шығындарын азайту табылып, көлік жұмыстарын ұйымдастыруды әрі қарай дамытуға үлесін қосады.

Зауыт ішілік көлікті ұйымдастыруды жетілдіру жолдарына мыналар жатады:

  • көліктік және тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру және автоматтандыру жұмыстарын әрі қарай жетілдіру;

  • біріккен немесе ортақ теміржол шаруашылығын құру мен бірігіп пайдалануға берілетін автобазалар негізінде кәсіпорында орталықтандырылған қызмет көрсету түрінде көлікті пайдалануды кеңейту;

  • кәсіпорындарда беткі қабаты жаңартылған және жаңа талаптарға сәйкес келетін жолдар мен тиеу-түсіру алаңдарын салу жұмыстарын ары қарай кеңейту;

  • көліктік және тиеу-түсіру операцияларының кешенді технологияларын жасап шығару мен пайдалануды кеңейту;

  • зауыт ішілік көлікке техникалық қызметті дамыту, көлік құралдарын пайдалану тиімділігін көтеру;

  • көлік шаруашылығын жоспарлау мен басқарудың алдыңғы қатарлы нысандарды енгізу.

Көлік жұмыстарын жоспарлау техника-экономикалық, оперативті-өндірістік болып екіге бөлінеді.

Технико-экономикалық жоспарлауға стратегиялық және жылдық жоспар құру жатады. Онда жүк айналым көлемін анықтау, көлік құралдарына, жағармайға, майлау және басқа да материалдарға қажеттілікті анықтау, көлік құралдарының жөндеу жұмыстарының, түсіру жұмыстарының көлемін, көлік қызметінің штаттарын, еңбекақы қорын, жүктерді тасымалдау шығындарын және тағы басқа көрсеткіштерді анықтау қарастырылады.

Оперативтік-өндірістік көлік жұмыстарын жоспарлау және сату жұмыстарын жүргізу үшін көлік және тасымалдау операцияларымен қамтамасыз етуге бағытталады. Оның дұрыс деңгейде ұйымдастырылуы өндірістің көрсеткіштерін арттырумен қатар оның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Қорытынды:

Кәсіпорындағы материалдық – техникалық қамтамасыз ету логистиканың компоненті ретінде өндірістік менеджменттің жүйесін қамтамасыз ете отырып, дайын өнім өндіруде жүйеге енуде сапасын анықтайды. Кәсіпорындағы материалды – техникалық ресурстар мен қамтамасыз етудің нақты формасы: ресурстардың еркешілігін, оны алудың ұзақтығына, ұсыныстардың санына, ресурс сапасы мен бағасына және басқа да факторларымен анықталады.

5-ші тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқаулар:

Кәсіпорынды ресурспен қамтамасыз ету формасын таңдауда жеткізушінің сенімділігімен шығарылатын өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін ескеру қажет. Соңында жеткізушілермен келісім – шарт жасасқан да сандық және сапалық көрсеткіштерді жеткізушінің нақты түрін, секцияларды және басқаларды белгілеп алу керек.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Курс: Организация производственных систем.

  2. Юнита 1. Организация производства в производственных системах.

  3. Разработано Т. В. Надиной: Рабочий учебник – М: СГУ, 2003 г.

  4. Фатхутдинов Р.А. Организация производства. – М: ИНФРА – М, 2001 г

6-шы тақырып. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын

Дәрістің мақсаты: Қазіргі таңда кәсіпкерліктің өндірістің, нарықтың, яғни тұтастай қоғамның дамуындағы қозғаушы күш екенін түсіндіру және нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның алатын орнын ашып көрсету.

Дәріс жоспары:

  1. Нарықтық экономика: белгілері, артықшылықтар мен кемшіліктері.

  2. Шағын және орта кәсіпкерлік туралы түсінік және олардың экономикадағы орны.

  3. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың ішкі және сыртқы жағдайлары

Негізгі ұғымдар мен терминдер: нарық, нарық жүйесі, бәсекеге қабілеттілік, қаржы, шағын және орты бизнес, акционерлік қоғам, активтер, серіктестік, инновациялар.

