Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
өндірісті ұйымдастыру умк 2014-2015 (2).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.4 Mб
Скачать

7. Семинарлық сабақ жоспары

Әдістемелік нұсқаулар: 1-14 тақырыптардағы келтірілген тапсырмалардың мазмұнын, міндеттерін және мақсаттарын семинар сабағында ашып көрсетуді игеру қажет.

1- тақырып. Өндірісті ұйымдастыру теориясының мәні мен мазмұны

Семинар сабығының мақсаты:

- Оқу пәнінің мәнін және өндірісті басқару ғылымының әдістерін оқыту.

- Өндірісті басқарудың басқа ғылымдармен байланысын түсіндіру.

- Өндірісті басқару ғылымы әдістерінің жиынтығымен таныстыру.

Талқыланатын сұрақтар:

1. Басқару ғылымының мазмұны

2. Өндірісті басқару мәні мен мазмұны

3. Өндірісті басқару ғылымы әдістерінің жиынтығы

Дөңгелек стол. Тақырыбы: “Өндірісті ұйымдастыру процесі”

Ұсынылатын әдебиеттер:1,2,3,4

2- тақырып. Өндірісті ұйымдастырудағы жүйелі тәсілдеменің негіздері

Семинар сабығының мақсаты:

Өндірісті ұйымдастыру түрлері жөніндегі түсінік және оның белгілерін анықтау. Өндірісті ұйымдастырудың жүйелі тәсілдемесінің мәнін ашу.

Талқыланатын сұрақтар:

1.Жүйенің жалпы теориясы

2. Өндірісті ұйымдастыружүйелі тәсілдемесі

3. Өндірістің басқару жүйесіндегі басқарудың объектісі мен субъектісінің өзара іс-әрекеті

4. Жүйелі тәсілдеме өндірісті басқарудың мақсаттары

Ұсынылатын әдебиеттер:1,2,3

3 - тақырып. Өндірісті ұйымдастыру нысандары мен механизмдері

Семинар сабығының мақсаты:

Өндірісті ұйымдастыру түрлері жөніндегі түсінік және оның белгілерін анықтау. Өндіріс түрлерінің технико-экономикалық сипаттамасы және оның жіктемесі. Өндірісті ұйымдастырудың ағындық нысандары, оның әр түрлі және экономикалық тиімділігін талқылау.

Талқыланатын сұрақтар:

1. Өндірісті басқару функцияларының мәні

2. Өндірістік үрдісті ұйымдастыру нысандары

3. Өндірісті басқарудың ұйымдастыру механизмінің мәні

Ұсынылатын әдебиеттер:1,2,3,4,5,6

4 - тақырып. Өндірістік инфрақұрылымды ұйымдастыру негіздері

Семинар сабығының мақсаты:

«Өндірістік инфрақұрылым» туралы түсінікті қалыптастыру. Өндіріске техникалық қызмет көрсетудің мазмұны мен мәні. Нарықтық экономикаға өту жағдайында қызмет көрсетуді дамыту қажеттілігі және қазіргі жағдайы. Техникалық қызмет көрсетуді жетілдіру жолдарын ашу.

Талқыланатын сұрақтар:

  1. Жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру

  2. Энергетика шаруашылығын ұйымдастыру

  3. Құрал-сайман шаруашылығын ұйымдастыру

  4. Көлік шаруашылығын ұйымдастыру

Тапсырма: Есеп 1. Цехта 4 аппарат орнатылған. Өндіріс үзіліссіз, жөндеудің жоспарлы-ескерту кестесі бойынша аппараттың тоқтап тұру уақыты күнтізбектік уақыт қорынан 5 пайыз шамасында қарастырылған. Есепті жылы нақты тоқтап тұру 5,5 пайызды құрады.Бір аппараттың жобалық өнімділігі-3т.сағ., ал нақты 2,5 т.сағ. құрады.

Есепті кезеңдегі цехтың жобалық өндірістік қуатымен құрал жабдықтардың пайдалану деңгейін анықтаңыз.

