Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методичка лабы каз МИСИ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.09 Mб
Скачать

Зертханалық жұмыс №3 Тақырыбы: efl10demo демонстрациялық программасында жүзеге асырылған “efl 10” типтегі электрлік кабель анализаторын басқару элементтерін оқып үйрену.

Мақсаты: Анализатор арқылы электрлік кабельді өлшеудегі тәжірибелік түрде үйрену.

Қысқаша теориялық мағлұмат:

“EFL 10” типтегі өлшегіш анализатор арқылы кабель темпрературасы, сыйымдылығы, ақаулығы бар орынды анықтауға болады.

Ақаулықтардың екі түрі бар: омдық және сыйымдылықты. Егер де ақаулық кезінде жұптар арасында активті кедергі пайда болатын болса, онда мұндай ақаулық омдық деп аталады, оларға негізінен қысқаша тұйықталу, сымдар арасындағы пробой, кабельдің тұйықталуы, т.б. жатады. Ал егер тасушы сымдар және тасушы сымдар мен жер арасында сыйымдылық артатын болса, мұндай ақаулық түрі сыйымдылықтық деп аталады. Оларға: сымдардың әртүрлі үзіліс типтері жатады. Екі жағдайда да бір ғана алгоритм қолданылады. Құрылғы арқылы:

-шлейф кедергісі

-омдық ассиметрия

-изоляция кедергісі

-кабельдің жұмыс сыйымдылығы

-кабель температурасы

- үзіліс, бұзылу орны.

Жұмысқа тапсырма:

1. Кабель температурасын өлшеу

2. Шлейф кедергісін өлшеу.

3. Изоляция кедергісін өлшеу.

4. Кернеу мен бұзылу орнын анықтау.

1-тапсырма. Кабель температурасын анықтау

Келісім бойынша Қалауымыз бойынша

2-тапсырма. Шлейф кедергісін есептеу

2-шықпалы

3-шықпалы 4-шықпалы

3-тапсырма. Изоляция кедергісін анықтау.

2-шықпалы

2 шықпа + жер 4-шықпалы

4-тапсырма. Кернеу мен бұзылу орнын анықтау.

Кернеу Бұзылу орны

Кабель ұзындығы көбейген сайын сыйымдылық төмендей түседі.

Бақылау сұрақтары:

1. Кабель температурасын өлшеу

2. Шлейф кедергісін өлшеу.

3. Изоляция кедергісін өлшеу.

4. Кернеу мен бұзылу орнын анықтау.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ 050719 «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығына студенттеріне арналған «Телекоммуникация жүйесіндегі өлшеу әдістері мен құралдары» пәнінің оқу-әдістемелік кешені.

  2. Бакланов И.Г. Технология измерений в современных телекоммуникациях. – М; Эко- Тренз, 1997.

  3. Контроль качества в телекоммуникационных системах связи. Под редакцией Иванова А.Б. Компания САЙРУС Системс, 2001.

  4. Интернет.

Зертханалық жұмыс № 4

Тақырыбы: Виртуалды демонстрациялық etdr-10 demo бағдарламасы

Жұмыстың мақсаты: Виртуалды демонстрациялық ETDR-10 DEMO бағдарламасында жүзеге асырылған ETDR-10 электрлік кабель анализаторының жұмыс істеу принципімен танысу.

Жұмыстың тапсырмасы:

  1. Приборды жұмысқа дайындау;

  2. L1, L2, L1&L2, L1-L2, XTALK, L1&M, L1&M жұмыс істеу режимдерімен танысу;

  3. Приборда қолданылатын барлық батырмалар функцияларымен танысу.

Жұмысты орындау реті

  1. ON/OFF батырмасын басу арқылы приборды қосу;

  2. ENTER батырмасын басу арқылы жұмыс режимін таңдауға көшу;

  1. L1 режимін таңдап сигнал бейнесін алу

  2. RANGE батырмасын басу арқылы 100м-20км аралықта графиктің өзгеруін қарастыру;

  3. PULSE батырмасын басып, 1-5 мкс аралықтағы пульсация деңгейін қарау;

  4. DIEL батырмасын басып PVF шамасын 0.300-0.999 аралықта қарастыру;

  5. GAIN батырмасын басумен сигнал деңгейін 0-ден 66дБ-ге дейінгі аралықта өзгертіп осциллограммадағы пайда болған өзгерістерді қарастыру;

  6. STO батырмасын басу арқылы STORE PVF VALUE пунктіне өту керек. Екі рет ENTER пернесін басу арқылы PVF ағымдағы шамасын қалауыңызша өзгерту, кейін шегіну пернесін екі рет басу арқылы қайтадан осциллограммаға оралу қажет. RCL-ді басып RECALL USER STORED PVF пунктін басу қажет. Өзіңіз таңдаған мәнді енгізу арқылы жаңа осциллограмма алуыңызға болады. Төменде оның реті көрсетілген:

Осылайша жаңа мәнді алуға болады.

  1. ZOOM пернесін басу арқылы сигнал бейнесін 5-есе анық көруге мүмкіндік бар;

  2. SET DATE AND TIME пернесін басу арқылы қалауыңызша күнді енгізуіңізге болады;

  3. Осылайша өзіңізге берілген тиісті режимдерді қарастыруға болады.

ETDR 10 DEMO виртуалды демонстрациялық приборы сигнал өтуіне әсер ететін негігі кедергілерді өлшеуге мүмкіндік береді.

4.1-кесте

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Өлшеу режимдері

L1

L2

L1&L2

L1-L2

XTALK

L1

L2

L1&L2

L1-L2

XTALK

L1

L2

L1&L2

L1-L2

XTALK

Range (км)

0,1

0,25

0,5

1

2,5

5

10

20

5

2,5

1

10

20

2,5

0,5

Pulse (нс)

25

50

100

250

500

1000

2500

2500

1000

500

250

2500

2500

500

100

PVF

0,3

0,35

0,40

0,45

0,5

0,55

0,6

0,65

0,7

0,75

0,8

0,85

0,9

0,8

0,9

GAIN

36

42

48

36

42

48

54

60

66

42

48

36

48

54

60

Тапсырмалар:

  1. «STO» перне көмегімен ағымдағы жұмысты сақтау;

  2. «RCL» перне көмегімен алдын-ала сақталынған графикті енгізу;

  3. Барлық мәндерді жазу және графиктерді көшіру;

  4. Range, Pulse, PVF, GAIN мәндерін өзгеткен кезде графиктің қалай өзгеретінін тексеру, оны түсіндіру.

Бақылау сұрақтары

        1. ETDR-10 электрлік кабель анализаторының жұмыс істеу принципі

        2. L1, L2, L1&L2, L1-L2, XTALK, L1&M, L1&M жұмыс істеу режимдері

        3. Приборда қолданылатын барлық батырмалар функциялары

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ 050719 «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығына студенттеріне арналған «Телекоммуникация жүйесіндегі өлшеу әдістері мен құралдары» пәнінің оқу-әдістемелік кешені.

  2. Бакланов И.Г. Технология измерений в современных телекоммуникациях. – М; Эко- Тренз, 1997.

  3. Контроль качества в телекоммуникационных системах связи. Под редакцией Иванова А.Б. Компания САЙРУС Системс, 2001.

  4. Интернет.