Дәріс мәтіні:

Қазақстан өз алдында егемендігін алып, тәуелсіз, зайырлы аспанында көк туы желбіреген ел болып қалыптасқаннан кейін, кең байтақ әлемде өз орнымызды табу мақсатында нарықтық жүйеге көшіп — әлемдік экономиканың бір бөлігі ретінде орныға бастадық. Өндіріс – елдің экономикалық потенциялының негізі, бәсеке қабілетті өндіріс қана экономиканың бәсекеқабілеттіілігін қамтамасыз ете алады. Қазақстан Республикасының Өндірістік саясаты, осы салада жасалатын барлық нормативтік құқықтық актілер, мемлекетті басқару процедуралары және әр түрлі даму бағдарламаларының ең басты басыңқы мақсаты Қазақстан кәсіпорындарының бәсекеқабілеттігін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау, яғни соның нәтижесінде жалпы әкономиканың бәсекеқабілеттілігін жоғарлату. Қазақстанның өндірістік бәсекеқабілеттілігі – адамдарды оның саяси шеніне, қоғамдағы жағдайына тәуелсіз біріктіру.

Нарықтық экономика - жеке меншік құқығының анықталуына, келісім-шарт кепілдігінің сақталуына орай жеке меншіктікке және экономикалық мәселелерді шешуге негізделеді. Ол ресурстарды тиімді пайдалануға және экономиканың тез көтерілуіне ықпал етеді, алайда табыс жөнінен қоғамның бөлшектенуіне ықпал етеді.

Нарықтық жүйенің ерекшеліктері:

  1. Өндіріс факторлары жекешелендірілген;

  2. Адамдардың шаруашылық қызметін басқару және үйлестіру нарықтық жүйеге негізделген;

  3. Жүйеге қатысушылардың іс-әрекетін олардың жеке, өзіндік мүдделерін қорғау арқылы ынталандыру, соның негізінде қоғамдық мүддені қамтамасыз ету үрдісі күшейген;

  4. Капитал иесіне кәсіпкерлікпен емін-еркін айналысу және капиталын қашан, қай жерде және қандай қызметке салу керектігін таңдауға құқық берілген

  5. Әрбір шаруашылық субъект өздігінше шешім қабылдап, пайда табуға ұмтылады

  6. Жекелеген өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық билігінің әлсіздігі соншалықты, олардың белгілі бір бөлігінің шынайы экономикалық билігі жоқ десе де болады, яғни олар нарықтағы жағдайды өзгертуге дәрменсіз қалады;

  7. Таза немесе дамыған бәсеке нәтижесінде өндірушілер тарапынан ресурстар барынша тиімді, әрі үнемді қолданылады және "ең аз шығын жұмсап, ең көп пайда табу" қағидасы жүзеге асырылады;

  8. Тұтынушының өндіруші алдындағы үстемдігі, билігі, абыройы артады. Өйткені тек сұраныс білдірілген тауарлар ғана өндірілетін болады.

Нарық кәсіпорынды шаруашылық жүргізудің жаңа әдістерін, өз қызметін қайта құруда шешімді әрекет жасауға ынталандырады. Нарық жағдайында кәсіпорын тауар өндірушілерге тәуелсіз шаруашылық жүргізудің негізгі объектісі болып табылады және өзгермелі экономиклық ортаның жағдайына бейімделу, залал шекпей жұмыс істей білу қабілетіне байланысты.

Нарықтық экономиканың негізгі принциптері:

- Кәсіпорынның экономикалық және заңды дербестігі

- Еркін бәсекенің қалыптасуы

- Баға қалыптасудың еркіндігі

- Мемлекеттің кәсіпорын жұмыстарына әкімшілік араласуын болдыртпау

- Тың қаржы – нарық жүйесі

- Нарықтық экономиканың негізгі принциптерін мемлекеттік қорғау.

