Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Металл конструкциялары .docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.08 Mб
Скачать
  1. Металл конструкциялары

1 тақырып. Бір қабатты өндірістік ғимараттардың қаңқасын үйлестіру және конструкцияларды жобалаудың негізгі сұрақтары

№1 Лекция

  1. БӨҒ қаңқаларының жалпы сипаттамасы және олардың конструкцияларына қойылатын талаптар

  2. Эксплуатациялық талаптар, төзімділік және сенімділік бойынша қойылатын талаптар

  3. Қаңқаның құрамы және оның конструктивтік жүйелері

№2,3 Лекция

  1. Қаңқалардың конструктивтік жүйесін үйлестіру

  2. Жоспарда ұстындарды орналастыру

  3. Көлденең рамаларды үйлестіру

  4. Байланыстар

2 тақырып. Жабын конструкциялары.

№4 Лекция

  1. Шатыр конструкцияары

  2. Прогондар бойынша жабындар

  3. Прогонсыз жабындар

№5 Лекция

  1. Прогондар (арқалықтар)

  2. Тұтас қималы прогондар

  3. Қимасы торлы прогондар

3 тақырып. Итарқа фермалар

№6,7 Лекция

  1. Фермалардың схемалары

  2. Есептің ерекшеліктері

  3. Тіректегі түйіндер

2 Модуль. Темірбетон конструкциялары

4 тақырып. Көп қабатты ғимараттар.

№8,9 Лекция

  1. Көп қабатты ғимараттар бойынша жалпы түсінік

  2. Көп қабатты ғимараттардың конструктивтік жүйелері

  3. Көп қабатты азаматтық ғимараттардың конструкциялары

  4. Көп қабатты ғимараттардың конструкциялары

  5. Көп қабатты ғимараттардың есебі

5 тақырып. Бір қабатты өндірістік ғимараттар

№10 Лекция

  1. Бір қабатты өндірістік ғимараттардың конструктивтік жүйесін үйлестіру

  2. Бір қабатты өндірістік ғимараттардың байланыстар жүйесі

6 тақырып. Көлденең қаңқаның есебі

№11 Лекция

  1. Есептік схемасы мен күшсалмақтар

  2. БӨҒ рамаларын есептеу

7 тақырып. БӨҒ жабын конструкциялары

№12,13 Лекция

  1. Жабын плиталардың түрлері

  2. Темірбетон жабын арқалықтар

  3. Плиталарды және арқалықтарды есептеу

8 тақырып. Темірбетон итарқа фермалар

№14 Лекция

  1. Итарқа фермалардың түрлері

  2. Фермалардың конструктивтік өлшемдерін тағайындау

  3. Ферманың есебі бойынша мәлімет

9 тақырып. Темірбетон іргетастарды есептеу және арматуралау

№15 Лекция

  1. Темірбетон іргетастардың түрлері

  2. Ортадан сығылған іргетасты есептеу

  3. Ортадан тыс сығылған іргетасты есептеу

1. Металл конструкциялары

1 тақырып. Бір қабатты өндірістік ғимараттардың қаңқасын үйлестіру және конструкцияларды жобалаудың негізгі сұрақтары

1 Лекция

  1. БӨҒ қаңқаларының жалпы сипаттамасы және олардың конструкцияларына қойылатын талаптар

  2. Эксплуатациялық талаптар, төзімділік және сенімділік бойынша қойылатын талаптар

  3. Қаңқаның құрамы және оның конструктивтік жүйелері

1. БӨҒ қаңқаларының жалпы сипаттамасы және олардың конструкцияларына қойылатын талаптар

Қазіргі кездегі өндірістер көп қабатты ғимараттарда орналастырады және олардың жүйелері мен конструкциялары көп түрлі болуы мүмкін.

БӨҒ-тар біраралықты және көпаралықты болуы мүмкін. Аралықтардың биіктігі бірдей немесе әртүрлі болады.

Ғимараттардың қаңқасына келесі элементтер бекітіледі: қоршайтын конструкциялар (бөлмелерді сыртқы ортасының әсерінен қорғайды), цехтің ішіндегі көліктің жолдары, әртүрлі алаңдар мен сатылар, құбырлар және басқа да технологиялық құрал жабдықтар.

Қаңқа - көтергіштік конструкциялардан жинастырылады және олар тұрақты уақытша күшсалмақтарды қабылдап іргетасқа таратады. Тұрақты күшсалмақтар – конструкцияладың салмағы, уақытша- кардың салмағы, желдің әсері, технологиялық әсері, кранның әсері т.б.

Қаңқалар: тағы басқа конструкциялардан жинастырылады, металл конструкциялардан жинастырылады, кейбір жағдайда аралас болады.

Цехтің ішіндегі көліктердің түрлері бойынша ғимараттар бөлінеді:

  • Крансыз

  • Көпірлі кранмен жабдықталған

  • Ілмелі кранмен жабдықталған

  • Ілмелі конвейермен жабдықталған

Цехтің ішіндегі көліктің қозғалыстық траекториясы тұрақты және көп мәрте қайталанған кезде жербетіндегі және ілмелі конвейермен жабдықталады.

Салмақтары үлкен жүктерді әтүрлі траекториясы бойынша орын ауыстырған кезде БӨҒ көпірі немесе ілмелі кранмен жабдықтау дұрыс болады.

Қазіргі кезде өндірістік ғимараттардың аралығы және биіктігі үлкен болып жасалынады, кранның көтергіштік қабілеті үлкен болады, мысалы, конверторлық цех L=15-30 м, H 80м, Q 450 Т. Машина жасайтын заттар H=40+60 м, Q 1200 Т.