
- •Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорын менеджменті
- •5В071300 «Көлік, көлік техникасы және технологиялар»
- •Мазмұны
- •1. Силлабус
- •5. Оқу тәртібінің мінездемесі
- •5.3. Пәнді оқытудың міндеттері:
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.
- •Қосымша
- •7. Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы
- •8. Оқу пәніне қойылатын талап
- •2. Пән бойынша глоссарий және пәннің ұғымдық аппаратымен жұмыс бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар
- •3. Оқу пәні бойынша тақырыптарға берілген дәріс конспектілері және дәріс курстарын қарастыруға әдістемелік нұсқау
- •2. Энергетика шаруашылығын ұйымдастыру
- •3. Құрал-сайман шаруашылығын ұйымдастыру
- •4. Көлік шаруашылығын ұйымдастыру
- •2. Стратегиялық жоспарлау кезеңдері және құрамдас бөліктері
- •3. Фирманың стратегиясы, оның қалыптасуы. Стратегия түрлері.
- •4. Негізгі және қосымша әдебиеттер
- •4.1 Негізгі әдебиеттер
- •4.2 Қосымша әдебиеттер.
- •5. Бақылауға арналған сұрақтар немесе тапсырмалар
- •7. Семинарлық сабақ жоспары
- •8. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар және оларды орындау бойынша әдістемелік нұақаулар. Ағымдық және аралық бақылауға арналған тест тапсырмалары
- •Қорытынды бақылауға арналған сұрақтар
- •Аралық және қорытынды бақылауды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •9. Оқу материалын жақсы ұғыну мен қабылдауға аналған оқу пәні бойынша үлестіру және көрнекі материалдар және олармен жұмыс істеу бойынша әдстемелік нұсқаулар
- •Инвестициялар
- •3 Сурет. Инвестициялар бойынша тәуекел деңгейі
- •Инвестициялық жобаны коммерциялық талдау
- •10. Курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорын менеджменті
- •Курстық жұмыс төмендегідей ретпен орындалуға тиісті:
- •2012-2013 Жж. Кезеңіндегі
- •Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорын менеджменті
- •Ұсынылатын әдебиеттер мен дереккөздер
- •1.Заңнамалық және нормативтік актілер
- •Фатхутдинов р.А. Организация производства. – м: инфра – м, 2001 г
- •9. Үлестіру материалдары
3. Оқу пәні бойынша тақырыптарға берілген дәріс конспектілері және дәріс курстарын қарастыруға әдістемелік нұсқау
1- тақырып. Өндірісті ұйымдастыру мәні мен мазмұны
Дәріс мақсаты: Курстың объектісі мен пәнін түсіну, Нарықтық қатынастардың дамуы кезеңіндегі өнеркәсіптік өндіріс жүйесінің алатын орны мен ролі анықтау. Өндірісті ұйымдастырудың әдістері мен қағидаларын талқылау арқылы тақырыптың маңызын меңгеру.
Дәріс жоспары:
Басқару ғылымының мазмұны
Өндірісті ұйымдастыру мәні мен мазмұны
Өндірісті ұйымдастыру ғылымы әдістерінің жиынтығы
Негізгі ұғымдар мен терминдер: кәсіпорынды өндірістік – экономикалық және ұйымдастыру жұмыстарының механизімдері, ұйымдастыру, басқару және оны қолдану.
Дәріс мәтіні:
Басқару ғылымы экономикалық ұйымдастырушылық ғылымға қатысты, өйткені ол өндірісті басқару және тұтас экономика процесінде адамдардың қарым қатынасын, байланысын зерделейді.
Басқару ғылымының мазмұны біріккен еңбекті басқару қажеттілігінен пайда болатын ерекше міндетті іс ретінде басқарудың мәні арқылы анықталады. Өндіріс пен барлық экономиканы біліктілікпен басқаруды қажет ететін біріккен еңбек саласы, жеке адамдардың кооперативі ретінде қарастыруға болады.
Өндіріс пен оның адамдарды басқару процесіне адамдардың бір- біріне белгілі бір қарым қатынасы жатады. Сондықтан да өндірісті басқаруды оқып білу- бұл ең алдымен өндіріс процесіне белгілі бір мақсатпен ықпал ету барысындағы адамдардың өзара қарым - қатынасын зерделеу, басқару қатынастарын қалыптастыратын заңдарды анықтау болып табылады.
Өндірісті басқарудың екі түрі бар:
а) адамдарды (қызметкерлерді) басқару
б) еңбек құралдарын ( затты) басқару
Еңбек құралдарын жұмыскерлердің басқаруы қосалқы жүйе мен басқарылатын тікелей өндіріс процесін білдіреді.
Өндірісті басқару- бұл өз кезегінде еңбек құралдарын басқаратын жұмыскерлерді басқару.
Өндірісті басқару қатынасы сипаты мен түрлері бойынша жіктеледі: Олар мыналарға бөлінеді:
басқарушы және басқарылушы қосалқы жүйелерінің арасындағы қатынасқа;
басқарушы жүйенің ішіндегі басқару қатынасына (басқару сатылары және деңгейлері арасында);
басқарудың әрбір буынындағы басқарушылар мен бағынушылар арасындағы қатынасқа (субординация қатынасы);
Өндірісті басқару қатынасы сипаты бойыншы мыналарға бөлінеді:
тұлғалар арасында;
жүйелер арасында;
аралас
Өндірісті ұйымдастыру мәні мен мазмұны
Кез-келген жерде біріккен немесе қоғамдық еңбек орын алса, міндетті түрде басқаруға деген қажеттілік туындайды. Яғни, еңбек әрекетінің арнайы түрі ретінде өндіріс пен өндірістік қатынастардың пайда болуының алғышарты болып есептелінеді. Басқарудың негізгі мәселесі қоғамдық өндірістің шарттары мен нақты экономикалық заңдардың іс-әрекетімен айқындалады.
Өндіріс біртұтас жүйе ретінде еңбек құралдарын және адамдарды басқару болып 2 түрге бөлінеді. Еңбек құралдарын басқару дегеніміз еңбек құралдарына адамдардың ықпалының арқасында материалдық игіліктер мен қызмет көрсетулерді өндіру. Бұл жағдайда адам басқарудың субъектісі ретінде, ал еңбек құралдары объект ретінде қарастырылады.
Жұмысшылар, еңбек құралдарын басқаратындар, біріккен топтар басқа адамдардың басқаруын қажет етеді. Осы адамдардың басқаруы басқару аппаратын құрайды. Ол адам тәжірибесіндегі басқарудың ең күрделісі болып табылады.
Басқару өз дамуында ұзақ жолды өтті: ерте кездегі дамуда қолөнерші, ал кейін капиталист бір уақытта басқарушы, инженер, құрастырушы мен сатушы функцияларын атқарды. Қазіргі жағдайда бұл қызметті отбасылық ферманың басқарушысы орындайды.
Еңбек бөлінісінің тереңдеуі мен мамандануына байланысты басқару функциясының көлемі өсті, әрі дифференциация құбылысы байқалды. Осы жағдайда арнайы басқару органдары құрылып, олардың бөлімшелері пайда болды. Бұнда арнайы дайындықтан өткен мамандар жұмыс атқарды.
