Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Металл конструкциялары .docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.08 Mб
Скачать

3. Қаңқаның құрамы және оның конструктивтік жүйелері

Өндірістік ғимараттардың қаңқасын жобалаған кезде ғимараттың көтергіштік қабілеті (қатаңдығы) көлденең бағытында көлденең рамалар мен ал ұзына бойлық бағытында қаңқасының бойлық элементтерімен, жабын және қабырға панельдермен қамтамасыз етіледі.

Қаңқаның көлденең рамалары ұстындардан (1) және рительден жиналады. Ұстындар- раманың тірегі, ригель ретінде- ферма алынады.

1-Сурет. БӨҒ қаңқасының конструктивтік жүйесі: 1- ұстындар, 2- ферма, 3- кранастындағы арқалық, 4- жарық аэрациялық фонарь, 5- ұстындардың арасындағы байланыстар.

Қаңқаның ұзына бойлық элементтері- кранастындағы арқалықтар, шторлық фермалар, ұстындардың және фермалар арасындағы байланыстар, жабын арқалықтар (протон).

Қаңқаның құрамына тағы да кіретін элементтер – шеткі қатардағы фахферк-ұстындар, алаңдар, сатылар және т.б.

Қаңқаның конструктивтік жүйесі әртүрлі болуы мүмкін. Егер қаңқада ұстындардың адымы барлық қатар бойынша бірдей болған кезде, онда конструктивті жүйесі ең қарапайым түрлі болуы мүмкін. Осы кезде ұстындардың адымы 6-12 м тең деп қабылданады және қаңқа (2а-сурет) көлденең рамалардан жиналады. Кран астындағы арқалықтар, жабын панельдер немесе арқалықтар (протондар) көлденең рамаларға тіреледі. Осындай конструктивтік жүйе фонарь жок және фонарь ұзына бойлық бағытында орналасқан ғимараттарда көп кездеседі (2б-сурет).

2-сурет. Қаңқаның конструктивтік жүйелері.

Егер фонарь көлденең бағытында орналасқан кезде (2в-сурет), олардың конструкцияларында жабын плиталарды тіреу үшін пайдалануға болады. Орта қатардағы ұстындардың адымы шеткі қатарға қарағанда үлкен болған жағдайда итарқалық фермалар орналастырылады және оларға ригельдер (фермалар) тіреледі (3а-сурет).

Егер кранның көтергіштік қабілеті және ұчтындардың адымы үлкен болған кезде итарқалық ферманың және кранастындағы арқалықтың орнына бір күшсалмақтарды көтеретін ферманы (кранастындағы арқалықты итаралық ферма) пайдаланады. Осы ферманың жоғарғы белдеуіне жабын конструкциялар, ал төменгі белдеуіне кранастындағы арқалықтар тіреледі (3б-сурет).

3-сурет. Орта қатардағы ұстындардың адымы үлкен болған кездегі қаңқаның конструктивтік жүйесі.

Ригель мен ұстынның арасындағы жалғасулардың түріне байланысты қаңқаның конструктивтік жүйесі топсалы немесе қатаңды болуы мүмкін. Жалғасулардың түрі қатанды болған кездегі фермамен ұстынның арасындағы түйін июші моменті көтереді және есептік схемада осы түйін қатанды болады. Қатанды және топсалы жалғаулар бар рамаларды салыстырғанда, ферма және ұстынның арасындағы түйін қатанды болған кездегі рамалардың көлденең бағытындағы орын ауыстыруы төмен болады.

4-сурет. Ригель мен ұстынның арасындағы жалғасулардың түрлері және көлденең рамалардың есептік схемалары

Бірқалыпты көлденең рамаларда ферма және ұстындардың арасындағы жалғасулар қатанды түрінде қабылданады (4а-сурет), егер қаңқаның биіктігі жоғары болса және көпірлі крандар ауыр (А) немесе аса ауыр (АА) жұмыс режимде істеген кезде (кранды күшсалмақтармен жүктеу циклдардың саны 2*106 тең және одан жоғары болған жағдайда). Басқа жағдайда біраралықты қаңқалар ферма және ұстынның арасындағы жалғасулар топсалы түрінде қабылданады (4б-сурет).

БӨҒ биіктігі үлкен болсада көпаралықты қаңқалардың ферма және ұстындардың арасындағы жалғауларды топсалы түрінде дайындайды (4в-сурет).

Көп аралықты қаңқаның биіктігі әртүрлі болған кезде жалғаулардың түрі қатанды және топсалы қабылданады (4г-сурет).

Ұстын мен іргетастың тірелуі әдеттегі жағдайда қатанды деп саналады (4а, б, в, г- суреттер). Бірақ кейбір жағдайда рамалардың шеткі қатардағы ұстын мен іргетастың тірелуі топсалы, ортадағы қатардағы – қатанды қабылданады (4д-сурет). Ғимаратты пайдаланғанда жылудың шығуы үлкен болған кезде осы шешім тиімді деп саналады.

2,3 Лекция