
- •Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорын менеджменті
- •5В071300 «Көлік, көлік техникасы және технологиялар»
- •Мазмұны
- •1. Силлабус
- •5. Оқу тәртібінің мінездемесі
- •5.3. Пәнді оқытудың міндеттері:
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.
- •Қосымша
- •7. Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы
- •8. Оқу пәніне қойылатын талап
- •2. Пән бойынша глоссарий және пәннің ұғымдық аппаратымен жұмыс бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар
- •3. Оқу пәні бойынша тақырыптарға берілген дәріс конспектілері және дәріс курстарын қарастыруға әдістемелік нұсқау
- •2. Энергетика шаруашылығын ұйымдастыру
- •3. Құрал-сайман шаруашылығын ұйымдастыру
- •4. Көлік шаруашылығын ұйымдастыру
- •2. Стратегиялық жоспарлау кезеңдері және құрамдас бөліктері
- •3. Фирманың стратегиясы, оның қалыптасуы. Стратегия түрлері.
- •4. Негізгі және қосымша әдебиеттер
- •4.1 Негізгі әдебиеттер
- •4.2 Қосымша әдебиеттер.
- •5. Бақылауға арналған сұрақтар немесе тапсырмалар
- •7. Семинарлық сабақ жоспары
- •8. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар және оларды орындау бойынша әдістемелік нұақаулар. Ағымдық және аралық бақылауға арналған тест тапсырмалары
- •Қорытынды бақылауға арналған сұрақтар
- •Аралық және қорытынды бақылауды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •9. Оқу материалын жақсы ұғыну мен қабылдауға аналған оқу пәні бойынша үлестіру және көрнекі материалдар және олармен жұмыс істеу бойынша әдстемелік нұсқаулар
- •Инвестициялар
- •3 Сурет. Инвестициялар бойынша тәуекел деңгейі
- •Инвестициялық жобаны коммерциялық талдау
- •10. Курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорын менеджменті
- •Курстық жұмыс төмендегідей ретпен орындалуға тиісті:
- •2012-2013 Жж. Кезеңіндегі
- •Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорын менеджменті
- •Ұсынылатын әдебиеттер мен дереккөздер
- •1.Заңнамалық және нормативтік актілер
- •Фатхутдинов р.А. Организация производства. – м: инфра – м, 2001 г
- •9. Үлестіру материалдары
6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.
Негізгі
Курс: Организация производственных систем.
Юнита 1. Организация производства в производственных системах.
Разработано Т. В. Надиной: Рабочий учебник – М: СГУ, 2003 г.
Фатхутдинов Р.А. Организация производства. – М: ИНФРА – М, 2001 г
Мильнер Б. З. Теория организации. – М.: ИНФРА – М., 2000 г.
Новая технология и организационные структуры. под. ред. И. Пининга, А. М. Бьюитандама, М.: Экономика, 2000 г.
Операционное управление. Учебное пособие. Авторы составители: Л. Батенко, В. Данилов – Алматы, АШМ, 2001 г.
Саймагамбетова Г. А. организация и планирование производства: Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2004 г. – 138 с.
Стратегия индустриально – инновационного развития РК на 2003 – 2015 годы, Астана, 2003 г.
Қосымша
Глухов В.В. Основы менеджмента: учебно-справочное пособие – СПб.: Специальная литература, 1995. – 327б.
Веснин В.Р. Основы менеджмента: учебник. – М.: Институт международного права и экономики. Издательство «Триада ЛТД», 1996. – 384б.
7. Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы
Студенттің өздік жұмыстары СӨЖО уақытында бағаланады, баллдар бақылау шараларынның күнтізбелік кестесіне сәйкес қойылады. Белсенділік қатысу сапасы негізінде бағаланады. Белсенділіктің максималды бағасы әр сабақта хабарланып тұрады. Тапсырмалар оқытушы қойылған мерзімінде орындалады. Қойылған мерзімнен кейін жұмысты тапсырса 5% бағаға төмендетіледі. Барлық жұмыстар жұмыс дәптерлеріне жазбаша түрде ресімделеді. Межелік бақылауды бағалау (МБ) 100 балдық шкала бойынша анықталады. Пән бойынша қорытынды бақылауға (ҚБ) жұмыс оқу жоспарының барлық талаптарын орындаған (СӨЖ бойынша жұмыстар мен тапсырмаларды орындау және тапсыру) және жіберу рейтингісін жинаған (50 балдан кем емес) студенттер жіберіледі.
8. Оқу пәніне қойылатын талап
Семестр уақытында студент барлық оқу кестелерімен және бақылау жұмыстарын тапсыру кестелерімен сәйкес барлық оқу сабақтарына қатысуы тиіс.