Басқарылатын еңбек – біріккен еңбектің ажырамас, құрамдас бөлігі, ол еңбектің басқа түрімен байланыса отырып, материалдық игіліктер мен қызмет көрсетулерді өндіруге қатысады.
Басқарылатын еңбектің тиімділігі өндірістің тиімділігімен тығыз байланысты. Осыдан шығатыны, басқаруға кеткен шығындар барлық жиынтық әрекеттерге жатады, ал жұмысшылардың жалақысы соңғы нәтижелерге байланысты төленеді.
Өндіріс процесінде басқару қатынастары пайда болады. Өндірісті басқарудың қатынастары ұжымдағы және бөлімшелердегі жеке жұмысшылар арасындағы туындайтын күрделі байланыстар жиынтығы. Басқару қатынастары өндірістік және экономикалық болып бөлінеді. Себебі, басқару өндірістің ықпалымен дамиды, ал басқарудың іс-әрекеті адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бағытталған. Басқару қатынастарының субъектілері ретінде жеке адамдар(басқарушы-бағынушы) және ұжымдар қарастырылады.
Өндірісті басқару процесінде адамдардың мақсатты қызметінің формалары мен әдістерін, міндетті істерін, принциптерін әзірлеу, заңдар мен заңдылықтарды анықтау басқару ғылымының мазмұны болып табылады.
Өндірісті басқару ғылымының міндеті - өндірісті басқару қатынастарының тетіктерін түсіндіру және нақты міндетті тиімді шешудің жолдары мен амалдарын іс жүзінде табуға жәрдемдесу.
Өндірісті басқару теориясы - кешенді білім жүйесі. Ол мына бөлімдерге бөлінеді:
Өндірісті басқарудың әдістемелік негіздері. Мұнда басқарудың мәні, оның мазмұны, басқарудың заңдылықтары мен принциптері ашып көрсетіледі.
Өндірістің басқару жүйесі туралы ілім. Бұл бөлімде басқару жүйесінің ұйымдастыру формалары, басқару функциясы мен құрылымы, басқарудың әр түрлі деңгейлерін ұштастыру сөз болады.
Ықпал етудің тұтқалары мен құралдарының жиынтығы ретінде басқару әдістері мен тетіктері туралы ілім. Мұнда басқарудың әлеуметтік психологиялық, ұйымдастырушылық басқарушылық экономикалық тетіктері, олардың жиынтығы және ықпалдасуы қарастырылады.
Басқару процестері, олардың ерекшеліктері, басқару процесінің динамикасы, әдістері туралы ілім, басқару процесінің синтезі секілді ақпаратпен қамтамасыз ету және шешім.
Басқарудың сапасы мен тиімділігі туралы ілім. Мұнда басқарудың стилі мен мәдениеті, басқару өнері, сондай ақ тиімділікті бағалау мен оны арттырудың жолдары сөз болады.
Өндірісті басқару ғылымы теориясының даму негізін құрайтын іс тәжірибенің талап етуі арқылы пайда болады.
Өндірісті басқару теориясының мазмұны объектілер арқылы анықталады.
Басқару - бұл ғылым мен өнер, онда объективтілік пен даралық ұштастырылады.
Өндірісті басқару ғылымы әдістерінің жиынтығы
Кез келген ғылым сияқты өндірісті басқару ғылымының өз мазмұны, теориясы және әдістемесі болады.
Әдістеменің міндеті осы саладағы білімнің өмір құбылыстарын зерделеу мен қорытындылаудың әр түрлі құралдары мен тәсілдерінің жүйесін жасау болып табылады.
Өндірісті басқару теориясы мен іс тәжірибесінде көптеген әдістемелер қолданылады , оған жататындар:
Диалектикалық әдістеме. Басқару ісінде барлық диалектикалық заңдар мен категориялардың өз орындары бар.
Нақты тарихи тәсілдеме өндірісті басқару мәселелерін ғылыми тұрғыдан әзірлеуге қойылатын міндетті талап.
Кешенді тәсілдеме басқару бойынша ұсыныстарды тиімді зерделеу және әзірлеу шарттарының бірі
Аспектілік тәсілдеме басқару қатынастарының бір қырын, бір ерекшелігін зерттеу. (Аспектілер: саяси экономикалық, әлеуметтік, философиялық және т.б.)
Жүйелі тәсілдеме ол басқарушы жүйені және басқарылушы жүйені өзара байланыстыруға мүмкіндік береді.
Үлгілеу басқару ғылымының тиімді әдістемесі. Ол басқарылатын объектіні немесе субъектіні басқарудың үлгілерін жасауға негізделген.
Эксперимент әдістемелері, әлеуметтік әдістемелер, мотивация әдістемелері және т.б.
Өндірістің және бүкіл экономиканың қазіргі заманға сай дамуы қоғамдық өндірісті басқару туралы білімді жетілдіруді талап етеді. Ғылымға көп назар аудару- басқару тиімділігін арттырудың ең негізгі факторларының бірі. Ауыл шаруашылық өндірісінің танымал талдауына үңілетін болсақ, онда басқару арнайы функция ретінде қндірістік процестен туындаған, еңбектің түр-түріне қарамастан ұжымдағы адамдардың жұмыстарын нұсқау, олардың еңбектерін реттеу мен бақылау болып табылады. Осыдан, басқару ғылымының пәні ретінде өндіріс емес, өндірісті басқару қарым-қатынасын бір жағдайдан екінші жағдайға көшіру кезінде, басқару объектісіне ықпалдасу барысында туындаған арнайы қарым-қатынасты айтамыз.
Басқару ғылымының негізгі мәселесі – басқару жүйесінің заңдылықтарын, принциптері мен әдістерінің тиімділігін, сонымен қатар басқарушы адамдардың еңбегін ұйымдастыру формасы мен құрылымын зерттеу.
Басқару ғылымының негізгі әдісі эмпирикалық болып табылады. Себебі, басқару өнерін игеру тәжірибені қажет етеді.
Өндірісті басқару ғылымы экономикалық ғылымдарға жатады. Себебі, өндіріс – объект болып табылады және өндірісті басқару процесінде адамдардың қарым-қатынасын зерттейді.
Басқару ғылымының рөлі мен мәселесі- теориялық білімді практикада қолдану.
Қорытынды:
Өндіріс қоғамның қажеттілігін толық қанағаттандыру үшін тауарлар мен қызметтерді барынша мол өндіру үшін ұйымдастырылады. Бірақ та ресурстардың шектеулігінен тауар мен қызметтерді таңдау проблемасы туады, яғни қандай тауарларды өндіру керек, қандайдан бас тарту қажет.
Өндірісті басқару- бұл өз кезегінде еңбек құралдарын басқаратын жұмыскерлерді басқару.
1-ші тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқауларлар:
Өндірісті басқару теориясының мазмұнын талдау кезінде оның объектілерін анықтау. Өндірісті басқарудың қатынастарын қарастыру кезінде ұжымдағы және бөлімшелердегі жеке жұмысшылар арасындағы туындайтын күрделі байланыстар жиынтығын оқу.
Қолданылған әдебиеттер:
Курс: Организация производственных систем
Юнита 1. Организация производства в производственных системах
Разработано Т. В. Надиной: Рабочий учебник – М: СГУ, 2003 г.