Есеп 2. Цех үзіліссіз тәртіппен жұмыс істейді. Негізгі құрал жабдықтарды жөндеу үшін жөндеу аралық қашықтық шамасы бос тұрып қалу кезіндегі уақыты төменде берілген:

Жөндеу түрі

Реактор

Броматор

Бөлуші

Жөндеу аралық қашықтық, сағ.жеңіл-желпі

1440

720

720

күрделі

25920

17280

17280

Жөндеу кезінде бос тұрып қалу уақыты,сағ.жеңіл-желпі

24

20

26

күрделі

104

120

192

Бір жылда жөндеудегі құрал-жабдықтардың барлық түрінің жоспарлы бос тұрып қалу уақытын және жұмыс уақытының нәтижелік қоры, құрал-жабдықты пайдалану кезіндегі экстенсивтік коеффициентті табу керек.

Ұсынылатын әдебиеттер:1,2,3,4,5,6

5-тақырып. Өндірісті материалды-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету, өнім өткізу жұмыстарын және қойма шаруашылығын ұйымдастыру

Семинар сабығының мақсаты:

Кәсіпорынды ресурспен қамтамасыз ету формасын таңдауда жеткізушінің сенімділігімен шығарылатын өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін талқылау. Соңында жеткізушілермен келісім – шарт жасасқан да сандық және сапалық көрсеткіштерді жеткізушінің нақты түрін, секцияларды және басқаларды белгілеп алу.

Талқыланатын сұрақтар:

1. Өндірісті материалды техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру

2. Зауыт ішілік көлікті ұйымдастыруды жетілдіру жолдары.

Тапсырма:

1.Құрал-жабдықтардың көтерме бағасы 2 млн.теңге Егер тасымалдау көтерме бағаның 7%-ын, монтаждау 8%-ын құрайтын болса, құрал-жабдықтардың бастапқы және қалдық құны қанша болмақ? Жалпы амортизациялық бөлінулер 12%, күрделі жөндеудің амортизация мөлшері 6%. Құрал-жабдықтарды пайдалану мерзімі 7 жыл.

2. Құрал-жабдықтардың бастапқы кұны 191,4 мың теңге№ Қызмет ету мерзімі 10 жыл. Күрделі жөндеу 2 жылда 1 рет жүргізіледі, бір күрделі жөндеуге кететін шығын 16 мың теңге. Құрал-жабдықтардың жұмыс істеу мерзіміндегі модернизациялауға кететін шығын 40 мың теңге, жойылу құны 32 мың теңге. Жалпы амортизация мөлшерін, сонымен қатар күрделі жөндеудің және толық қалпына келтірудің амортизация мөлшерін есептеңіздер.

Ұсынылатын әдебиеттер:1,2,3,4,5,6

6 – тақырып. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын.

Семинар сабығының мақсаты:

Тақырыпты нарықтық экономика түсінігінен бастап, оның негізгі принциптері мен ерекшеліктерін қарастыру. Студенттер ел экономикасы үшін, яғни нарықтық экономикада ерекше рөл ойнайтын кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрлерімен терең танысып, шағын және орта кәсіпкерліктің артықшылықтарын зерделей білуі қажет.

Талқыланатын сұрақтар:

  1. Нарықтық экономика: белгілері, артықшылықтар мен кемшіліктері.

  2. Шағын және орта кәсіпкерлік туралы түсінік және олардың экономикадағы орны.

  3. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың ішкі және сыртқы жағдайлары

Ұсынылатын әдебиеттер:1,2,3,4,5,6

7- тақырып. Нарықтың экономикадағы кәсіпорын жұмыстарын жоспарлаудың ерекшеліктері

Семинар сабығының мақсаты:

Кәсіпорынның стратегиялық жоспарлау ұстанымдары, мазмұнын және мінездемесін анықтау. Стратегиялық жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттерін болжау. Жүйелі жоспарлау ұстанымдарының енгізілуі кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыратын құралы екенін ашу.

Талқыланатын сұрақтар:

1. Стратегиялық жоспарлау туралы түсінік

2. Жоспарлау әлементтері мен кезеңдері

3. Фирманың стратегиясы, оның қалыптасуы. Стратегия түрлері.

Тапсырма:

Ситуациялық жағдай:

Стратегиялық жоспар макетін толтырыңыз.

Бүгінгі күні

1. Сіздің мақсатыңыз. Болашақ туралы көрінісіңіз.

2. Өзіңізді қалай суреттейсіз?

3. Сізді достарыңыз қалай суреттеген болар еді, таныс емес адам ретінде?

4. Сізге неғұрлым үлкен ықпал еткен адамдарды анықтаңыз?