Негізгі және қосымша әдебиеттер тізіміне сәйкес әр дәріске қатысып және өзіндік жұмыстарын уақытылы дайындап, қарастырылған мәліметтерге талқылама жасап, белсенді қатысуды қабылдауы тиіс. Пән бойынша қорытынды бақылауға (ҚБ) жұмыс оқу жоспарының барлық талаптарын орындаған (СӨЖ бойынша жұмыстар мен тапсырмаларды орындау және тапсыру) және жіберу рейтингісін жинаған (50 балдан кем емес) студенттер жіберіледі.
2. Пән бойынша глоссарий және пәннің ұғымдық аппаратымен жұмыс бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар
Активтер — фирманың материалдық, материалдық емес (зияткерлік меншігі) және ақшалай құндылықтарын, құны ақшалай көрсетілген мүліктік құқығын көрсетеді; бұл мүлік.
Баланс есебі — белгілі бір мерзімде мекеменің қаражат жағдайын көрсететін бухгалтерлік құжат.
Бизнес-жоспар — бизнес-операцияларды, фирманың әрекеттерді жүзеге асыру бағдарламасының жоспары, оның мазмұнында фирма, тауар, оның өндірісі, сату нарығы, маркетинг, операцияларды ұйымдастыру және тиімділігі туралы мәліметтер көрсетіледі.
Бюджет — (ағылш., budget — қоржын) ресми күші бар, танылған немесе қол қояға қабылданған кесте, белгілі бір уақыт кезеңіндегі, яғни жылдағы
экономикалық субъектінің кіріс және шығыс тізімдемесі.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау — бастапқы кезеңдерде жаңа кәсіпкерлік ұйымдарының қалыптасу және жұмыс істеу процестеріне кеңес беру бойынша нақты шараларлы дайындау (ұйым құрылғаннан бастап 1-3 жыл); жаңадан құрылған құрылымға қаржылық көмек көрсету немесе мұндай құрылымға жеңілдіктер ұсыну (әдетте салық салу саласында); қаржылық жағынан әлсіз кәсіпкерлік құрылымдарға техникалық, ғылымитехникалық немесе технологиядық көмек көрсету.
Іс жүргізу — ұйымның, кәсіпорынның, фирманың құжаттамаларын жүргізу, қабылдау, толтыру, ресімдеу, құжаттарды жөнелту, есепке алу және олардың қозғалысына, орындалуына, жаңаруына бақылау жасау.
Ақша ағыны — 1) компанияға сатудан және басқа да көздерден түсетін ақша, сондай-ақ компания сатып алуға, еңбекке ақы төлеуге және т.б. жұмсайтын ақшалары; 2) ақша айналысы қатысушылары арасындаға
кез келген ақша қаражаттарының қозғалысы.
Шарт — екі және одан көп тараптардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісім.
Лауазымдық қызмет нұсқаулығы — қызметкердің рөлін және оның компания алдындағы жауапкершілігін анықтайтын құжат.
Нарықтың сыйымдылығы — тауарға, баға деңгейіне, жалпы нарық конъюнктурасына, тұрғындардың табысына, іскери белсенділігіне тәуелді белгіленген кезеңде нарықтағы мүмкіндігінше сатылатын тауарлардың әлеуетті көлемі.
Жеке кәсіпкер (ЖК) — заңды тұлға құрамай жек кәсіпкерлікті жүзеге асырушы және шағын кәсіпкерлік субъектісі белгілеріне сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматы немесе оралман.
Интернет — дегеніміз, көпшілік қол жеткізе алатын ғаламдық компьютерлік желі, ол компьютерлерді өзара байланыстыратын бірнеше жүйелерге бөлінеді. Жүйе стандартты ережелерден (хаттамалар) тұрады, оның көмегімен пайдаланушы әртүрлі ақпараттарды тапсырады және қабылдайды.
Еңбекақы — бұл ұйымның жүктелген міндеттерді орындағаны үшін қызметкерге мерзімді төлейтін ақшалай сыйақысы.
Коммерциялық кәсіпкерлік — сату-сатып алу бойынша операциялар мен мәмілелер, яғни тауар мен қызметтерді алып-сату.
Бәсеке (лат. соnсurrere — соқтығысу, бәсеке) — тауар өндірісі, сату және сатып алу шарттарын жақсарту үшін нарықтық шаруашылық қатысушылары арасындағы бәсеке.
Кредит — (лат. credit — ол сенеді) — ақша немесе тауарды қайтымдылық шарты бойынша, яғни пайыздықмөлшерлемесін төлеу жолымен қарызға беру.
Фермерлік шаруа қожалығы — жеке кәсіпкерліктің бір түрі, тұлғалардың отбасылық-еңбек бірлестігі, мұнда кәсіпкерлікті жүзеге асыру ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге, сондай-ақ өнімдерді сату мен өңдеуге арналған ауыл шаруашылық жерлерін пайдаланумен тікелей байланысты.
