Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
өндірісті ұйымдастыру умк 2014-2015 (2).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.4 Mб
Скачать

4. Негізгі және қосымша әдебиеттер

4.1 Негізгі әдебиеттер

        1. Бердалиева К.Б. «Қазақстан экономикасын басқару негіздері». Алматы -2001 ж.

  1. Ермаков В.А. «Қазақстан қазіргі дүние әлемінде», Алматы – 2002 ж.

  2. Мейірбеков А.Қ. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы - 2003 ж

  3. Операционное управление. Учебное пособие. Авторы составители: Л. Батенко, В. Данилов – Алматы, АШМ, 2001 г.

  4. Саймагамбетова Г. А. Организация и планирование производства: Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2004 г.

  5. К.Ж.Оразалин, «Кәсіпорын экономикасы» Оқу құралы, Алматы 2007 ж.

  6. Ишмухамбетова Т.Р., Қапанова А.К. «Кәсіпкерлік іс-әрекеттің экономикалық негізі» - Алматы : ҚазҰТУ , 2001.

  7. Дүйсенов К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау: Оқу құралы – Алматы: Экономика, 2001

  8. Юнита 1. Организация производства в производственных системах. Разработано Т. В. Надиной: Рабочий учебник – М: СГУ, 2003 г.

  9. Фатхутдинов Р.А. Организация производства. – М: ИНФРА – М, 2001 г

  10. Мильнер Б. З. Теория организации. – М.: ИНФРА – М., 2000 г.

  11. Новая технология и организационные структуры. под. ред. И. Пининга, А. М. Бьюитандама,

М.: Экономика, 2000 г.

  1. Стратегия индустриально – инновационного развития РК на 2003 – 2015 годы, Астана, 2003 г.

4.2 Қосымша әдебиеттер.

  1. Глухов В.В. Основы менеджмента: учебно-справочное пособие – СПб.: Специальная литература, 1995. – 327б.

  2. Веснин В.Р. Основы менеджмента: учебник. – М.: Институт международного права и экономики. Издательство «Триада ЛТД», 1996. – 384б.

  3. Сабден О. ХХІ ғасырға қандай экономикамен кіреміз. Алматы. «Қазақстан» 1997 - 192 бет

  4. Экономика. Әлемдік классика. Под ред. акад.Кошанова. 10 том. Алматы, 2006.

  5. Алшынбай А. Нарық және баға белгілеу. Алматы, 2008.

  6. Сидорович А.В., Әбішев Ә.Ә. Ұлттық экономика. Алматы, 2010.

  7. Төреғожина М.Б. Қазақстан және ДСҰ: ынтымақтастық жасау және проблемалары. Алматы, 2010.

5. Бақылауға арналған сұрақтар немесе тапсырмалар

1- тақырып. Өндірісті ұйымдастыру теориясының мәні мен мазмұны

Сұрақтар:

  1. Өндіріс дегеніміз не?

  2. Өндірісті басқару мәні және оның түрлері

  3. Еңбек құралдары мен еңбек затының айырмашылығы?

  4. Өндірісті басқару ғылымының міндеті

  5. Өндірісті басқару теориясының мәні

Реферат: «Ұйымдастыру теориясының негіздері»

2- тақырып. Өндірісті ұйымдастыру жүйелі тәсілдеменің негіздері

Сұрақтар:

  1. Жүйенің жалпы теориясы

  2. Әлеуметтік, экономикалық жүйелер дегеніміз не?

  3. Өндірісті басқару объектісі?

  4. Жүйелі тәсілдеме өндірісті басқарудың мақсаттары

Реферат: «Ағымдық өндірістің тиімділігі»

3 - тақырып. Өндірісті ұйымдастыру нысандары мен механизмдері

Сұрақтар:

    1. Өндірісті басқару функциялары?

    2. Өндірісті ұйымдастыру дегеніміз не?

    3. Өндірістік үрдісті қалай түсінесіз

    4. Өндірістік үрдістің негізгі факторлары?

    5. Ұйымдастыру, әлеуметтік, экономикалық механизмдер мазмұны

Реферат: «Өндірістік цикл, оның экономикалық мәні және оның экономиалық функциясы»

4 - тақырып. Өндірістік инфрақұрылымды ұйымдастыру негіздері

Сұрақтар:

1. Жөндеу шаруашылығының кәсіпорын қызметінде алатын орны қандай?

2.Күрделі жөндеу мен ағымды жөндеудің ерекшелігі неде?

3.Тиімді уақыт қоры қалай анықталады?