2-ші тақырып. Өндірісті ұйымдастырудағы жүйелі тәсілдеменің негіздері
Дәріс мақсаты: Өндірісті ұйымдастыру түрлері жөніндегі түсінік және оның белгілерін анықтау. Өндірісті ұйымдастырудың жүйелі тәсілдемесінің мәнін түсіну.
Дәріс жоспары:
Өндірісті ұйымдастыруа жүйелі қадам
Өндіріс жүйесінің компонентері
Өндірісті ұйымдастырудың жүйелі тәсілдемесі
Негізгі ұғымдар мен терминдер: өндіріс жүйесі, компоненттер, жүйелі тәсілдеме, мекеме, бөлім(цех), бригада, жүйелік анализ.
Дәріс мәтіні: Өндірісті ұйымдастыруға жүйелі қадам.
Жүйелі қадам – бұл әртүрлі комплекстегі қарастыру методологиясы. Оның негізін тереңірек, жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді және тиімді жол табу, олардың даму, сонымен бірге басқару жүйесіне әсер ету әдісі. Жүйелі қадам математикалық әдістерді қолданудағы негізгі шарт, бірақ оның мағынасы шамадан тыс. Ол нысанға сай спецификалық мінездемеге жан-жақты тіркеуді қарастырады. Әрбір жүйеде оған сай негіз, басқару реакциясы, бағдарламадан шегіну мүмкіндігінің формасы, әртүрлі әрекеттерге әсер ету мүмкіндігі бар. Өндірістік объектілер өзара байланысқан және өзара тәуелді жүйелі комплекстерінен тұратын өзіндік күрделі иерархиялық жүйені көрсетеді: мекеме, бөлім(цех), бригада. Өндірісті ұйымдастыру мен басқару жұмыстары жүйенің қызметін жобалау және қамтамасыз етуден тұрады. Оған мыналар кіреді:
-жүйе аумағында іске асырылатын каналдар мен жүйелер элементтерінің өзара байланыс сипатын қалыптастыру
-жүйе элементтерінің келісімді дамуы және оларды іске асыруда мақсаттарға жету үшін жағдайлар жасау;
-осы келісімдерді қамтамасыз ететін механизмді жасау;
-басқару органдарын, жүйені басқарудың қабылдаулары мен әдістерін қайта өңдеуді құрастыру;
Жүйе элементтерінің өзара әрекетіне әсер ететін сыртқы элементтердің жиынтығы ретінде анықталатын жүйенің ортамен бірлігін жүйелік қадам жобалайды. Элементтердің байланысын жан-жақты оқыту фирма немесе мекеменің басқару объектісінің моделін құрастыру үшін қажет.
Модельмен тәжірибе жасау-басқару шешімдерін іске асыруға мүмкіндік береді, яғни ортақ мақсаттарға жетудің жолдарын табу. Жүйелі шешімдер қабылдап және кейбір талаптарды қоятын тұлғаның принципальді бағыты ретінде қарастырады. Осы талаптарды орындау арқылы жүйені тиянақты зрттеуге мүмкіндік береді,ал басқару жүйесіне қызмет көрсетудің тиімді алгоритімін қайта өңдеу қажет. Жүйелік анализді- жүйелі қадамның талаптарын іске асыратын жүйелі зерттеу методологиясы ретінде қарастырады. Жүйелі қадамда жүйенің біртұтастығы туралы көріністі қолдану мен қайта өңдеу басты орында тұрады.
Тұтастықтың қыр-сырын ашу: мәні мен ерекшелігі, яғни осы тұтастыққа жүйелік қасиеттері; құрамы, элементтердің санды және сапалық сипаттамалары,олардың координациялары, қарама-қайшылығы. Олар- тұтастықтың дамуы мен қозғалуының маңызды қайнар көзі болып табылады. Құрылым, яғни ішкі ұйымдастыру элементтердің өзара байланысы, сонымен қатар олардың басқа жүйелерден ерекшеленетін сабақтасуымен өзара әрекетінің себептерінен тұрады. Элементтердің функциялары және олардың тұтастықтың функцияларына әсері жүйенің тұтастығын, оның іске асырылуы мен дамуы, сыртқы орта мен тұтастықтың өзара әрекетін қамтамасыз ететін интеграциялық факторлар.
Бүтін тарихы, басы жән оның пайда болуының қайнар көзі, құрылу тенденциясы және дамуы персрективасы, бүтіннің жаңа жүйеге ауысуы.
Жүйелі қадамға функционалдық мақсатты дұрыстау және оның шекарасын немесе ішіне кіретін элементтер құрамын анықтау, құрылымдық анализ математикалық әдіс жүйесін және оның элементтерін құрастыру, моделді шешу, алтернативаны салыстыру, тиімді шешім тандау, әртүрлі факторларды шешудегі сезімталдықты анықтау, Яғни, жүйе жағдайының өзгерісін шамадан тыс жібермеу кіреді, бұл жерде оның функционалдау деңгейі тиімді болып қалады. Соңғы сұрақ нысанды немесе жүйені басқарудағы денгейді анықтаумен тығыз байланысты.
Өндіріс жүйесінің компонентері
Өндіріс-бұл жиынтық ресурстарды құрамы анықталған өнімге айналдыруға бағытталған кез-келген процесс.
Өндірісті үш компоненттен тұратын жүйе ретінде құрастыруға болады: ресурстар өндірістік процесс және өнім. Өндіріс ядросы болып «Ресурстар-өнім» жүйесі табылады.
Ресурстар өндіріс элементі ретінде анықталады, негізінен өзгермелі шығыстар – шығын және ол өндіріс көлеміне байланысты өзгермелі. Өзгермелі шығысқа материалдан тұратын ресурстар, жұмыс күші және энергия жатады. Шығыстың жалпы соммасы жіберілген өнім көлемінің таза көрсеткішіне байланысты. Өзгермелі шығысқа жұмыскерлер жалақысын және бірлік өнімге кеткен материалдық шығыс жатады. Өнімнің шығарылуын бақылау өндірістік процеске енгізілген ресурстар көмегімен жүзеге асырылады. Өндірістік процесс жай және кең номенклатуралы өнімді шығаруға көп ресурстарды талап ететін күрделі процесс болуы мүмкін. Сондықтан нақты мақсатқа жетуге бағытталған «ресурстар-өнім» нақты процесін жобалау қажет. Өндірстік процесс фирма операциясының деңгейінен тәуелсіз, өзгеріссіз болатын, негізінен тұрақты шығысқа қатысы бар элементтерден тұрады. Тұрақты шығыстар - бұл өндіріс көлеміне тәуелсіз шығындар, муниципалдық салық, жер және құрылыс салығы, сақтандырулық алымдар, әкімшілік -басару персоналының жалақысы, жылу және жарыққа төленетін шығыстар, аммортизациялық төлемдер, өндірістік құрылымға инвестиция, құрылғы. Салымдық немесе жанама шығындар- бұл нақты өнім құнына қатысы жоқ шығындар: дайындық, басқару, канцелярлық және т. б. Өнім сипаты фирма шаруашылығының бағытын, өндіріс бөлімін айқындайды. Өндірістің маңызды жері болып, тауар түрін және құрамын анықтау болып табылады. Нарықтық шарттың және фирманың жағдайының өзгеруі жаңа шаруашылық бағытты іздеуін қалыптастырады. Өндірістік жүйені баылау екі жолмен жүреді: ресурстарды бақылау- оның ену қарқыны, сапасы және т.б. нәтижесінде өзгермелі шығынның өзгеруіне әкеледі. процестің өзгеруі оның элеметтерінің қайта компоненттеу жолымен, яғни толық жүйеге қатысты тұрақты шығындарды бақылаумен жетеді. Өндірістік процесс «ресурс-өнім» жүйесінде орталық орын алады, сондықтан оны толығырақ қарастыру қажет.
