Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Металл конструкциялары .docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.08 Mб
Скачать

2. Эксплуатациялық талаптар, төзімділік және сенімділік бойынша қойылатын талаптар

Өндірістік ғимараттарда қаңқаның конструктивтік жүйесіне өндірістік технологиясының ерекшеліктері өте үлкен әсер етеді, мысалы: құрал жабдықтардың орналасуы және олардың габариттері, цехтің ішіндегі көліктердің түрлері, дайындалатын өнімдердің және детальдардың орын ауыстыру жолдары. Түрлі өнімдердің технологиясы әртүрлі, бірақ барлық кезде қарастырылған өндірістің эксплуатациялық талаптарды нақты және өзгеше болады.

Барлық өзгерістерді біріктіретін жалпы эксплуатациялық талаптар туралы айтып кетейік:

  1. Құрал-жабдықтарды жөндеуге және пайдалануға ыңғайлылығы, осы кезде ұстындарды, байланыстарды, қаңқадағы басқа элементтерді, кранастындағы жолдарды тиісті орналастыруды қажет етеді;

  2. Кран жабдықтарды және басқа да көтеретін механизмдерді әдеттегі пайдалану жағдайлар;

  3. Ғимараттарды жарықтандыру және аэрация бойынша қажетті жағдайлар;

  4. Конструкциялардың төзімділігі, осы талап цехтің ішіндегі ортаның агрессивті дәрежесіне байланысты;

  5. Өрттен және жарылыстан қауіпсіздігі.

Ғимараттың қаңқасына кранның жұмысы өте үлкен әсер етеді. Кранның әсері – динамикалық күшсалмақтарға жатады, көп мәрте қайталанады және мөлшері жоғары болады. Сол себепті кранның әсері қаңқаның конструкцияларының қирауына әкеп соғады. Сондықтан ғимараттың қаңқасын жобалаған кезде көпірлі крандардың жұмыс тәртібін ескеру қажет.

Көпірлі крандар қалдық және электірлік жетегімен жасалынады. Қалдық жетегімен көпірлі крандардың жүк көтергіштік қабілеттері төмен болады. Электрлік крандар төрт тәртібі (режим) бойынша жұмыс істейді:

  1. Ж- кранның жеңіл жұмыс тәртібі (режимі) –жүктерді сирек көтеріп үлкен үзілістермен жұмыс істейтін жағдай, бұл кезде қысқа мерзімде монтаждық немесе жөндеу жұмыстары жасалынады;

  2. О- кранның орташа жұмыс тәртібі (режимі) – механикалық және құрастыратын цехтарда технологиялық процестерді жүргізу үшін қолданады (орташа сериялы өндірістерді қамтамасыз етеді);

  3. А- ауыр жұмыс тәртібі (режимі) – ірі сериялық өнімдерді дайындайтын цехтарда (механико-құрастыратын) цех, темір-соғатын және престеу цех, металлургия өндірістердің кейбір цехтары) қолданылады;

  4. АА- аса ауыр жұмыс тәртібі – металлургия өндірістік цехтарда қолданылады; осы тәртібі бойынша жүктер кранға қатаң түрлі ілінеді.

Жеңіл, орташа, ауыр жұмыс тәртібі бойынша жүктер кранға ілінуі икемді (иілгіш) жасалынады.

Сондықтан қаңқаны жобалаған кезде кранның жұмыс тәртібін және жүктердің ілінудің түрін ескеру керек. Мысалы – крандар аса ауыр жұмыс тәртібі бойынша жұмыс істеген кезде қаңқаның қатаңдығы ұзына бойлық және көлденең бағытында өте жоғары болуы керек, кран астындағы арқалықтың төзімділігі және икемділігі жоғары болуы керек.

Цехтің ішіндегі ортасы құрылыс конструкциялардың жұмысына және төзімділігіне үлкен әсер етеді. Болат конструкцияларға цехтің ішіндегі ортасының агрессивті әсерінің дәрежесі металлдың беттерінің коррозиялық зақымдаудың (қиратудың) жылдамдығымен сипатталынады (мм/жыл). Агрессивті газдардың концентрациясына және салыстырмалы ылғалдығына байланысты сыртқы ортаның 4 агрессивті дәрежесі белгілі:

  1. Агрессивті емес ( мм/жыл - металлдың коррозия жылдамдығы)

  2. Әлсіз агрессивті ( мм/жыл)

  3. Орташа агрессивті ( мм/жыл)

  4. Күшті агрессивті ( мм/жыл)

Ғимараттардың жобалау жұмыстарын жүргізген сыртқы ортаның агрессивті дәрежесі күшті болса, болаттардың маркасының таңдауына, қаңқасының элементтерінің конструктивтік иілгішіне және тиімді қорғайтын жабын қанаттарына өте үлкен көңіл бөлу керек.

Кейбір ғимараттарда болат конструкциялар жылудың жоғары әсеріне ұшырайды (1500С және одан жоғары қыздырады) – оттың немесе балқытқан металдың әсері. Болат конструкцияларды 100-1500С жоғары қыздырған кезде қорғаушы лак және бояу жабын қабаттары қирайды. 100-3000С жоғары қыздырған кезде элементтер қисаяды, ал 400-5000С жоғары кезде – болаттың беріктік қасиеттері төмендейді. Сондықтан осындай жағдайда металл конструкцияларды артық қыздырудан арнайы қорғау керек:

  • Ілмелі металлдан жасаған экрандар қолданылады;

  • Кірпішпен немесе жылуға беріктік бетонмен қорғайды;

  • Отқа төзімді кірпіштен немесе қызуға төзгіш бетоннан қаптау қабатын жасайды.

Ғимараттарды жобалаған кезде төмен температураның әсерінде ескеру қажет (ауа райы-40-500С-қа тең болғанда). Осы кезде болаттардың морт қирауы ескеріледі және кернеудің концентрациясын төмендету үшін келесі шаралар қолданылады:

  • Тиісті болаттардың маркаларын таңдайды;

  • Металл конструкциялары морт қирауына тексеріледі;

  • Қосымша байланыстар қабылданады;

  • Температуралық блоктардың өлшемдерін төмендетеді;