4. Кәсіпорында жөндеу жұмыстарын кім басқарады

5. Энергияны ұтымды пайдалану

6. Пайдалану бағытына қарай Энергиялардың бөлінуі

7. Құрал-сайман шаруашылығын ұйымдастыру

8. Кәсіпорында пайдаланылатын көлік қызмет көрсету аумағына қарай қалай бөлінеді?

9. Осыған орай тәуліктік жүк ағынының максималды мөлшері қалай анықталады?

Реферат: «Өндірісті ұйымдастырудың ағымдық әдістері, оның тиімділігі»

5-тақырып. Өндірісті материалды-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету

Сұрақтар:

    1. Сақталатын материалды құндылықтар атауларына қарай қоймалардың бөлінуі?

    2. Қойма аумағына қарай қалай бөлінеді?

    3. Зауыт ішілік көлікті ұйымдастыруды жетілдіру жолдарын атаңыз

Реферат: «Өндірістің техникалық және технологиялық дайындығын ұйымдастыру»

6 – тақырып. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын

Сұрақтар:

  1. Нарықтық экономика: белгілері, артықшылықтар мен кемшіліктері.

  2. Шағын және орта кәсіпкерлік туралы түсінік және олардың экономикадағы орны.

  3. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың ішкі және сыртқы жағдайлары

Реферат: «Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оны жетілдіру жолдары»

7- тақырып. Нарықтың экономикадағы кәсіпорын жұмыстарын жоспарлаудың ерекшеліктері

Сұрақтар:

1.Стратегия ұғымына түсінік беріңіз.

2.Стратегияның қандай түрлері бар?

3.Стратегиялық жоспарлаудың кезеңдерін атап өтіңіз.

4.Фирм стратегиясы қандай реттілікпен жүзеге асады ?

Реферат: «Кәсіпорынның көмекші және қызмет көрсетуші өндірістерін ұйымдастыру»

8-ші тақырып. Менеджменттің мақсаты, міндеті, оның құрылымы

Сұрақтар:

  1. Менеджмент теориясы, мақсаты мен функциялары.

  2. Менеджменттің негізгі категориялары

  3. Фирманы тиімді басқарудың негізгі компоненттері

  4. Менеджменттің бақылау функциясы.

  5. Бақылау басқару функциясы ретінде.

  6. Бақылау не үшін қажет ?

Реферат: «Менеджмент теориясы»

9-шы тақырып. Кәсіпорын жұмысын болжамдау және жоспарлау.

Сұрақтар:

  1. Кәсіпорынның қаржылық қорын бағалау

  2. Кәсіпорынның қаржылық қызметі

  3. Кәсіпорындағы қолма – қол ақша және қолма – қол ақшасыз айналымдары

  4. Кәсіпорынның қаржылық жоспары

  5. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары

Реферат: «Кәсіпорынның бас жоспары»

10-шы тақырып. Кәсіпорын жұмысындағы инвестиция мен инновациялар

Сұрақтар:

  1. Инновациялар дегеніміз не?

  2. Инновациялық инфрақұрылым.

  3. Өндірістің дамуын қамтамасыз етуде инновациялардың орны.

  4. Инвестиция. Инвестиция түрлері

  5. Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы және инвестициялық қызметі

  6. ҚР-ғы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар

  7. Реферат: «Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы және инвестициялық қызметі»

11-ші тақырып. Кәсіпорынның айналым құралы және айналым қоры

Сұрақтар:

  1. Капитал ұғымы.

  2. Негізгі және айналым қаржылары (капиталы)

  3. Айналым қаржылары дегеніміз не?

  4. Айналым құралдарының айналымдылығы

Реферат: «Негізгі және айналым қаржылары»

12-ші тақырып. Кәсіпорын кадрлары, еңбек өнімділігі және еңбекақы төлеу жүйесі

Сұрақтар:

    1. Еңбек. Еңбек ресурстары.

    2. Жұмыс орны.

    3. Жалақының нысандары.

    4. Жалақының негізгі элементіне не жатады?

    5. Жалақының функциялары

    6. Номиналды және нақты еңбек ақы түсініктерін ажыратыңыз

    7. Кәсіпорындағы еңбекақы жүйесі және оны ұйымдастыру

Реферат: «Еңбек үрдістерін ұймдастыру»

13-ші тақырып. Сертификаттау саласындағы мемлекеттік реттеу және басқару

Сұрақтар:

  1. Сертификаттау түсінігін ашыңыз

  2. Сертификаттаудың мақсаты мен принциптері

  3. Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқаруды қандай өкілетті орган атқарады?

  4. Жеке және заңды тұлғалар сертификаттау жөніндегі өз қызметін қандай нормативтік құжаттарға сай ұйымдастырады?

  5. Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ұйымдық кұрылымы

Реферат: «Мемлекеттік сертификаттау жүйесі»

14-ші тақырып. Өнім сапасын басқару және бәсекелестік

Сұрақтар:

  1. Сапа және оның теориясы.