“Ресурс -өнім ” үрдістік үлгі
Өндірісті ұйымдастыру жүйелі тәсілдемесі
Жүйелі тәсілдеме – экономикалық ғылымда қолданылатын ғылыми зерттеудің ең жемісті (нәтижелі) әдістерінің бірі.
Өзінің алғашқы мағынасында – грек тілінен аударғанда «жүйе сөзі көптеген элменттерден құралатын, бөліктерден тұратын бір бүтін тұтастық ұғымын білдіреді.
Жүйенің бұлайша ұғындырылуы экономикалық тұтастыққа да қатысты; өндіріс- пәндердің, саймандардың, еңбек түрлері мен түпкілікті өнімдердің жиынтығы ретінде болады.
Өндіріс – бұл әлеуметтік-экономикалық жүйе. Экономикалық деп аталу себебі, еңбек және материалдық ресурстарды ұштастыру нәтижесінде материалдық игіліктер пайда болып, қоғамның өндірістік күштерінің ұдайы өндірісі ұлғаяды. Оны басқаша былай анықтауға болады: «Белгілі бір қоғамдық-тарихи жағдайларда қалыптасатын өндірістік қатынастардың тұрпатын (типін) экономикалық жүйе деп ұғуға болады».
Әлеуметтік жүйе деп аталуы адамдар құратын ұйымға байланысты. Экономикалық жүйеге басқа жүйелерге ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктер тән.
Экономикалық жүйе әлеуметтік сипаттағы адам-машина жүйесі ретінде қарастырылады. Ондағы негігі рөлді материалдық және рухани игіліктерді өндіретін әрі тұтынатын адам орындайды.
«Экономикалық жүйе кең мағынасындағы ұғымында қоғамдық өндірістің жүйесі ретінде, яғни өндіріс күштері (табиғи және еңбек ресурстары, өндіріс құралдары, өнім)» мен өндірістік қатынастардың жиынтығы ретінде түсіндіріледі (акад. Н.П. Федоренко).
Экономикалық қатынас, байланыс (салаларалық байланыстар жүйесі), заңдылықтар (техникалық пргрестің, өндірісті ұйымдастырудың даму заңдылықтарының жүйесі), міне, осы аталған экономикалық жүйе болып табылады.
Жүйелі тәсілдеме арнайы ғылыми пәндердің мазмұнына жалпы тория жүйесіне қызмет етеді,ал басқару ісі жалпылай түрде жүйелерді ретке келтіруші ретінде анықталуы мүмкін.
Жүйелі тәсілдеме ХХ жүз жылдыққа пайда болды деуге болады, әйтсе де, ХVІІІ және ХІХ ғасырыларда ғылым әр түрлі жүйелерді зерделемеді деп бір жақты ойлауға да болмайды. Әлбетте, астрономия Күн жүйесін, ал математика әр түрлі санау (есептеу) жүйелерін зерделеді. Жүйелі тәсілдеме әскери мақсаттарға (атом бомбасын жасау) қол жеткізу үшін АҚШ-та алғаш рет қолданылды, алайда жүйелі тәсілдеме одан ары азаматтық өндіріс саласындағы басқару қызметінің іс-тәжірибесінде кеңінен қолданылды.
Жүйелі тәсілдемені қолданудың негізіндегі басқару ісі үш тізбекті кезеңді қамтиды:
бірінші кезеңде салалар анықталады, басқару субъектілері қызметінің ауқымы мен саласы нақытыланады. Қызметтік ақпараттық қажеттілігінің баламалы (бағадарлы) салалары мен ауқымдары белгіленеді;
екінші кезеңде қажетті зерттеулер (жүйелі талдау) жүзеге асырылады;
үшінші кезеңде белгілі мәселелерді шешудің баламалы нұсқалары жасалып, әрбір міндет бойынша оңтайлы нұсқа таңдап алынады (сараптық бағалаулар, оның ішінде тәуелсіз сараптама қолданылады.).
Жүйелі тәсілдеменің негізінде басқару ісі жүйелердің құрылымдық және функциялық тұтастығын қамтамасыз етуге әрі жетілдіруге бағытталған. Мақсатқа жеткізетін жолда кездесетін кедергілерді, кемшіліктерді анықтап жою. Мұнда ең алдымен басқарудағы жүйелі тәсілдеменің принцтптері алға шығады. Нақты тәжірибеде ол қабылданаған шешімдерді жан-жақты пысықтап, оны жүзеге асыруы ықтимал барлық нұсқаларын талдайды.
Әлеуметтік жүйеде бұл принцип басқарушылық міндетті шешу процесінде саяси және мәдени мәселелерді тығыз байланыстыруды ұйғарады.
Басқару процестері пайда болғалы бері жүйені талдау кеңінен қолданылып келеді. Экономиканы оның құрылымын, оның құрамдық бөліктерінің өзара қарым-қатынасы мен өзара байланысын қоса ескеріп, біртұтас ретінде кешенді зерттеуді, экономиканың жалпы жұмыс істеу процесінде олардың әрбіреуінің рөлін анықтауды міне, осыны жүйелі тәсілдеме деп ұғу керек.
Экономикадағы жүйені тәсілдеме – басқару саласындағы ірі кещенді мәселенің ғылыми негізделген шешімін әзірлеу әдісі болып табылады. Жүйелі тәсілдеменің философиялық негізі оның негізгі принциптерін айқындап береді: жүйелердің динамикалығы, құбылыстардың байланысы, өзара ықпалдастығы мен өзара байланысы; басты буын принциптерінің кешенділігі, тұтастығы және иерахиялығы.
Процестер мен құбылыстардағы жүйелі тәсілдеме өзара байланыстардағы зерделеудің екі формасын ұйғарады:
1) жай кездері (простом случае) қосалқы жүйелер немесе жүйе элменттерінің арасындағы өзара байланыстар қандай да бір аспектіде, көбінесе экономикалық аспектіде зерттеледі;
2) әлдеқайда күрделі жағдайда (более полной формой) көп аспектілі тәсілдеме қолданылады. Бұл арада өзара байланыстар басқарудың саяси, экономикалық, технологиялық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және психологиялық аспектілері қоса ескеріліп, зерттеледі.
Қорытынды:
Жүйелі тәсілдеме – экономикалық ғылымда қолданылатын ғылыми зерттеудің ең жемісті (нәтижелі) әдістерінің бірі.
Өзінің алғашқы мағынасында – грек тілінен аударғанда «жүйе сөзі көптеген элменттерден құралатын, бөліктерден тұратын бір бүтін тұтастық ұғымын білдіреді. Басқару процестері пайда болғалы бері жүйені талдау кеңінен қолданылып келеді. Экономиканы оның құрылымын, оның құрамдық бөліктерінің өзара қарым-қатынасы мен өзара байланысын қоса ескеріп, біртұтас ретінде кешенді зерттеуді, экономиканың жалпы жұмыс істеу процесінде олардың әрбіреуінің рөлін анықтауды міне, осыны жүйелі тәсілдеме деп ұғу керек.