Қаржылай көрсеткіштердің нәтижесі кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі абсолютті тиімділігін сипаттайды. Олардың ішінде кәсіпорынның экономикалық дамуының негізі болып табылатын нарықтық экономика жағдайындағы ең маңызды корсеткіш табыс және бәсеке қабілеттілік. Табыстың өсуі өзін-өзі қаржыландыру үшін қаржылық база құрады.

2. Шаруашылықты жүргізудің жаңа фомаларын қолданбай еліміздің экономикасын жандандыру, халқымыздың әлеуметтік хал-ахуалын көтеру мүмкін емес. Соның бірі шағын және орта бизнестің дамуы болып табылады. Нақты айтқанда, жұмыссыздықты жоюда, жалақы мен зейнетақыны уақытылы төлеуде, рынокты халыққа қажетті тауарлармен толтыруда, жеке өндірушілердің монополиясын шектеуде, депрессияны бастан кешіріп отырған жекелеген аудандарды қалпына келтіруде осы шағын және орта бизнес шешуші фактор.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытпай, нарықтық экономиканы қалыптастыру мүмкін емес. Өйткені, бұл – нарықтық қатынастарды алға жетелеуші буын. Нарықтық экономика элементтерін енгізудің әрекеттері монополияландырылған ортаның қарсылығына тап болуда.Ал монополизмге қарсы күресудің тиімді жолдардың бірі – шағын және орта бизнесті дамыту.

Кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын шағын кәсіпорындар – есеп беру жылы жұмыскерлердің тізімдік орташа саны 50 адамнан аспайтын, өз қызметтерін коммерциялық негізде жүзеге асыратын, әділет органдарында тіркелген және статистикалық тіркеуге енгізілген заңды тұлғалар.

«Шағын бизнес» кәсіпорындары – мына критерилерге жауап беретін кәсіпорындар (заңды тұлғалар):

  • жұмыскерлердің орташа жылдық саны (қосымша істеушілерді қоса) 50 адамға дейін;

  • активтердің жылдық орташа жалпы құны 60000 есе есептік көрсеткіштен аспайтын;

  • мынадай ұйымдық-құқықтық нысанда кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңды тұлғалар:

  • толық серіктестік;

  • сенім серіктестігі;

  • жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

  • қосымша жауапкершілікті серіктестік;

  • өндірістік кооператив.

Шағын бизнестің дамуын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер істеп тұрған шаруашылық субьектілері бойынша есептеледі. Істеп тұрған кәсіпорындарға мыналар жатады:

  • белсенді, ағымдағы жылы қандай да бір қызметті жүзеге асырған;

  • жаңа, яғнитаяудағанатіркелген, бірақ әлі өндірістік қызметті бастамаған;

  • уақытша тоқтап тұрған кәсіпорындар.

Орта кәсіпорындар - жұмыскерлерінің орташа жылдық саны елу адамнан артық заңды тұлға болып табылмайтын және жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын, жұмыскерлер саны елу адамнан артық, бірақ екі жүз елу адамнан аспайтын жеке кәсіпкерллік. Сондай-ақ бір жылғы активтерінің орташа жылдық қоры сәйкес қаржылық жылға республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылмайтын жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.

Шағын және орта бизнестің ел экономикасындағы рөлі зор.

Біріншіден, нарық жағдайындағы қажетті икемділікті қамтамасыз етеді, терең мамандану мен кооперация жасайды, онсыз жоғары тиімділік туралы сөз болуы мүмкін емес. Екіншіден, тұтынушылық салада қалыптасқан кемкетікті жылдам қалпына келтірумен қатар, салыстырмалы түрде алғанда, шығын орнын жылдам толтырады. Үшіншіден, бәсекелестік атмосферасын құрады. Төртіншіден (бұл ең бастысы), нарықтық экономиканың басты тетігі — кәсіпкерлік орта мен кәсіпкерлік рухын қалыптастырады. Шағын кәсіпорындардың тағы бір ерекшелігі — күрделі бәсекелестік күресті жүргізе жүріп, олар ағымдағы нарық жағдайына әрдайым бейімделуге және дами түсуге мәжбүр болады, себебі өмір сүру дегеніміз өмір сүруге қажетті заттарды алу дегенді білдіреді, яғни пайда табу үшін басқалардан ерекшелену керек. Шағын және орта кәсіпорындар нарықтың молығуына ықпал етеді және баға тұрақтылығының қарқынын анықтайды, бәсекелестік ортасын қалыптастырады.

