Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курстык жоба АЖ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
71.9 Кб
Скачать

3. Жолдың жобадағы және профилдегі элементтері

3.1 Жол жобасы, сызықтар.

Автомобильді жолдар жүк тасымалын арзан бағаға және аз энергия жұмсаумен жүзеге асыруды канағаттандыруы қажет. Картада,бастапқы және соңғы нүктені қосатын сызық – әуе сызығы деп аталады.

Бірақ жер бетінің рельеф элементтері (таулар,қыраттар), сулы бөгеттер (батпақты жерлер,көлдер және өзендер), табиғи қорлар және жолдың өтуі тиіс алдын ала жоспарланған елді мекендері тәрізді жағдайлар жолдың ұзаруына және ауытқуына себеп болады.

Бөгеттер контурлық және биіктік болып екіге бөлінеді. Біріншіге: көлдер,өзендер,елді мекендер,табиғи қорлар,геологиялық жағдайы қолайсыз жерлер жатады. Екіншіге: Таулы аймақтар,жеке биіктіктер,терең және жалпақ шұңқырлар жатады.

Трассаның салыну жобаларында бақылау нүктелері болады,солар арқылы трасса міндетті түрде өтуі тиіс. Оларға алдын ала жоспарланған елді мекендер,өзендер қиылысы,таулы өткелдері, темір жол және автокөлік жолдары қиылыстары жатады.

Жол салынғанда оған табиғи жағдайдан болатын қар-жауындарға байланысты және болашақта эксплуатациялық жұмыстарда туындайтын қауіпті төмендету көзделеді. Сызықтың жердегі орналасуы трасса деп аталады. Трассалы килеметрлерге және бақылау учаскілеріне бөледі.Олар пикеттер деп аталады.

Трассаның кез келген нүктесінің орналасуын анықтау үшін және жалпы ұзындығын табу үшін пикеттерге бөледі. Пикеттер әр жүз метр сайын белгілінеді және әр оныншы пикеттерде километрлер көрсетіледі.

Трасса бөгеттер мен елді мекендерді орағытып өтетіндіктен, ол күрделі кеңістіктік сызық болып табылады. Бірақ,көптеген жағдайда оны горизонталь немесе вертикальді жағдайда қарастырады.

3.2 Жол бетінің белгілерін анықтау

Жолдың профилін жобалағанда жер бетінің сызығын белгілеу керек.

Мұндай техникалық зерттеулер кезінде бойлық профилді нивелир журналдары бойынша жүргізеді. Топографиялық картамен жұмыс істеу кезінде пикет және полюстік нүктелерді алдын ала интерполяция арқылы белгілеу керек.

Екі көрші горизонтальдардың белгілері белгілі болса,аралықты үшбұрышты тәрізділіктен анықтауға болады.

Пикеттің немесе қосымша нүктелерінің горизонталь арасын интерполяция арқылы табады. Үшбұрыш тәрізділігі:

= немесе x =

Мұндағы,х – бастапқы нүкте кіші белгімен, м;

h - горизонталь арасындағы биіктігі, м;

l - қарастырылатын нүктелер арасы, мм;

b - горизонталь нүктесіне дейінгі аралық.

3.3 Жолдар жобасы қисықтар

Жолдың қисықтығы трассаның даму коэффициенті жол ұзындығының оның ауа сызығына қатынасымен белгіленеді. Трассаның өзгеруі жерінде бұрылыстар белгілейді. Қозғалысты ыңғайландыру үшін бұрылыстарды бірте – бірте қисық жасайды. Бұрылыстың бұрылу коэффициенті оның бұрылу бұрышымен градусына және минутта анықталады.

Бұрылыстың әр бұрылысында келесі параметрлер анықталады:

  • Бұрылу бұрышы Q;

  • Қисық басы ҚБ және қисық соңы ҚС;

  • Қисық аралығында бұрылу бұрышы;

  • Түзу бойымен қисық басынан бұрылу басына қарай ҚБQ және ҚСQ,оларды қисық тангенсі деп атайды;

  • Қисық ұзындығы К;

  • Тангенспен қисық айырмашылығы немесе домер: D=[ҚБQ - QҚС] – К.