3-ші тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқаулар:
Өндірісті ұйымдастыру түрлері жөніндегі түсінік және оның белгілерін анықтау кезінде жүйелі талдауға сүйену керек. Өндірісті ұйымдастырудың жүйелі тәсілдемесінің мәнін терең талдау қажет.
Қолданылған әдебиеттер:
Курс: Организация производственных систем.
Юнита 1. Организация производства в производственных системах.
Разработано Т. В. Надиной: Рабочий учебник – М: СГУ, 2003 г.
Фатхутдинов Р.А. Организация производства. – М: ИНФРА – М, 2001 г
3 - тақырып. Өндірісті ұйымдастыру нысандары мен механизмдері
Дәріс мақсаты: Өндірісті ұйымдастыру түрлері жөніндегі түсінік және оның белгілерін анықтау. Өндіріс түрлерінің технико-экономикалық сипаттамасы және оның жіктемесі. Өндірісті ұйымдастырудың ағындық нысандары, оның әр түрлі және экономикалық тиімділігін түсіну.
Дәріс жоспары:
1. Өндірісті ұйымдастыру функцияларының мәні
2. Өндірістік үрдісті ұйымдастыру нысандары
3. Өндірісті ұйымдастыру механизмінің мәні
Негізгі ұғымдар мен терминдер: тиімді басқару, басқару функциясы, жоспарлау, мекеме, бақылау, тұрақтандыру, есеп және анализ, опервтивті есеп, болжамдық және технико-экономикалық жоспарлау.
Дәріс мәтіні: Өндірісті ұйымдастыру функцияларының мәні
Басқару ғылымдарындағы бір бірімен байланысты негізгі категориялардың маңызды ролін басқару функциялары атқарады.
Функциялардың объективті қызмет атқаруы үшін басқару аппараттары құрылады.
Басқару аппараты бір бірімен байланысты жүйелер біріне қатысты қызметтер және жеке жұмысшылар, эффективті басқару барлық объектінің алдына қойған мақсатына жету үшін материалдық, техникалық базамен қамтамасыз етілген.
Құрамының негізіне және жұмыс көлеміне байланысты басқару функциялары басқару аппаратының рационалдық тізбегін анықтайды және әрбір функциядағы жұмысшылар саны мекемелер құжаттарын шығарады.
Басқару функциясының классификациясы.
Басқару функциясы әр түрлі пайда болу формалары мен мазмұны бойынша ерекшеленеді, олардың классификациясын көптеген белгілер бойынша анықтайды. Басқару зерттеулерінің тапсырмасы бойынша анықтайды. Басқару зерттеулерінің тапсырмасы бойынша функиялар келесі белгілер бойынша бөлінеді: басқару процесінің мазмұны, өндірісті шаруашылық сферасына байланысты, еңбектің әр түрлі басқару түрлері, атқарылып жатқан жұмыс мазмұны мен басқару функцияларының ішіндегі операциялар.
Классификация функциясы негізгі мағыныға ие, олар басқару процесінің мазмұнын қарастырады, оның стадияларын: жоспарланған, мекеме, бағыттау, бақылау. Бұл функциялар негізгі деп аталады. Оларда мақсатты бағыттылық байқалады, сонымен қатар тапсырмалар басқаруды қоғамдық еңбектің бір бөлігі ретінде шешу керек. Барлық басқару функцияларырың байланысы мен тәуелсіздігін схема түрінде көрсетуге болады. Бұл басқару функцияларының байланыс жүйесін басқару циклі деп атауға болады.
Жоспарлау; Мекеме; Бақылау; Тұрақтандыру; Есеп және анализ; Жоспарлау.
Ауылшаруашылық өндірісінің жоспарлануы әрқырлы және күрделі процесс. Өндірістің басқару жүйесінің мақсатты бағытталған қозғалысын қамтамасыз ету үшін перспективасын анықтау керек, оның өнімдері,техникасы мен технологиясы, өнімнің өсу темпін, өндіріс еңбегінің өсу қарқынын білуі қажет. Бұл тапсырмалардың барлығы жоспарлаумен жүзеге асырылады. Мекемелер қызметі белгіленген жоспарды еңбек элементтері мен олрды жүзеге асыру тәртібі арасындағы пропорцияны қалыптастыру жолымен іске асырылады. Басқару және басқарылып жатқан жүйелер құрылымы, әрбір қызметкердің жүйедегі орны мен ролін анықтау, бөлімшелер мен звенъяларға орналастыру, мекемелер мен олардың арасындағы нақты байланыс, құжаттар жасау, өз басқару аппаратын құру, сонымен қатар жекелеген қызметтер мен қызметкерлердің өндіріс процесі бойынша берілген тапсырманы, барлық функцияларды бағдарламаға сәйкес атқаруы.
Бақылау фуекциясы үзіліссіз бақылау, анализ, өндіріс процесіндегі нақты қадамның бағасы, бағдарламаға сәйкес келуі, жоспарда, келесі басқару цикліндегі қажетті қозғалыстарды қадағалау болып табылады. Бақылаудың жүйелері, формалары мен әдістері әр түрлі және өндірістік процесстің алдына қоятын тапсырмаларды анықтап береді. Кез келген жүйені басқару тек қозғалыс сенімді, үзіліссіз және автоматты бақыланып отырғанда ңана мүмкін.
Тұрақтандыру функциясының негізгі мағынасы өндірістің барлық негізгі элементтерінің теңдей дамуын қамтамасыз етеді. Белгіленген мақсатқа сәйкес басқарылады және олар функцияда жоспарданады.
Жүйедегі элементтер қозғалыста ішкі және сыртқы факторлардың әсер етуіне байланысты әр түрлі өзгерістер болуы мүмкін. Ауылшаруашылық кәсібіндегі тәжірибеде келесі есеп формалары ажыратылады оперативті, бухгалтерлік, статистикалық. Опервтивті есеп деп есептің кең таралған және кең көлемді түрі. Ол өндіріс процесінің барлық түрімен байланысты және мамандық ерекшеліктерге ие. Оның тағайындалуы қысқа мерзімдік уақытта мәліметтердің оперативті түрде алынуы. Бухгалтерлік есеп деп үлкен мерзімдік уақыттағы мәліметтерді көрсетеді және тіркейді. Онда өндірістік шаруашылықтағы кәсіптердің байланысы көрсетіледі. Статистикалық есеп деп әлеуметтік,экономикалық құбылыстың кәсіпте оқылуын қолданылады. Олар біртекті процестегі мәліметтерді топтостыруға, өндірістің принциптік мағынасын жоспарлауға, өндіріс кәсіптерінің өсу қарқынын жасыруға мүмкіндік береді.