5. Оның әрқайсысының ықпалының негізгі сипатын анықтаңыз.

6. Қоғамдық іс - әрекетіңіздің ұнайтындарын атаңыз.

7. Ұзақ уақыт бойы, соңғы айларда неғұрлым қанағаттанған әрекеттеріңіз, заттарыңыз.

8. Бір абзацпен өмірдегі өз мақсатыңызды сипаңыз.

Болашақтағы кезең

1. Өз өміріңізді 5 жылдан кейін қандай етіп көргіңіз келеді?

2. Бір жылдан кейін өз өміріңізді қалай суреттейсіз?

3. 1 жыл және 5 жылдағы жанұя, карьера, денсаулық сферасындағы, қаржы жағдайындағы және т.б. жекелеген мақсаттарыңыз.

4. Сыртқы ортаның сіздің күшті және әлсіз тұстарыңызға әсері. Өзіңіздің күшті және әлсіз жақтарыңызды анықтаңыз.

Жоспарды жүзеге асыру

    1. Мақсатқа қалай жетесіз.

    2. Жақын арада жүзеге асыруыңыз қажет 4-5 шараларды атаңыз.

    3. Мақсатқа жетуге кедергі жасайтын 4- 5 факторлар.

    4. Мақсатқа жету үшін кімнің көмегі сізге қажет?

    5. Бірінші жасайтын іс -әрекетіңіз. Іс -әрекет жоспары.

    6. Жоспардың орындалуын қалай қадағалайсыз. Жоспарыңызды орындауға ол адам сізге көмектесе алады ма?

    7. Барлық мақсатқа немесе жекелеген мақсаттарға жеткен кезде алатын сый – ақыңызды белгілеңіз

Ұсынылатын әдебиеттер:1,2,3,4,5,6

8-ші тақырып. Менеджменттің мақсаты, міндеті, оның құрылымы

Семинар сабығының мақсаты:

Тауарларды өңдіру мен қызметтерді басқаруды ұйымдастырудың негіздерін қарастыру, кәсіпорынды басқарудың негізгі мақсатын анықтау, менеджменттің құрылымын жете түсіну.

Талқыланатын сұрақтар:

  1. Менеджмент теориясы, мақсаты мен функциялары.

  2. Менеджменттің негізгі категориялары

  3. Фирманы тиімді басқарудың негізгі компоненттері

Ұсынылатын әдебиеттер:1,2,3,4,5,6

9-шы тақырып. Кәсіпорын жұмысын болжамдау және жоспарлау.

Семинар сабығының мақсаты:

Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңыздылығын ашу. Кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуын сипаттау.

Талқыланатын сұрақтар:

  1. Кәсіпорынның қаржылық қорын бағалау

  2. Кәсіпорынның қаржылық жоспары

  3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары

Тапсырма:

Есеп:

Кәсіпорынның есепті мезгілінде жоспарлы және нақты мәліметі бойынша өнім шығару келесі кестеде келтірілген

Бұйымдар

Шығару, мың теңге

Жоспар бойынша

Нақты орындалған

А

81,45

80,23

Б

92,73

93,5

В

44,8

44,8

Г

-

20,32

Д

31,6

-

Е

26,85

47,34

Өнім көлемі бойынша жоспарды орындау пайызы және ассортиментін анықтау керек.

Ұсынылатын әдебиеттер:1,2,3,4,5,6

10-шы тақырып. Кәсіпорын жұмысындағы инвестиция мен инновациялар

Семинар сабығының мақсаты:

Инновация және инвестиция түсіктерін талдау және олардың қазіргі таңда кәсіпорынның өндірістік қызметін тиімді ұйымдастырудағы маңыздылығын анықтау.

Талқыланатын сұрақтар:

  1. Инновациялық инфрақұрылым.

  2. Өндірістің дамуын қамтамасыз етуде инновациялардың орны.

  3. Инвестиция. Инвестициялардың түрлері

  4. Кәсіпорынның инвестициялық қызметін ұйымдастыру

Ұсынылатын әдебиеттер:1,2,3,4,5,6

11-ші тақырып. Кәсіпорынның айналым құралы және айналым қоры

Семинар сабығының мақсаты:

Өндіріс үрдісінде негізгі және айналым капиталының бір-бірімен байланысын көрсету. Негізгі қорды тиімді пайдалану айналым қаржыларын ұтымды пайдалануына ықпалын тигізетіндігін және керісінше екендігін анықтау.

