
- •Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорын менеджменті
- •5В071300 «Көлік, көлік техникасы және технологиялар»
- •Мазмұны
- •1. Силлабус
- •5. Оқу тәртібінің мінездемесі
- •5.3. Пәнді оқытудың міндеттері:
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.
- •Қосымша
- •7. Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы
- •8. Оқу пәніне қойылатын талап
- •2. Пән бойынша глоссарий және пәннің ұғымдық аппаратымен жұмыс бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар
- •3. Оқу пәні бойынша тақырыптарға берілген дәріс конспектілері және дәріс курстарын қарастыруға әдістемелік нұсқау
- •2. Энергетика шаруашылығын ұйымдастыру
- •3. Құрал-сайман шаруашылығын ұйымдастыру
- •4. Көлік шаруашылығын ұйымдастыру
- •2. Стратегиялық жоспарлау кезеңдері және құрамдас бөліктері
- •3. Фирманың стратегиясы, оның қалыптасуы. Стратегия түрлері.
- •4. Негізгі және қосымша әдебиеттер
- •4.1 Негізгі әдебиеттер
- •4.2 Қосымша әдебиеттер.
- •5. Бақылауға арналған сұрақтар немесе тапсырмалар
- •7. Семинарлық сабақ жоспары
- •8. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар және оларды орындау бойынша әдістемелік нұақаулар. Ағымдық және аралық бақылауға арналған тест тапсырмалары
- •Қорытынды бақылауға арналған сұрақтар
- •Аралық және қорытынды бақылауды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •9. Оқу материалын жақсы ұғыну мен қабылдауға аналған оқу пәні бойынша үлестіру және көрнекі материалдар және олармен жұмыс істеу бойынша әдстемелік нұсқаулар
- •Инвестициялар
- •3 Сурет. Инвестициялар бойынша тәуекел деңгейі
- •Инвестициялық жобаны коммерциялық талдау
- •10. Курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау
- •Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорын менеджменті
- •Курстық жұмыс төмендегідей ретпен орындалуға тиісті:
- •2012-2013 Жж. Кезеңіндегі
- •Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорын менеджменті
- •Ұсынылатын әдебиеттер мен дереккөздер
- •1.Заңнамалық және нормативтік актілер
- •Фатхутдинов р.А. Организация производства. – м: инфра – м, 2001 г
- •9. Үлестіру материалдары
Курстық жұмыс төмендегідей ретпен орындалуға тиісті:
- тақырыпты таңдау, мақсаттар мен міндеттерді, зерттеу объектісін анықтау;
- курстық жұмыстың алдын-ала жоспарын құру;
- курстық жұмыстың нақтыланған жоспарын бекіту;
- арнайы ғылыми және оқу әдебиетін, зандылық-нормативтік актілері құжаттарын іріктеп алу, зерттеу және конспектілеу;
- тақырып бойынша статистикалық және нақты материалдарды жинақтау және өңдеу;
- курстық жұмыстың алғашқы жобасын жазу және оны ғылыми жетекшіге тексеруге тапсыру;
- ғылыми жетекшінің ескертпелерін түзету және жаңа жобасын дайындау;
- осы әдістемелік құрал талаптарына сәйкес курстық жұмысты аяқтап жазу және қорғауға дайындау;
- курстық жұмысты қорғау.
Курстық жұмысты орындау талаптары мен графикпен танысқаннан кейін студент өз бетімен жоспар құруға тиісті. Жоспар мынадай бөлімдерді қамтуы қажет: кіріспе, негізгі бөлім (кемінде екі бөлімнен тұрады), қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалар.
Кіріспеде (2-3 бет) тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, зерттеу объектісі, курстық жұмыста ашылуға тиісті сұрақтар шеңбері негізделеді. Кіріспеде, сонымен бірге, зерттелетін тақырыптың методологиялық негіздерін, теориялық және статистикалық материалдардың негізгі көздерін, түсініктерді көрсету қажет.
Негізгі бөлім (18-20 бет) тақырыптың негізгі мазмұнын ашатын 2 немесе 3 тарауды қамтуға тиісті. Әдетте, бірінші тарауда негізгі экономикалық түсініктер және категориялар, оларды зерттеуге қажетті экономикадағы орын алған бағыттар қарастырылады.