Жеңілдіктер — ұйым қызметкерлеріне олардың өмірлік деңгейін көтеретін қызмет түрлеріне қол жеткізу құқығын беретін өтемақы бөлігі: медициналық сақтандыру, материалдық көмек, қосымша демалыс, тегін тамақтану, компанияның автомобилін қолдану, шипажайларда демалу.
Маркетинг — бұл айырбас көмегімен мұқтаждық пен қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған адам қызметінің түрі.
Маркетингтік зерттеулер — жалпы нарықтың даму беталысы және осы нарықтағы фирманың мүмкіндігі мен жағдайы туралы деректерді жүйелі түрде жинау және сараптау.
Ынталандыру — 1) қандай да болсын шешімнің, әрекеттің пайдасына дәлел келтіру, түсіндіру; 2) қандай да болсын мақсатта жету үшін субъектінің қызмет етуіне түрткі болу, мұндай қызметке қызығушылық таныту және бастама көтеру, қозғау салу тәсілдері.
Тауарлар номенклатурасы — бұл аталған сатушы немесе өндіруші ұсынған барлық тауар тобы мен тауар бірліктерінің жиынтығы.
Мұқтаждық — дегеніміз, қажетті заттың жоқтығы немесе жетіспеуі кезіндегі туындайтын адамның сезімі. Мұқтаждық әртүрлі сипатта болуы мүмкін. Мысалы, жылуға, адамдық қатынасқа, тамаққа, киімге деген мұқтаждық және т.б. Бұл қажеттіліктердің жарнама агенттерінің жұмысына қатысты болмайды, оның негізі адамның табиғатында жатыр.
Табыс пен шығын туралы есеп — бухгалтерлік есептің негізгі нысаны, ол есепті кезеңдегі ұйым қызметінің қаржылық нәтижесін сипаттайды және жылдың басынан бастап есеп беру күніне дейінгі кіріс, шығыс және қаржылық нәтиже туралы деректер өспелі қорытынды сомасымен бейнеленеді.
Пассивтер - мүліктерді қалыптастыруға негіз болатын ақшалай қаражаттар.
Жайғастыру — әлеуетті сатып алушы, тұтынушы кей жағдайда қоғамның сана-сезіміне белгілі нысан (фирма, сауда маркасы, тауар ұғымы, адам және т.б.) бейнесін бекіту.
Қажеттілік — индивидуумның жеке мінездемесімен және мәдени деңгейімен сипатталатын нақты іске асатын мұқтаждық. Қажеттілік аталған қоғамға тиісті тәсілмен белгілі мұқтаждықты қанағаттандыратын
нысанға өтеді. Адамның қажеттілігі шексіз, бірақ оны қанағаттандыруға арналған ресурстар шектеулі.
Тұтынушылардың құндылығы — тұтынушы қандай да болсын өнімді иеленуден немесе оны пайдаланудан алатын пайда.
Кәсіпкерлік — дегеніміз, тұрақты тәуекел жағдайында тауар ұсынысы мен сұранысы сәйкестендірілетін экономикалық қызмет. Бұл жаңашыл
қызмет, оның нәтижесінде жаңа тауарлар пайда болады.
Кәсіпкер — нарықта өндіріс құралдарын сатып ала отырып, оны капиталға айналдыратын адам.
Кәсіпкерлік пайда — кірістің ерекше түрі, іскерлік, өзіндік шығармашылық белсенділігі және жеке бизнес саласындағы жаңашылдығы, яғни жаңа идеяны жүзеге асыру, коммерциялық табыс әкелетін техникалық және ұйымдастырушылық жаңалықтар үшін алынатын сыйақы.
Пайда (profit) — белгілі кезеңдегі кәпіорынның кірісі мен шығысы арасыдағы айырмашылық.
Өткізу (Жылжыту) — тұтынушыны кәсіпкер ұсынған туар, қызмет немесе идеяны сатып алуға көндіру тәсілдерінің жиынтығы.
Өндірістік кәсіпкерлік қызмет — қызмет, ол арқылы кәсіпкер тұтуынушыға (сатып алушыға) өнімдер, тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтарды тікелей сатуды жүзеге асырады.
Өндірістік кооператив — жеке еңбекке қатысуы және мүшелерінің мүліктік жарналарын (үлестік жарна) біріктіру арқылы ортақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін мүшелікке негізделген азаматтардың ерікті
бірлестігі.
Тікелей маркетинг — сатушының сатып алушымен «бетпе-бет» немесе телефон арқылы тікелей қатынасуын көрсететін жеке сауда.
Жарнама — бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылатын және шығарушылардың (демеушілер) қаражатынан қаржыландырылатын ақылы хабарлама.