Талқыланатын сұрақтар:

  1. Капитал ұғымы.

  2. Негізгі және айналым қаржылары (капиталы)

  3. Айналым қаржылары дегеніміз не?

  4. Айналым құралдарының айналымдылығы

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

1. Нарық жағдайындағы айналым қорларының құрылуының қаржылық негіздері.

2. Кәсіпорынның айналым құралдарының қажеттілігін анықтау айналым құралдарының айналымдылық көрсеткіштерін есептеу әдістері.

3. Өнеркәсіп кәсіпорындарының айналым қорларын тиімді қолданудың жолдары және оларды нормалау.

Ұсынылатын әдебиеттер:1,2,3,4,5,6

12-ші тақырып. Кәсіпорын кадрлары, еңбек өнімділігі және еңбекақы төлеу жүйесі

Семинар сабығының мақсаты:

Еңбектің материалдық және рухани байлықтың көзі екендігін, ал еңбек ететін адамдар қоғамның басты өндіргіш күші болып табылатындығын ашу. Жалақының мәнін түсіндіру және оның негізгі түрлері мен функцияларын қарастыру. Кәсіпорындағы еңбекақы жүйесін талдау арқылы оның өндіріс үрдісіне әсерін ашып көрсету.

Талқыланатын сұрақтар:

    1. Еңбек. Еңбек ресурстары. Жалақының нысандары.

    2. Жалақының функциялары

    3. Кәсіпорындағы еңбекақы жүйесі және оны ұйымдастыру

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

  1. Еңбек ресурстары, құрамы мен құрылымы,қалыптасу көздері.

  2. Еңбек нарығының қызмет ету механизмі және маңызы, оны мемлекеттік реттеу.

  3. Еңбек ресурстарын пайдалану және ұдайы өндірістің аймақтық ерекшеліктері.

  4. Еңбек және еңбек сыйымдылығын қолданудың көрсеткіштері.

  5. Еңбек өнімділігі, маңызы және өлшеу әдістері.

  6. Еңбек өнімділігін арттыру жолдары және факторлары.

Тапсырма

Реферат: «Кәсіпорындағы еңбекақы жүйесі және оны ұйымдастыру»

Тақырып бойынша слайд.

Есеп

Келесі мәліметтер негізінде кәсіпорындағы енбек өнімділігінің өзгеруінің денгейін анықтаңыз:

Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлігі

Есептік кезен

Базалық кезен

1

Шығарылған өнім көлемі

тонна

25400

26300

2

Бір өнім бірлігінің бағасы

тенге

150

155

3

Жұмысшылар саны

адам

135

137

Ұсынылатын әдебиеттер:1,2,3,4,5,6

13-ші тақырып. Сертификаттау саласындағы мемлекеттік реттеу және басқару

Семинар сабығының мақсаты:

Сертификаттау саласындағы негізгі талаптарды анықтау. Бақылаулардың жүргізілу тәрітібі мен қағидаттарына талдау жасау. Сертификаттау саласындағы мемлекеттік реттеу және басқарудың негіздерімен танысу. ҚР сертификаттау жүйесіне толық тоқталу.

Талқыланатын сұрақтар:

    1. Сертификаттаудың мағынасы мен мазмұны

    2. Сертификаттаудың мақсаты мен принциптері

    3. Сертификаттау саласындағы мемлекеттік реттеу мен басқару

Ұсынылатын әдебиеттер:1,2,3,4,5,6

14-ші тақырып. Өнім сапасын басқару және бәсекелестік

Семинар сабығының мақсаты:

Кез – келген фирма және кез – келген экономика үшін шаруашылық қызметтің бағдары болып әлемдік талапта қазіргі заманға сай кәсіпорындарда өндірісті ұйымдастыруы болуы тиіс және қажетті параметрлерге сәйкес келуі тиіс екендігін анықтау. Фирмаға өз өнімінің сапасын және сатудан кейінгі сервистің деңгейін көтеруге ерекше көңіл бөлуі керек екендігін түсіну.

Талқыланатын сұрақтар:

  1. Сапа және оның теориясы.

  2. Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі

  3. Тауар сапасының бәсекеге жарамдылығы

  4. Өнім сапасын басқару жүйесі

Ұсынылатын әдебиеттер:1,2,3,4,5,6