3.Қазақстанның тәуелсіздік алуы кезеңінен бастап шағын бизнестің дамуы мемлекеттің мемлекеттік саясатының басты құрамдастарының бірі болып табыла бастады. Тәуелсіздік пен дербестілік – рухани, тұлғалық және қаржылық еркіндікке ұмтылған кәсіпкерлік сипаттың ажырамас белгілері. Біздің мемлекетіміз өз кәсіпкерлерінің іскерлік дербестілігін барлық жағынан ынталандыра отырып, кәсіпкерлерді әрдайым қолдап, қорғап отырады. Соңғы жылдарда Қазақстанда ынталы, дербес, тәуекелі өзіне жүктелген, пайда алуға бағытталған жеке және заңды тұлғалардың қызметін білдіретін кәсіпкерлік динамикалы дамуда.

Қазіргі таңда кәсіпкерліктің өндірістің, нарықтың, яғни тұтастай қоғамның дамуындағы қозғаушы күш екенін барлығы да түсінген. Шет елдер кәсіпкерлері арқасында гүлденуде, ал кәсіпкерлер - өз мемлекетінің қолдау көрсетуінен игілікті дамуда. Кәсіпкер – ол коммерциялық нәтижелерге жету үшін іскер, белсенді жандардың көкірек сарайын жарып шыққан күш-қуат деп айтуға да болады. Өйткені, оның мәні барлық тәуекелділікті сезіне отырып, бастаған істі аяғына жеткізу. Ал тәуекелсіз ешбір істе жүзеге асуға қабілетті жаңа идеялар болмақ емес.

Кәсіпкерлер – бұлар іскерлік ортада орасан зор коммерциялық мүмкіндіктерді көруші, қажетті капиталды табуға және алуға, сәйкесінше операцияларды лайықты жүргізуге қабілетті, жетістікте де, сүрінуде де жауапкершілікті өзіне ала отырып, тәуекелге бас ұрушы жандар.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік әр түрлі түрде дамуда. Шаруашылық субъектілерінің мөлшері бойынша – шағын, орта және ірі. Меншік сипаты бойынша – жеке, біріккен. Ұйымдастырылуы бойынша – жеке, ұжымдық. Қазақстан кәсіпкерлік қызмет алғышарты болып табылатын нарықтық қатынастардың қалыптасуы кезеңінде тұрғандықтан, бұл тақырып өзекті болып табылады.

Шағын бизнес сферасында қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей шарттар қажет болып табылады:

  • экономиканың өндірістік және басқа сфераларында шағын кәсіпкерлікті тұрақты дамытуды қамтамасыз ету;

  • шағын бизнесті несиелік ресурстармен, сонымен бірге микронесиелік ресурстармен қамтамасыз ету мүмкіндігін кеңейту;

  • шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру;

  • облыстағы кәсіпкерлік ортаны индустриалды-инновациялық дамудың Стратегиясын жүзеге асыруға тарту;

  • шағын кәсіпкерлік субъектілеріне әдістемелік, ақпараттық, кеңестік көмек көрсету және оны жетілдіру;

  • облыста кәсіпкерлікті дамытуда кездесетін кедергілерді жою бойынша кәсіпкерлердің ұсыныстарын қорыту және талдау.

Басты міндеттер болып жаңа технологиялық өндіріске бағытталған шағын және орта бизнесті дамыту бойынша шараларды қабылдау табылады.

Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытуға байланысты шаралар Елбасы Н.Назарбаевтың 1997 жылы 6-наурызда қабылдаған «Шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді жеделдету шаралары» деген қаулысынан басталды. Одан кейін «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы», «Жеке кәіпкерлік туралы» Заңдар қабылданды. Шағын және орта кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасау үшін, қаржылай және ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында Елбасы «Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың басымдықтары мен аймақтық бағдарламалары туралы» жарлық шығарды. 1997 жылы 14-қыркүйекте Алматы қаласы әкімінің шешімімен шағын және орта бизнесті қолдау департаменті құрылды. Оның мақсаты - кәсіпкерлікпен айналысушыларға, жеке субъектілерге қолдау көрсету, жаңа кәсіпорындар ашу.

Орта және шағын кәсіпкерлік – экономиканың ұтқыр әрі нәтижелі секторының бірі. Ішкі жалпы өнімнің елеулі бөлігін өндіру солардың үлесінде. Бұл жағдай тек дамыған елдерге ғана қатысты емес, өтпелі экономикасы бар елдерге де қатысты. Осы орайда Президентіміз Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында: «Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын және орта бизнес олардың барлық кәсіпорындары санының 90%-дан астамын құрайды, көптеген дамыған елдерде олар жалпы ішкі өнімнің 50%-дан астамын береді. Сондықтан да біздің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Бұл кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек. Әрбір іскер қазақстандық осы ортаға кірігіп, инновациялық экономикадағы өз орнын табуға тиіс. Қазақстандықтардың бастамашылығында кең өріс ашу үшін жағдай жасалды, кәсіпкерлер ендігі жерде осы мүмкіндіктерді пайдалана білсе игі!», деп айтқан болатын.

Елбасы ұстанып отырған стратегияық бағытта қоғамды жаңартуға қабілетті, экономиканың жағдайын ойлайтын кәсіпкерлерге ерекше көңіл бөлінеді. Шағын жәе орта кәсіпорындардың тиімділігі және артықшылығы – олар аса үлкен қаржыны керек етпейді. Шағын және орта бизнес халықтың әл-ауқатын арттырып, қосымша жұмыс орындарының ашылуына, жалақының уақытында төленіп отыруына себін тигізетіні сөзсіз. Бүгінгі Қазақстан жағдайында кәсіпкерліктің осы түрін дамытуға кеңінен жол ашылды. Соның бірі – шағын несиелендіру. Шағын және орта бизнестің еліміздің даму қарқынын статистикалық көрсеткіштер арқылы көрсетіп, республикамыздағы кәсіпкерліктің маңызды даму жақтарын және оған кері әсерін тигізіп отырған факторлары бар.

Экономикалық дағдарыста ірі кәсіпорындар едәуір шығынға ұшырап, иілмелі нарық жүйесі алдында дәрменсіздік танытса, шағын және орта бизнес айтарлықтай зардап шекпей, озық технологияларды меңгере отырып, өзінің өміршеңдігін дәлелдеп, тұрақтылық байқатты. Соның нәтижесінде мыңдаған жұмыссыздар жұмысқа тартылды. Қысқасы, шағын және орта кәсіпкерлік дағдарыстағы экономикамызға тіреу болды.

Қорытынды:

Қазіргі таңда кәсіпкерліктің өндірістің, нарықтың, яғни тұтастай қоғамның дамуындағы қозғаушы күш екенін барлығы да түсінген. Шет елдер кәсіпкерлері арқасында гүлденуде, ал кәсіпкерлер - өз мемлекетінің қолдау көрсетуінен игілікті дамуда. Кәсіпкер – ол коммерциялық нәтижелерге жету үшін іскер, белсенді жандардың көкірек сарайын жарып шыққан күш-қуат деп айтуға да болады. Өйткені, оның мәні барлық тәуекелділікті сезіне отырып, бастаған істі аяғына жеткізу. Ал тәуекелсіз ешбір істе жүзеге асуға қабілетті жаңа идеялар болмақ емес.