Бірінші тарау – теориялық. Студент негізгі көрсеткіштерді қамтуы керек:
қызметтері
міндеттері
принциптері және т.б.
Екінші тарау – тәжірибелік. Бұл тарауда зерттеу тақырыбын отандық экономиканың нақты материалдары негізінде талдау қажет. Бұл оларды зерттеуге қажетті теориялық бағыттарды пайдалану мүмкіндіктері мен олардың кәсіпорында көрінісін көрсету үшін қажет. (мысалы, еңбек өнімділігі, кәсіпорындағы жоспарлау, кәсіпорын сметалары, бизнес-жопарлардың құрылымы мен негізгі мақсаттары, өндірісі типтері мен олардың техникалық-экономикалық сипаттамалары және т.б.). Тақырыптың теориялық зерттелуі практикалық және статистикалық материалдармен анықталады. Материалдар кестелер, графиктер, диаграммалар және басқалармен көрсетіледі.
Үшінші тарау – аналитикалық. Бұл жерде студент теориялық негіздемелерін бір жүйеге келтіреді, екінші тарауда көрсетілген тәжірибелік білімін талдайды және әрі қарай өз қорытындыларын жасайды. Курстық жұмыс тақырыбына сай көрсетілетін мәселелерді шешу барысында өзінің іс-шаралары мен шешу жолдарын ұсынады.
Қорытынды бөлімінде жұмыстағы барлық қорытындыларды жүйелендіруі керек. Қорытындыда (2-3 бет) курстық жұмыстың мазмұны жалпыланып, қорытындалар мен ұсыныстар жасалынады.
Курстық жұмыстың алғашқы жобасы жазылып, ол түзетілгеннен кейін талаптарға сәйкес оның безендірілуі жүзеге асады. Курстық жұмыс (20-25 бет) А4 форматты стандартты ақ қағазға жазылады. Әр беттің жиектері төмендегідей өлшемде болады: сол жақ –30мм., оң жақ-10мм., жоғарғы жақ-25мм., төменгі жақ-20мм. Әр бет 28-30 жолдан тұрады. Курстық жұмыстың құрылымы төмендегілерді қамтиды:
Көрнекті бет (титулы)
Мазмұны немесе жоспары
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Қосымшалар.
Курстық жұмыстың беттері араб цифрларымен нөмірленеді. Көрнекті бет (титулдық бет) жалпы беттер санына қосылады, бірақ оған нөмір қойылмайды. Беттің нөмірі жоғарғы оң жақ бұрышқа қойылады. Кестелер, сызбалар, графиктер де нөмірленеді. Егер кестелер мен суреттер 1-бөлімге қатысты болса, онда олар төмендегідей ретпен көрсетіледі: кесте 1.1, 1.2 және с.с., сурет 1.1, 1..2, 1.3 т.с.с., егер 2-ші немесе 3-ші бөлімге қатысты болса, онда соған сәйкес 2.1, 2..2 т.с.с., 3.1, 3.2, 3.3 т.с.с. болады, сонымен қатар, жоғарыда көрсетілгендерді рет-ретімен белгілеуге де болады.
Барлық кестелер, сызбалар, суреттердің тақырыбы болуға тиісті. Пайдаланылған әдебиетке деген сілтемелер беттің аяғында немесе квадратты жақша арқылы пайдаланылған әдебиеттің реттік нөмірі мен беті көрсетіледі, мысалы (8, 250-бет). 8 цифры пайдаланылған әдебиеттер тізімінде келтірілген реттік нөмірді көрсетсе, 250 цифры сол әдебиеттің бетін көрсетеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі пайдалану ретімен құрастырылады. Әр әдебиет бойынша мынадай деректер көрсетіледі: автордың аты-жөні, әкесінің аты, кітап немесе мақаланың аты, басылған жері, баспасөз, басылған жылы, көлемі.
«Кесте» сөзі жоғарғы сол жақта, кесте атауы ортада орналасады.
Мысалы,
Кесте 1