Тәуекел — шарасыз сипаттағы емес, шығын себебіне ықпа ететін мүмкін болатын қауіп немесе кездейсоқтық.
Сегмент (сараланым) — сипаттамасы бірдей және компанияның тәртібіне бірдей әрекет етуші тұтынушылардың жиынтығы.
Нарықты саралау — тұтынушыларды белгілі топтарға бөлу процесі.
Сұраныс — белгілі уақыт ішінде бірдей шарттар бойынша белгіленген бағамен тұтынушылар сатып алуды қалайтын және сатып алатын өнімдердің мөлшері.
Бастапқы капитал — істі бастапқы кезеңде көпшілікке танымал етуге қажетті ақша.
Өткізуді ынталандыру — сатып алушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында тауарды өткізудің соңғы кезеңіндегі шараларды дайындау және жүргізу.
Шот-фактура — жеткізуші тиелген немесе сатылған өнімнің әр тобы, сондай-ақ орындалған жұмыстар мен қызметтер үшін жазып беретін типтік құжат. Оның мазмұнында сатылған тауар мен сату бағасы туралы мәліметтер болады. Төлем жасауға, есеп айрысуға негіз болады.
Тауар — сату немесе айырбастау үшін өндірілген, тұтынушылық құны бар өнім.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік — бір немесе бірнеше тұлғалар құрған серіктестік. ЖШС Жарғылық капиталы құрылтай құжаттарына
сәйкес белгіленген мөлшердегі үлестерге бөлінген. ЖШС қатысушылары оның міндеттемелері бойынша жауапкершілік жүктемейді және салған салымы құнының шегінде қызметіне байланысты шығындар тәуекелін жүктейді.
Тауар жинағы — сауда құрамына кіретін әртүрлі тауарлардың белгіленген жиынтығы.
Тауар нарығы — өндірістік немесе тұтынушылық белгілері ұқсас және тауар мен қызметтің ішкі нарығының элементі болып табылатын жекелеген тауарлардың немесе тауар топтарының нарығы.
Еңбек шарты — қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы тараптардың құқығы мен міндеттерін белгілейтін еңбек қатынастары туралы құжат.
Тауардың орамасы — жинау және тасымалдау процесінде тауарды сақтау үшін қолданылатын құралдардың жиынтығы, сондай-ақ тауар және оның өндірушісі туралы ақпарат иесі болып табылады.
Табыс — белгілі бір мақсатқа жетудегі сәттілік, жұмыстағы жоғарғы нәтиже үшін қоғамның мойындауы.
Қаржылық лизинг — жалға берушінің (лизинг берушінің) белгілі сатып алушыдан уағдаласқан мүлікті меншігіне сатып алу және оны ақылы түрде жалға алушыға (лизинг алушыға) беру міндеттерін қарастыратын лизинг нысаны негізгі қаражатқа жататын кез келген мүліктер лизинг нысаны бола алады.
Қаржылық мәміле — ақша, валюта, құнды қағаздарды сатып алу-сату бойынша операциялар мен мәмілелер.
Франчайзинг — ірі және шағын кәсіпкерліктің аралас нысаны, онда ірі корпорациялар, компаниялар (франчайзерлер) шағын фирмалармен, еншілес компаниялармен, бизнесмендермен (франчайзи) франчай-
зер атынан әрекет етуге айрықша құқық беретін шарт жасайды. Шағын фирма өз бизнесін белгіленген уақыт ішінде және белгілі жерде «негізгі» фирма белгілеген нысанда жүзеге асыруға міндетті. Өз кезегінде франчайзер франчайзиді тауар, технологиямен жабдықтауға, бизнесіне әртүрлі көмек көрсетуге міндеттенеді.
Баға — ақша көлемі, оған айырбас ретінде тауарды сатушы беруге (сатуға) дайын, ал сатып алушы тауар бірлігін алуға (сатып алуға) келіседі.
Заңды тұлға — өзінің мүлігі бар және осы мүлігі арқылы өзінің міндеттеріне жауап беретін, мәмілелер жасауға құқығы бар ұйым. Заңды тұлғаның дербес балансы мен атауы жазылған мөрі болуы қажет.
Пәннің ұғымдық аппаратымен жұмыс бойынша әдістемелік нұсқаулар
Ұғымдардың анықтамаларын бірнеше рет қайталап оқу керек.
Егер анқытамада түсініксіз немесе күрделі терминдер кезедесіп қалса, бұл қиыншылықты жою үшін түсіндірмелік, энциклопедиялық немесе шетел сөздерінің сөздіктеріне жүгіну керек.
ұғымдармен жұмыс барысында ең алдымен оның мазмұнын нақты меңгеруге, мәнін ашуға тырысып, содан кейін барып ерекше белгілерін көрсете алу керек.