Осылайша, басқарудың функциялары кез келген басқару жүйесі қолданылады және басқару процесінің мақсатын бір ауыздан қамтамасыз етеді. Ауылшаруашылық кәсібінің шарттары байланысты басқарудың келесі нақты функцияларын бөлуге болады:
жалпы (сызықтық) кәсіппен басқарылу және оның ішкі шаруашылық бөлімшелерімен басқарылу: шаруашылықты дамыту мақсатындағы проблемалық сұрақтарды шешу, оның орындалу барысындағы ұжым мобилизациясы, қабылданған шешімдердің атқарылуын бақылау, кәсіптің сыртқы байланыстары, мекемелік қызметтің ұжымдық органдармен басқарылуы (акционерлердің жиналысы, дирекорлар кеңесі, т.б.).
өндірістің оперативті жоспарлауы мен басқарылуы: технологиялық
процестерді құру мен жүзеге асыру, технологиялық карталарды және жоспарлрды құру, басқа да технологиялық материалдар инструкциясы, өндіріс өнімдерінің техникалық және технологиялық талаптарының дұрыс атқарылуын қадағалау, мекеме және профилактикалық мерекелер өткізу, тәжірибемен алмасу, шаруашылықтағы оқыту мекемелері;
Жалпы басқару функциялары кәсіп басшыларын және мекемелердің (орынбасарлары), өндіріс басшыларын (өндіріс учаскелерінің басшылары; бригадирлер, ферма басшылары), қызмет көрсету бөлімдерінің басшылары (гараж басшылары, құрылыс цехінің бас маманы, көкөніс өсіру пунктерінің басшылары және т.б.), сондай-ақ функционалдық звено басшыларын тағайындайды.
Бірінші кезекте жалпы басқару функциялары басқарудың дәрежесіне тәуелді, және басқару аппаратының иерархиялық құрылымымен тікелей байланысты, яғни оның вертикалды құрылымымен байланысты. Қызметкердің мамандығына, басқару дәрежесіне байланысты төмен сатыдағылар – жоғарғы сатыдағыларға (органдар, звенолар, қызметкерлер) , бригадирлер – басқарушыларға, басқарушылар – директорларға сызықтық негізде бағынады.
Өндірісті процесті ұйымдастыру нысандары.
2. Өндірісті ұйымдастыру – бұл өндірістік процесті жүргізу мақсатында еңбек құралы, еңбек затын адам еңбегімен біріктіріп және тиімді пайдалану әдістерінің жиынтығы. Дұрыс ұйымдастырылған өндіріс мынадай негізгі принциптер ден құралады: мамандандыру, пропорционалдық паралельдік, үздіксіздік және бірқалыптылық.
Кез келген кәсіпорындағы өндірістік процестер уақыты және кеңістігі жағынан келісімдеуді Процестерді бірлестіру және үйлестіру бір қатар қағидаларға негізделеді. Олар:
1. Мамандану – еңбектің цехтар мен жұмыс орындарының арасында бөлінуі.
2. Пропорционалдық – бір процестің әр түрлі жұмыс орнына теңдей өткізгіштік қабілеттілікті білдіреді және сәйкесінше артық капитал шығыны мен техникалық жабдықтаудың болмауын білдіреді.
3. Үздіксіздік – жұмыс жабдықтары мен еңбек заттарының қозғалысындағы үзілістердің максималды қысқаруын білдіреді.
4. Параллелділік - әр түрлі операциялардың бір уақытта орындау деңгейін анықтайды. Ол еңбек заттарын өңдеуді бірлестіруден тәуелді болады және тізбекті, тізбекті – параллелді және параллелді операциялардың бірлесуінен көрінеді.
5. Дәлдік – еңбек заттарының операциялар арасында қайтымды қозғалыссыз, өтетін қысқа жолды білдіреді.
6. Қарқындылық - өнімнің шығарылымы мен операцияның біртекті орындалуын сипаттайды.
7. Техникалық жабдықтау – зиянды және ауыр еңбекті, қол еңбегін жоюмен бірге өндірістік процестерді тізбекті автоматтандыру және механикаландыруруды білдіреді.
8. Икемділік. Өнім номенклатурасының өзгеруі шартында жабдықты жедел қайта жөндеу. Икемді өндірістік жүйені енгізуді қамтамасыз етеді.
Өндірісті ұйымдастыру механизмінің мәні
«Шаруашылық механизм», «ұйымдастыру механизмі», «экономикалық механизм» түсініктері теория мен практикада 60-жылдардың ортасында кеңінен қолданыла бастады. Өндіріс көлемінің ұлғаюы, салалардың көбеюі бірыңғай ұлттық шаруашылық кешенінің қалыптасуына алып келді. Басқарудың шаруашылық механизмі шаруашылық байланыс әдістерін, басқарудың түрлерін, әдістерін қамтиды. Шаруашылық механизм мыналарды қамтиды:
І Ұйымдастыру механизмі:
Өндіріс, еңбек пен басқарудың ұйымдастырылған түрлері.
Басқарудың ұйымдастыру құрылымы мен қызметтері
Ұйымдастыру қатынастарын реттейтін нормалар мен нормативтер, құқықтық актілер
Жоспар құру реті
Өзіндік және орталықтандырылған басқарудың ара қатынасы
Техникалық, экономикалық нормалар мен нормативтер
Тауарды жеткізу мен өткізуге байланысты келісім жасасу реті
ІІ Экономикалық механизм:
Баға, табыс, еңбекті төлеу шарттары, қорларды қолдану шарты, салық төлеу шарттар, т. б.
ІІІ Әлеуметтік механизм:
Еңбек ұйымдарындағы өзін өзі басқаруды жетілдіру, әр категориялы жұмысшылар табыстары мен зейнетақылық қамтамасыз етудің деңгейі, тұрғындартың әр деңгейінің өмір сүру деңгейі.
Қазіргі кезде ауылшаруашылық кәсіпорындары меншік қарым қатынас түрлеріне байланысты бөлінеді:
Мемлекеттік меншікке негізделген кәсіпорындар.
Ұжымдық шаруашылықтар
Бөлінген меншікке негізделген кәсіпорындар
Жекеменшікке негізделген кәсіпорындар
Қазір ауылшаруашылыған түрлі деңгейдегі органдар: ауылшаруашылық Министрлігі, жергілікті органдар қадағалайды.
Басқарудың тиімді ұйымдастыру механизмін қалыптастыру өзінділік пен орталықтылықтың тиімді үйлесуіне байланысты. Шаруашылық өзінділіктің таратушысы кәсіпорын болып табылады. Кәсіпорын бұл белгілі бір меншік түріне негізделген, еңбектің қоғамдық бөлінуінің нәтижесінде пайда болатын, техникалық, экономикалық қызмет атқаратын өндірістік, экономикалық жүйе.
Ауылшаруашылық кешеніндегі шаруашылық субъектілерінің өзінділігі мына бағыттарда дамып келеді:
Өндіріс құрылымын таңдау.
Тұтынушы мен жеткізушіні таңдауда.
Еңбек, материалдық және қаржы ресурстарын жоспарлау мен қолдануда.
Екінші жағынан, ауылшаруашылық министрлігі шикізатттан тағам тауарларын жасауды, тұтыну мен жеткізуді қадағалап отыруы керек.
Экономика тиімділігі белгілі бір көлемде ондағы өзінділік пен орталықтылықтың үйлесуіне байланысты.
Өндірісті басқарудың ұйымдастыру механизмі салалық бөлшек пен аймақтың үйлесуін талап етеді.