  2. Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі

  3. Сапаға қойылатын талаптар

  4. Қазақстан Республикасында стандарттау жөнінде қандай нормативтік құжаттар бар?

  5. Тауар сапасының бәсекеге жарамдылығы

  6. Өнім сапасын басқару жүйесі

  7. Сапаны басқару жүйесін енгізу кәсіпорында қандай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді?

Реферат: «Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі»

6. БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ ҮШІН ТАПСЫРМАЛАР

Студенттермен оқытушының өздік жұмысының өткізу түрі: баяндама мен рефератты талқылау, тақырып бойынша пікір-алмасу, берілген тапсырмаларды орындау, қойылған сұрақтарға жауап беру, тақырыпты тереңінен түсіну мақсатында студентке оқытушымен көрсетілетін консультациялық көмек.

1- тақырып. Өндірісті ұйымдастыру теориясының мәні мен мазмұны

Тапсырма:

Реферат: «Өндірісті ұйымдастырудың отандық және шет елдік тәжірибесі»

2- тақырып. Өндірісті ұйымдастырудағы жүйелі тәсілдеменің негіздері

Тапсырма:

Реферат: «Өндіріс – жүйе ретінде»

3 - тақырып. Өндірісті ұйымдастыру нысандары мен механизмдері

Тапсырма:

Реферат: «Басқарудың ұйымдастыру механизмінің аймақтық және салалық аспектілері»

4 - тақырып. Өндірістік инфрақұрылымды ұйымдастыру негіздері

Тапсырма: Есеп 1. Цехта 4 аппарат орнатылған. Өндіріс үзіліссіз, жөндеудің жоспарлы-ескерту кестесі бойынша аппараттың тоқтап тұру уақыты күнтізбектік уақыт қорынан 5 пайыз шамасында қарастырылған. Есепті жылы нақты тоқтап тұру 5,5 пайызды құрады.Бір аппараттың жобалық өнімділігі-3т.сағ., ал нақты 2,5 т.сағ. құрады.

Есепті кезеңдегі цехтың жобалық өндірістік қуатымен құрал жабдықтардың пайдалану деңгейін анықтаңыз.

Есеп 2. Цех үзіліссіз тәртіппен жұмыс істейді. Негізгі құрал жабдықтарды жөндеу үшін жөндеу аралық қашықтық шамасы бос тұрып қалу кезіндегі уақыты төменде берілген:

Жөндеу түрі

Реактор

Броматор

Бөлуші

Жөндеу аралық қашықтық, сағ.жеңіл-желпі

1440

720

720

күрделі

25920

17280

17280

Жөндеу кезінде бос тұрып қалу уақыты,сағ.жеңіл-желпі

24

20

26

күрделі

104

120

192

Бір жылда жөндеудегі құрал-жабдықтардың барлық түрінің жоспарлы бос тұрып қалу уақытын және жұмыс уақытының нәтижелік қоры, құрал-жабдықты пайдалану кезіндегі экстенсивтік коеффициентті табу керек.

5-тақырып. Өндірісті материалды-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету

Тапсырма:

1.Құрал-жабдықтардың көтерме бағасы 2 млн.теңге Егер тасымалдау көтерме бағаның 7%-ын, монтаждау 8%-ын құрайтын болса, құрал-жабдықтардың бастапқы және қалдық құны қанша болмақ? Жалпы амортизациялық бөлінулер 12%, күрделі жөндеудің амортизация мөлшері 6%. Құрал-жабдықтарды пайдалану мерзімі 7 жыл.

2. Құрал-жабдықтардың бастапқы кұны 191,4 мың теңге№ Қызмет ету мерзімі 10 жыл. Күрделі жөндеу 2 жылда 1 рет жүргізіледі, бір күрделі жөндеуге кететін шығын 16 мың теңге. Құрал-жабдықтардың жұмыс істеу мерзіміндегі модернизациялауға кететін шығын 40 мың теңге, жойылу құны 32 мың теңге. Жалпы амортизация мөлшерін, сонымен қатар күрделі жөндеудің және толық қалпына келтірудің амортизация мөлшерін есептеңіздер.

6-шы тақырып. Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын.

Тапсырма:

Реферат : «Өндірісті оперативті басқару және оны жетілдіру жолдары»

7- тақырып. Нарықтың экономикадағы кәсіпорын жұмыстарын жоспарлаудың ерекшеліктері

Тапсырма:

Ситуациялық жағдай:

Стратегиялық жоспар макетін толтырыңыз.

Бүгінгі күні

1. Сіздің мақсатыңыз. Болашақ туралы көрінісіңіз.