6-шы тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқаулар:

Бұл тақырыпты нарықтық экономика түсінігінен бастап, оның негізгі принциптері мен ерекшеліктерін қарастырудан бастау керек. Студенттер ел экономикасы үшін, яғни нарықтық экономикада ерекше рөл ойнайтын кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрлерімен терең танысып, шағын және орта кәсіпкерліктің артықшылықтарын зерделей білуі қажет.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Кошанов А. Трудное восхождение. На путях к рынку. Избранные труды. Астана. Елорда. 2004 – 704 стр

  2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы халыққа жолдауы

7- тақырып. Нарықтық экономикадағы кәсіпорын жұмыстарын жоспарлаудың ерекшеліктері

Дәріс мақсаты: Кәсіпорынның стратегиялық жоспарлау ұстанымдары, мазмұнын және мінездемесін анықтау. Стратегиялық жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттерін болжау. Жүйелі жоспарлау ұстанымдарының енгізілуі кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыратын құралы екенін ашу.

Дәріс жоспары:

    1. Стратегиялық жоспарлау туралы түсінік

    2. Стратегиялық жоспарлау кезеңдері және құрамдас бөліктері

3. Фирманың стратегиясы, оның қалыптасуы. Стратегия түрлері.

Негізгі ұғымдар мен терминдер: стратегиялық жоспар, фирма стратегиясы, жабдықтаушылар, бәсекелестер, тұтынушылар, заңдар мен мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар

Дәріс мәтіні:

1. Стратегиялық жоспарлау туралы түсінік

Стратегия – ұйымның , кәсіпорынның миссиясы мен мақсатын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге арналған детальды, жан – жақты үйлесілген, ұтымды жоспар стратегиялық жоспар фирманың іс-әрекетін ұзақ уақытта, болашақ кезеңге бағыттайтын бағдарлама. Қазіргі нарық жағдайында фирманың өндірістік, шаруашылық қызмет ету мүмкіндіктері рынокта басып жатқан өзгерістерге байланысты.

Кәсіпорындар осы өзгерістерге уақытылы жауап қайтарып, бейімделуі тиіс. Қоршаған ортада, рынокта болып жатқан өзгерістерінің жылдамдығы тұтынушылардың сұранысының өзгеруіне, бәсекенің өсуіне байланысты. Сондай-ақ, фирманың қызмет етуіне жаңа көптеген мүмкіндіктер тууына байланысты.

Стратегиялық бағдарлама нақтылай жағдайда түзетіліп отыруы мүмкін. Стратегиялық жоспарды фирманың жоғарғы басқару органы қалыптастырады және жетілдіріп, түзетіп отырады. Ал, бұл жоспарды іске асыруға басқарудың барлық деңгейіндегі қызметкерлер іске асыруға қатысады.

Стратегиялық жоспарлаудың ерекшеліктері:

  1. Нақтылығы және орындалуы (реальность и выполняемость)

  2. Болашақ дамудың әр-түрлі жағдайларын қарап, ең тиімдісін таңдау, соған қарай іс-әрекеттер жоспарлау.

  3. Бейімділігі, яғни таңдап алған мақсатты ңақты жағдайларға сәйкес түзетіліп бейімдеу және ұйымның қызметіндегі өзгерістерге дер кезінде баға беріп отыру.

  4. Мақсатты белгілеуде және оны іске асырудың нақты жолдарын анықтауда біртұтастылық үйлесімділікті негізге алу.

  5. Үздіксіздігі, яғни, ұзақ мерзімді, орта және қысқа мерзімді жоспарлаудың біртұтастығы.

  6. Жоспарлы мерзімге мына факторлар әсер етеді (өндірілетін өнімнің өмірлік циклы)

Өмірлік цикл мына фазалардан тұрады:

а) жаңа өнімнің пайда болуы және бекітілуі

б) оған деген сұраныстың өсу жылдамдығы

в) өнімнің пісіп жетілуі, яғни ұсыныс сұраныстан артық кетеді.

г) құлдырауы, ұсыныс көбейіп, сұраныс төмендейді.

Стратегиялық жоспарлаудың негізгі мақсаты фирманың өндірістік қызметін тұтынушылардың мақсатына сай бейімдеп, икемдеп, сыртқы ортадағы болып отырған өзгерістерге уақытылы жауап беріп, бәсекеден, бәсекелестерден мүмкіндігінше алғы жағдайда қойып, болашақтағы мақсатқа жеткізу.