Салалық басқару келесі мәселелерді шешеді:
Салааралық мәселелерді шешу
Жұмысшылардың тұрмыс деңгейін көтеру мәселелері
Қоғам тұтынуын зерттеу
Техникалық проблемаларды шешетін ғылыми, техникалық, инвестициялық саясат жүргізу, т. б.
Қорытынды:
Өндірісті ұйымдастыру – бұл өндірістік процесті жүргізу мақсатында еңбек құралы, еңбек затын адам еңбегімен біріктіріп және тиімді пайдалану әдістерінің жиынтығы. Дұрыс ұйымдастырылған өндіріс мынадай негізгі принциптер ден құралады: мамандандыру, пропорционалдық паралельдік, үздіксіздік және бірқалыптылық.
3-ші тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқаулар:
Бұл тақырыпты өндіріс үрдісі түсінігінен бастап, оның негізгі принциптері мен ерекшеліктерін қарастырудан бастау керек. Өндірісті ұйымдастырудың ағындық нысандары, оның әр түрлі және экономикалық тиімділігін түсіну үшін оның механизмдерін терең зерделеу қажет.
Қолданылған әдебиеттер:
Кошанов А. Трудное восхождение. На путях к рынку. Избранные труды. Астана. Елорда. 2004 – 704 стр
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы халыққа жолдауы
4-ші тақырып. Өндірістік инфрақұрылымды ұйымдастыру негіздері
Дәріс мақсаты:
«Өндірістік инфрақұрылым» туралы түсінікті қалыптастыру. Өндіріске техникалық қызмет көрсетудің мазмұны мен мәні. Нарықтық экономикаға өту жағдайында қызмет көрсетуді дамыту қажеттілігі және қазіргі жағдайы. Техникалық қызмет көрсетуді жетілдіру жолдарын ашу.
Дәріс жоспары:
Жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру
Энергетика шаруашылығын ұйымдастыру
Құрал-сайман шаруашылығын ұйымдастыру
4. Көлік шаруашылығын ұйымдастыру
Негізгі ұғымдар мен терминдер: жөндеу шаруашылығының құрамына: бас механик бөлімі, жөндеу-механикалық цехы, майлау және эмульсиялық шаруашылық, құрал-жабдықтар мен бөлшек бөліктер қоймасы, энергетикалық ресурстар, бақылау-өлшеуші, технологиялық жабдықтар.
Дәріс мәтіні:
Жөндеу шаруашылығының міндеттері мен құрамы.
Кәсіпорында жөндеу шаруашылығын құрудың басты мақсатына негізгі өндірістік қорларды ұтымды пайдалану жатады. Жөндеу шаруашылығының негізгі міндеттеріне:
негізгі өндірістік қорларды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу;
кәсіпорынның өзі дайындаған немесе жаңадан сатып алынған құрал-жабдықтарын орнату;
қолданылатын құрал-жабдықтарды модернизациялау;
қосымша бөліктерді және түйіндерді дайындау, оларды сақтау жұмыстарын ұйымдастыру, жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі барлық ұмыстарды жоспарлау;
жөндеу жүмыстарының тиімділігін арттыру жөнінде шаралар дайындау жатады.
Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығының құрамына: бас механик бөлімі, жөндеу-механикалық цехы, майлау және эмульсиялық шаруашылық, құрал-жабдықтар мен бөлшек бөліктер қоймасы кіреді.
Цехтарда цех механиктері басқаратын цехтың жөндеу қызмет орындары ұйымдастырылады.
Бас механик бөліміне құрал-жабдықтарды күтумен және модернизациялаумен, жөндеуге байланысты қажетті техниканың құжаттарын дайындаумен айналысатын конструкторлық-технологиялық бөлім, жөндеу жұмыстарын материалдармен қамтамасыз ететін және жөндеу жұмыстарын диспетчерлеу және жоспарлаумен айналысатын жоспарлау-өндірістік бөлімі, кәсіпорында жоспарлы-ескерту жөндеу жұмыстарының жүйесін сақтауды бақылаумен және жалпы басшылыққа алумен айналысатын жоспарлы-ескерту жөндеу бөлімдері кіреді. Жалпы кәсіпорынның түріне байланысты жөндеу шаруашылығының құрамы, ұйымдастыру, басқару ерекшеліктері өзгеріп отырады. Жұмысты орындау барысында еңбек құралдарының бір бөлігі тозуға ұшырайды. Олардың қызмет істеу қабілеттілігін көтеру және пайдалану қасиеттерін қалпына келтіру қажеттілігі туады.
Өндірістік кәсіпорындарда негізгі қорлардың барлық түрлерін қалпына келтіруге және қолдауға бағытталған ұйымдастырушылық шешімдер, бір-бірімен тығыз байланысты ережелер жиынтығынан тұратын негізгі қорларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету жүйесі қалыптасады.
Техниканы жөндеу және негізгі қорларға қызмет көрсету жүйесінің негізгі түріне құрал-жабдықтарды жоспар бойынша алдын ала жөндеу жүйесі жатады.
Құрал- жабдықтарды жоспарлы түрде алдын ала жөндеу жүйесі құрал-жабдықтарды жөндеу, бақылау, күтуге байланысты шаралар жиынтығын қамтиды. Осы жүйенің құрамына құрал-жабдықтарды күту, жөндеуаралық қызмет көрсету, мерзімді жөндеу операциялары кіреді. Құрал-жабдықтарды күту техникалық қолдану ережелерін сақтау, жұмыс орнында еңбек тәртібін қолдау үшін сүрту, майлау, жұмыстарын жүргізу кіреді. Бұл жүмыстардың барлығы дерлік өндірістің дұрыс ұйымдастырылуы арқылы жүзеге асырылады.
Жөндеуаралық қызмет көрсету жұмыстары құрал-жабдықтардың күйін бақылау үшін жұмысшылар оларды пайдалану тәртібін қадағалау арқылы механизмдерді өз уақытында реттеу, бұзылған ұсақ бөліктері мен бөлшектерін жөндеу жұмыстарын жүргізіп отыруы тиіс. Мұндай жұмыстарды жөндеу қызметінің кезектегі жұмысшылары орындайды. Олар құралдардың үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз ету үшін түскі үзілісте немесе жұмыстан тыс уақытта тазалап, күтіп, сүртіп және жөндеудің ұсақ түрлерін орындап отырады.
Агрегаттардың жұмыс істеуін қалпына келтіру үшін орындалатын ағымдық жөндеу жөндеудің көлемі жағынан ең қарапайым түрі болып саналады. Оған машинаның жеке бөлшектері мен бөліктерін, түйіндерін қалпына келтіруге бағытталған жөндеу, алмастыру және жинау жұмыстарын жатқызуға болады.
Орташа жөндеудің ағымдық жөндеуден айырмашылығы ауыстыруға арналған бөлшектердің саны мен көлемінің көбірек болуымен ерекшеленеді.
Күрделі жөндеуге агрегаттың кез келген бөліктерін ауыстыра отырып толық қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жатады.
Күрделі жөндеудің негізгі міндетіне құрал-жабдықты бастапқы калпына келтіру мақсатында оның техникалық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету және еңбек өнімділігін арттыру, құралдардың жұмыс істеу дәлдігінің стандартқа сәйкес келуін қамтамасыз ету саналады.