2. Өзіңізді қалай суреттейсіз?

3. Сізді достарыңыз қалай суреттеген болар еді, таныс емес адам ретінде?

4. Сізге неғұрлым үлкен ықпал еткен адамдарды анықтаңыз?

5. Оның әрқайсысының ықпалының негізгі сипатын анықтаңыз.

6. Қоғамдық іс - әрекетіңіздің ұнайтындарын атаңыз.

7. Ұзақ уақыт бойы, соңғы айларда неғұрлым қанағаттанған әрекеттеріңіз, заттарыңыз.

8. Бір абзацпен өмірдегі өз мақсатыңызды сипаңыз.

Болашақтағы кезең

1. Өз өміріңізді 5 жылдан кейін қандай етіп көргіңіз келеді?

2. Бір жылдан кейін өз өміріңізді қалай суреттейсіз?

3. 1 жыл және 5 жылдағы жанұя, карьера, денсаулық сферасындағы, қаржы жағдайындағы және т.б. жекелеген мақсаттарыңыз.

4. Сыртқы ортаның сіздің күшті және әлсіз тұстарыңызға әсері. Өзіңіздің күшті және әлсіз жақтарыңызды анықтаңыз.

Жоспарды жүзеге асыру

    1. Мақсатқа қалай жетесіз.

    2. Жақын арада жүзеге асыруыңыз қажет 4-5 шараларды атаңыз.

    3. Мақсатқа жетуге кедергі жасайтын 4- 5 факторлар.

    4. Мақсатқа жету үшін кімнің көмегі сізге қажет?

    5. Бірінші жасайтын іс -әрекетіңіз. Іс -әрекет жоспары.

    6. Жоспардың орындалуын қалай қадағалайсыз. Жоспарыңызды орындауға ол адам сізге көмектесе алады ма?

    7. Барлық мақсатқа немесе жекелеген мақсаттарға жеткен кезде алатын сый – ақыңызды белгілеңіз

8-ші тақырып. Менеджменттің мақсаты, міндеті, оның құрылымы

Тапсырма:

Реферат : «Менеджменттің мақсаты мен міндеттері»

9-шы тақырып. Кәсіпорын жұмысын болжамдау және жоспарлау.

Тапсырма:

Есеп:

Кәсіпорынның есепті мезгілінде жоспарлы және нақты мәліметі бойынша өнім шығару келесі кестеде келтірілген

Бұйымдар

Шығару, мың теңге

Жоспар бойынша

Нақты орындалған

А

81,45

80,23

Б

92,73

93,5

В

44,8

44,8

Г

-

20,32

Д

31,6

-

Е

26,85

47,34

Өнім көлемі бойынша жоспарды орындау пайызы және ассортиментін анықтау керек.

10-шы тақырып. Кәсіпорын жұмысындағы инвестиция мен инновациялар

Тапсырма:

Баяндама: «Күрделі қаржы салуды экономикалық әдіспен негіздеу»

11-ші тақырып. Кәсіпорынның айналым құралы және айналым қоры

Тапсырма:

Есеп

Жыл ішінде өнім өндіру көлемі 10000 бірлік, өнімнің өзіндік құны 80 мың тенге, өнім бағасы өнімнің өзіндік құнынан 25 % көп. Айналым құралдарының орташа жылдық құны 50000 мың тенге; өнімді өндірудің өндірістік циклының ұзақтығы 5 күн; аяқталмаған өндірісте шығындардың өсу коэффициенті -0,5. 14

Аяқталмаған өндірістегі айналым құралдарының нормативін және кәсіпорынның айналым құралдарының айналымдылығын анықтаңыз.

12-ші тақырып. Кәсіпорын кадрлары, еңбек өнімділігі және еңбекақы төлеу жүйесі

Тапсырма

Реферат: «Кәсіпорындағы еңбекақы жүйесі және оны ұйымдастыру»

Тақырып бойынша слайд.

Есеп

Келесі мәліметтер негізінде кәсіпорындағы енбек өнімділігінің өзгеруінің денгейін анықтаңыз:

Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлігі

Есептік кезен

Базалық кезен

1

Шығарылған өнім көлемі

тонна

25400

26300

2

Бір өнім бірлігінің бағасы

тенге

150

155

3

Жұмысшылар саны

адам

135

137

13-ші тақырып. Сертификаттау саласындағы мемлекеттік реттеу және басқару

Тапсырмалар:

Тақырып бойынша слайд.

Реферат: «Сертификаттау саласындағы мемлекеттік реттеу мен басқару»

14-ші тақырып. Өнім сапасын басқару және бәсекелестік

Тапсырма:

Реферат: «Өнім сапасын жоғарылатудың маңызы және жолдары»