Алдын ала жүргізілетін жөндеу жұмыстары жөндеу циклының ішінде жөндеудің тек екі түрін, яғни ағымдық және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуден тұрады. Мұндай кезде күрделі жөндеу құрал-жабдықтарды модернизациялаумен қатар жүреді. Күрделі жөндеуді ұйымдастыруды орталықтан жүргізу дәрежесіне карай үш түрге бөлуге болады: орталықта жүргізу, жан-жақта жүргізу және аралас жөндеу. Орталықта жүргізілетін жөндеу жұмыстары бойынша жөндеудің барлық түрлерін жөндеу-механикалық цехтар өз күшімен жүргізеді, жан-жақта жүргізілетін жөндеу жүмыстары цех механигінің басшылығымен цехтың жөндеу қызметтерінің көмегімен атқарылады. Ал жөндеу жұмыстарын ұйымдастырудың аралас түрі орталықтандырылған және орталықсыздандырылған жөндеу жұмыстарының әр түрлі комбинацияларына негізделеді. Күрделі жөндеу жұмыстарын жөндеу-механикалық цехы жүргізеді.
Алдын ала жөндеу жүмыстарымен қатар кәсіпорындарда калпына келтіру жұмыстары да жүргізіледі.
Жөндеу жұмыстарын техникамен қамтамасыз ету. Алдын ала жүргізілетін жөндеу жұмыстар жүйесін енгізу алдын ала дайындық жүмыстарын жүргізуді қажет етеді. Оларға құралдардың топтамасы мен олардың төлқұжатын дайындау; ауыстырылатын немесе қажетті запас бөліктердің қажетті шамасын анықтау, құрал-жабдықтың түрі мен шамасына қарай альбомдар дайындау, запас бөліктер мен түйіндерді сақтауды ұйымдастыру, құралдарды жөндеу және оларға қызмет көрсетуші өндірістік және жөндеу мамандарын қайта дайындау жұмыстары жатады.
Құрал-жабдықтардың топтамасына техникалық қызмет керсету инструкциясын әзірлеу, жөндеу жүмыстарының типтік технологиясын дайындау, бірыңғай ауыстыратын бөліктердің санын анықтау үшін оларды біркелкі белгісіне қарай топтау кіреді.
Төлқұжаттаудың мазмұнына кәсіпорында қолданылатын еңбек құралдарының толық техникалық сипаттамасын қалыптастыру жатады. Зауыттан шыққан әрбір қүрал-жабдықтың төлқұжаты болады. Онда құрал-жабдықтардың техникалық мәліметтері, ондағы өзгерістер, жұмыс тәртібі, жүктеу шегі, байқау нәтижесі мен жөндеу тәртібі жөніндегі мәліметтер болады. Құрал-жабдықтың төлқүжаты - оларды жөндеу және оған қызмет көрсетуді ұйымдастыру және жоспарлауда негізгі құжат болып саналады.
Өндірістік персоналдың және жөндеу жұмыстарын жүргізуші персоналдардың инструкциясын дайындау және жөндеу жұмыстарының технологиясы құрал-жабдықтарды жөндеу және олардың ұйымдастыру- техникалық деңгейін көтеруге және кәсіпорындағы құрал-жабдықтарды тиімді пайдалануға көмектеседі.
Алдын ала жүргізілетін жөндеу жұмыстар жүйесі бойынша құрал-жабдықтарды жөндеуді ұйымдастыру және жоспарлау белгілі бір нормативтерге негізделеді. Соның нәтижесінде кәсіпорын және оның жеке бөлімшелерінде жүргізілетін жөндеу жұмыстарының көлемі, оның кезектілігі бірыңғай станоктардың тобы бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу мерзімі анықталады. Бұл нормативтер жүйесіне жөндеудің күрделілік категориясы, жөндеу бірліктері, жөндеу циклының құрылымы мен ұзақтығы, жөндеу аралық және байқау аралық мерзімдер ұзақтығы, жөндеу мерзімінің ұзақтығы кіреді. Сонымен қатар оған құрал-жабдыққа қызмет керсетудің жөндеу аралық нормативі, тез тозатын бөліктер запасы мен запас бөліктер, материалдарды жұмсау нормативтері де жатады. Агрегат күрделі болған сайын оның күрделілік категориясы да жогары болады.
Жөндеу циклы дегеніміз барлық алдын ала бекітілген жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын анықталған тәртіп бойынша құрал-жабдықтардың ең төмен қайталанатын пайдалану мерзімін айтады.
Жөндеу аралық мерзім дегеніміз екі кезекті жоспарлы жен-деу арасындағы кұрал-жабдықтардың жұмыс істеу мерзімін көр-сетеді.
Байқау аралық мерзім дегеніміз жоспар бойынша екі қатар келетін кезекті жөндеу және байқау арасындағы құрал-жабдықтың жұмыс істеу мерзімін айтады.
Жөндеу мерзімі дегеніміз құрал-жабдықтың жөндеуде тұрған уақытын айтады.
Кәсіпорынның жөндеу қызметінің нәтижесін сипаттайтын негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерге құрал-жабдықтың әрбір түрін жондеу және техникалық қызмет көрсетудің толық өзіндік құны мен еңбек сыйымдылығы, жалпы жұмыскер санындағы жендеуші персоналдың үлес салмағы, режимдік уақыт қорын-дағы жөндеуде тұрған құрал-жабдықтың бос тұру уақытының па-йызы, құрал-жабдықтың біреуіне келетін қосымша материалдар-дың шығыны және тағы басқа көрсеткіштер жатады.
Құрал-жабдъқтарды жөндеу және оларга техникалық қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыруды жетілдіру жолдары.
Өндірістің уздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін құрал-жабдықтарды жөндеу, оларға қызмет көрсетудің тиімділігін арт-тыруды жетілдіру қажет болады.
Оларды жетілдірудің негізгі жолдарына:
құрал-жабдықтарды жөндеуді орталықтандыру және мамандандыру жатады. Мысалы, станоктар, машиналар және ме- ханизмдерді күрделі жендеуден өткізу үшін мамандырылған зауыттардың өндірістік қуатын артгыру, машина және механизмдерді дайындаушы кәсіпорындардың құрал-жабдықтарды фирмалық жөндеуін әрі қарай дамыту;
кәсіпорындарды орталықтандырылған түрде бөліктермен, бөлшектермен жабдықтай отырып, олардың жөндеу және қайта жөндеу жинау жұмыстарымен айналысуына жағдай жасау;
кәсіпорындарда құрал-жабдықтарды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсетуді орталықтандыру;
жөндеу жұмыстарын жүргізуде озық үлгідегі әдістерді пай- далану және механикаландыру жұмыстарын жүргізу;
машиналардың беріктілігін және ұзақ мерзім жұмыс істеуін арттыру үшін жөндеу жұмыстарына қажеттілік және техникалық қызмет көрсету көлемін қысқарту арқылы құрал-жабдықтың, машиналардың барлық өмірлік циклында бір күрделі жөндеумен шектелуге мүмкіндік беру;
жөндеуші мамандар жұмыстарын ұііымдастыруды жетілдіру және олардың біліктілігін көтеру және тағы басқа ісшаралар кешені жатады.